Сұрақ: Хатми тәһлил деген не?
Жауап: Кәлимаи тәуһид немесе тәһлил дегеніміз “лә илаһә иллаллаһ” деген сөз. 70 мың рет кәлимаи тәһлил айтуға “хатми тәһлил” делінеді.
Мазхар Жан-и Жанан хазреттері бір қабірдің басына отырғанында: «Бұл қабірде жаһаннам оты бар. Хадис шәрифте: «Өзі үшін немесе басқа мұсылман үшін 70 мың кәлимаи тәуһид айтқан адамның күнәлары кешіріледі» делінген.
Сұрақ: Жерден тауып алынған нәрсе тапқан адамдікі бола ма?
Жауап: Тауып алынған нәрселердің, тасқынмен, өзенмен ағып келген нәрселердің және далаға тасталған нәрселердің үкімі әр түрлі болады. Тауып алынған нәрселер дегеніміз жалпы құнды нәрселер. Иесі оны лақтырып тастамаған, жоғалтқан болады. Тауып алынған, бірақ иесі белгісіз болған мал-мүлікті “луқата” деп атайды. Иесіне қайтарып беретініне сенімді болған адамның оны қорғауы үшін алуы сүннет.
Сұрақ: Адам не үшін жаратылды, міндеті қандай?
Жауап: Имам Раббани хазреттері былай деген:
Бүкіл болмыстардың негізі, өзегі болған адам, зауық үшін, ойын-сауық, ішіп-жеу, қыдыру, жатып рахаттану үшін жаратылмады. Құлдық міндетін орындау үшін, Раббына бағынушылығын, қарапайымдылығын, қуатсыздығын, мұқтаждығын көрсету, Оған сыйыну және жалбарыну үшін жаратылды.
Сұрақ: Тауда, шөлде, үңгірде, орманда немесе шалғай жерде қалып, дін, пайғамбар деген ешнәрсе естімеген адам, өз ақылымен Аллаһтың бар екендігін тапса немесе таппаса, мұның үкімі қандай?
Жауап: Аталмыш жерлердің бірінде өмір сүріп, діннен хабары болмағандар иманды болмағаны үшін жаннатқа кірмейді. Аллаһты, жаннатты, тозақты естімегені және қарсы шықпағаны үшін тозаққа да кірмейді. Қияметте қайта тірілгеннен және есепке тартылғаннан кейін бүкіл жануарлар сияқты бұлар да жоқ етіледі, бір жерде шексіз қалмайды. (Мәктубати Раббани, Фәраид-ул фәуәид)
Сұрақ: Әнбия (пайғамбарлардың), әулиелердің құрметіне немесе жауған жаңбырдың құрметіне, күнәсіз нәрестелердің құрметіне мына заттың құрметіне деп дұға ету жаиз ба?
Жауап: Барлығы да жаиз. Бір хадис шәрифте былай делінген:
«Сөздеріне құлақ салынбайтын сондай адамдар көресіңдер, бұлар бір нәрсе үшін ант етсе, Аллаһу та’ала бұл сүйікті құлдарының құрметі үшін ол нәрсені бірден жаратады.» (Мүслим)
Иман – Пайғамбарымыздың Аллаһу та’ала тарапынан пайғамбар ретінде бүкіл адамдарға әкелген және білдірген әмірлерінің барлығына сену және иман келтіру дегенді білдіреді.
Аллаһу та’ала бүкіл адамдарға иман келтірулерін әмір етті. Адамдар арасынан қалағандарына мейірім етіп бұлардың ақылдарына мойынсұнып иман етулерін нәсіп етті. Бұл құлдарының көңілдерін иманмен толтырды. Юнус сүресінің жиырма бесінші аятында «Аллаһу та’ала құлдарын саламаттық, бақыттылық мекені болған жаннатқа шақыруда. Қалаған адамын бұл жолға қауыштырады.» деп бұйырылды.
Сұрақ: Адамдар, тірі адамдардан жұмыс, жар және тамақ сұрайды. Қайтыс болған әулие де өлі болмағаны үшін олардан да осындай дүниелік сұрау жаиз бола ма?
Жауап: Қайтыс болған әулие, тірі адамнан да көбірек файз береді, көбірек жәрдем бере алады. Шәһидтер өлі болмағанындай, пайғамбарлар мен әулиелер де өлі емес.
Тірі кезінде де адамға күш-қуат беретін, жүргізетін, сөйлететін, жұмыс істеткізетін Аллаһу та'ала. Бір аяти каримада: «Сендерді де, жасаған істеріңді де жаратқан Аллаһ» делінген. (Саффат 96)