Имам Ағзамның хадис ілімі

Сұрақ: Жаңадан пайда болған кейбір топтар Имам Ағзам жайлы «Әбу Ханифаның хадис ілімі заиф» деп жиі айтатын болды. Бұлардың мақсаты не?

Жауап: Имам Ағзам Әбу Ханифаны әдетте мазһабсыздар “Имам Ағзам” деп айтқысы келмегендіктен “Әбу Ханифа” деп атайды. Олардың сөздеріне мән бермеу керек. Хадис ілімін білмеген адам фиқһ ілімін қалай білсін? Бұл екі ілім бір-біріне тығыз байланысты. Фиқһ ғалымы - өзге ілімдермен бірге хадис шәрифтерді де жақсы білген адам деген сөз.

Бәйтуллаһ

Бәйт – үй деген сөз. Бәйтуллаһ – Аллаһтың үйі дегенді білдіреді. Қағбаға «Бәйтуллаһ» делінгені сияқты, мешіттерге де «Бәйтуллаһ» делінеді.

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Жер бетіндегі Аллаһтың үйлері – мешіттер. Ол жерге барғандарға Аллаһу та'ала сияпат етеді» (Табарани)

Жаиз деген не?

Сұрақ: Жаиз деген не?

Жауап: Жаиз сөзі сөйлемде қолданылған орнына байланысты әр-түрлі мағынаға келеді:

1- Жаиз сөзі – көбінесе рұқсат берілген, күнә емес деген мағыналарға келеді. Бірақ бұл жаиз делінген нәрсені жасамау абзал болады.

НАМАЗ - ҰЛЫ ӘМIР

Адам алейһиссаламнан берi әрбiр дiнде белгiлi бір уақытта орындалатын намаздары болған. Сол ғибадаттардың барлығы жинақталып, Мұхаммед алейһиссаламның үмбетiне парыз етiлдi. Намаз оқу иманның шарты емес. Алайда намаз оқудың парыз екендiгiне сену иманның шарты болып табылады.

Намаз - дiннiң тiрегi. Намазын үзбей, әрi қатесiз оқитын жан ислам ғимаратын тұрғызғанмен бірдей. Ал оқымағандар  керісінше ислам ғимаратын құлатқанмен бірдей болып саналады. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Дiнiмiздiң басы, негiзi – намаз»  деп намаздың өзектiлiгiне мән берген.

Тәубә етілмейтін күнә

Әһли хикмет ғұламалар былай дейді:

Әсіресе бидғат жолды ұстанатындар дінді өз ақылдарымен өзгертіп, діннің осы бұзылған халін де Ислам деп атайды. Осылайша діннің негізі жоғалуда. Құл, өзін жаратқанның жіберген дініне ешнәрсе қоса алмайды. Өзі дінге бағынады, дінді өзіне бағындырмайды. Дінді өзіне бағындыруға тырысатын болса, ол нәрсе дін болудан шығады.

Мазһабтың үкімін ұстану керек

Сұрақ: “Ибн Абидин”, “Хиндийа”, “Дурәр” секілді құнды кітаптарда өткен кейбір хадис шәрифтер аяттарға қарама-қайшы секілді болып көрінеді. Мазһабымыздың кейбір үкімдері де хадис шәрифтерге қайшы секілді. Мұндай жағдайда не істеуге болады? Хадистерге мойынсұну керек па? Әлде мазһаб үкімдеріне мойынсұну керек па? 

Жауап: Алдымен кейбір ережелерді қысқаша біліп алайық:

1) Бір хадис бір аятқа қайшы болып көрінсе, хадис шәрифке мойынсұнылады.

Аллаһу тааланың есімдері (Әсма-и хусна)

Сұрақ: Әсма-и хусна деген не?

Жауап: Әсма-ул хусна – Аллаһу та’аланың әдемі есімдері дегенді білдіреді. Аллаһу та’аланың Тирмизиде білдірілген 99 есімі мыналар:

1- Аллаһ: Барлық есімдерінің қасиетін қамтыған негізгі аты. Өзінен басқа жаратушы болмаған жалғыз Аллаһ.