Қабір зияраты

Сұрақ: Қабір зияраты қалай орындалады?

Жауап: Өлімді еске алу, өлгендерден ғибрат алу және ахиретті ойлау үшін қабірді зиярат ету сүннет болып табылады. Қабір зияратаы адамның есіне өзінің де дәл сол жағдайға тап болатынын түсіреді. Ешкімге жамандық ойламайтын болады. Өлімді ойлаған кісі жақсы мұсылман болып өмір сүруге тырысады. Ханафи мазһабында бейсенбі, жұма және сенбі күндері қабірді зиярат жасау сүннет болып табылады.

Хақты қалай табамыз?

Сұрақ: Мен араласып жүрген жамағат дұрыс жолда ма, әлде бұрыс жолда ма деп күмәнданып жүрмін. Қай жамағатқа барсам да біз дұрыс жолдамыз деп айтады. Осы мәселеде сіз қандай кеңес бересіз?

Жауап: Құран кәрімде былай делінген: «Адамдар дінде әр түрлі топтарға бөлінді. Әр топ өз жолын дұрыс деп ойлап қуануда.» (Мү’минун 53)

Пайғамбарымыз үмметінің басына келетіндерді білдіріп жатып: «Үмбетім 73 топқа бөлінеді. Олардың ішінен 72-сі тозаққа барады, тек бір топ қана құтылады.» деді. Сахабалар мұны естігенде “Ол қай топ?” деп сұрады, сонда пайғамбарымыз

Исламның шарттары

Ислам дінін қабылдаған мұсылмандарға ең алдымен мына төмендегі бес шартты орындау басты міндет болып саналады:

1 Исламның шарттарының біріншісі «Калима-и шаһадат» айту. Калима-и шаһадат айту дегеніміз, «Әшһәду әллә илаһә иллаллаһ уә әшһәду әннә Мұхаммәдән абдуһу уә расулуһу». Яғни ақыл есі дұрыс, балиғат жасына толған, сөйлей алатын әрбір адамның: «Аспан мен жерде Аллаһтан басқа ғибадат етуге лайықты ешкім жоқ. Ғибадат етуге лайықты тек Ол ғана.»«Ол мәңгі бар. Ол барша әлемнің билеушісі. Оның ешқандай кемшілігі жоқ. Оның есімі Аллаһ» деп осы айтқанына бар ықыласымен сенуі.

Бидғат деген не?

Сұрақ: Бидғат деген не?

Жауап: Бидғат – жаңалық деген сөз. Кейіннен шығарылған нәрсе дегенді білдіреді. Бұлар әдетте, ғибадатта немесе иманда болады. Әдетте бидғаттың діни тұрғыдан зияны жоқ. Ал ғибадатта және иманда болатын бидғаттар ең қауіптісі.

Әдетте (салт-дәстүрде) бидғат сауап күтілместен дүние пайдасы үшін жасалатын нәрселер. Әдетте бидғат костюм, плащ кию, шай, кофе ішу секілді діннің тыйым салмаған нәрселері болса күнә емес. Пайғамбарымыздың поптың аяқ киімін және грек шапанын кигені хадис шәрифтерде білдірілген. (Тирмизи)

Пір деген кім?

Сұрақ: Пір дегендер кімдер?

Жауап: Пір деген сөздің сөздіктегі мағынасы ақсақал, қарт кісі деген мағынаны білдіреді. Дінімізде тасаууф ілімінің ғұламаларына сол жолдың үлкені, ақсақалы, құрметтісі деген мағынада пір деп атаған.

Түсінікті болу үшін кеңірек мәлімет берейік.

Құтылудың жеті өткелі

Сұрақ: Салих мұсылман болып өмір сүріп, ең соңыда иманмен өлу үшін не істеу керек?

Жауап:Дініміздің әмірлері мен тыйымдарын орындау керек. Мына жеті өткелді өткен адам мұратына қауышады. Бұл өткелдер мыналар:

1- Ілім, 2- Өкініш, 3- Қарақшы, 4- Пәлекет, 5- Себеп, 6- Ықылас, 7- Шүкір.

Аллаһқа иман

Сұрақ: Иманның бірінші шарты не?

ЖАУАП: Иманның бірінші шарты, Аллаһқа иман. Әмәнту-дегі, “билләһи” деген ұғым, Аллаһу та’аланың бар және бір екендігіне сенуді, иман етуді білдіруде.

Барлық нәрселердің жаратушысы Аллаһу та’ала. Жерде және аспанда болған бүкіл болмыстарды, заттарды, бөлшектерді, оқиғаларды, қадір-қасиеттерді, күш-қуаттарды, заңдылықтарды, байланыстарды жаратқан тек қана ол. Одан басқа жаратушы жоқ. Құран кәрімде былай деп бұйырылған:

(Барлық нәрсені Аллаһ жаратқан) [Зумар 62]