Бiрiншi шарт
Аллаһу та’алаға сену
Амәнту биллаһи: Аллаһу та’аланың барлығына және бiрлiгiне сендiм, иман еттiм, жүрегiммен растап (тасдиқ) тiлiммен айттым деген мағынаға келедi.
Екiншi шарт
Перiштелерге иман
Уә Мәлаикатиһи: Аллаһу та’аланың перiштелерiне сендiм деу. Олар да Аллаһу та’аланың құлдары. Барлығы Аллаһу та’аланың әмiрлерiне мойынсұнады. Күнә iстемейдi. Еркек пен әйел болып бөлiнбейдi, үйленбейдi, iшiп-жемейдi, ұйықтамайды. Олар нұрдан жаралған, ақылды. Бұлардың ең үлкендері төртеу.
Үшiншi шарт
Кiтаптарына сену
Уә Кутубиһи: Аллаһу та’аланың түсiрген кiтаптарына сендiм деу. Аллаһу та’ала бұл кiтаптарды кейбiр Пайғамбарға Жәбрәйіл атты перiште арқылы уахи етiп, яғни оқытып жiберiп отырған. Ал кейбiреулерiне “Лауха” үстіне жазулы күйiнде, кейбiреулерiне перiштесiз естiртiп түсiрдi. Барлығы Аллаһу та’аланың сөзi. Әзәли және әбәди болған бұл сөздер махлұқ емес, яғни жаратылмаған, ойдан шығарылмаған. Осы самауи кiтаптардан бiзге бiлдiрiлгенi жүз төрт дана. Олардан 10 суһуф Адам алейһиссаламға, 50 суһуф Шит алейһиссаламға, 30 суһуф Идрис алейһиссаламға, 10 суһуфИбраһим алейһиссаламға, Таурат Мұса алейһиссаламға Зәбур Дәуiд алейһиссаламға, Iнжiл Иса алейһиссаламға, Құран Кәрiм Мұхаммед алейһиссаламға түскен.
Төртiншi шарт
Пайғамбарларға иман
Уә Расулиһи: Аллаһу та’аланың Пайғамбарларына сендiм деп айту. Пайғамбарлар халықты Аллаһ ұнатқан жолына қауыштыру, әрi тура жолды көрсету үшiн таңдалған адамдар. Бүкіл пайғамбарлар үмбеттерінбiр иманға шақырған, яғни бүкіл діндерде иманның шарты бірдей болған. Пайғамбарларда жетi сипаттың бар екендiгiне сенуiмiз керек.
Алтыншы шарт
Тағдырға сену
Уә бил қадари хайриһи уә шарриһи мин Аллаһи Та’ала: Тағдырға, жақсылық пен жамандықтың Аллаһтан екендiгiне сендім деген. Адамдардың басына келетін жақсылық пен жамандық, пайда мен зарар, табыс пен зиянның барлығы да Аллаһу та’ала қалауымен болады.
Ахыретке сену
Уәл яумил ахири: Ахырет күнiне сендiм деген мағынаны бередi. Бұл уақыт, адам өлген күнi басталады. Қияметтiң соңына дейiн жалғасады. Соңғы күн деп аталуының себебi ол күннен кейiн түннiң болмауында. Қияметтiң қашан болатыны белгiсiз. Бiрақ Пайғамбарымыз көптеген белгiлерiн айтып кеткен: Хазiретi Мәһдидiң келуi. Иса алейһиссаламның көктен Шам (Дамаск) аймағына түсуi.