Сұрақ: Aллаһу та’aла адамды не үшін жаратты?
Жауап: Аллаһу та’ала дүниені және бүкіл әлемді адам үшін жаратты. Өсімдіктерді, жануарларды, су, тас, топырақ, жер асты кен-байлықтары секілді барлық нәрсені адамның қолдануы үшін жаратты. Ал адамдарды өзін тануы үшін және...
Сұрақ: Адам не үшін жаратылды, міндеті қандай?
Жауап: Имам Раббани хазреттері былай деген:
Бүкіл болмыстардың негізі, өзегі болған адам, зауық үшін, ойын-сауық, ішіп-жеу, қыдыру, жатып рахаттану үшін жаратылмады. Құлдық міндетін орындау үшін, Раббына бағынушылығын, қарапайымдылығын, қуатсыздығын, мұқтаждығын көрсету, Оған сыйыну және жалбарыну үшін жаратылды.
Адам денесінде статикалық электр теңдігі болады. Дененің саулығы осы электр теңдігінің деңгейімен тікелей байланысты. Бұл теңдіктің бұзылуына психологиялық күйзелістер, климат, киім-кешек, өмір сүру шарттары және жұмыс орнындағы келеңсіздіктер әсер етеді. Бұл электр деңгейі ашу халінде қалыпты жағдайынан төрт есеге артып кетеді. Адам ашуға булыққанында сөздеріне де, әрекеттеріне де ие бола алмай қалады және мұндай хал адамды күпірге де түсіруі мүмкін. Сол себепті расулуллаһ алейһиссалам «Ашу иманды бұзады» деп бұйырған.
Пайғамбарымыз былай деген:
«Мына үш нәрсені орындағандар әр істе озат болады:
1) Жасамақшы болған істі Аллаһ разылығы үшін істесе,
(Адам, не Аллаһ разылығы үшін істейді, не нәпсінің қалаулары үшін, яғни адамдардың ризалығы үшін істейді. Адамдардың ризалығын Аллаһу та’аланың разылығына ауыстырып таңдағандардың шаруасын Хақ та’ала адамдарға қалдырады. Бірақ адамдардың ризалығын емес, Аллаһу та’аланың разылығын таңдағандарды өз қамқорлығына алады. Кім Аллаһ үшін болса, Аллаһ та ол үшін болады.)
Сұрақ: Қандай адамдардың дұғасы қабыл болады?
Жауап: Қажылардың, мужаһидтердің, дертті адамдардың, науқастардың, ғаріптердің, мазлұмдардың (зұлымдық көргендердің), жолаушылардың, ата-ананың, пәлекет келуден бұрын дұға еткен адамның, көп зікір ететін адамның, мұсылмандықта шаштары ағарған адамның, ораза ұстағанның, салих ғалымның және әділ басқарушының дұғалары қабыл болады.
Әһли хикмет ғұламалар былай деген:
Имам Раббани хазреттері: «Аллаһу та'аланың разылығын алу үшін Оның әмірлерін Ол бұйырғандай орындау керек. Осылай істеген адам Раббына құлшылық жасаған болады. Ал Оның әмірлерін өзі қалағандай орындаған адам өз нәпсіне құл болған болады. Нәпсіне құл болғандар тозаққа, ал Раббына құл болғанда жәннатқа кіреді»деген.
Адамдардың бүкіл істерін, қалап немесе қаламай жасаған барлық іс-әрекеттерін Аллаһу та'ала жаратуда. Құлдарының қалап жасаған әрекеттерін, істерін жарату үшін құлдарына таңдау еркіндігін берген. Бұл таңдау мен қалауларын олардың істерін жаратуға себепші қылған. Құлдарының қалаған істерін, олардың сол істерді таңдап, қалағандары себепті жаратуда.
Адам ақылын қолданып Жаратқанын таниды, Оған иман етеді, әмірлерін орындап тыйымдарынан сақтанады, таңдау еркіндігін осы тәсілмен қолданса Аллаһу та'аланың құлы болады және жұмаққа кіреді.
Адам ашық қолды, береген болуға дағдылануы керек. Өйткені бір күні ең қымбат нәрсесі болған жанын, рухын береді. Егер адам жомарттықты әдетке айналдырса, жан тапсыруы оңай болады. Дініміз алуды емес, беруді әмір етуде. Адамдардан келетін зияндарға сабыр ету, олардың көрсететін қысымдарына төзу, оларға көмектесу, ауырларын жеңілдету және осы сияқтылардың барлығы өз рахаттын өзгелер үшін құрбан ету, яғни берегендік болып табылады. Хадис шәрифте былай делінді: «Мына үш нәрсе үшін ант етемін: Садақа берумен ешқандай дүние-мүлік кемімейді. Олай болса садақа беріңдер! Зұлымдық еткен адамды Аллаһ разылығы үшін кешірген адам дүниеде де, ахыреттеде үстем болады. Олай болса кешіріңдер! Сұрау (тіленушілік) есігін ашқан адамға Аллаһу та’ала кедейлік есігін ашады.»
Адамның қадірі (абыройы) – ілімі және әдептілігімен өлшенеді. Дүние-мүлкі, мансабы немесе тегімен емес. Пайғамбарымыз "алейһиссалам": «Адамдардың ең қадірлісі – мұсылмандардың ғұламалары» деп айтқан.
Өзін Аллаһу та'аланың әр мезетте көріп тұрғанын білетін адам күнә жасаудан ұялады, Оның азабы мен жазасынан қатты қорқады. Істеген барлық нәрсесінен Аллаһу та'аланың есеп алатынын білгендігінен ешбір демінің өзін босқа жібермейді. Хазреті Мәулана Жәлаладдин Румидің әйелі былай баяндайды:
Кешіре гөр Йа Раббым.
Адам алейһиссалам жаратылғаннан кейін маңдайына пайғамбарымыз Мұхаммедтің (алейһиссалам) нұры қонды. Ол нұр оның маңдайында жарқырай бастады. Құран Кәрімде көрсетілгеніндей Адам алейһиссаламнан бастап таза аталар мен аналардан өтіп, Пайғамбарымызға дейін келіп жетті. Мұны Аллаһу та’ала аятта былай көрсеткен: «Сен, яғни сенің нұрың әрдайым сәжде жасайтындардан өтіп, саған жеткен». (Шу’ара, 219). Хадис шәрифте: «Аллаһу та’ала адамдарды жаратты. Мені адамдардың ең жақсы бөлігінен пайда етті. Сосын осы бөліктердің ең жақсысын (Арабстанда) таңдады. Мені осылардан ішіне қойды. Сосын үйлерден, жанұялардан ең жақсысын таңдап, мені солардан келтіріп шығарды. Олай болса, менің рухым мен тәнім жаратылғандардың ішіндегі ең жақсысы. Менің ата-бабаларым ең жақсы адамдар» делінген.