ahlisunnet.kz - діни мақалалар сайты http://ahlisunnet.kz Жаңа мақалалар kz http://ahlisunnet.kz/images/logo.png ahlisunnet.kz - діни мақалалар http://ahlisunnet.kz Асығу http://ahlisunnet.kz/article/552-Asygu http://ahlisunnet.kz/article/552-Asygu Сұрақ: Асыққан дұрыс па? Көбіне қандай жағдайларда асығу керек?

Жауап: Адамның табиғатында асығушылық бар. Екі аяти кариманың мағынасы:

«Адам асығушы (табиғатта) жаратылды.» (Әнбия 37)

«Адам өсе асығушы.» (Исра 11)

Асығыстық істерге шайтан араласады. Екі хадис шәрифтің мағынасы:

«Асығу шайтаннан, баяулық Рахманнан.» (Тирмизи)

«Абайлампаздық жасаған адам мақсатына жетеді, асыққан қателеседі.» Бәйһақи)

Олай болса, істерде асықпау керек және шешімді дереу қабылдамау керек! Асығыстықпен қабылданған шешімдерге шайтан араласады. Нәпіс қалайтын бір нәрсе ойға келген кезде шайтан: «Мүмкіндікті жіберме, дереу істе!» деп алдайды. Сондықтан көңілге келген нәрсені істеуден бұрын «Бұл істен Аллаһу та'ала разы ма? Бұл сауап па, әлде күнә ма?» деп ойлану керек! Күнә болмаса істеуге болады. Осылайша абайлампаздық жасаған, яғни асықпаған боламыз.

]]>
Сұрақ: Асыққан дұрыс па? Көбіне қандай жағдайларда асығу керек?

Жауап: Адамның табиғатында асығушылық бар. Екі аяти кариманың мағынасы:

«Адам асығушы (табиғатта) жаратылды.» (Әнбия 37)

«Адам өсе асығушы.» (Исра 11)

Асығыстық істерге шайтан араласады. Екі хадис шәрифтің мағынасы:

«Асығу шайтаннан, баяулық Рахманнан.» (Тирмизи)

«Абайлампаздық жасаған адам мақсатына жетеді, асыққан қателеседі.» Бәйһақи)

Олай болса, істерде асықпау керек және шешімді дереу қабылдамау керек! Асығыстықпен қабылданған шешімдерге шайтан араласады. Нәпіс қалайтын бір нәрсе ойға келген кезде шайтан: «Мүмкіндікті жіберме, дереу істе!» деп алдайды. Сондықтан көңілге келген нәрсені істеуден бұрын «Бұл істен Аллаһу та'ала разы ма? Бұл сауап па, әлде күнә ма?» деп ойлану керек! Күнә болмаса істеуге болады. Осылайша абайлампаздық жасаған, яғни асықпаған боламыз.

Тек бес жерде ғана асығу керек:

1)   Қонақ келгенде дереу тамақ беру керек.

2)   Күнә істегенде дереу тәубе етіп өкіну керек.

3)   Намаз уақыты кіргенде дереу оқу керек.

4)   Жерлеу рәсімдерін тез атқару керек.

5)   Қыз немесе ұл балаларға діни білімді және намаз оқуды үйреткеннен кейін, балиғатқа толып, теңі табылған болса, дереу үйлендіру керек. Әшиат-ул-ләмәат кітабындағы хадис шәрифте: «Йа Әли, үш нәрсені кешіктірме! Намазды уақыты кірген кезде дереу оқы, жаназа намазын дереу оқы! Жесірді немесе қызды лайықтысы сұрап келгенде дереу үйлендір!» делінген. (Тирмизи) Олай болса, намазын оқитын, күнәлардан сақтанатын және напақасын халалдан табатын бір адам бар болса, дереу осы адамға үйлендіру керек! Егер үйлендірмесе, фитнаға себеп болуы мүмкін. Бір хадис шәрифтің мағынасы:

«Дінін ұстануы, мінезі саған ұнайтын бір адам қызыңды сұрап келсе, дереу үйлендір! Егер үйлендірмесең, фитна және бүлікке себеп боласың.» (Тирмизи)

Ғибадаттарды және жақсы амалдарды орындауда асығу керек. Бірнеше хадис шәрифтердің мағынасы:

«Өлмей тұрып тәубе етіңдер! Жақсы амалдарды орындауға бөгет шықпай тұрғанда орындауға асығыңдар! Осылайша Раббыларыңның ризықтарына және жәрдеміне қауышыңдар!» (Ибн Мажа)

«Садақа беруге асығыңдар, өйткені пәлекет садақадан өте алмайды.» (Бәйһақи)

«Бес нәрсе келмей тұрғанда бес нәрсенің қадірін біліңдер: өлмей тұрып өмірдің қадірін, ауырмай тұрып денсаулықтың қадірін, өмірде ахиреттің жағдайын жасаудың қадірін, қартаймай тұрып жастық шақтың қадірін, кедей болмай тұрып байлықтың қадірін.» (Хаким)

Зекетін бермейтін және мал-мүлкін ахирет жолында жұмсамайтын адам кедей болғанда қатты өкінеді. Бір хадис шәрифте: «Тәсуиф еткен адам құриды» делінген. (Бәриқа) (Тәсуиф – жақсы, қайырлы амалдарды кейінге қалдыру деген сөз.)

Ифрат пен тәфриттің зияндары

Жалқаулық, бір істі кешіктіру, кейінге қалдыру қандай жаман болса, асығу да сондай жаман. Мұның бірі – ифрат, екіншісі – тәфрит. Дініміз орта жолды ұстануды, асыра сілтеуден ұзақ болуды бұйыруда. Хадис шәрифте былай делінген:

«Асыра сілтеген адам құриды.» (Мүслим)

Бір адам мал-мүлкін бостан-бос жарата беретін болса, бұған ифрат деуге болады. Бір адам сараң болса, бұған тәфрит деуге болады. Дініміз асыра сілтеудің екі түріне де тыйым салған. Фурқан сүресінің 67-ші аяти каримасында ысырап ететіндер мен сараңдық жасайтындар жамандалған, екеуінің орта жолын ұстанғандар мақталған.

Асыққан адам үмітсіздікке түседі. Яғни әлсіздік пен жабырқаңқылық пайда болады. Бір жақсы амалды орындауға асыққан адам кешігетін болса, үмітсіздікке түседі. Дұға етеді, дұғасының дереу қабыл болуын қалайды. Дұғасы кешігетін болса, дұға етуді тоқтатады, дұғада сұраған нәрсесінен мақрұм қалады. Асыққан адамның ықыласы, тақуалығы бұзылуы мүмкін. Күмәнді нәрселерге, тіпті харамдарға салынып кетуі мүмкін.

Намаз оқығанда асыққан адам тадили әрканды тәрк етуі мүмкін. Тез оқыған кезде тәжуидке сай болмай, қате оқып кетуі мүмкін. Осы себептен салмақты болу керек, әр істі ойланып істеу керек. Салихтарға тән болған қасиет Құран кәрімде былай білдірілген:

«Олар Аллаһқа және ахиретке сенеді, жақсылықты бұйырып, жамандықтан бас тартқызуға тырысады, жақсы амалдарда бір-бірімен жарысады. Міне осындай адамдар салихтардан.» (Али Имран 114)

Осындай жақсы амалдарды істеуден басқа асығушылық дұрыс емес. Ойланып әрекет ету және жақсы амалдарда табандылық көрсету керек.

Хадис шәрифте былай делінген:

«Салмақты, жұмсақ адам болу – Аллаһтың пендесіне берген үлкен сыйы. Асығушы болу – шайтанның жолы. Аллаһу та'ала жақсы көретін нәрсе – жұмсақ және салмақты болу.» (Әбу Яла)

Ауызашарда асығу керек

Ауыз ашуға асығу және сәре асын кешіктіру, бәлкім, адамның әлсіз екенін, ішіп-жеуге және барлық нәрсеге мұқтаж екендігін көрсетуде. Онсыз да ғибадат ету дегеніміз осы.

Намаз қазасын өтеуге асығу керек

Парыз намазын үзірсіз уақытылы оқымау үлкен күнә болып табылады. Қазасын оқуға асығу керек. Зәрулік істерді санамағанда қазасын оқуды кешіктіру де үлкен күнә болады. Нәпіл – зәрулік іс болмағандықтан, нәпіл оқып, оқылмаған қазаны кешіктіру төрт мазһабта да харам. (Нәпілдерді оқығанда қазаға да ниет ету керек. Әрі сүннет сауабы беріледі, әрі намаздың қарызы өтелген болады.) Дұшпанның алдында бір парызды оқуға мүмкіндік бар кезде оқымау – 700 үлкен күнә істеу сияқты болады. (Умдәт-ул Ислам)

Тәубесі жасалған күнәлар кешіріледі

Адам өз күнәсін неғұрлым көп, үлкен деп санаса, соғұрлым жақсы. Алайда күнәларының себебімен Аллаһу та'аланың шексіз мейірімінен үмітті үзу жаиз емес. Хадис шәрифте былай делінген:

«Аллаһу та'ала былай деді: Істеген күнәсін кешірімімнен де үлкен санаған адамға ашуланамын. Егер асығыстық маған тән болғанда, дереу жаза беретін едім, мейірімімнен үмітін үзгендерге дереу жаза беретін едім.» (Дәйләми)

Аллаһу та'ала тәубесі жасалған күнәларды кешіреді. Тәубе етуге асығу керек.

Мүстаһаб істеу үшін сүннет тәрк етілмейді

Жаназа намазы оқылатын кезде намаздан кейін оқылатын Аят-әл курсиді және тәсбихтарды оқымаумен сүннет тәрк етілуде. Жаназа себебімен сүннетті тәрк ету дұрыс емес. Жаназа намазын дереу оқу мүстаһаб. Мүстаһаб істеу үшін сүннет тәрк етілмейді. Жамағат көп болсын деп жаназа намазын бес уақыт намаздарынан кейінге қалдыру мәкрух. Жамағаттың көп болуы үшін мәйітті сағаттар бойы күткізіп, одан кейін асығып Аят-әл курси мен тәсбихтарды тәр ету үлкен қателік. Үзірсіз сүннетті тәрк етпеу керек, сүннетті алып тастамау керек.

]]>
Tue, 31 May 2016 05:21:00 -0500 http://ahlisunnet.kz/upload/20160531/1464690057574d6589a3d9c.jpg
Жала жабу http://ahlisunnet.kz/article/551-Jala_jabu http://ahlisunnet.kz/article/551-Jala_jabu Сұрақ: Өтірік айту мен жала жабудың діндегі орны қандай?

Жауап: Имам Раббани хазреттері былай деген:

"Өтірік айту және жала жабу харам болып табылады, бұлардан сақтану керек. Бұл екі жамандық барлық діндерде де харам еді. Жазалары өте ауыр." (3 том, 34 хат)

Жала жабу – үлкен күнә және үлкен жамандық. Мұнда өтірік айту да бар, ал өтірік айту барлық діндерде харам еді. Жала жауып мұсылманды ренжіту де бар, бұл да бөлек харам. Бұлардан басқа, жала жабу жер бетінде бүлік шығаруға, қоғамды бұзуға себеп болады, бұл да харам болып табылады. (3 том, 41 хат)

Мұсылмандарға суи зан ету (олар жайында жаман ойда болу) – зұлымдық жасау, мүліктерін тартып алу сияқты және көре алмаушылық, жала жабу, өтірік айту және ғайбаттау сияқты харам болады. (Хадиқа)

Хадис шәрифтерде былай делінген:

]]>
Сұрақ: Өтірік айту мен жала жабудың діндегі орны қандай?

Жауап: Имам Раббани хазреттері былай деген:

"Өтірік айту және жала жабу харам болып табылады, бұлардан сақтану керек. Бұл екі жамандық барлық діндерде де харам еді. Жазалары өте ауыр." (3 том, 34 хат)

Жала жабу – үлкен күнә және үлкен жамандық. Мұнда өтірік айту да бар, ал өтірік айту барлық діндерде харам еді. Жала жауып мұсылманды ренжіту де бар, бұл да бөлек харам. Бұлардан басқа, жала жабу жер бетінде бүлік шығаруға, қоғамды бұзуға себеп болады, бұл да харам болып табылады. (3 том, 41 хат)

Мұсылмандарға суи зан ету (олар жайында жаман ойда болу) – зұлымдық жасау, мүліктерін тартып алу сияқты және көре алмаушылық, жала жабу, өтірік айту және ғайбаттау сияқты харам болады. (Хадиқа)

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Бір адам бір мұсылман жайында ол істемеген бір нәрсені айтса, жалаға ұшыраған адам оны кешіргенге дейін Аллаһу та’ала оны тозаққа тастайды.» (Әбу Дауд)

«Бір мұсылманда әр түрлі мінез болуы мүмкін. Алайда қиянат пен өтірік бола алмайды.» (Ибн Әби Шәйба)

«Өтірік – мұнафиқтықтың бір есігі.» (Ибн Адий)

Кімнің дұшпаны көп?

Дұшпаны ең көп болған Аллаһу та’ала! Бір күні Мұса алейһиссалам адамдардың сөзінен шаршайды, «Йа Раббым, бұл адамдар мен жайында ештеңе айтпасыншы» деп дұға етеді. Аллаһу та’ала былай дейді:

«Йа Мұса, сен сұраған нәрсеңді мен өзіме де істемедім. Көрмейсің бе, естімейсің бе, Мен туралы не айтып жатқанын.»

Пайғамбарымыз алейһиссалам Аллаһтың сүйіктісі еді, әлемдерге мейірім еді. Адамдарды жәннатқа шақыру және тозақтан құтқару үшін ең ауыр қиыншылықтарды тартты. Оған ақылға қонбайтын жалалар жабылды, сиқыршы дегедер болды, жынды дегендер болды, ақын деп сенбеушілік танытқандар шықты (Аллаһ сақтасын!). Жұбайы Айша анамызға жала жабылды, өзін қатты қинады, жүретін жолдарына тікендер тасталды. Имансыздар Аллаһтың сүйіктісімен соғысға түсті. Алайда Ол Аллаһтың дәл сол адамдарға жіберген мейірімі еді, адамдар отқа түспесін деп күн-түн демей насихат жүргізді. «Олар білмейді, білсе бұлай істемейтін еді» дейтін. Хадис шәрифте былай делінеді:

«Бір адам бір мұсылман жайында ол істемеген бір нәрсені айтса, жалаға ұшыраған адам оны кешіргенге дейін Аллаһу та’ала оны тозаққа тастайды.» (Әбу Дауд)

Құран кәрімде де былай делінген:

«Өтірік айтатындар, жала жабатындар – олар Аллаһтың аяттарына сенбейтіндер. Міне олар – өтірікшілердің дәл өздері.» (Нахл 105)

Екінші мың жылдықтың жаңартушысы, хадис шәрифпен сүйіншіленген Имам Раббани хазреттеріне де адамдардан тиген зиян өте үлкен болған. Қаншама жалалармен қоса оны "Серхендтік надан" деп атап, есімін осы атаумен жазып, бүкіл мешіт-медреселерге таратысты.

Расулуллаһтың мұрагерлерінен түгелдей бәрі осындай азап пен қиыншылықтарға душар болған, әр түрлі жалаларға тап болған. Тіпті Ибн Абидин хазреттері ұстазы Мәулана Халид Бағдади хазреттеріне жабылған жалаларға шыдай алмай, жала жабушыларға және оларға сенгендерге қарсы кітапша жазған. Бұл кітапшаны «Сәлл-ул Хусамул Хинди ли-Нусрати Мәулана Шәйх Халид Нақшибәнди» деп атады.

Имам Ғазали хазреттері де жаланың астында қалған ғалымдардың бірі. Философтар және бидғатшылар әліге дейін бұл үлкен имамға жала жабуын жалғастырып келуде.

Кім Мұхаммед алейһиссаламға қатты ұқсаса, сол дәрежеде бұл қиыншылықтар, осындай жалалар басына келеді. Бұлар осы жолдың құрметтілігінен. Кім не істесе де, өзіне істеген болады. Аллаһу та’ала кімді азапқа тастағысы келсе, әулиелерге қарсы жібереді, яғни ол адамдар әулиелерге тіл тигізеді. Жаратылысында саид (нәсіпті) болғандар әулиелерге ешқашан тіл тигізбейді. Басқа күнәлары болуы мүмкін, бірақ әулиелерге тіл тигізбейді.

Имам Раббани хазреттері былай деген:

"Шәйх-ул Ислам Абдуллаһ Ансари Хирауи: «Йа Раббым! Сен достарыңды сондай қылдың, оларды таныған адам саған қауышады, ал саған қауышпаған адам оларды танымайды» деген. Ол әулиелерге дұшпандық жасау шексіз өлімге жетелейтін у болып табылады. Оларды ренжіту мәңгілік пәлекетке себеп болады. Аллаһу та’ала осы бәлеге түсуден сақтасын! Шәйх-ул Ислам тағы да былай деген: «Йа Раббым, Сен кімді пәлекетке түсіргің келсе, оны бізге қарсы қыласың." (106 хат)

Пайғамбарлардан басқа бәрі күнә істейді. Аллаһу та’ала сүйікті құлдарының күнәларының жазасын ахиретке қалдырмайды. Себебі күнә – қылмыс, мұның өтемі – жаза. Өмірде үш қиыншылық береді:

1) Ауру жібереді. Сабыр ететін болса кешіреді. Себептерді орындау және келген қиыншылықты Аллаһтан деп білу керек. Әрі аурудың қандай мақсатпен келгенін біліп, шүкір ету қажет.

2) Күнәлардың кешірілуіне екінші жол – материалдық қиыншылық. Қарыздар болу. Қарыздарын өтеуде шегілетін қиыншылықтар. Бұл да күнәлардың кешірілуіне себеп болады.

3) Адамдардың өтірігі, өсегі және жаласымен орынсыз жалаға душар болу.

Жала жабуға жаза

Сұрақ: Хазреті Айша анамызға жала жабылғанда аяти карима түскен еді. Бұл аяти карима бойынша жала жапқандар жазаланды ма?

Жауап: Иә, екі еркек пен бір әйелге қазф жазасы берілді. (Әбу Дауд)

Қазф жазасы: қазф – лақтыру, тастау деген сөз. Ислам дінінде балиғатқа толған (үйленген намысты) еркек немесе әйелге "зина жасады" деп жала жабуды қазф дейді. Бұл жала үлкен күнә болып табылады. Қазфқа ұшыраған адамның қалауымен сол қазф жаласын жапқан адамға дүре соғылады.

]]>
Tue, 31 May 2016 05:15:00 -0500 http://ahlisunnet.kz/upload/20160531/1464689729574d6441030da.jpg
Лиуата (гомосексуалдық) http://ahlisunnet.kz/article/550-Liuata_gomoseksualdyq http://ahlisunnet.kz/article/550-Liuata_gomoseksualdyq Сұрақ: Лиуата деген не? Күнәсі қандай?

Жауап: Еркектің еркекке немесе әйелге артынан (анусқа) жақындауы лиуата деп аталады. Өз жұбайымен лиуата жасау да үлкен күнә болады.

Аллаһу та’ала лиуатаның хабис (жаман) әрекет екенін білдірген. (Әнбия 74)

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Лиуата жасаған адам – малғұн (лағнеттелген) (И.Ахмед)

«Өз әйелімен лиуата жасаған адам – малғұн.» (Шира)

«Бір еркекпен немесе әйелдің артынан (анусынан) жыныстық қатынасқа түскен адамға Аллаһ мейірімдік жасамайды.» (Тирмизи)

«Өз разылығымен үш рет лиуата жасатқан адам бұған үйреніп қалады, әрдайым бұл тірлікті қалап тұратын болады.» (Р.Насихин)

]]>
Сұрақ: Лиуата деген не? Күнәсі қандай?

Жауап: Еркектің еркекке немесе әйелге артынан (анусқа) жақындауы лиуата деп аталады. Өз жұбайымен лиуата жасау да үлкен күнә болады.

Аллаһу та’ала лиуатаның хабис (жаман) әрекет екенін білдірген. (Әнбия 74)

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Лиуата жасаған адам – малғұн (лағнеттелген) (И.Ахмед)

«Өз әйелімен лиуата жасаған адам – малғұн.» (Шира)

«Бір еркекпен немесе әйелдің артынан (анусынан) жыныстық қатынасқа түскен адамға Аллаһ мейірімдік жасамайды.» (Тирмизи)

«Өз разылығымен үш рет лиуата жасатқан адам бұған үйреніп қалады, әрдайым бұл тірлікті қалап тұратын болады.» (Р.Насихин)

Еркектің еркек үшін және әйелдің әйел үшін әурет жері – тізе мен кіндік арасы. Бір әйелге басқа бір әйелдің кіндік пен тізе арасына қарауына болмайды. Қажеттіліксіз қарайтын болса, харам істеген болады. Әйелдің бөтен еркек үшін әурет жері – қолы мен бетінен басқа бүкіл денесі. Өзгенің әурет жеріне қажеттілік болмаса да шәһуетсіз (құмарлықсыз) қарау да харам болып табылады. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Еркекке еркектің, әйелге әйелдің әурет жеріне қарауға болмайды, харам болып табылады.» (Абдуррәззақ)

«Еркектің әйелге, ал әйелдің еркекке (шәһуетпен) қарауы харам болып табылады.» (Табарани)

Сұрақ: Үлкен күнәлардың саны белгілі ме? Бір күнәға салынған адамның не істеуі керек?

Жауап: Дінімізде үлкен күнәлардың саны өте көп. Бұлардың жетпіске жуығы Ислам Ахлақы кітабында жазылған. Біршамасы мыналар:

Адам өлтіру, зина, лиуата, алкогольді ішімдік, ұрлық, қарақшылық, жалған куәгерлік, пайыз, ата-анаға қарсы шығу, намазды қазаға қалдыру, тәкәппарлық, ғайбат, сиқыр, жетімнің мүлкін жеу, намысты әйелге жала жабу, кіші күнәларды үздіксіз жасау. 

Күнәға тәуелділік

Күнә істеген адам кәпір болмайды. Бірақ, әр күнә адамды күпірге жетелейді. Бір күнәға салынған адамның басқа жолмен тәуелділікке бас ұрған адамның бұл күнәсін тастауы өте қтын болады. Ол адам бұл күнәні күнә ретінде көрмейтін болып қалады. Күнә істегені үшін айыпты әркімге жүктеуге тырысады. Істеген күнәларын жабуға тырысады. Алайда күнәға үйреніп қалудан күнә харам болмай қалмайды.

Ішкілікке салынған адамның емделу жолымен ішкіліктен әрең құтылатындығы рас. Есірткі қолданатындардың жағдайы да осындай. Бұлардың біріне бас ұрған адам оңайшылықпен құтыла алмайды. Бәрі «Шамалы көрсем ештеңе етпес, зияны тимес» деген оймен басталады, сөйтіп үлкен пәлекетке жол ашылады. Жаман әдеттерге қолының ұшын тигізген адам қолын тартып ала алмай қалады. Құмарға, зина мен лиуатаға үйрену де осындай қауіпті. Темекіге, тіпті шайға да үйреніп қалған адам оңайлықпен бұдан арыла алмайды.

Әр адамға күнәны істететін рухы емес, өз нәпісі. Әркімнің нәфси әммарасы (тәрбиеленбеген нәпісі) – кәпір. Кәпір болған нәпсіміз әрдайым күнә істеуді талап етіп тұрады. Нәпсіне ие болған адам өзін күнәдан қайтара алады. Өз разылығымен үш рет лиуата жасаған адамның үйреніп қалып, мұны істеп жүретіндігі хадис шәрифпен білдірілген. Ал бұған үйреніп қалған адам «Мен еркекпін, бірақ рухым әйел» десе, нәпісіне, шайтанға ерген болады. Қайбір себеппен болса да, бұл істі жасаған адам лағнеттелген. Дереу тәубе ету керек! Хақ та’ала тәубе етушілердің тәубесін қабыл етеді.

Жаман әдеттерге, күнәларға салыну істерінде көбіне айналаның әсері көп. Айналаны ауыстыру керек, жақсы адамдармен бірге болу керек, барлық харамдардан қашуға тырысу керек, әсіресе бес уақыт намазды мүлдем қалдырмау керек.

Сұрақ: СПИД жайында хадис бар екендігі айтылып жатады. Рас па?

Жауап: Мәлім болғанындай, ВИЧ және СПИД сияқты аурулар Еуропадан келген. Спид жайында нақты хадис шәриф жоқ. Бір хадис шәрифте былай делінген:

«Жаман әйелдер көбейіп, халық арасына зина жайылса, халық бұрын көрмеген жұқпалы ауруларға тап болады. Сауда-саттықта айла жасалса, күн көру қиындығы басталады. Зекет берілмесе, жаңбыр жаумайды. Жануарлар болмағанда, мейірімнің жүзі көрінбейтін еді. Дінге деген байлану әлсірегенде, дұшпандардың шабуылы келеді. Дінге мойынсұнбайтын басқарушылар шыққан кезде анархия пайда болады, халық бір-бірімен соғысады.» (Бәйһақи)

Лиуата жасағандарда Спид атты жұқпалы ауруының вирусының шошқаларда да бар екендігі анықталған. 

Сұрақ: Лиуата мен лезбияндықтан құтылудың емі қандай?

Жауап: Бес уақыт намазды дұрыс оқу және дереу үйлену. 

Гомосексуалдық ойлар

Сұрақ: Гомомсексуал еркекпін. Бұл нәрсені әрекетпен жасамаймын, бірақ ойымнан еш шықпайды, ойлай беремін. Ылғи бір еркекпен бірге болғым келіп тұрады. Ал бұл нәрсе мені қатты мазалайды. Дәрігерлерден сұрадым, бұл аурудың емі жоқ екендігін айтты. Өзіме қол жұмсайын ба, әлде гомосексуалдық ойлар арасында өмір сүрейін бе?

Жауап: Емі болмаған дерт, ауру жоқ. Белгісіз болғандары бар, ол бөлек мәселе. Барлық аурудың шарасының бар екендігін әлемді жоқтан бар қылған Аллаһу та’ала тарапынан әлемдерге мейірім ретінде жіберген пайғамбарымыз алейһиссалам хабар берген. Былай деген:

«Аллаһу та’ала дауасын, шарасын бермеген ауру, дерт жаратпады. Білген адам білді, білмегендер білмеді. Тек өлімге ғана шара жоқ.» (Табарани)

«Барлық дерттің дауасы бар. Дәрі қолданылған кезде Аллаһу та’ала шипасын береді.» (Бұхари, Мүслим)

«Ей Аллаһтың құлдары, емделіңдер. Аллаһу та’ала емін, дауасын бермеген ешбір ауру жаратпады. Қартаю бұған жатпайды.»(Әбу Яла, Ибн Хиббан)

Ішкілік, зина, ұрлық, гомосексуалдық секілді әр түрлі күнәлардың жалғыз емі бар. Бұл ем Құран кәрімде айқын білдірілген. Бұл емді қолданған әр мұсылман әдетке айналған, тәуелді болған үлкен күнәлардан міндетті түрде құтылады. Құран кәрімде былай делінген:

«Намаз – мүнкәр және фахшадан (әдепсіздіктен, ақылға және дінге жат болған есірткі, ішкілік, зина, лиуата секілді әр түрлі жамандықтардан, әр түрлі күнәдан) ұзақтатады.» (Анкәбут 45)

Бір жас жігіт намазын оқитын, бірақ әр түрлі жамандықтарды да істейтін еді. Бұл жігіттің жағдайы Расулуллаһ алейһиссаламға айтылған кезде «Бір күні намаз оны басқа күнәларды істеуден ұзақтатады» деді. Арадан көп уақыт өтпеді. Әлгі жігіт күнәларына тәубе етті, жақсы адамдардан болды. Осы тұрғыдан міндетті түрде намаз оқу керек. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Барлық аурудың, барлық дерттің шипасы бар, ал жүректің(көңілдің) шипасы – зікір, Аллаһу та’аланы еске алу.» (Дәйләми)

Зікірдің, яғни Аллаһу та’аланы еске алудың басында намаз тұрады. Бір аяти кариманың мағынасы:

«Намаз – әр түрлі жамандықтан ұзақтатады. Өйткені зикруллаһ(намаз оқу) әлбетте ең ұлы (ең ұлы ғибадат).» (Анкәбут 45) «Зикруллаһ – намаз. Намаз басқа ғибадаттардан да ұлы.» (Бәйдәуи)

«Олар тұрғанда да, отырғанда да, жантайып жатқанда да Аллаһты зікір етеді.» (Әли Имран 191) «Намазды шамасы жететін адам түрегеп, тұра алмайтын әлсіз болған адам отырып оқиды, бұған да шамасы жетпейтіндей әлсіз болған адам жатып ишаратпен оқиды деген мағынада.» (Бахр-ур-раиқ)

Егер намаз жамандықтан ұзақтатпай жатқан болса, намаз дұрыс оқылмай жатыр деген сөз. Хадис шәрифте былай делінген:

«Бір кісінің намазы оны жамандықтардан ұзақтатпай жатқан болса, (намаздың шарттарына мән бермей дұрыс оқымағаны үшін)Аллаһтан ұзақтауы артады.» (Табарани)

Олай болса, атқаратын ісіміз – намазды дұрыс оқуға тырысу. Намазды дұрыс оқи білу үшін әуелі итиқадтың (сенімнің) дұрыс болуы шарт. Одан кейін басқа шарттары да келеді. Бұл шарттарға мән берген адам міндетті түрде әр түрлі жамандықтарды тастайды. 

Жыныстық адасушылық

Сұрақ: Атеисттер «Мұсылман мемлекеттерде жыныстық қатынастар (зина) күнә саналып, жыныстық сезімдер айыпталғандықтан, гомосексуалдық секілді жаман әдеттер пайда болуда» дейді. Қалыпсыз қатынастар күнә болмағанда, осыншама тарап кетпейтін бе еді?

Жауап: Керісінше көбірек болатын еді. Аллаһтан қорқпайтындар да қоғамнан ұялғандықтан қалыпсыз қатынастардан қаласа да, қаламаса да ұзақ тұрады. Батыс мемлекеттерде жыныстық еркіндік бар. Ешқандай айыптау да жоқ. Тіпті кейбірлерінде гомосексуалдық үйленулерге заңды түрде рұқсат берілуде. Бұған қарамастан Еуропа, әсіресе Англия бейстандарттық қатынастарға толы. Атеисттердің мақсаты бейстандарттық қатынастар жайында уайымдау емес, Ислам дініне деген дұшпандықтарының себебімен осындай пікірлерді жариялауда. 

Гомосексуалдық

Сұрақ: «Аллаһ мені гомосексуал қылып жаратқан болса, мұнда менің айыбым не? Осы себептен гомосексуалдық күнә болмайды» деген адамның көзқарасы қате емес пе?

Жауап: Осылай айтып, өзінің істеген айыбын Аллаһу та’алаға жүктеу өте жаман.

Аллаһу та’ала ешбір күнәға разы болмайды. Олай болса әрбір айыпты адам қылмысын Аллаһу та’алаға жүктей беруі мүмкін. Есірткіге тәуелді болған адам «Аллаһ мені есірткіге бейім қылып жаратты, менің айыбым жоқ» деуі мүмкін. Зина жасаған адам «Маған бұл сезімді Аллаһ берді, менің айыбым жоқ» деуі мүмкін. Құмарға салынған адам «Бұл құмар ойнау қалауын маған Аллаһ берді, менің кінәм жоқ» деуі мүмкін. Барлық күнә үшін осылай айтылуы мүмкін. Аллаһу та’ала адамдарды күнә немесе сауап істейтіндей қасиетте жаратқан болса да, күнә істеуге мәжбүр қылмады. Бір аяти кариманың мағынасы:

«Қалаған адам иман келтірсін, қалаған адам қарсы шықсын! Қарсы шығушыларға тозақты дайындадық.» (Кәһф 29)

Олай болса, сену және қарсы шығу, жақсылық пен жамандық жасау адамның қолында, себебі осылай бұйырылған. Аллаһу та’ала күнә істегендерді жазаландыратынын, сауап істегендерге қайтарымын беретіндігін білдірді. Әр адам жасаған түйірдей жақсылық немесе жамандығының қайтарымын көреді. Бір аяти кариманың мағынасы:

«Түйірдей жақсылық және жамандық істеген адам мұның қайтарымын көреді.» (Зилзал 7,8)

Ішкілікке, құмарға, ұрлыққа тыйым салғанындай, зинаға да, лиуатаға да (гомосексуалдыққа да) тыйым салды. Гомосексуалдыққа қатысты екі хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Ақыр заманда гомосексуалдар үш топқа бөлінеді: бірінші топ сөйлесу және көрісумен, екіншісі қол ұстасу және құшақтасумен шектеледі. Ал үшінші топ мұны іс жүзінде жасайды. Аллаһ оларға лағнет етсін! Тәубе еткендердің тәубесін Аллаһу та’ала қабыл етеді.»(Дәйләми)

«Лиуата мубах (қалыпты жағдай) болып саналмағанша, аспаннан тас жаумағанша қиямет басталмайды.» (Дәйләми)

Жаман амал

Сұрақ: Белгілі бір мазһабы болмаған, бидғат мазһабтарды да қосқанда әр мазһабтан ақылына сай келетіндеріне ғана мойынсұнатын бір адам «Ибн Сәбәлықтар жолында лиуата (Pederasty және Pédérastie деп те аталатын жаман амал) жаиз болады» деп, Әһли сүннет болғандарға да кеңес беріп жүр екен. Бұл үкім Кітап пен Сүннетте айқын түрде харам етілді емес пе? Мазһабтар нассқа, яғни аят пен хадиске қайшы үкім қоюы мүмкін бе?

Жауап: Әрине қоя алмайды. Лиуатаның Ибн Сәбә жолында немесе басқа адасқан бір топта жаиз болғанын немесе жаиз болмағанын білмейміз, бірақ Әһли сүннеттің төрт хақ мазһабының төртеуінде де лиуата еркекпен жасалса да, әйелмен жасалса да, яки өз әйелімен жасалса да харам болып табылады, үлкен күнә болады.

]]>
Tue, 31 May 2016 05:12:00 -0500 http://ahlisunnet.kz/upload/20160531/1464689520574d637041224.jpg
Аманаттың түрлері http://ahlisunnet.kz/article/549-Amanattyn_turleri http://ahlisunnet.kz/article/549-Amanattyn_turleri Сұрақ: Аманаттың діндегі маңызы қандай?

Жауап: Аманат – шыншыл, сенімді болу деген сөз. Фиқһ ілімінде сенімді адамға қалдырылған мүлікке аманат делінеді. Аманатты ешқандай зиян тигізбей, дәл сол күйінде иесіне қайтару керек. Аманатты сақтамау – мұнафиқтықтың (екі жүзділіктің) белгісі. Үш хадис шәриф:

«Аманат жоғала бастағанда қиямет жақындайды. Істерді лайық болмаған адамға тапсыру – аманатты жоғалту болып табылады.»(Бұхари)

«Аманатты сақтау ризықты арттырады, ал қиянат кедейлікке жол ашады.» (Кудаи)

«Аллаһ және Оның расулы аманатты сақтайтын адамды жақсы көреді.» (Табарани)

]]>
Сұрақ: Аманаттың діндегі маңызы қандай?

Жауап: Аманат – шыншыл, сенімді болу деген сөз. Фиқһ ілімінде сенімді адамға қалдырылған мүлікке аманат делінеді. Аманатты ешқандай зиян тигізбей, дәл сол күйінде иесіне қайтару керек. Аманатты сақтамау – мұнафиқтықтың (екі жүзділіктің) белгісі. Үш хадис шәриф:

«Аманат жоғала бастағанда қиямет жақындайды. Істерді лайық болмаған адамға тапсыру – аманатты жоғалту болып табылады.»(Бұхари)

«Аманатты сақтау ризықты арттырады, ал қиянат кедейлікке жол ашады.» (Кудаи)

«Аллаһ және Оның расулы аманатты сақтайтын адамды жақсы көреді.» (Табарани)

Аллаһу та’ала жанымызды, денені және барлық мүшелерді бізге аманат ретінде берген. Барлық ниғметтер де аманат болып табылады. Бұл аманаттарды Раббымыздың разылығынан басқа мақсатта қолдану – ол аманатқа қиянат жасау болады. Мысалы, бала-шағамыз, жұбайымыз – бізге аманат. Бұл жайлы айтылған бірнеше хадис шәриф:

«Әйелдер – сендерге берілген Аллаһу та’аланың аманаты.»(Ибн Жәрир)

«Жұбайларыңды ренжітпеңдер! Ол – Аллаһу та’аланың сендерге берген аманаты.» (Мүслим)

«Жұбайының жасырын сырларын басқаларға айту – аманатқа қиянат жасау болып табылады.» (Мүслим)

«Қызын пасыққа (күнәхарға) берген адам Аллаһу та’аланың аманатына қиянат еткен болады. Аманатқа қиянат еткендердің баратын жері – тозақ.» (С.Әбәдийа)

«Кедейлік – аманат. Мұны жасырған адам ғибадат жасаған болады. Кедейлігін жария еткен адам да дін бауырларын қарыздар қылған болады.» (Ибн Асакир)

«Сөз – аманат. Жаман сөзді жеткізу (сөз тасу) халал болмайды.»(Әбу Нуайм)

«Сендерге екі аманат қалдырдым: Аллаһтың кітабы және Әһли бәйтім (әулетім) (И.Ахмед)

«Құран мен Әһли бәйт бір-бірінен айрылмайды» хадис шәрифі Құранға мойынсұнған адамның Әһли бәйтті жақсы көруі және Әһли бәйтті жақсы көргендердің де Құранға мойынсұнуы керек екендігін білдіруде.«Сахабаларымның бәрі жәннаттық» аятына қарсы шыққан адам Әһли бәйтті жақсы көрген болып саналмайды. (Қурратул айнәйн)

Ахзаб сүресіндегі аманат – орындалуы сауап және тәрк етілуі жаза болған діннің барлық әмірлері мен тыйымдары. (Жәлаләйн)

Бес уақыт намазға аманат делінген. Ниса сүресінің 58-ші аятындағыаманат сөзін Расулуллаһ ғибадат деп айқындап, бес уақыт намазды оқуды бұйырған. (Бәйдәуи)

Аманатқа ақыл және Ислам діні деген ғалымдар да болды. Өйткені ақылды адам Ислам дініне мойынсұнады. Демек, ақылды болып, діннің әмірлері мен тыйымдарына бағынған, намаз оқыған адам аманатты сақтаған болады. (Хақ сөздің дәлелдері)

]]>
Tue, 31 May 2016 05:07:00 -0500 http://ahlisunnet.kz/upload/20160531/1464689272574d62783a0a5.jpg
Өлім пәлекет емес http://ahlisunnet.kz/article/548-Olim_paleket_emes http://ahlisunnet.kz/article/548-Olim_paleket_emes Сұрақ: Әлі жаспын, өлімнен қатты қорқамын. Маған қандай кеңес бересіз?

Жауап: Имам Раббани хазреттері былай деген:

«Өлім пәлекет емес. Өлгеннен кейін басына келетіндерді білмеу, жағдайын жасамау – пәлекет.»

Әлі жас кезде, күнә аз кезде өлу әрине үлкен ниғмет болады. Біздің күн өткен сайын күнәларымыз артуда. Өлімді күніне жиырма бес рет ойлаған адам шәһид болып өледі. Өлім туралы айтып жүру сүннет. Өлімнен қашу мүмкін емес. Өлім – сүйіктіні сүйіктіге қауыштыратын көпір.

Өлім – мұсылман үшін сыйлық. Өлім – қайтіп өлмеу үшін туылу деген сөз. Өлім болмағанда, бұл өмірді сүрудің қажеті не? Өлім – мұсылманның жұбаныш қайнары, сағынышы.Тіпті бір әулие кісі: «Мен Әзірейіл алейһиссаламды Жәбірейіл алейһиссаламнан қаттырақ жақсы көремін» деген. «Мұның хикметі не?» деп сұрағандарға: «Себебі, ол мені Раббыма қауыштырады» деп жауап берген.

]]>
Сұрақ: Әлі жаспын, өлімнен қатты қорқамын. Маған қандай кеңес бересіз?

Жауап: Имам Раббани хазреттері былай деген:

«Өлім пәлекет емес. Өлгеннен кейін басына келетіндерді білмеу, жағдайын жасамау – пәлекет.»

Әлі жас кезде, күнә аз кезде өлу әрине үлкен ниғмет болады. Біздің күн өткен сайын күнәларымыз артуда. Өлімді күніне жиырма бес рет ойлаған адам шәһид болып өледі. Өлім туралы айтып жүру сүннет. Өлімнен қашу мүмкін емес. Өлім – сүйіктіні сүйіктіге қауыштыратын көпір.

Өлім – мұсылман үшін сыйлық. Өлім – қайтіп өлмеу үшін туылу деген сөз. Өлім болмағанда, бұл өмірді сүрудің қажеті не? Өлім – мұсылманның жұбаныш қайнары, сағынышы.Тіпті бір әулие кісі: «Мен Әзірейіл алейһиссаламды Жәбірейіл алейһиссаламнан қаттырақ жақсы көремін» деген. «Мұның хикметі не?» деп сұрағандарға: «Себебі, ол мені Раббыма қауыштырады» деп жауап берген.

Сәйид Абдулхаким Аруаси хазреттері былай деген:

Аллаһу та’алаға қауыштыратын болғандықтан өлімді жақсы көру керек. Өзім жақсы көретін адамымның тірі қалуын да, өлуін де қалаймын. Дос досқа қауышқысы келмейді ме? Әзірейіл алейһиссалам Ибрахим алейһиссаламнан рухын алу үшін рұқсат сұрағанда «Қалайша, Дос досының жанын алады ма сонда?» деді. Аллаһу та’ала Әзірейіл алейһиссалам арқылы хабар жіберіп: «Дос досқа қауышудан қашады ма?» деген кезде, «Йа Раббым, рухымды тезірек ал!» деп дұға етті.

Ислам ғұламалары былай деген:

- Дүние – жоқ болған бір көлеңке, бір көрініс. Айнадағы көрініс секілді. Бұл көрініс – ахиреттің көрінісі. Ал ахиретте жәннат пен тозақ бар. Ғибадаттарымыз, жақсылықтарымыз – жәннаттың дүниедегі көрінісі. Ал күнәлар, жаман жерлер, қараңғы, азапты, лас жерлер – тозақтың көрінісі.

- Жәннаттық адам жәннаттық істерді, ал тозақтық болған адам тозаққа жетелейтін істерді жасайды. Темірді шірітетін өзінің тоты болғанындай, адамды тозақтық қылатын да өзінің күнәлары. Магнит темірді өзіне қалай тартатын болса, дәл солай харамдар адамды тозаққа, ғибадаттар жәннатқа тартады. Қияметте қай жерге баруды қаласақ, соған қарай дайындығымызды жасауымыз керек. Ахиретте жәннат пен тозақтан басқа жер жоқ. Жәннатқа кіру үшін дұрыс иман иесі болу және дінге мойынсұну керек. Тозаққа жетелейтін тұзақтарға түспеу керек. Бұл тұзақтар былай білдірілген: «Дүние өмірі тек лаиб (ойын), ләһв (сауық), зинет(әшекей), өзара тәфаһур (мақтану) және мал-мүлік пен бала-шағаны көбейту қалауынан құралған.» (Хадид 20) Бұлардың біріне тұтылған адамның көңілі өледі. Жұмыс істеңдер және нәпістеріңді өлім өткеліне дайындаңдар.

Шешімі қиынға соққан нәрселерде Аллаһтың іліміне жүгініңдер. Ана өмірге өтпей тұрып дайындық жасаңдар, жақсылықтарың ол жерге барғанда алдыларыңнан шықсын. Өйткені Аллаһу та’ала былай деген:«Ол күні (қияметте) әркім дүниеде қандай қайырымдылық істесе, сол алдынан шыға келеді, қандай жамандық істесе, олармен өзінің арасында ұзақ қашықтық болуын армандайды. Пенделерінің алдында мейірімді, жанашыр болған Аллаһ сендерге Одан қорқуды әмір етеді.»(Али Имран 30)

Олай болса, Аллаһтан қорқыңдар, яғни Оның әмірлері мен тыйымдарын ұстаныңдар. Сендерден бұрын келіп, өткендерден ғибрат алыңдар. Ұмытпаңдар, ертең үлкен-кіші барлық әрекеттеріңнің нәтижесін аласыңдар. 

- Ризық тағдырда жазылған. Яғни әркімнің ризығы белгілі, артпайды, кемімейді, адам ризығын алып болмағанша дүниеден өтпейді. Ризық қалағанына халалдан, қалағанына харамнан келеді. Келетін мөлшері бірдей болады. Ажал тағдырда жазылған. Яғни әркімнің өмірі белгілі, ұзамайды да, қысқармайды да, уақыты келгенде дүниеден кетеді. Қаза мен тағдыр, жақсылық пен жамандық, онсыз да, иманның шарттарынан. Ал енді неліктен қарсы келіп жүрсің, не себеппен шүкір етпейсің? Ризығың белгілі, өмірің белгілі, басыңа келгендердің бәрі Аллаһтан. Қаласаң қарсы шық, қаласаң шүкір ет. Ештеңе өзгермейді. Қарсы шыққан адамның орны – тозақ, шүкір еткен адамның орны – жәннат. Яғни сол нәрселер үшін не жәннатқа, не тозаққа кетесің. 

- Дүние – қонақ үйі. Дүниелікті алу үшін ахиретті беру және адамдарға жағымпаздану үшін Аллаһу та’аланы тастау – ақымақтық. Кеудесін құбыладан бұрған адамның намазы бұзылғанындай, бетін Ислам дінінен бұрған адамның да дүниесімен қоса ахиреті де бұзылады. 

- Мұсылманмын дегенмен мұсылмандық болмайды. Діннің әмірлері мен тыйымдарына мән бермеген адамның иманы кетеді. Мән бермеу дегеніміз – істелген күнәға қайғырмау деген сөз. 

- Діннің ең үлкен дұшпаны – надандық. Надандық тозаққа апарады. 

- Қиямет дертін сендер білгенде, дүниеде ештеңені дерт ретінде көрмейтін едіңдер. Бүкіл қиыншылықтар өлімді ұмытудан туындайды. 

- Адамдардың көптігі, қалағандарын істеуі, ғафлет ішінде өмір сүруі сені де ғафлетке түсірмесін, бұдан сақтан. Сен жалғыз өлесің, қабірге жалғыз кіресің, есебіңді жалғыз өзің бересің. Сен дінді, иманды, Аллаһтың әмірлері мен тыйымдарын ұмыттың. Сен ұмыттың, бірақ ұмытылмадың.

]]>
Tue, 31 May 2016 05:04:00 -0500 http://ahlisunnet.kz/upload/20160531/1464689068574d61ac69307.jpg
Сараңдық http://ahlisunnet.kz/article/547-Sarandyq http://ahlisunnet.kz/article/547-Sarandyq Сұрақ: Сараңдық туралы мәлімет бересіздер ме?

Жауап: Дін, ождан және адамгершілік тұрғысынан беру керек болған жерлерде бермеу және беруге қиналу сараңдық болып табылады. Аллаһу та’ала нисап мөлшерінде байлық берген адам уақыты келгенде оның зекетін, пітірін бермесе және құрбандығын шалмаса, бала-шағасының да нафақасын толық бермесе бұл адам сараң деген сөз. Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай дейді:  

«Хақ та’ала ихсан етіп берген мал-мүлікте сараңдық еткендер, оның зекетін бермегендер осы тірліктерімен байлықтарын сақтап қалып, өздеріне жақсылық жасадық деп ойлайды. Ал негізінде өз-өздеріне жамандық жасады. Ол мал-мүліктер жаһаннамда азап құралдарына айналады, жылан кейпінде мойындарына оралып, бастан аяққа дейін шағады.» (Али Имран 180) 

]]>
Сұрақ: Сараңдық туралы мәлімет бересіздер ме?

Жауап: Дін, ождан және адамгершілік тұрғысынан беру керек болған жерлерде бермеу және беруге қиналу сараңдық болып табылады. Аллаһу та’ала нисап мөлшерінде байлық берген адам уақыты келгенде оның зекетін, пітірін бермесе және құрбандығын шалмаса, бала-шағасының да нафақасын толық бермесе бұл адам сараң деген сөз. Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай дейді:  

«Хақ та’ала ихсан етіп берген мал-мүлікте сараңдық еткендер, оның зекетін бермегендер осы тірліктерімен байлықтарын сақтап қалып, өздеріне жақсылық жасадық деп ойлайды. Ал негізінде өз-өздеріне жамандық жасады. Ол мал-мүліктер жаһаннамда азап құралдарына айналады, жылан кейпінде мойындарына оралып, бастан аяққа дейін шағады.» (Али Имран 180) 

Хадис шәрифте: «Сараңдықтан сақтаныңдар! Өйткені сараңдық сендерден бұрынғылардың опат болуына себеп болды» делінді. (Тәбйинул-Мәхарим) 

Имам Ғазали хазреттері былай деген: «Ең сараң адамдар діннің борыш еткен міндеттерін өтемейтіндер. Зекетін бермейтіндер, бала-шағасының нафақасын қамтамасыз етпейтіндер немесе бұларды жүк ретінде лажсыз орындайтындар осындай. Бұлар табиғатында сараң. Лажсыз жомарт көрінуге тырысады немесе мүлкінің қалдықтарын немесе қаламай орта дәрежеде бергісі келеді. Азығы көп бола тұра аш көршісіне бермеу, алдында тамақ тұрғанда ұзақтан бір кедейдің келе жатқанын көріп тамақты тығып қою адамгершілікке жат қылық және сараңдық болып табылады.»  

Сондай-ақ сараңдық делінгенде көбінесе материалдық, яғни мал-мүліктегі ашкөздік ойға келеді. Алайда мал-мүлікпен қоса сараңдық уақытта, дене мүшеде, сөзде, ілімде және т.б. пайдалы ниғметтерде де болады. Яғни бұл ниғметтерді діннің үкімі бойынша және адамгершіліктің қажет ететін жерлерге бермеу, қолданбау дегенді білдіреді.

Бұл тақырыпта Юсуф Синануддин хазреттері былай деген: «Сараңдық мал-мүлікті жинап, қайырлы жерлерге жұмсамаумен ғана шектелмейді. Ғибадаттарын орындамайтын адам да өзіне сараңдық еткеніндей, пайғамбарымыздың атын естіп салауат айтпаған, мұсылмандарға кезігіп оларға сәлем бермеген адам да сараңдық еткен болады.»

Аллаһу та’ала сыйлаған ілімді, пайдалы нәрселерді адамдарға айтпау, үйретпеу де сараңдық. Ал мұның терісін айту, яғни қате нәрсені айту болса, одан өткен сараңдық.

  Мал-мүлкін қайырлы құрылымдарға, кедейлерге беруді ұйғарған кісіге «Мүлкіңе тиіспей қоя тұр. Қазір қажеттіліктер көбейген заман. Өзіңе де әлі керек болады. Егер қазір қайырымдылыққа беріп жіберсең ертең кедей болып қаласың» деп өзгенің істейін деп тұрған жақсылықтарына тосқауыл болу да ең үлкен сараңдықтардан.

Аллаһу та’ала мұсылмандарға күніне бес уақыт намазды парыз еткен. Бір күндік парыз намаздардың қосындысы 17 рәкат. Уәжіп, сүннеттерін де қосқанда барлығы 40 рәкат. Әр қайсысын 1 минуттан есептегенде шамамен 40 минуттық уақыт. Демек Аллаһу та’аланың берген 24 сағатының ішінен 40 минутын Аллаһу та’алаға бөлмеген адам сараңдық еткен болады. Ал уақытын Аллаһу та’аланың тыйым салған нәрселерде қолданғандар болса, харамдарға, ішкілікке, құмар ойындарына сарп етсе исраф еткен болады.

Демек сараңдық жаман болғанындай ысрап ету де соншалықты жаман. Мұның ортасы, ең дұрысы жомарттық.

Пайғамбарымызға бір кәрі кемпір көрші тұратын. «Намаз оқу үшін оранатын киімім жоқ. Маған намазда киетін киім жіберші» деп сұранады. Расулуллаһ алейһиссаламның да сол сәтте үстіндегіден басқа киімі жоқ еді. Мүбәрәк үстіндегі антариін шешіп әлгі кемпірге жібергізеді. Намаз уақыты кіргенде көйлексіз болғандықтан мешітке бара алмайды. Сахабалар бұл жағдайды естігенінде расулуллаһтың жомарттылығы соншалық, көйлексіз қалып жамағатқа келе алмауда. Біз де барымызды кедейлерге таратайық деп ұйғарады. Бұл оқиғаға байланысты Аллаһу та’ала Исра сүресінің 29-шы аяти кәримасын жіберді. Алдымен: «Ей Хабибім сараңдық етпе, қысаңшылық етпе» деп бұйырғаннан кейін: «Қиыншылыққа түсердей және намазыңды жіберіп алардай, қынжылардай дәрежеде таратпа! Садақада орташа мәміледе бол.» деп бұйырды.

]]>
Tue, 31 May 2016 05:01:00 -0500 http://ahlisunnet.kz/upload/20160531/1464688887574d60f73f2e8.jpg
Кәміл адам қандай болады? http://ahlisunnet.kz/article/546-Kamil_adam_qandai_bolady http://ahlisunnet.kz/article/546-Kamil_adam_qandai_bolady Сұрақ: Мұсылман ретінде адамдармен қандай қарым-қатынаста болуымыз керек?

Жауап: Барлық адам айналасында және жұмыс орнында мінездері әр түрлі болған түрлі адамдармен кездеседі. Мұсылман ретінде олардың алдындағы әрекеттерімізді білуіміз керек. Имам Ғазали хазреттері адамдарды төртке бөлген:

1) Ішіп-жеу және рахаттанудан басқа ештеңе білмейтіндер.

2) Айналасына ауыртпашылық, зұлымдық көрсететін адамдар.

3) Қулықпен, айламен айналасындағыларды алдайтындар.

4) Жақсы мінезді болған шынайы мұсылмандар.

]]>
Сұрақ: Мұсылман ретінде адамдармен қандай қарым-қатынаста болуымыз керек?

Жауап: Барлық адам айналасында және жұмыс орнында мінездері әр түрлі болған түрлі адамдармен кездеседі. Мұсылман ретінде олардың алдындағы әрекеттерімізді білуіміз керек. Имам Ғазали хазреттері адамдарды төртке бөлген:

1) Ішіп-жеу және рахаттанудан басқа ештеңе білмейтіндер.

2) Айналасына ауыртпашылық, зұлымдық көрсететін адамдар.

3) Қулықпен, айламен айналасындағыларды алдайтындар.

4) Жақсы мінезді болған шынайы мұсылмандар.

Ұмытпау керек, әр адамның жүрегінен Аллаһу та’алаға баратын бір жол бар. Бүкіл мәселе – осы жолдан Ислам нұрының адамдарға жайылуы. Бұл нұрды жүрегінде сезген адам қай топтан болса да, істеген жамандықтарына өкінеді және дұрыс жолды табады.

Егер бүкіл адамдар Ислам дінін қабылдаса, әлемде жамандық, қулық, соғыс, анархия және зұлымдық қалмайтын еді. Сондықтан, шынайы және кәміл мұсылман болуға тырысу, мұсылмандықтың негізі мен нәзіктіктерін көрсету, өзіміз де осыған сай өмір сүріп бүкіл әлемге жаю – әркімнің мойнына жүктелген борыш болып табылады. Мұны орындау жиһад болады.

Қай діннен болса да, бүкіл адамдарға дініміз бұйырғандай әрдайым жылы сөзбен және түсінушілікпен қарау керек. Мұсылман болмаған адамның бетіне «кәпір, дінсіз» деп оны ренжітудің күнә болатындығы, бұлай айтқандардың жазалануы керектігі фиқһ кітаптарында жазылған. Мақсат – баршаға Ислам дінінің ұлылығын түсіндіру. Ал бұл жиһад жылы сөзбен, сабырмен, ілім және иманмен орындалады.

Бір адамды бір нәрсеге сендіргісі келгендердің алдымен өзінің бұған сенуі шарт. Ал мүмин, ешқашан сабырын жоғалтпайды және неге сенетінін айтып беруде қиналмайды. Ислам дініндей ашық және дұрыс болған басқа ешқандай дін жоқ. Бұл діннің негізін түсінген адам кез келген адамға бұл діннің жалғыз хақ дін екендігін оңайлықпен анықтап бере алады.

Кәпір болу, яғни мұсылман болмау – әр заманда және барлық жерде жаман. Себебі, күпір – адамды дүние мен ахиретте пәлекетке жетелейтін зиянды сенім және қате өмір сүру салты. Сонымен қатар, басқа діннен болған адамдардың бәрін жаман мінезді адам деп қабылдамау керек. Араларында жақсылыққа бейім болған адамдар да болуы мүмкін.

Аллаһу та’ала Ислам дінін адамдардың өмірде рахаттық пен бақыт ішінде, бауырмашылықпен өмір сүру және ахиретте шексіз азаптардан құтылулары үшін жіберген. Кәпірлер, яғни мұсылман болмағандар – осы бақыт жолынан мақрұм қалған бейшара адамдар. Оларға жанашырлық таныту және ренжітпеу керек! Оларды ғайбаттау да харам болып табылады. Олар – шайтан немесе мұсылмандықтан хабары болмағандар тарапынан алданған бейшара адамдар. Олардың көбі Аллаһу та’аланың разылығына қауышамын деген оймен қате жолға түскен адамдар. Біз оларға сабырмен, жылы сөзбен, ақылмен дұрыс жолды көрсетуіміз керек!

Ислам діні ұлт, нәсіл, саяси пікір, тіл және білім дәрежесін ажыратпастан, әр адамның жеке өзін құрметтейді. Әркім бірдей хақтарға, бірдей құрметке ие. Ислам, жеке адамның, белгілі бір қоғамның, тіпті тек мұсылмандардың ғана емес, бүкіл адамзаттың еркін және мәдени өмір сүру дәрежесіне жетуін бұйырады. Осы себептерден, шетелде де мұсылмандық жайылуда. Аллаһу та’ала Құран кәрімде бүкіл адамдарды дұрыс жолға шақыруда. Дұрыс жолға қауышқан адамның өткен барлық күнәларының кешіретіндігіне сөз берген.

]]>
Tue, 31 May 2016 04:57:00 -0500 http://ahlisunnet.kz/upload/20160531/1464688619574d5feb9417c.jpg
Жылы сөз бен күлімдеп жүрудің маңызы http://ahlisunnet.kz/article/545-Jyly_soz_ben_kulimdep_jurudin_manyzy http://ahlisunnet.kz/article/545-Jyly_soz_ben_kulimdep_jurudin_manyzy Сұрақ: Күлімдеп жүру мен жылы сөздің маңызы жайында айтып бересіз бе?

Жауап: Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Мұсылман жылы жүзді, ал мұнафиқ (екі жүзді) қабағын асып жүреді.

Күлімдеу – тегін, оны алған адамды шаттандырады, бергенді қинамайды.

Бақыттың кілті – күлімдеу.

Күлімдей алмайтын адам – бейшара.

Күлімдеудің жылылығында балқымайтын металл жоқ.

Күлімдей алу екі дүниенің бақытына себеп болады.

Ислам діні – сүйіспеншілік, күлімдеген жүз, жылы сөз, дұрыстық және жақсылық діні.

Достарға дұрыстықты айту керек, дұшпандарды күлімдеген жүзбен және жылы сөзбен басқару керек.

Жетістіктің сыры – күлімдеген жүз, жылы сөз және жақсы саясат. Жақсы саясат – бәрінің разы болуы деген сөз.

]]>
Сұрақ: Күлімдеп жүру мен жылы сөздің маңызы жайында айтып бересіз бе?

Жауап: Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Мұсылман жылы жүзді, ал мұнафиқ (екі жүзді) қабағын асып жүреді.

Күлімдеу – тегін, оны алған адамды шаттандырады, бергенді қинамайды.

Бақыттың кілті – күлімдеу.

Күлімдей алмайтын адам – бейшара.

Күлімдеудің жылылығында балқымайтын металл жоқ.

Күлімдей алу екі дүниенің бақытына себеп болады.

Ислам діні – сүйіспеншілік, күлімдеген жүз, жылы сөз, дұрыстық және жақсылық діні.

Достарға дұрыстықты айту керек, дұшпандарды күлімдеген жүзбен және жылы сөзбен басқару керек.

Жетістіктің сыры – күлімдеген жүз, жылы сөз және жақсы саясат. Жақсы саясат – бәрінің разы болуы деген сөз.

Дұшпандарыңа жақсылық жасаңдар, сыйлықтар беріңдер. Достарыңа ренжісеңдер, оған жақсылық жасаңдар, бір адамнан қысылсаңдар, оған күлімдеңдер. Осыларды істейтін болсаңдар рахат боласыңдар.

Бір адамның әулие екендігі жылы сөзі, жақсы мінезі, күлімдеген жүзі, жомарттығы, сөз таластырмауы, кешірімділігі және бәріне мейірімділік танытуы арқылы аңғарылады.

Жақсы мінезді адам – әдепті, аз сөйлейді, қателіктері аз, ғайбат айтпайды, Аллаһ үшін жақсы көреді, Аллаһ үшін жек көреді, аманатты сақтайды, көршілері мен достарын қорғайды. Жақсы мінезді бір кісіден жаман мінезді әйелімен қалай өмір сүріп жатқанын сұраған кезде: «Жақсы мінезді адаммен кез келген адам өмір сүре алады. Нағыз жетістік – жаман мінезді адаммен де өмір сүре білу. Оның жаман мінезіне сабыр етпейтін болсам, менің жақсы мінезді екенім қалай белгілі болады?» деді.

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Мүмин бауырының жанында қабағын асып тұратын адамға періштелер лағнет етеді.» (Хатиб)

«Жақсылықты күлімдеп жүретін адамдардан сұраңдар.» (Бәйһақи)

«Мүмин бауырының бетіне күлімдеп қарау садақа болып табылады.» (Ж.Сағир)

«Дін бауырына күлімдеп қарау, жақсы нәрселер үйрету, жамандық жасауының алдын алу – әрбірі жеке-жеке садақа болады.»(Тирмизи)

«Мал-мүліктеріңмен елдің бәрін разы қыла алмайсыңдар. Күлімдеген жүз және жылы сөзбен, жақсы мінезбен разы қылуға тырысыңдар!» (Хаким)

«Сәлем бергенде күлімдеген адам садақа сауабын алады.»(И.Ә.Дүнийа)

«Қайырды, жақсылықты сұлу жүзділердің жанынан іздеңдер!»(Бұхари)

«Мінезі және жүзі жақсы болған адам дүние және ахирет жақсылығына қауышады.» (Ибн Шахин)

Күлімдеп жүру

Сұрақ: «Мұсылман жылы жүзді және жылы сөзді болады» хадисі бойынша күлімдеп жүру және жылы сөз айту тек өз жынысымыздағы адамдарға ғана болу керек пе, әлде намахрем (бөтен, қарсы жыныстағы) адамдардың алдында да солай болу жаиз ба?

Жауап: Өз жынысымыздағы және махрем болған жақындарымыздың алдында күлімдеу және жылы сөз айту керек. Қарсы жыныстағы адамға жылы лебіз таныту, жылы сөйлеу және күлімдеу мүлдем дұрыс емес. Тіпті оған қарама-қарсы тұрып көзінше дұға ету, «Аллаһ разы болсын» деу де дұрыс емес. Намахрем (бөтен) болған адамға бетпе-бет дұға етуге тыйым салынғандықтан, оған сәлем беруге де тыйым салынған. Өйткені, сәлемдесу де дұғаға жатады. Біреуге күлімдеп, жылы лебіз танытып, дұға етсек, ол адам қаласа да, қаламаса да «Бұл адам, осындай мәміле танытып жатқан болса, мені жақсы көрсе керек» деп ойлайды. Жаман ниетсіз, тек Аллаһ разылығы үшін жақсы көрсе де, уақыт өте бұл сүйіспеншілік күнәға итермелейтін ғашықтыққа себеп болуы мүмкін. Осы себептен дініміз қарсы жыныстың, яғни намахрем болғандардың алдында сыпайы бола бермеуді әмір етеді. Қажетсіз сөйлесуге, бетпе-бет дұға етуге, тіпті сәлем беруге де тыйым салады.

]]>
Tue, 19 Apr 2016 01:46:00 -0500 http://ahlisunnet.kz/upload/20160419/14610483885715d4445b129.jpg
Кешірімді болу http://ahlisunnet.kz/article/544-Kesirimdi_bolu http://ahlisunnet.kz/article/544-Kesirimdi_bolu Сұрақ: Бәрін кешіре беремін, осының кесірінен кейде ақымақ қылатындар да болады. Жалпы кешірімді болу жақсы ма?

Жауап: Кешіру – ақысы болған бір нәрсені алмай, иесіне кешіп жіберу деген сөз. Аллаһу та’ала кешіруші, кешіретіндерді жақсы көреді. Құран кәрімде былай делінген:

«Кешір, жақсылыққа шақыр және надандардан бетіңді бұр!»(Араф 199)

Хадис шәрифтерде де былай делінген:

«Кешіріңдер, Аллаһу та’ала да сендерді кешірсін және құрметтеріңді арттырсын!» (Исфехани)

«Аллаһ разылығы үшін кешірген адамның Аллаһу та’ала дәрежесін көтереді.» (Мүслим)

«Өзінен алыстап кеткендерге жақындау, зұлымдық жасағандарды кешіру, мақрұм қалдырғандарға (ештеңе бермегендерге)сыйлық беру – жақсы мінезді болу деген сөз.» (И.Суюти)

]]>
Сұрақ: Бәрін кешіре беремін, осының кесірінен кейде ақымақ қылатындар да болады. Жалпы кешірімді болу жақсы ма?

Жауап: Кешіру – ақысы болған бір нәрсені алмай, иесіне кешіп жіберу деген сөз. Аллаһу та’ала кешіруші, кешіретіндерді жақсы көреді. Құран кәрімде былай делінген:

«Кешір, жақсылыққа шақыр және надандардан бетіңді бұр!»(Араф 199)

Хадис шәрифтерде де былай делінген:

«Кешіріңдер, Аллаһу та’ала да сендерді кешірсін және құрметтеріңді арттырсын!» (Исфехани)

«Аллаһ разылығы үшін кешірген адамның Аллаһу та’ала дәрежесін көтереді.» (Мүслим)

«Өзінен алыстап кеткендерге жақындау, зұлымдық жасағандарды кешіру, мақрұм қалдырғандарға (ештеңе бермегендерге)сыйлық беру – жақсы мінезді болу деген сөз.» (И.Суюти)

«Саған зұлымдық жасаған адамды кешір, саған келмеген адамға өзің бар, саған жамандық жасағанға сен жақсылық жаса, артынан болса да міндетті түрде рас болғанын айт.» (Рузәйн)

«Мұса алейһиссалам "Йа Раббым, сенің дәргейіңде ең қадірлі кім?" деп сұрады. Аллаһу та’ала "Өшін қайтаруға күші жетсе де кешірген адам" деді.» (Хараити)

«Аллаһу та’ала мейірімі болмаған адамға мейірім танытпайды, кешірмегенді кешірмейді.» (И.Ахмед)

«Кешіріңдер де кешірімге қауышыңдар!» (И.Ахмед)

Кешіруге бейімді болып жүру жақсырақ болады. Хадис шәрифте былай делінген:

«Жаза берудегі қателесу, кешірудегі қателесуден жаманырақ.»(Хаким)

Сұрақ: Қате істеген адамды кешірудің зияны болады ма?

Жауап: Қателік істегендерді де кешіргендер дүние мен ахиретте бақытқа қол жеткізеді.

Өзі ішкіліктен құтыла алмаған бір мұсылман қызметшісіне төрт дирхам ақша береді. Ішкілік алып келуге жібереді. Қызметші бара жатып жолда Мансур бин Аммар есімді кісінің бір кедейге жәрдемақы жинап жатқанын көреді. Мансур: «Бұл кедейге төрт дирхам берген адамға төрт тілегі үшін дұға етемін» дейді. Қызметші кедейге төрт дирхам ақшасын береді. Сонда Мансур былай дейді:

– Қандай дұға етуімді қалайсын?

– Қызметшіліктен құтылуды қалаймын.

– Екінші қалауыңды айт!

– Кедейге берген төрт дирхам менің ақшам емес еді. Менен мұны талап етеді. Төрт дирхам қалаймын.

– Үшінші қалауың қандай?

– Қожайыным тәубе етіп, ішкілікті тастауын қалаймын.

– Төртінші тілегің қандай?

– Аллаһу та’аланың мені, қожайынымды, сені, қауымымызды кешіруін қалаймын.

Мансур бин Аммар барлық тілегі үшін қажетті дұғаларын оқиды. Қызметші үйіне келгенде қожайыны кешігіп келуінің себебін сұрайды. Қызметші болған оқиғаны айтып береді. Сонда қожайыны былай сұрайды:

– Сен не сұрадың?

– Қызметшіліктен, құлдықтан құтылуды сұрадым.

– Жарайды, сені азат еттім. Басқа не сұрадың?

– Төрт дирхам сұрадым.

– Мә, төрт дирхам. Тағы не сұрадың?

– Тәубе етіп, ішкілікті тастауыңызды сұрадым.

– Тәубе еттім. Тағы басқа не сұрадың?

– Аллаһу та’аланың бәрімізді кешіруін сұрадым.

Қожайыны тоқтап қалады. «Бұл менің қолымда емес қой» деп ойланып қалады. Сол түні түсінде «Сен қолыңнан келгенін істедің, ал біз қолымызда болғанды істемейміз бе? Сені де, қызметшіңді де, Мансурды да және сол жерде болған бәрін кешірдім» делінеді.

Әр мұсылман қолындағысын аямау керек, әрдайым кешірімді болу керек!

Сұрақ: Нақты белгілі болмаса, айыпты біреуді жазалау ма, әлде кешіп жіберу дұрыс болады ма?

Жауап: Айып анық болмағанша жазалау жаиз болмайды. Кешіріп жіберуді таңдаған жақсырақ болады. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Жаза берудегі қателік кешірудегі қателіктен жаманырақ.» (Хаким)

Дұшпанға жақсы мәміле таныту

Сұрақ: Бізге жамандық жасаған адамдарға, дұшпандық жасағандарға дәл солай қайтару жаиз ба?

Жауап: Дәл олардың істегеніндей кек қайтару зұлымдық болмайды, асырып қайтару зұлымдық болады. Алайда біз әділетпен қалай әрекет етілу керектігінің өлшемін біле алмаймыз. Ең жақсысы кешіріп жіберу. Бір аяти кариманың мағынасы:

«Жамандықтың ең жақсы түрде алдын ал! (Ашуды сабырмен, надандықты жұмсақтықпен, жамандықты кешірумен алдын ал), сол кезде дұшпан саған жақын дос сияқты болады.» (Фуссиләт 34)

Демек, дұшпанды дос қылудың жолы оны кешіру, оған жақсылық және сый-сияпат жасау.

]]>
Tue, 19 Apr 2016 01:40:00 -0500 http://ahlisunnet.kz/upload/20160419/14610480415715d2e92688c.jpg
Жаман ойлар қайдан туындайды http://ahlisunnet.kz/article/543-Jaman_oilar_qaidan_tuyndaidy http://ahlisunnet.kz/article/543-Jaman_oilar_qaidan_tuyndaidy Сұрақ: Көңілімізге әр түрлі ойлар келеді. Бұлар қайдан келеді? Қайбірінің жақсы, қайбірінің жаман екенін қалай ажыратамыз?

Жауап: Адамның көңіліне періштеден, шайтаннан және өз нәпсінен әр түрлі ойлар келеді. Періштеден келетін ойға «илхам», шайтаннан келетініне  «уәсуәса», ал нәпістен келетін ойға «хауа» делінеді. Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы қалай аңғарылады? Хадис шәрифте:«Періштеден келген илхам Ислам дініне сай болады. Шайтаннан келген уәсуәса Ислам дінінен айрылуға себеп болады» делінген. Олай болса, уәсуәсаны илхамнан ажырата білу үшін діннің әмірлерін жақсы білу керек. Мұсылман болмағандардан ірімшік, шұжық секілді азық-түліктер аларда «Бұлардың құрамына нәжіс зат араластырған» деген ой келсе, дереу діннің осы тұрғыдағы үкімін еске түсіру керек.

]]>
Сұрақ: Көңілімізге әр түрлі ойлар келеді. Бұлар қайдан келеді? Қайбірінің жақсы, қайбірінің жаман екенін қалай ажыратамыз?

Жауап: Адамның көңіліне періштеден, шайтаннан және өз нәпсінен әр түрлі ойлар келеді. Періштеден келетін ойға «илхам», шайтаннан келетініне  «уәсуәса», ал нәпістен келетін ойға «хауа» делінеді. Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы қалай аңғарылады? Хадис шәрифте:«Періштеден келген илхам Ислам дініне сай болады. Шайтаннан келген уәсуәса Ислам дінінен айрылуға себеп болады» делінген. Олай болса, уәсуәсаны илхамнан ажырата білу үшін діннің әмірлерін жақсы білу керек. Мұсылман болмағандардан ірімшік, шұжық секілді азық-түліктер аларда «Бұлардың құрамына нәжіс зат араластырған» деген ой келсе, дереу діннің осы тұрғыдағы үкімін еске түсіру керек. Дініміз алудың жаиз екенін білдірсе алуға болады. Бұл ойдың шайтаннан екені аңғарылады. Уәсуәсаға көңіл алданбаса, шайтан бұдан бастартып, басқа уәсуәса береді. Ал нәпсімізден келетін ой тұрақты болады. Ол адам қайтыс болғанға дейін жалғаса береді.

Шайтан қайырлы, жақсы бір іске бөгет болу үшін жақсылығы азырақ болған істі жасату мақсатымен уәсуәса береді. Үлкен күнәға жетелеу үшін кіші жақсылықтарды жасатуға тырысады. Дінін білетін адамды шайтан ешқашан алдай алмайды. Әр адам Аллаһтың пендесі бола тұра, дінін меңгерген, Аллаһу та’аланың әмірлері мен тыйымдарына мән беретін адамдар үшін Құран кәрімде, шайтанға қарата «Менің құлдарыма сенің билігін жүрмейді» делінген. (Исра 65)

Шайтанның уәсуәсасына алданбау үшін Аллаһу та’аланың «Менің құлым» деген адамдарынан болу керек, яғни дұрыс сенімге және ілімге ие болу керек және іліммен амал ету керек! Мысалы, шайтан уәсуәса берген кезде оны дереу ұзақтату керек! Хадис шәрифте «Шайтан уәсуәса береді. Аллаһтың есімі зікір етілген, айтылған кезде қашады. Айтылмаса, уәсуәсаларын жалғастырады» делінген. (Әбу Яла)

Сүннетке сай дәрет алуды білмейтін адам жақсылап дәрет аламын деп көп су қолданады. Ал бұл уәсуәса. Уәсуәса еткен адам дінге толық мойынсұну ниетімен жаңа бір нәрселер шығарады, бұл болса бидғат болады. Ал бидғат харам болып табылады. Өзгелердің ішіп-жегендерінің, киген киімдерінің тазалығына күмәнданады. Бұл нәрсе де су-и занға (негізсіз жаман күмәнге берілуге) себеп болады. Мұсылманға су-и зан ету харам болып табылады. «Мен барлық азықтарды жей бермеймін, ықтиятты боламын» деп, тәкәппарлыққа түседі. Алайда, бір түйірдей тәкәппарлығы бар болған адамның жәннатқа кіруі қиын.

Фатир сүресі, 6-шы аяти каримасының мағынасында «Әлбетте шайтан сендерге дұшпан. Оған дұшпан болыңдар!» делінген. Уәсуәса еткен адам шайтанды өзіне дос және бауыр қылған болады. Сүннеттерді, мәкрухтарды және басқа да әмірлер мен тыйымдарды білмейтін адам уәсуәса ауруына шалдығады. Бұларды біліп, орындаған адамның күмәнге түспеуі керек! Уәсуәса еткен адамның дінімізздің рұқсаттарымен амал етуі керек! Үстінде нәжіс көрінбеген барлық нәрселер таза деп қабыл етіледі. Күмәнданумен нәжіс болып қалмайды. Азық-түліктерде нәжіс заттар бар деген оймен азық-түлік алмау да уәсуәса болып табылады, шектен шығу, асырып жіберу болады. Хадис шәрифте «Асырып жібергендер құрыды»делінген. (Мүслим)

Ифрат пен тәфриттен, яғни асыра сілтеушіліктен ұзақ болу және орта жолды ұстану керек. Дәйләмидегі хадис шәрифте «Амалдардың қайырлысы – уасат (орта жолда) болғаны» делінген. (Хадиқа)

]]>
Tue, 19 Apr 2016 01:28:00 -0500 http://ahlisunnet.kz/upload/20160419/14610473255715d01d4063c.jpg
Сөз тартысудың зияндары http://ahlisunnet.kz/article/542-Soz_tartysudyn_ziandary http://ahlisunnet.kz/article/542-Soz_tartysudyn_ziandary Сұрақ: Сөз тартысудың зияндары қандай?

Жауап: Шындықты анықтау ниетімен болса да, басқаларды сөзбен жеңу үшін сөз тыртысулар өте зиянды. Егер бір адамда сөз тартысуда сөзбен жеңуді жақсы көру, шындықты қарсы тараптағы адамнан естуден жағымдырақ болса, жамандықтың бәрі ішіне кіріп алған деген сөз. Сөз тартысуда жеңіп шығу қалауы басқа жамандықтарға себеп береді.

Сөз тартысудың он зияны бар:

1) Хаседке (көре алмаушылыққа) жол ашады:

Ал хасед, жақсылықтарды оттың отынды жаққаны сияқты жағады. Сөз тартысуда сөзбен жеңу де, жеңілу де зиянды. Жеңілген адамға «Пәленшенің ой-өрісі сенен жақсырақ екен» деген кезде, сөзбен жеңген адамға хасед ете бастайды. Сөз тартысуда жеңген адам өзін үстем санай бастайды. Хадис шәрифте: «Аллаһу та’ала тәкәппарланған адамды төмендетеді, қарапайым болғанды көтереді» делінген. (Табарани)

]]>
Сұрақ: Сөз тартысудың зияндары қандай?

Жауап: Шындықты анықтау ниетімен болса да, басқаларды сөзбен жеңу үшін сөз тыртысулар өте зиянды. Егер бір адамда сөз тартысуда сөзбен жеңуді жақсы көру, шындықты қарсы тараптағы адамнан естуден жағымдырақ болса, жамандықтың бәрі ішіне кіріп алған деген сөз. Сөз тартысуда жеңіп шығу қалауы басқа жамандықтарға себеп береді.

Сөз тартысудың он зияны бар:

1) Хаседке (көре алмаушылыққа) жол ашады:

Ал хасед, жақсылықтарды оттың отынды жаққаны сияқты жағады. Сөз тартысуда сөзбен жеңу де, жеңілу де зиянды. Жеңілген адамға «Пәленшенің ой-өрісі сенен жақсырақ екен» деген кезде, сөзбен жеңген адамға хасед ете бастайды. Сөз тартысуда жеңген адам өзін үстем санай бастайды. Хадис шәрифте: «Аллаһу та’ала тәкәппарланған адамды төмендетеді, қарапайым болғанды көтереді» делінген. (Табарани) 

2) Шындықты мәнсіз қылып көрсетеді:

Сөз таласқан адам өзін үстем санау ауруынан құтыла алмайды. Әрдайым сөз таласуда ұтып шығуды қалайды. «Неге осы сен ғана сөйлей бересің?» деп сұрағандарға «Біз осы әрекетімізбен білімнің құндылығын қорғап жүрміз» дейді. Қарсы тараптағы адамының айтқандарына мән бермейді, оның дәлелдерін мәнсіз санайды. Хадис шәрифте:«Шындықты, хақты мәнсіз санау тәкәппарлықтан туындайды.»делінген. (И.Ғазали) 

3) Кек сақтауға жол ашады:

Пікірінің қабыл етілмегенін байқаған сөз таласушы қарсы тараптағы адамға кек сақтайды, кейде өмір бойы оны кешірмейді. Кек сақтау – пәлекет. Хадис шәрифте «Мүмин кек сақтаушы болмайды» делінген. (И.Ғазали) 

4) Ғайбатқа себеп болады:

Сөз таласушы қарсы тараптағы адамның сөздерін айтып, «Ол осылай айтты, мен былай жауап бердім» деп, өзін ғайбаттан құтқара алмай қалады. Алайда, ғайбат жасау – өлексенің етін жеу секілді.

5) Мақтануға себеп болады:

Сөз таласушы жеңіп шығатын болса, өзін мақтанудан құтқара алмайды. «Мына дәлелдерді айтып үнін өшірдім» деу арқылы өз-өзін мақтайды. Алайда «Жаман болған дұрыстық – адамның өз-өзін мақтауы.» Бір аяти кариманың мағынасы:

«Аллаһу та’ала өз-өзін ұнатып мақтанатын ешбір адамды жақсы көрмейді.» (Лоқман 18)

Досын жеңіп шығумен мақтанатын топта бауырмашылдық құрылуы мүмкін бе? Мақтану өзгені төмен, бейшара көруден туындайды. Алайда, хадис шәрифте былай делінген:

«Дін бауырын төмен санау жамандық ретінде жеткілікті болады.»(Мүслим) 

6) Кемшілік іздеуші болады:

Сөз таласушы қарсы тараптағы адамды жеңу үшін оның жасырын кемшіліктерін іздеуден өзін тоқтата алмайды. Алайда, өзгелердің кемшілігін іздеу күнә болып табылады. Сөз таласушы қарсы тараптағы адамның денесіндегі кемшіліктерді ишарамен болса да айтады. Мәселен, қарсы тараптағы адам көзілдірік киетін болса, «Бұл ақиқаттар көзілдірік арқылы байқалмайды» деу арқылы қарсы тараптағы адамның көзіндегі, денесіндегі кемшіліктерін білім нұқсандығы үшін үзір ретінде санайды. 

7) Келген зиянға қуандырады:

Сөз таласушы қарсы тараптағы адамның жаман жағдайға түсуіне қуанады. Алайда, хадис шәрифте былай делінген:

«Өзі үшін жақсы көретін нәрсені дін бауыры үшін жақсы көрмеген адам кәміл мүмин бола алмайды.» (Бұхари)

8) Рияға жол ашады:

Сөз таласушы сырттай қарсы тараптағы адамға сүйіспеншілік танытып жатқан болса да, мұның жалған екенін біледі. Ал бұл нәрсе екі жүзділіктің белгісі. Сөз таласушы халықтың көзіне түсуге тырысады. Бұл болса рия болып табылады. Хадис шәрифте: «Рия – кіші ширк» делінген. (Табарани)

9) Ақиқатты жоққа шығаруға жол ашады:

Ақиқаттың қарсы тараптағы адамның тілінен естуді жақтырмайды. Ал бұл нәрсе пәлекет болып табылады. Хадис шәрифте: «Аллаһу та’аланың ең жақтырмайтын адамы – ақиқатты қабыл етуге қарсы болған адам»делінген. (Бұхари) 

10) Қырсығуға себеп болады:

Ал қырсығу жек көрушілікке, дұшпандыққа жол ашады. Хадис шәрифте былай делінген:

«Дін бауырыңа қарсы шықпа, бос сөйлеме, (ренжітетін)қалжыңдар айтпа және берген сөзіңнен қайтпа!» (Тирмизи)

Сөз тартысу зиянды

Бәрі нәрсеге сөз қайтаруды әдетке айналдыру, «Жоқ, олай емес» деу өте жаман нәрсе. Мәселен, біреу «Далада 25 градус ыстық» десе, оған «Жоқ, 30 градустан төмен емес» деу, оның сөзіне қарсы келу болып табылады. Өйткені бұлай айту «Сен білмейсің, бұл нәрсені сен түсінбейсің, сен ақымақсың, мен ақылды және білімдімін» деген сөз. Ал бұл нәрсе өзін жоғары санап, өзгелерге тиісу деген сөз. Қажетсіз қарсы алдымыздағы адамның кемшіліктерін тауып, оған көрсету күнә болады. Себебі, оның айыбын айтумен оны ренжіткен және көңілін қалдырған боламыз. Зәруліксіз ренжіту харам болып табылады. Мұндай жағдайларда өзгенің қатесін айту қажет емес. Ал үндемей қою иманның кемелдігін көрсетеді. Малик бин Әнас хазреттері «Сөз тартысудың дінде орны жоқ. Сөз тартысу жүректі қатайтады, кек және жек көрушілік тудырады» деген. «Ең жақсы көретін садық досыңды сөз тартысып бір рет қана ашуландыр, бұдан кейін басыңа келетін пәлекетті көр» делінген.

Бір адамның мүлдем күнәсі болмаса, адамдарды дұрыс жолға шақырамын деп сөз тартысуға кіріссе, бұл әрекеті оған күнә ретінде жетеді. Қарсы келуді, сөз тартысуды әдетке айналдырған адам жаман мінезді болады.

Имам Ғазали хазреттері «Тек атын шығаруды көздеген адам сөз тартысуды жақсы көреді. Ал аты шығып танымал болу – апат» деген.

Сөз тартысу – достың достығын азайтады, ал дұшпанның дұшпандығын арттырады. Салих мүмин тәкәппар болмайды, салмақты болады, дүниелік істерде оңайлық көрсетеді. Дін істерінде дұрыс болады. Мүлдем сөз таласпайды!

Әнасбин Малик хазреттері білдірген: Біз бір күні діни мәселеде сөз тартысып жатқанымызда Расулуллаһ алейһиссалам жанымызға келді. Бізге ашуланғаны соншалық, мұндай жағдайда оны мүлдем көрмеген едік. Былай деді:

«Сөз тартысуды доғарыңдар! Сендерден бұрын келгендер тек осының кесірінен ғана құрып кеткен еді. Сөз тартысудың пайдасы жоқ, сөз таласу зиянды. Мүмин сөз тартыспайды. Сөз тартысқан адамға шапағат етпеймін.» (Табарани)

Айтқаны дұрыс бола тұра сөз тартысуды тоқтату, айтқаны қате бола тұра сөз тартысуды тоқтатудан қиынырақ. Осы тұрғыдан, айтқаны дұрыс бола тұра сөз тартысуды тоқтатудың сауабы да көбірек болады.

Достар арасындағы кек сақтау отын алаулататын нәрсе – сөз тартысу. Сөз тартысу – қарсы тараптағы адамды надан орнына қою, «сен білмейсің, мен білемін» деп айту деген сөз. Надандықпен айыпталған әр адам аз болса да, қатты болса да, әйтеуір ашуланады. Хадис шәрифте: «Аллаһу та’аланың ең жек көретін құлы – сөз тартысуда алға шыққаны»делінген.

Сөз тартысу – өзінің ақылда, қасиетте және білімде үстемірек екенін дәлелдеуге тырысу деген сөз. Ал бұл нәрсе қарсы тараптағы адамды надандық және ақымақтықпен айыптау деген сөз. Бұл дегеніміз дұшпандықтың дәл өзі. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Сөз тартыспайтын, ешкімді ренжітпейтін адам жәннатқа кіреді.»(Тирмизи)

«Сөйлесіп жатқанда қарсы келмейтін немесе айтқаны дұрыс болса да сөз тартыспайтын адамға жәннатта зәулім сарай беріледі.»(Табарани)

«Айтқаны дұрыс болса да сөз тартысуды доғармаған адам шынайы иманға қауыша алмайды.» (Ибн Әбиддүнийа)

«Фитна шығуынан сенімді болмаған ұрыстарды тәрк етіңдер.»(Табарани)

]]>
Tue, 19 Apr 2016 01:17:00 -0500 http://ahlisunnet.kz/upload/20160419/14610466405715cd70cc9d3.jpg
Досты бағалау http://ahlisunnet.kz/article/541-Dosty_bagalau http://ahlisunnet.kz/article/541-Dosty_bagalau Жақсы көретін және бағалайтын досыңызға оны жақсы көретіндігіңізді әрекетпен, қарым-қатынаспен ғана білдіру жеткіліксіз. Сөзбен де айту керек! Хадис шәрифте былай делінген:

«Досын жақсы көретін адам оның үйіне барып "Сені Аллаһ разылығы үшін жақсы көремін" деп айтсын!» (И.Ахмед)

Осындай дос тапқаннан кейін оны ренжітетін қарым-қатынаста болмау керек. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Достарыңмен сөз тартыспа! Оған қиыншылық келтірме! Оның хал-жағдайын әркімнен сұрама! Бәлкім, оған дұшпан болған біреуге кезігесің, ол досың жайында қате бір нәрсе айтып, араларыңның ашылуына себеп болуы мүмкін.» (Әбу Нуайм)

]]>
Жақсы көретін және бағалайтын досыңызға оны жақсы көретіндігіңізді әрекетпен, қарым-қатынаспен ғана білдіру жеткіліксіз. Сөзбен де айту керек! Хадис шәрифте былай делінген:

«Досын жақсы көретін адам оның үйіне барып "Сені Аллаһ разылығы үшін жақсы көремін" деп айтсын!» (И.Ахмед)

Осындай дос тапқаннан кейін оны ренжітетін қарым-қатынаста болмау керек. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Достарыңмен сөз тартыспа! Оған қиыншылық келтірме! Оның хал-жағдайын әркімнен сұрама! Бәлкім, оған дұшпан болған біреуге кезігесің, ол досың жайында қате бір нәрсе айтып, араларыңның ашылуына себеп болуы мүмкін.» (Әбу Нуайм)

Бір адамның жақсы немесе жаман екені істеген амалдарынан мәлім болады. Бір адам жамандықтардан қашып, жақсы амалдар істеп жүрген болса, ол кісінің жәннатқа кіру ықтималы көп деген сөз. Сондықтан жақсы адамдармен бірге болуға тырысу керек. Хадис шәрифте былай делінген:

«Аллаһу та’ала бір пендесіне қайыр бергісі келсе, дінін қорғап жүрген адамдардың жанында жұмыс істеуді нәсіп етеді. Жамандық қалаған құлына да дінін қорғамайтын жаман адамдардың жанында жұмыс істетеді.» (Дәйләми)

Дінге қызмет ету үшін үш шарт керек: Ілімақыл және ықылас.

1) Ілімі нұқсан болған адам, дінге шақыруды өзі білмейтін және шақырып көрмеген болса, басқаларға дұрыстықты қалай үйретеді? Тәжірибесі де жоқ болса көптеген қателіктер жасайды.

2) Бір адамның ақылы аз болса, нақылды айтып бере алмаса, ілімі де нұқсан болады. Ақымақ дінге қызмет етіп жатырмын деп қате істер жасайды. Илми сиясатты (саясат ілімін) білмейтін, жұмсақ сөйлемейтін, адамдарды басқару икемінен ұзақ болған адам да фитнаға себеп болады.

3) Ықылас жоқ болса, жасаған істерін тек Аллаһ разылығы үшін істемей, дүниелік пайда үшін істеп жатқан болса, ол істің қайыры болмайды. Жақсы-жаман бәріне күлімдеген жүзбен қарау керек, фитна шығармау керек, дұшпан арттырмау керек.

Хафыз Ширазидің «Достарға дұрыс сөйлеу керек, дұшпандарды күлімдеген жүз және жылы сөзбен басқару керек» сөзіне құлақ беру керек! Кешірім сұрағандарды кешіру керек!

Бәрінің алдында жақсы мәмілелі болып, ешкімнің сөзіне қарсы шықпау және сөз тартыспау керек!

Адамдармен жылы қарым-қатынастар жасап, дөрекі сөйлемеу керек!Шәйх Абдуллаһ Байал хазреттері былай деген:

«Тасаууф – намаз, ораза және түндерде ғибадат ету деген сөз емес. Бұларды орындау әр адамның құлдық міндеті. Тасаууф – адамдарды ренжітпеу деген сөз. Мұны орындаған адам мақсатына жеткен болады.»

Әулиелерді басқа адамдардан қалай ажыратуға болатынынМұхаммед бин Сәлим хазреттерінен сұрайды. Былай жауап береді:

«Сөздерінің жұмсақ болуы, мінезінің жақсы болуы, күлімдеген жүзді болуы, сыйларының мол болуы, сөйлескенде қарсы шықпауы, кешірім сұрағандарды кешіруі және бәріне мейірімді болуы арқылы аңғаруға болады.»

Әбу Абдуллаһ Ахмед Маккари хазреттері былай деген:

«Футууәт дегеніміз – ашуланған адамыңа жақсылық жасау, ұнатпаған адамыңа сыйлық беру және қысылған адамыңа күлімдеген жүзді болу деген сөз.»

]]>
Tue, 19 Apr 2016 01:10:00 -0500 http://ahlisunnet.kz/upload/20160419/14610462485715cbe8dfc54.jpg
Күнә күнәні тартады http://ahlisunnet.kz/article/540-Kuna_kunani_tartady http://ahlisunnet.kz/article/540-Kuna_kunani_tartady Сұрақ: Анама «Шаштарымды ашып жүруім негізінде күнә болады. Ал мен бұл күнәні істеп жүрмін, ендеше қолдарым мен аяқтарымды да ашып жүрсем не болады?» деймін. Ал анам бұған қарсы. Тіпті «Намазыңды оқы» дейді. Ал мен «Мүлдем күнә істемесем оқитын едім» деймін. Бір күнә істесем де, үш күнә істесем де, арасында қандай айырмашылық бар» деймін. Менікі дұрыс емес пе?

Жауап: Күнә істеген адамға сенікі дұрыс делінбейді. Өкінішке орай бұл заманда ғибадаттарда «істесең толық істе, немесе мүлдем істеме» деген көзқарас бар. «Не толық, не мүлдем ештеңе» деген нәрсе тек иманда болады, күнәлар мен ғибадаттарда болмайды. Иманның азы-көбі болмайды. Иман не бар, не жоқ болады. Кейбір ғибадаттарды орындай алмаған немесе кейбір күнәлардан сақтана алмаған адамға «Сен күнәхарсың, енді саған ғибадат етуіңе қажеттілік жоқ» деуге болмайды. Күнә кіші болса да, одан сақтануға тырысу керек. Бір күнәға әдеттенген адам басқаларын да істегісі келеді. Бір күнә басқа күнәларды шақырады. Күнә істеу – қарсы шығу деген сөз. Ақылды адам өз Раббысына қарсы шығу мөлшерін арттырады ма? Керісінше азайтуға тырысады.

]]>
Сұрақ: Анама «Шаштарымды ашып жүруім негізінде күнә болады. Ал мен бұл күнәні істеп жүрмін, ендеше қолдарым мен аяқтарымды да ашып жүрсем не болады?» деймін. Ал анам бұған қарсы. Тіпті «Намазыңды оқы» дейді. Ал мен «Мүлдем күнә істемесем оқитын едім» деймін. Бір күнә істесем де, үш күнә істесем де, арасында қандай айырмашылық бар» деймін. Менікі дұрыс емес пе?

Жауап: Күнә істеген адамға сенікі дұрыс делінбейді. Өкінішке орай бұл заманда ғибадаттарда «істесең толық істе, немесе мүлдем істеме» деген көзқарас бар. «Не толық, не мүлдем ештеңе» деген нәрсе тек иманда болады, күнәлар мен ғибадаттарда болмайды. Иманның азы-көбі болмайды. Иман не бар, не жоқ болады. Кейбір ғибадаттарды орындай алмаған немесе кейбір күнәлардан сақтана алмаған адамға «Сен күнәхарсың, енді саған ғибадат етуіңе қажеттілік жоқ» деуге болмайды. Күнә кіші болса да, одан сақтануға тырысу керек. Бір күнәға әдеттенген адам басқаларын да істегісі келеді. Бір күнә басқа күнәларды шақырады. Күнә істеу – қарсы шығу деген сөз. Ақылды адам өз Раббысына қарсы шығу мөлшерін арттырады ма? Керісінше азайтуға тырысады.

Имам Раббани хазреттері былай деген:

"Бүкіл күнәларға тәубе етіп барлығынан сақтану үлкен ниғмет. Бұл нәрсе орындалмаса, еш болмағанда кейбір күнәларға тәубе ету де ниғмет болып табылады. Бұлардың берекетімен бәлкім бүкіл күнәларға тәубе ету нәсіп болады. «Бір нәрсені толығымен орындай алмаған адамның ең болмағанда барлығынан да айрылып қалмауы керек» деген қағида бар."(2/66)

Бірнеше күнәға батқан адам бірінен бас тартқысы келген кезде, оған «Басқаларын да тоқтата алмайтын болсаң, бұл күнәңды жалғастыра бер» деп айтуға болмайды. Күнәнің мөлшері қаншалықты азайса, соншалықты жақсы болады. Өйткені Аллаһтан қорқып бір күнәдан бас тарту – имандылықтың белгісі. Хадис шәрифте «Өмірінде бір рет Аллаһты еске алған немесе Одан қорыққан мұсылман тозақтан шығады» делінген.(Тирмизи)

Бір күнәхар адам ғибадаттың бірін орындап жатқан болса, «Ең болмағанда осыны қалдырма» деу керек! Осы бір ғибадатты да орындамаса, діннен толығымен ұзақтауы мүмкін. Қорқытуға қарағанда көбірек сүйіншілеуші болу керек. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Аллаһтың мейірімінен үмітті үздіріп, діннен бет бұрғызатын адамға лағнет болсын!» (Нәсаи)

«Оңайлатыңдар, қиындатпаңдар, сүйіншілеңдер, қуантыңдар, діннен алыстатпаңдар!» (Бұхари)

Бір жас жігіт Расулуллаһ алейһиссаламға «Мына үш күнәдан арыла алмай жүрмін» деді. Бұл үш күнә – өтірік, зина және ішкілік еді. Сүйікті пайғамбарымыз «Бұл үш күнәның біреуін мен үшін таста» деді. Ол жас жігіт үш күнәның бірі болған өтірік айтудан арылуды таңдап, кетті. Одан кейін қалған екі күнәні істемекші болғанында «Бұл күнәларды істеп Расулуллаһтың алдына барғанымда "Мен істемедім" десем, өтірік айтқан боламын. Егер істегенімді айтсам, жазаға ұшыраймын» деп ойлады. Сөйтіп қалған екі күнәдан да бастартып, бұлардан арылады. (Шира)

Адамдардан ұялып күнәні жасыру да ар-намыстан. Ал ар-намыс, ұят иманнан. Күнә жасырылмаса, пасықтар (күнәхарлар) мұны көріп күнә істеуге батылдығы артады. «Пәленше күнә істеп жүр ғой. Мен де істесем не болады екен?» деуі мүмкін. «Пәленшелер ананы, мынаны істеп жүр, оларға күнә емес те, бізге күнә болады ма?» деуі мүмкін. Бұған себеп болмау керек.

Кейбір адасқандар «Күнә істеген адам, мысалы намаз оқымайтын адам кәпір болады» деп қанша айтса да, күнә істеген адам мұсылмандықтан шықпайды. Хадис шәрифте былай делінген:

«Жәбірейіл алейһиссалам "Үмбетіңе сүйінші бер, мүшрик болып өлмеген адам жәннатқа кіреді" деді. Мен "Зина мен ұрлық істеген адам да жәннатқа кіреді ме?" деп үш рет сұрадым. "Иә, зина мен ұрлық істеген адам да жәннатқа кіреді" деп жауап берді. Содан соң "Ішкілік ішсе де соңында жәннатқа кіреді" деді.» (Бұхари)

Бұл Әһли сүннет сенімі. Күнәларды жеңіл деп санау емес. Бұл сенім адамды күнәға ынталандырмау керек! Барлық күнәлар жүректі қарайтады және адамды күпірге жетелеп, тозақта мәңгілікке қалуға себеп бола алады. Барлық күнәлардан сақтану керек, себебі Аллаһтың ашуы күнәлардың ішінде жасырылған. Бәлам Баура көп ғибадат еткен үлкен ғалым болса да, бір күнәның кесірінен кәпір болды. Күнә істеген адам дереу тәубе ету керек!(К.Сәадәт)

]]>
Tue, 19 Apr 2016 01:05:00 -0500 http://ahlisunnet.kz/upload/20160419/14610459335715caadafe4c.jpg
Мақтау және мақтану http://ahlisunnet.kz/article/539-Maqtau_jane_maqtanu http://ahlisunnet.kz/article/539-Maqtau_jane_maqtanu Сұрақ: Шындықты айтып біреуді бетпе-бет мақтау дұрыс па?

Жауап: Шындықты айтып болса да біреуді бетпе-бет мақтау оның пәлекетке ұшырауына себеп болуы мүмкін. Өйткені жақсы көретін адамды мақтаған кезде тым асырып жіберіп, өтірік араласып кетуі мүмкін. Ал жақтырмайтын адамды мақтау рия болуы мүмкін.

Кейде бір адамды мақтаған кезде мақталған адам қуанады, өз-өзін ұнатады, адамдар менен үлгі алсын деп көрсетіндіге түсуі мүмкін. Өзін басқа адамдардан үстем санауы мүмкін. Алайда өзін әлсіз, кемшілікті, күнәхар санайтын адам салих амал жасайды және харамдардан одан да қаттырақ сақтануға тырысады. Ал өзін басқалардан үстем санаған адам бүкіл құндылықтардан мақрұм қалады. Мақталған адам өзін бір жетістіктерге қол жеткіздім деп ойлайды. Бір адам Расулуллаһ алейһиссаламның жанында бір кісіні мақтайды. Сонда Пайғамбарымыз оған «Оның мойнын үздің, естісе құтыла алмайды» деді. (Бұхари, Мүслим)

]]>
Сұрақ: Шындықты айтып біреуді бетпе-бет мақтау дұрыс па?

Жауап: Шындықты айтып болса да біреуді бетпе-бет мақтау оның пәлекетке ұшырауына себеп болуы мүмкін. Өйткені жақсы көретін адамды мақтаған кезде тым асырып жіберіп, өтірік араласып кетуі мүмкін. Ал жақтырмайтын адамды мақтау рия болуы мүмкін.

Кейде бір адамды мақтаған кезде мақталған адам қуанады, өз-өзін ұнатады, адамдар менен үлгі алсын деп көрсетіндіге түсуі мүмкін. Өзін басқа адамдардан үстем санауы мүмкін. Алайда өзін әлсіз, кемшілікті, күнәхар санайтын адам салих амал жасайды және харамдардан одан да қаттырақ сақтануға тырысады. Ал өзін басқалардан үстем санаған адам бүкіл құндылықтардан мақрұм қалады. Мақталған адам өзін бір жетістіктерге қол жеткіздім деп ойлайды. Бір адам Расулуллаһ алейһиссаламның жанында бір кісіні мақтайды. Сонда Пайғамбарымыз оған «Оның мойнын үздің, естісе құтыла алмайды» деді. (Бұхари, Мүслим)

Біреуді мақтау оның тәкәппарлануына себеп болуы мүмкін. Ал тәкәппарлық пен ужб (өз амалдарын ұнату) адамды құртады. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Дін бауырынан бір қажеттілікті сұрайтын кезде сөзді оны мақтаумен бастамаңдар. Бұлай істеген адам оның белін сындырған болады.» (Ибн Лал)

«Бір-бірлеріңді мақтаудан сақтаныңдар. Себебі мақтау – оны бауыздау деген сөз.» (Ибн Мажа)

«Адамды бетпе-бет тұрып мақтау – оны бауыздау деген сөз.»(И.Әбиддүнийа)

Бізді мақтаған адам бізге жақсылық жасаған болмайды. Біздің арқамызға пышақ қадаған болады. Осы себептен, мақтаған адамдардың сөздеріне мән бермеу керек. Екі хадис шәрифтің мағынасы:

«Мақтаушылардың бетіне топырақ шашыңдар!» (Мүслим, Тирмизи)

«Мақтаушылардың аузына топырақ тастаңдар.» (Ибн Хиббан)

(Топырақ шашу – оны төмен санау, сөздеріне мән бермеу деген сөз.)

Жақсы адамдарды мақтаудың өзі осыншама зиянға себеп болатын болса, онда пасықтарды, яғни ашықтан-ашық күнә істейтіндерді мақтау мүлдем дұрыс болмайды. Бір хадис шәрифтің мағынасы:

«Пасық адам мақталған кезде Аллаһу та’ала ашуланады.» (Ибн Әбиддүнийа, Бәйһақи)

Бізді мақтағандарға әсерлену де дұрыс емес. Адамдардың мақтауын да, жамандауын да бірдей қабылдайтындар – жақсы адамдар. Біреуді сын астына алған кезде ренжімесе, шындықтан таймаса, мақтаған кезде де қуанбаса, ол адам салих кісі деген сөз. Хазреті Омар оны мақтаған біреуге «Мені де, өзіңді де құртпақшысың ба?» деді. Бір ғалым да алдына келіп мақтай бастаған адамға: «Мені не себеппен мақтап жатырсың? Ашулы кезімде сынап көріп, менің басылғанымды көрдің бе? Менімен бірге сапар шегіп, жақсы адам екенімді түсіндің бе? Маған бір аманат беріп, мен қиянат етпей оны жақсы сақтағаныма куә болдың ба? Танымаған адамыңды қалай мақтайсың?» – деді.

Мақталуды ұнату – пәлекет. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Мақталуды жақсы көру адамды соқыр және керең қылады. Кемшіліктерді көрмейтін болады. Дұрыс сөздерді, айтылған насихаттарды естімейтін болып қалады.» (Дәйләми)

«Дін істеріне адамдардың сендерді мақтау қалауының араласуынан сақ болыңдар. Әйтпесе кейінгі амалдарың босқа кетеді.»(Дәйләми)

«Жәннаттың мәңгі ниғметтеріне қауышқысы келген адам мақталуды ұнатпасын.» (Дәйләми)

Адам өмірінде ең маңызды сәт өлім сәті. Яғни иманмен жан тапсыру маңызды. Ана дүниеге имандылар қатарында кете алуына кепілдігі болмаған адамды тірі кезінде мақтаудың қандай мәні бар? Сондықтан мақтаусүйерлік, өз-өзімізді мақтау, мақтағандарға, қошеметтегендерге жауап беру, танымаған адамдарды мақтау дұрыс емес. Аллаһу та’ала бізге имандай үлкен ниғметті нәсіп еткен. Мұнымен мақтануымызға болады. Алайда соңғы демімізге дейін бұл иманды сақтап қала алуымыз белгілі емес. Сондықтан әрдайым иманымыздан ажырап қалудан қорқып өмір сүру, харамдардан сақтану, дініміздің бүкіл әмірлерін орындау және Аллаһтың мейірімінен үміт үзбеу керек. 

Ілімнің пайдасын көру үшін

Сұрақ: Пайдасын көру үшін ілімді қандай мақсатпен үйренуіміз керек?

Жауап: Ілімді тек Аллаһ разылығына қол жеткізу үшін үйрену керек. Басқа мақсаттармен үйрену жаиз емес. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Кімде-кім ғалымдардың алдында (біде оқығанбыз дегендей)мақтану, надандармен, жаһилдермен, ақылы қысқалармен сөз тартысып, олардың үнін өшіру мақсатында және адамдардың сүйіспеншілігіне қол жеткізуді көздеп ілім үйренетін болса, Аллаһу та’ала оны тозаққа тастайды.» (Тирмизи, Ибн Мажа)

«Ғалымдарға мақтану, надандармен сөз тартысу мақсатымен ілім үйренбеңдер! Жиындарда ілімдеріңмен үстемдік танытпаңдар! Бұлай істеген адамның баратын жері тозақ, тозақ.» (Ибн Мажа)

Ілімді жоғарыда аталған мақсаттармен үйрену жаиз болмағанындай, Аллаһ разылығы үшін үйреніп, жоғарыдағы мақсаттарда қолдану да жаиз емес. Ілімімен мақтану да Аллаһ разылығына қайшы. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Бір қауым шығады, Құран оқып "Біздей жақсы білетін кім бар? Фиқһ ілімінде бізден озатын кәне кім бар?" дейді. Міне бұлар нағыз тозақтың отыны.»(Табарани)

«Ант етемін, бір заман келеді, адамдар Құранды үйренеді және оқиды. Содан соң "Біз оқыдық, үйрендік. Ендеше бізден де қайырлы кім болуы мүмкін?" дейді. Міне солар тозақтың отыны.» (Табарани)

Бұл хадис шәрифтер ілімімен мақтанудың жаиз еместігін көрсетуде. Ілімімен мақтанған адамдармен сөз тартысу мүлдем дұрыс емес.

Апаттардың ең үлкені

Ілімімен тәкәппарлану – апаттардың ең үлкені. Аурулардың ең ауыры және емделуі ең қиын болғаны – ілімімен тәкәппарлану. Хадис шәрифте былай делінген:

«Ғалымның апаты – өзін жоғары, үстем санауы.» (И.Ғазали)

Біраз нәрседен хабары бар адам өзін жоғары, ал бұларды білмейтіндерді төмен, бейшара санайды. Олардан әрдайым құрмет, қызмет күтеді. Басқаларды төмен санағандықтан, олардың жағдайын уайымдап жатады. Мұндай адамдар ілімі артқан сайын қауіпке түсе береді. Бірақ тауазу (қарапайымдылық) иелерінің ілімі артса, қарапайымдылығы да артады. «Аллаһтан тек ғалымдар ғана қорқады» аяти каримасы тауазу (кішіпейілділік) иесі болған ғалымдарды білдіруде.

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Қияметте ең қатты азап, ілімі өзіне пайдасын тигізбеген дін адамында болады.» (Бәйһақи)

«Тозақта азап шегетіндердің кейбірлерінен жайылған жаман иістер басқаларға оттан да қатты азап береді. "Сен осындай сасық иіс шығаратындай қандай күнә істеген едің?" деп сұралғанда, "Мен дін адамы едім. Білгендерімді өзім істемейтін еді" дейді.» (И.Ахмед)

Өзінен төмен дәрежедегі адамдардың, пасықтардың және күнәға батқан адамдардың алдында да тәкәппар болмау керек. Бір ғалым, наданды көрген кезде «Бұл адам білмегені үшін күнә істеп жатыр. Ал мен біле тұра күнә істеп жүрмін» деу керек. Бір ғалымды көрген кезде «Бұл адам менен көбірек біледі, әрі ілімімен және ықыласпен амал етуде. Ал мен ондай емеспін» деу керек. Өзінен жасы үлкен кісіні көрген кезде «Бұл адам маған қарағанда көбірек ғибадат еткен» деу керек. Жастарды көргенде «Бұлардың күнәсі аз, ал менің күнәларым көп» деу керек. Құрдастарды көргенде «Мен өз күнәларымды білемін, оның не істегенін білмеймін» деу керек. Бидғатшыны немесе мұсылман болмаған адамды көргенде «Адамның жағдайы соңғы демінде белгілі болады. Бұл адам бәлкім хидаятқа (дұрыс жолға) қауышады. Ал енді менің жағдайым не болмақ?» деу керек, бұлардың алдында тәкәппарланбау керек.

Адамның өз күнәларын ұмытпауы және соңғы демінің қандай болатынын ойлануы керек. Ахиретте кімнің кімнен үстем болатыны дүниеде нақты белгілі болмайды. Қаншама дін адамы кәпір болып жан тапсырған. Қаншама кәпірлерге де иманмен жан тапсыру нәсіп болған. Сондықтан ешкімге тозақтық, ал өзін жәннаттық демеу керек.

Пасық және бидғатшыларды жек көргенде де тәкәппарлықтан сақтану керек. Бұл нәрсе ашулануды өзі үшін емес, мұны әмір еткен Аллаһу та’ала үшін орындаумен және ашуланғанда өзін сау-саламатта, ал оны құрыған деп санамау арқылы жүзеге асады. Мысалы, бір адам баласын қызметшісімен бірге бір жерге жібергенде, егер баласы тыңдамай бұзақылық істейтін болса, оған ұрсуды, тіпті ұруды әмір етеді. Қызметші де бала бұзақылық жасағанда оны ұрады. Бірақ ұрғанда әкесінің алдында өзінің баладан жоғары емес екенін де біледі. Оған тәкәппарлана алмайды. Мүминнің кәпірді жақсы көрмеуі осыған ұқсайды. Аллаһу та’ала мүминдердің өздерінің емес, имандарының үстем екендігін білдірді. Иман кімде бар болса, ол адам үстем болады. Ал мәңгі үстемдік соңғы демде белгілі болады.

Ниғметтермен мақтану

Сұрақ: Құдайдың берген ниғметтерін басқаларға айтып, мұнымен мақтану дұрыс па?

Жауап: Хадис шәрифте былай делінген:

«Аллаһу та’ала берген ниғметтерді көрсету – бұларға шүкір ету болып табылады.» (Бәйһақи)

Мақтану харам болады. Өзіндегі жақсылықтарды, ниғметтерді өзінен деп білсе, Аллаһу та’ала берген деп ойламаса, мақтану болады. Яғни «Тәзкийа-и нәфс» болады. Бұл ниғметтердің Аллаһу та’аладан келгенін біліп, өзін кемшілікті деп санаса, «Шүкір» болады.

Әкесімен мақтану

Сұрақ: Өздерінің жүріс-тұрыстары дұрыс болмаған адамдардың әкесімен және аталарымен мақтануы дұрыс па?

Жауап: Әкесімен, аталарымен мақтану және тәкәппарлану – надандық және ақымақтық. Қабыл – Адам алейһиссаламның баласы еді. Ал Йәм – Нұх алейһиссаламның баласы еді. Әкелерінің пайғамбар болуы оларды күпірден құтқармады. Адамның мақтанып жатқан аталары бір уыс топыраққа айналды. Олардың салих болуымен мақтанбау керек, олар сияқты салих болуға, олардың жолында болуға тырысу керек!

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Ата-бабаларыңмен мақтануды қойыңдар.» (Әбу Дауд)

«Бір адамның өзі жаман болса, ахиретте ұрпағының-тегінің жақсы, үстем болуы оған пайдасын тигізбейді.» (Табарани)

Бір күні екі кісі бір-біріне үстемдікке таласып «Мен пәленнің ұлы пәленмін. Ал сен кімсің?» деді. Мұны көрген пайғамбарымыз алейһиссалам былай деді:

«Хазреті Мұсаның жанында екі кісі бір-біріне мақтана бастады. Бірі ата-бабаларының тоғыз буынын атап берді. Аллаһу та’ала хазреті Мұсаға "Оған айт, мақтанып атаған тоғыз адамының бәрі тозақта. Ал ол өзі оныншысы болды" деп уахи еткен.» (И.Ахмед)

Ілтипат емес, шындық

Сұрақ: Бір кісі досын ұнатып, мақтаған кезде, мақталған досы кісіге«Ілтипатыңыз үшін рахмет» деді. Әлгі кісі болса «Мен комплимент айтпадым, шындықты айттым» деді. Сонда комплимент ретінде айтылған сөздер шындық емес пе?

Жауап: Комплимент немесе ілтипат – құрмет көрсету, біреудің хал-жағдайын сұрау, жылы және жақсы қарым-қатынаста болу, қуанту, көңілін алу деген мағыналарға келеді.

Көбіне діни білімдерден ұзақ болған адамдардың арасында комплимент «өтіріктен мақтап қою» мағынасында қолданылады. Қошемемттеудің шыны да болады, жалғаны да болады. Бірақ мұсылман біреуді ұнатып, ілтипат айтқысы келгенде шындықты айтады. Яғни мұсылманның ітипаты шынайы. Осы тұрғыдан «комплимент емес, шындық» тіркесі мәдениетімізге лайық емес. Сырттан келген.

]]>
Tue, 19 Apr 2016 00:59:00 -0500 http://ahlisunnet.kz/upload/20160419/14610455525715c93097fd9.jpg
Хабаршы келмеді ме? http://ahlisunnet.kz/article/538-Habarshy_keldi_me? http://ahlisunnet.kz/article/538-Habarshy_keldi_me? Сұрақ: Ұзақ өмір сүруді қалаудың діндегі орны қандай?

Жауап: Сүйікті пайғамбарымыз үш шыбық алды. Бірін алдына, бірін жанына қадады. Ал үшіншісін алысқа лақтырды. Содан соң «Бұл шыбық – адам, жанындағысы – ажалы, ал ұзақтағысы – жоспарымен амалы. Адам амалдарының артынан жүгіреді, бірақ ажалы оны ұстап алады, ойлаған амалына жете алмайды» деді.

Өлім қорқынышты нәрсе болса да, адамдардың өлімнен бейхабар сияқты өмір сүруі, өлімді аз ойлағандығынан туындайды. Тіпті дүниелік ләззаттарымен әуре болған жүрекпен өлімді ойлаудың әсері аз болады немесе мүлдем болмайды. Қорқынышты болған өлімнің оңай өтуі үшін өлімді ойдан мүлдем шығармау керек. Бұл үшін, өз достарының арасындағы өзінен бұрын өліп, бала-шағасын, мал-мүлкін, достарын қалдырып, топырақ астына жерленгендерді ойлау керек. Мансап иесі болғандардың абыройларының қалмағандығын, оларды топырақ қалай шірітетіндігін ойлау керек. Тірі кезінде не істейтін, қалай сөйлейтін еді. Әлі істейтін көп тірлігі бар еді. Өлімді ұмытып өмір сүріп жүрген еді. Біреулер байлығымен, біреулер атағымен, біреулер жастығымен мақтанып жүрген еді. Өлім бұларды күтпеген жерден, кенеттен ұстады. Ал қазір бәрі ұмытылып кетті, қиял болды.

]]>
Сұрақ: Ұзақ өмір сүруді қалаудың діндегі орны қандай?

Жауап: Сүйікті пайғамбарымыз үш шыбық алды. Бірін алдына, бірін жанына қадады. Ал үшіншісін алысқа лақтырды. Содан соң «Бұл шыбық – адам, жанындағысы – ажалы, ал ұзақтағысы – жоспарымен амалы. Адам амалдарының артынан жүгіреді, бірақ ажалы оны ұстап алады, ойлаған амалына жете алмайды» деді.

Өлім қорқынышты нәрсе болса да, адамдардың өлімнен бейхабар сияқты өмір сүруі, өлімді аз ойлағандығынан туындайды. Тіпті дүниелік ләззаттарымен әуре болған жүрекпен өлімді ойлаудың әсері аз болады немесе мүлдем болмайды. Қорқынышты болған өлімнің оңай өтуі үшін өлімді ойдан мүлдем шығармау керек. Бұл үшін, өз достарының арасындағы өзінен бұрын өліп, бала-шағасын, мал-мүлкін, достарын қалдырып, топырақ астына жерленгендерді ойлау керек. Мансап иесі болғандардың абыройларының қалмағандығын, оларды топырақ қалай шірітетіндігін ойлау керек. Тірі кезінде не істейтін, қалай сөйлейтін еді. Әлі істейтін көп тірлігі бар еді. Өлімді ұмытып өмір сүріп жүрген еді. Біреулер байлығымен, біреулер атағымен, біреулер жастығымен мақтанып жүрген еді. Өлім бұларды күтпеген жерден, кенеттен ұстады. Ал қазір бәрі ұмытылып кетті, қиял болды.

Міне осы нәрселерді ойлап, мазарларын зиярат етіп, өзінің де дәл сондай жағдайға тап болатынын білсе, жүрегі жұмсаруы мүмкін, дүниенің пайдасыз нәрселеріне жармасудан бас тартуы мүмкін.

Тек ләззаттану мақсатымен ұзақ өмір сүруді қалаудан сақтану керек. Сүйікті пайғамбарымыз былай деген:

«Жәннатты қалайтын адам ұзақ өмір сүруді қаламасын, дүниелік істермен айналысуы оған өлімді ұмыттырмасын, харам істеуге Аллаһтан ұялсын!» (Бәриқа)

«Аллаһтан ұялыңдар! Басқаларға тастап кететін нәрселерді жинаумен уақыттарыңды жоғалтпаңдар! Қол жетпейтін нәрселерге қол жеткізуге тырыспаңдар, қажеттіліктеріңнен артық ғимарат соғумен өмірлеріңді өткізбеңдер!» (Бәйһақи)

Әзірейіл алейһиссаламмен бауыр сияқты болған, жиі көрісіп тұратын Яқуб алейһиссалам былай дейді:

- Саған бір өтінішім бар. Ажалым жақындағанда маған хабар бер!

- Жарайды, саған бірнеше хабаршы жіберемін.

Біраз уақыт өткеннен соң хазреті Әзірейіл тағы келеді. Хазреті Яқуб екеуінің арасында мынадай әңгіме болады:

- Қонақ болып келдің бе?

- Жоқ, жаныңды алуға келдім.

- Маған бірнеше хабаршы келеді дегенің қайда?

- Саған хабаршы келмеді ме? Шаштарың ағармады ма? Денең әлсіремеді ме? Тік тұратын арқаң бүгілмеді ме?

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Адам өзінің өлетін уақытын білетін болса, ақылы кетіп алжитын еді. Өлім уақытының адам баласынан жасырылғаны қандай жақсы. Егер ғафлет (көңіл ұйқысы) болмағанда, бәрі тірліктерін тастайтын еді, жұмысына қарамайтын еді. Ғафлет және ұзақ өмір сүруді қалау – жаман қасиет болуымен қатар, бір жағынан екі үлкен ниғмет болып та табылады. Егер бұл екі қасиет болмаса, мұсылман көшеде жүре алмайтын жағдайға келетін еді.

Ең қызығы - өлім сенің ізіңде, ал сен дүниеліктің ізіндесің. Дәруіштік ұзын шапан киюде емес, ұзын амалды тастауда!

Өлім мойынға асылған, ал дүние арқаға жүктелген. Адам өлімге қылыш мойынды дәл қазір шабатындай дәрежеде дайын болу керек.

Күн өткен сайын өлімге жақындап жатырсың. "Ажалың келді" деген хабар келмей тұрып өлімге дайындықта болу керек, Әзірейіл алейһиссалам келген кезде «Біраз уақыт рұқсат берші, ақысын жегендерімнен кешірім сұрайын, балама телефон соғайын, мына жұмысымды былай істесін деп айтайын, біреулерге қарызбын, біреулер маған қарыз. Осы тірліктерімді тындырып алайын» деп айтуға қажеттілікті сезбеу керек. Өсиетті әрдайым қасында дайындап жүру керек.

Дүниеге алданған адам

Сұрақ: Хадис шәрифте «Дүние – малғұн» делінген. Дүние деген не?

Жауап: Дүние – дініміз тыйым салған харамдар мен мәкрухтар. Бұларға батып, ахиретті ұмытқан адам алданды деген сөз. Хадис шәрифте былай делінген:

«Соңының не болатынын ойламай дүниеге алданған адам жібек құртына ұқсайды. Жібек құрты өзіне ұя өреді және соңының не болатынын білмейді. Содан соң ол жерден шыққысы келеді, шығатын тесік таппайды, өрген ұясының ішінде өледі және істеген жұмыстарынан басқалар пайдаланады.» (Рисала-и Мүнира)

Сондықтан, харамдардан, мәкрухтардан және қажетсіз мубахтардан сақтану керек! Харамдардан және күмәнді нәрселерден сақтанып, халалдан ақша табу керек. Ақыр заманда бұларға мән беретіндер аз болады. Хадис шәрифтерде былай делінген: «Ақыр заманда халал ақша мен сенімді дос аз болады.» (И.Асакир)

]]>
Tue, 13 Oct 2015 00:50:00 -0500 http://ahlisunnet.kz/upload/20151013/1444715401561c9b89466ad.jpg
Көңіл айту http://ahlisunnet.kz/article/537-Konil_aitu http://ahlisunnet.kz/article/537-Konil_aitu Сұрақ: Мұсылман қайтыс болған кезде не істеу керек?

Жауап: Туыстарына көңіл айту керек, яғни сабыр етуін айту керек және жаназаға байланысты қызметтерге жәрдемдесуге асығу керек. Бір хадис шәрифте былай делінген:

«Мұсылманның мұсылманда бес ақысы бар: Сәлеміне жауап беру, ауырған кезде көңіл сұрап бару, жаназасына бару, қонаққа шақырған кезде бару, түшкіріп “әлхамдулиллаһ” деген кезінде “йәрхамукаллаһ” деу.» (Мүслим)

]]>
Сұрақ: Мұсылман қайтыс болған кезде не істеу керек?

Жауап: Туыстарына көңіл айту керек, яғни сабыр етуін айту керек және жаназаға байланысты қызметтерге жәрдемдесуге асығу керек. Бір хадис шәрифте былай делінген:

«Мұсылманның мұсылманда бес ақысы бар: Сәлеміне жауап беру, ауырған кезде көңіл сұрап бару, жаназасына бару, қонаққа шақырған кезде бару, түшкіріп “әлхамдулиллаһ” деген кезінде “йәрхамукаллаһ” деу.» (Мүслим)

Қайтыс болған адамдардың туыстарынан үлкен-кіші еркектерді және қарт әйелдерді кездестіргенде көңіл айту, яғни «қайғыңызға ортақпыз» деу, сабыр етуге кеңес беру мүстаһаб болып табылады. Көңіл айту үшін«Азамаллаһу әжрак уә ахсәнә уә ғафәра лимәйитик» делінеді, «Аллаһу та’ала сауабыңды, дәрежеңді арттырсын, жақсылап сабыр етуіңді нәсіп етсін және мәйіттің күнәларын кешірсін» деген мағынаны береді.

Қиыншылықтарға тап болған адамды жұбату керек. Бір хадис шәрифте былай делінген: «Баласы қайтыс болған адамды жұбатқан кісіге жәннат шапаны беріледі. Қиыншылыққа ұшыраған адамды жұбатқан кісі оның сауабындай сауап алады.» (Тирмизи)

Расулуллаһтың көңіл айтуы

Сүйікті пайғамбарымыздың көңіл айту хатында былай жазылған:

«Аллаһу та’ала саған амандық берсін! Оған хамд етемін. Әр адамға келген жақсылық пен жамандық тек Одан келеді. Аллаһу та’ала саған көп сауап берсін. Сабыр етуіңді нәсіп етсін! Оның ниғметтеріне шүкір етуіңді ихсан етсін! Жақсылап біліп алуымыз керек, өз болмысымыз, мал-мүлік, байлық, әйел және бала-шағаларымыз – Аллаһу та’аланың шексіз ниғметтерінен, сүйікті және пайдалы ихсандарынан болып табылады.

Бұл ниғметтерді бізде шексіз қалу үшін емес, аманат ретінде қолдану, кейіннен қайтарып алу үшін берген. Бұларды тек белгілі уақытта ғана пайдаланамыз. Уақыты келген кезде бәрін қайтарып алады.

Аллаһу та’ала ниғметтерін бізге беріп қуантқан кезде шүкір етуімізді, уақыты келіп кері қайтарып алған кезде сабыр етуімізді әмір етті.

Сенің бұл балаң – Аллаһу та’ала берген сүйікті, пайдалы ниғметтерінің бірі еді. Кері қайтарып алу шартымен саған аманат қылып берген еді. Ал қазір кері қайтарып алып жатқанда да саған көп сауап, жақсылық береді, мейірімділік етіп дұрыс, тура жолда ілгерілеуіңді, жоғарылауыңды ихсан етеді.

Бұл ихсанға қауыша алу үшін сабыр ету керек, Оның істегенін жақсы деп санауың керек! Ашуланып, ойбайлайтын болсаң, сауапқа қауыша алмайсың және соңында өкінесің.

Жақсылап біліп ал, жылау, қайғыру пәлекетті кері қайтармайды, қайғыны кетірмейді. Тағдырда жазылған нәрселер басқа келеді. Сабыр ету, болып қойған нәрсеге ашуланбау керек. Аллаһу та’ала бәріңе амандық берсін!»

Сұрақ: Мәйіт жерленгеннен кейін мазардағы адамдардың өлгеннің туыстарына көңіл айтуы бидғат емес пе?

Жауап: Бидғат емес.

Сұрақ: Өлген адамның туыстарына қанша күнге дейін көңіл айту дұрыс болады?

Жауап: Үш күннен кейін көңіл айту мәкрух болып табылады. Бірақ алыстағылар және жақын тұратын болса да кеш хабар алғандар үшін мәкрух болмайды.

Сұрақ: Бір ауылда жаназа шыққан үйге кірген әр адам Фатиха оқиды. Әр адамның Фатиха оқып өлген адамға бағыштауы бидғат па?

Жауап: Әдетке қатысты болғандықтан жаиз болады.

Сұрақ: Өлген адамның үйіндегілері көңіл айтушыларды қабылдау үшін үш күн бойы міндетті түрде үйде болуы керек пе?

Жауап: Үйде болуы жаиз. Бірақ болмағаны жақсырақ. Ибн Абидинде «Үйінде жаназа шыққан адамның көңіл айтушыларды қабылдау үшін үйінде отыруы мәкрух болады, мазардан шығарда көңіл айту мәкрух емес» делінген.

Сұрақ: Көңіл айтып келгендерге дастархан жаю жаиз ба?

Жауап: Үйге келгендерге дастархан жаю әдет болып табылады, сондықтан жаиз.

Сұрақ: Көңіл айту үшін ұзақтан келген қонақтарға ас беру жаиз ба?

Жауап: Иә.

Сұрақ: Өлген адамның үйіне тамақ әкелінеді. Ашып немесе бұзылып кетпеуі үшін көңіл айтып келгендерге беру жаиз ба?

Жауап: Кедейлерге беру сауап болады. Сауабы өлген адамның рухына бағышталады.

Сұрақ: Хат арқылы көңіл айтуға болады ма?

Жауап: Иә, болады.

]]>
Tue, 13 Oct 2015 00:35:00 -0500 http://ahlisunnet.kz/upload/20151013/1444714535561c9827d5da9.jpg
Сөз тасудың зияндары http://ahlisunnet.kz/article/536-Soz_tasudyn_ziandary http://ahlisunnet.kz/article/536-Soz_tasudyn_ziandary Сұрақ: Сөз тасудың дініміздегі орны қандай?

Жауап: Екі кісінің арасында тек шындықты айтып сөз жеткізу де сөз тасушылыққа жатады. Егер сөзге өтірік араласатын болса, жала жабуға айналады. Сөз тасушылық дінімізде күнә. Ахиретте жазасы ауыр болуымен қатар, дүниеде де адамдардың араздасуына себеп болады. Сондықтан ел арасында «Тас тасысаңда сөз тасыма» делінеді. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Көре алмаушы, сөз тасушы және палшы болған адам менен емес.» (Табарани)

«Ең жамандарың – сөз таситын, достарының қарым-қатынасын бұзатын және айып іздеп жүретін адам.» (Табарани)

]]>
Сұрақ: Сөз тасудың дініміздегі орны қандай?

Жауап: Екі кісінің арасында тек шындықты айтып сөз жеткізу де сөз тасушылыққа жатады. Егер сөзге өтірік араласатын болса, жала жабуға айналады. Сөз тасушылық дінімізде күнә. Ахиретте жазасы ауыр болуымен қатар, дүниеде де адамдардың араздасуына себеп болады. Сондықтан ел арасында «Тас тасысаңда сөз тасыма» делінеді. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Көре алмаушы, сөз тасушы және палшы болған адам менен емес.» (Табарани)

«Ең жамандарың – сөз таситын, достарының қарым-қатынасын бұзатын және айып іздеп жүретін адам.» (Табарани)

«Сөз тасыған адам – малғұн.» (И.Мәуәрди)

«Сөз тасыған кісі жақсы адам емес.» (Хаким)

«Сөз тасушы адам – уәләди зина (зинадан туылған) немесе зина араласқан тексіз адам.» (Бәйһақи)

«Сөз тасушы қияметте маймыл кейіпінде тіріледі.» (Р.Насихин)

«Сөз тасыған адам жәннатқа кіре алмайды.» (Бұхари)

Бұл хадис шәрифтерде өткен «Жәннатқа кіре алмайды»«Менен емес» деген тіркестер «Тәубе етіп, кешірім сұрамай өлген адам жазасын тартпағанша жәннатқа кіре алмайды» деген мағынаны береді. Егер кешірім немесе шапағат нәсіп болса яки сауаптары көп болып, күнәларынан артық болса, жәннатқа кіреді. Олай болмаса жазасын тартады. Әһли сүннет сенімінде күнә істеген адамға кәпір делінбейді.

Әр шындықты әр жерде айта беруге болмайды. Сөз тасыған кезде тек шындық айтылған болуы мүмкін, алайда осы шындық айтудың өзі үлкен күнә болып табылады. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Сөз тасушылық қабір азабына себеп болады.» (Бәйһақи)

«Аллаһу та’ала сөз тасыған адамның қабірінде бір от шығарады. Бұл от оны қияметке дейін жағады.» (Шира)

Расулуллаһ алейһиссалам екі қабірді кездестірді. «Екеуі де азапта жатыр. Бірі үсті-басын, киімін зәрден сақтамайтын, ал екіншісі сөз тасушы еді» деді. (Шира)

Бір салих кісі өзіне сөз тасыған адамға:

«Бізге үш жамандық әкелдің. Сүйікті адамымды маған дұшпан қылғың келді. Көңілім тыныш еді, көңілімдегі рахаттықты бұздың. Менің жанымда әділ, жақсы адам едің, өзіңді күнәхар қылдың» – деді.

Сөз тасушылық апатынан құтылу үшін сөз тасыған адамға мына алты нәрсені жасау керек:

1) Оған сенбеу керек. Өйткені сөз тасыған адам күнәхар болып табылады. «Күнәхардың сөзіне сенбеу керек. Оның сөзімен әрекет етпеу керек. Сөз тасушының сөздерін қабыл ету сөз тасудың өзінен де әлдеқайда жаман» делінген.

2) Оны бұл күнәдан арылту керек. Өйткені Аллаһу та’ала«Жамандықтан қайтарыңдар» деген. (Лұқман 17)

3) Оны жақсы көрмеу керек! Себебі сөз тасу күнә болып табылады. Күнәхарды жақсы көруге болмайды. Оны дұшпан деп білу керек!

4) Сөз тасыған адамға «шын айтып тұр ма екен» деп суи занға (жаман ойға) түсіп, оған жаман қарамау керек! Өйткені суи зан (мұсылман болған біреуді жаман деп санау, ол туралы жаман ойға түсу) харам болып табылады. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Суи зан етпеңдер! Суи зан қате шешім қабылдауға себеп болады. Адамдардың жасырын нәрселерін іздемеңдер, кемшіліктерін көрмеңдер, сөз тартыспаңдар, хасед (көре алмаушылық) және дұшпандық етпеңдер, бір-бірлеріңді өсектемеңдер, бір-бірлеріңді бауырлардай жақсы көріңдер!» (Мүслим)

5) Сөз тасып келген адамның сөзінің дұрыстығын зерттемеу керек! Өйткені біреудің күнәсін іздеуге Аллаһу та’ала тыйым салған, «Бір-бірлеріңнің кемшіліктеріңді іздемеңдер» деген. (Хужурат 12)

6) Сөз тасыған адамның сөзі жайында ешкімге ештеңе айтпау керек! Егер айтылса, оның жасырып тұрған пердесі жыртылған, күнәсі ашылған болады. Кемшіліктерді жасыру керек, жарияламау керек. Өйткені хадис шәрифтерде былай делінген:

«Досының жамандығын жасырған адамның кемшіліктері қиямет күні жасырылады.» (Табарани)

«Досының айыбын көрмей, мұны жасырған адам жәннатқа кіреді.» (Табарани)

«Досының айыбын ашқан адамның өзінің айыбы ашылады. Тіпті өз үйінде де масқара болады.» (Ибн Мажа)

«Мұсылманның айыбын іздеген адам оған жамандық жасаған болады.» Әбу Дауд)

«Біреуді тәубе еткен күнәсімен айыптаған адам дәл сондай күнәға ұшырамай тұрып қайтыс болмайды.» (Тирмизи)

Көрініп тұрғандай, сөз тасыған адам қаншама парызды тәрк етеді және қаншама харам істеген болады.

]]>
Tue, 13 Oct 2015 00:22:00 -0500 http://ahlisunnet.kz/upload/20151013/1444713761561c9521ce98d.jpg
Қонақтың міндеттері http://ahlisunnet.kz/article/535-Qonaqtyn_mindetteri http://ahlisunnet.kz/article/535-Qonaqtyn_mindetteri Сұрақ: Қонақ, үй иесінің алдында өзін қалай ұстау керек?

Жауап: Қонақтың мән беруі керек болған әдептердің кейбірлері мыналар:

1) Шақырылған жерге кешігіп те, ерте де бармау керек. Барарда біраз тамақтанып бару сүннет болып табылады. Тек тамақ жеу үшін ғана емес, үй иесін разы қылу үшін барғаны белгілі болу керек!

2) Қонақтың жан-жағына қарамауы керек, үй иесін ыңғайсыз жағдайға түсірмеу керек. Үй иесінің рұқсатынсыз басқа қонаққа тағам ұсынып, сияпат көрсетпеу керек! Үй иесі көрсеткен жерге отыру керек, рұқсатсыз нәпіл ораза ұстамау керек және намазда үй иесі ұсынбаса имамдыққа өтпеу керек! Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Қонақ үйдің төрінде отырмасын!» (Мүслим)

«Қонақ үй иесінің рұқсатынсыз (нәпіл) ораза ұстамасын және көрсетілген жерге отырсын! Өйткені үйдің иесі өз үйінің әдетін жақсырақ біледі.» (Ибн Асакир)

]]>
Сұрақ: Қонақ, үй иесінің алдында өзін қалай ұстау керек?

Жауап: Қонақтың мән беруі керек болған әдептердің кейбірлері мыналар:

1) Шақырылған жерге кешігіп те, ерте де бармау керек. Барарда біраз тамақтанып бару сүннет болып табылады. Тек тамақ жеу үшін ғана емес, үй иесін разы қылу үшін барғаны белгілі болу керек!

2) Қонақтың жан-жағына қарамауы керек, үй иесін ыңғайсыз жағдайға түсірмеу керек. Үй иесінің рұқсатынсыз басқа қонаққа тағам ұсынып, сияпат көрсетпеу керек! Үй иесі көрсеткен жерге отыру керек, рұқсатсыз нәпіл ораза ұстамау керек және намазда үй иесі ұсынбаса имамдыққа өтпеу керек! Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Қонақ үйдің төрінде отырмасын!» (Мүслим)

«Қонақ үй иесінің рұқсатынсыз (нәпіл) ораза ұстамасын және көрсетілген жерге отырсын! Өйткені үйдің иесі өз үйінің әдетін жақсырақ біледі.» (Ибн Асакир)

«Қонақ болған адам намазда үй иесіне имам болмасын!»(Тирмизи)

3) Дастархан басында әдепті болып отыру керек және бұл әдепті соңына дейін сақтауға тырысу керек. Расулуллаһ алейһиссалам жерге төселген дастархан басында кейде тізерлеп отыратын, кейде оң аяғын бүгіп сол аяғының үстіне отырып:

«Мен тамақтанған кезде жантаймаймын! Мен Аллаһтың құлымын, құл қалай отыратын болса, солай жеймін, солай отырамын.» – дейтін еді. (Бұхари)

Тамақ жеп жатқанда жантаю күнә емес. Басқалардың алдында ешбір себепсіз жантайып жату әдепке сай емес.

4) Әкелінген тамақтың кемшілігін іздемеу керек. Кемшілігі болса да айтпау керек. Мысалы тамақтың тұзы көп немесе аз болса, яки тамақ ұнамаса, ештеңе демеу керек, ұнатпағанын білдірмеу керек! Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Қонақтың әкелінген тамақты ұнатпауы оған жамандық ретінде жеткілікті.» (Ибн Әбиддүнийа)

5) Қонақтың өзі қалаған нәрселерді сұрамауы керек, әкелінгендермен қанағаттануы керек. «Анау бар ма? Мынау бар ма?» деп, белгілі тағам сұрамауы керек! Егер үй иесі бірнеше тағам түрін атап өтіп, «Қайбірін әзірлейін?» деп сұраса, әурегершіліктен ұзақ, қиыншылықтарға түсірмейтін түрде оңай, арзан және әурегершіліксіз болғанын таңдау керек! Сүйікті пайғамбарымыз таңдау еркіндігі берілген екі нәрседен әрдайым жеңілін, оңай болғанын таңдайтын еді. (Бұхари)

Аталарымыз «Қонақ үміттенгенін емес, тапқанын жейді» деген. Нанды құрметтеу керек. Нанды құрметтеу – нанмен бірге жейтін ештеңе іздемеу деген сөз. Адамға күш-қуат беретін және ғибадат жасауға мүмкіндік беретін барлық тамақ – берекет болып табылады. Оны ұнатпау дұрыс болмайды. Тек нан мен сірке суы ғана берілсе де, менсінбеушілік танытпау керек! Хадис шәрифте былай делінген:

«Бір үйде нанмен қосып жейтін нәрсе ретінде сірке суы бар болса, бұл үй кедей болып саналмайды.» (Тирмизи)

«Йа Раббым, сірке суына берекет бер. Сірке суы – қандай тамаша ниғмет. Менен бұрыңғы пайғамбарлардың қоспасы да сірке суы еді. Сірке суы бар үйдің нанмен қосып жейтін басқа қоспаларға қажеттілігі жоқ.» (Ибн Мажа)

6) Үй иесі немесе сол жерде отырған басқа да қонақтар жақтырмайтын әрекеттер жасамау керек, жиіркенішті әрекеттер мен сөздерден ұзақ болу керек.

7) Діни сенім, саяси қөзқарастар әртүрлі болса да үй иесінің немесе сол жердегілерді ренжітетін сөздер айтпау керек.

8) Қажетті түрде сый-сияпат, тағам ұсынылмаған болса да, қонақтың үйден көңіл шаттығымен және разылығын білдіретін сөздер айтып шығу керек! Мысалы «Қуанып қалдық, Аллаһ разы болсын, үйіңізде ораза ұстағандар ифтар етсін (ауыз ашсын), асыңызды жақсы адамдар жесін!» дегендей дұға ету сүннет болып табылады. (Тирмизи)

Сүйікті пайғамбарымыз өзі үй иесіне ең жақсы тілектер айтатын, дұғалар жасайтын және мұсылмандарға да «Үй иесіне берекетті дұғалар жасаңдар» дейтін еді. (Бәйһақи)

Бұлай жасау – тым аз болса да бір жақсылықты кіші деп көрмеу деген жақсы мінездің белгісі болып табылады. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Мүмин жақсы мінезі арқылы күнін оразамен, түнін ғибадатпен өткізген адамның дәрежесіне көтеріледі.» (Тирмизи)

9) Үй иесінің рұқсатынсыз немесе хабарынсыз үйден кетпеу керек! Сүйікті пайғамбарымыз осылай хабарсыз кетіп қалуды мүлдем дұрыс деп санамайтын еді. Кетерде де үй иесіне дұға ету керек. Хадис шәрифте былай делінген:

«Қош айтыспай кеткен қонақ ұры ретінде кіріп, тонаушы ретінде шыққан болып саналады.» (И.Ғазали)

10) Бірнеше күнге келген қонақтың үй иесіне ауыртпалық бермеу үшін қажеттілік болмаса үш күннен артық қалмауға, жүк болмауға тырысуы керек!

Егер үй иесі шын көңілден қалуын қалайтын болса, одан да көбірек уақытқа қалуға болады. Хадис шәрифте былай делінген:

«Қонақ болу үш күнге дейін созылады. Бұдан артығы садақа. Қонақтың үй иесін қинайтындай шамада ұзаққа қалуы халал емес.»(Бұхари)

Сұрақ: Біз қонақ болып отырған үйде жерге бір нәрсе төгіліп қалса, өзіміз тазалауға тырыса бастасақ, дұрыс болады ма?

Жауап: Үй иесі «Үйімнің тазалығын нашар деп білді, үйімді тазалап жатыр» деп ойлап, ренжіп, қысылуы мүмкін. Үй иесі ренжімейтін болса, одан рұқсат сұрап тазалауға болады.

]]>
Fri, 04 Sep 2015 01:18:00 -0500 http://ahlisunnet.kz/upload/20150904/144134750655e937b237f5d.jpg
Сыншылдық ауруы http://ahlisunnet.kz/article/534-Synshyldyq_auruy http://ahlisunnet.kz/article/534-Synshyldyq_auruy Сұрақ: Тез ашуланамын, ата-анамды, үйдегі үлкендерді ренжітемін. Қателіктеріне шыдай алмай, бірден сынға саламын. Кейіннен бұған өкінемін. Осы жаман мінезімнен арылу үшін не істеуім керек?

Жауап: Ислам ғалымдары ашуланудың кібірден, өз-өзін ұнатудан пайда болатынын білдірген.

Сынау, негізінде «Мұны мен білемін, сен білмейсің, саған ескертіп жатырмын, бұл қате жолыңнан қайт» деген сөз. Мұны ешкімге айтуға болмайды, әсіресе ата-ана сияқты үлкендерге мүлдем айтуға болмайды. Білім тәкәппар адамның тәкәппарлығын, қарапайым адамдардың қарапайымдылығын арттырады. Білімімен тәкәппарлану – үлкен пәлекет. Хадис шәрифте «Білімді адамның пәлекеті – өзін басқалардан жоғары санауы» делінген. Сондықтан, ақылды адам мен жақсырақ білемін деп өзін пәлекетке тастамайды.

]]>
Сұрақ: Тез ашуланамын, ата-анамды, үйдегі үлкендерді ренжітемін. Қателіктеріне шыдай алмай, бірден сынға саламын. Кейіннен бұған өкінемін. Осы жаман мінезімнен арылу үшін не істеуім керек?

Жауап: Ислам ғалымдары ашуланудың кібірден, өз-өзін ұнатудан пайда болатынын білдірген.

Сынау, негізінде «Мұны мен білемін, сен білмейсің, саған ескертіп жатырмын, бұл қате жолыңнан қайт» деген сөз. Мұны ешкімге айтуға болмайды, әсіресе ата-ана сияқты үлкендерге мүлдем айтуға болмайды. Білім тәкәппар адамның тәкәппарлығын, қарапайым адамдардың қарапайымдылығын арттырады. Білімімен тәкәппарлану – үлкен пәлекет. Хадис шәрифте «Білімді адамның пәлекеті – өзін басқалардан жоғары санауы» делінген. Сондықтан, ақылды адам мен жақсырақ білемін деп өзін пәлекетке тастамайды.

Тәкәппарлық (кібірлік) – жаман мінез, харам болып табылады. Аллаһу та’аланы ұмытудың белгісі. Көптеген адамдар осы жаман ауруға шалдыққан. Тәкәппар адам салих адам бола алмайды. Кібірлік – барлық жақсылықтарға тосқауыл. Тәкәппар емеспін деген адам тәкәппар деген сөз.

Қасына басқалардың отыруын қаламау, науқастармен бірге отырмау, үйіне қажет болған заттарды алып, үйіне әкелмеу, ескі киімдерін қайтадан киюді ұнатпау, жұмыс басында жұмыс киімін киюді қаламау, қонаққа кедейлер шақырса бармай, байлардың шақырғанына бару, туысқандары мен бала-шағасының қажеттіліктерін қамтамасыз етпеу, дұрыс сөзді, дұрыс сынды қабылдамай сөз тартысу, кемшілігін, айыбын айтқан адамдарға рахмет айтпау, бір жерге кірген кезде, сол жақтағылардың тұрып амандасқандарын ұнату сияқты нәрселер тәкәппарлықтың белгісі.Біреудің айтқан сынын ұнатпау, оның менен қандай айырмашылығы бар, ол да адам ғой десе, шындықты оның аузынан есту қиын болса, мұның да тәкәппарлықтан екенін түсіну керек.

Тәкәппарлық адамды Аллаһу та’аланың бүкіл әмірлеріне қарсы шығуға итермелейді. Себебі, тәкәппар адам басқа біреуден шындық пен ақиқатты естісе, оны қабылдағысы келмейді, бірден қарсы шығады. Діни тақырыптарда айтылса да, бірден қарсы шығуға кіріседі. Тіпті шындықты алдындағы адамның тілінен естісе, бірден түрлі жолдармен, дұрыс екенін білсе де оны теріске шығаруға тырысады.

Жамандықтар әрдайым ашудан туындайды. Бір адамда тәкәппарлық бар болса, мұның белгісі – оның ашуы. Тәкәппарлықтан ашу туындайды. Бір адам қабағы ашылмайтын және ашулы болса, жақсылықтың белгісі емес деген сөз. Ашу адамның ақылын жабады. Сол кезде шайтанның уысына түседі. Шайтан да оны қалаған жеріне апарады. Ашулану адамның дінін, иманын әкете алады, бұдан қатты қорқу керек.

Сыншылдық ауруы

Сұрақ: Бір досым дүниелік істерде де, діни істерде де бәрін сынай береді, достарын ренжітеді, олай емес, былай дей береді. Осылай білгішсініп, сынау ауруы неден пайда болады?

Жауап: Жалпы сынаушылық ауруы өз-өзін ұнатудан, яғни тәкәппарлықтан туындайды. Адамдардың қателіктерін іздеу күнә. Әмри маруф жасау басқа, оны жылы шыраймен, ешкімді ренжітпей, жалпылама түрде айтылады. Мысалы сырға тағып жүрген жас жігітті көрген кезде «Әйелдерге ұқсап қалыпсың» деудің орнына, әйелдердің еркектерге, еркектерің әйелдерге ұқсаудың дұрыс еместігі жалпылама түрде бір сұхбатта түсіндіріледі. Мысалы әйелдер еркектер сияқты шашын қырмайды, шалбар киюіне болмайды делінеді. Одан кейін еркектер де әйелдерге ұқсамау керек. Мысалы әйелдер сияқты шаштарын өсірмеу керек, әйелдер сияқты алқа тағып жүрмеу керек делінеді. Ол жігіт бұл сөздерден сырға тағудың да әйелдерге ұқсау болатынын түсінеді.

]]>
Mon, 31 Aug 2015 02:03:00 -0500 http://ahlisunnet.kz/upload/20150831/144100460055e3fc38c3b2f.jpg
Көшеде жүру әдебі http://ahlisunnet.kz/article/533-Koshede_juru_adebi http://ahlisunnet.kz/article/533-Koshede_juru_adebi Сұрақ: Дінімізде көшеде жүру әдебі де білдірілген бе?

Жауап: Дінімізде кемшілік жоқ. Жүру, отыру, тұру, жату, сөйлеу әдебі сияқты адамға пайдалы немесе зиянды болған әр нәрсе ең нәзік егжей-тегжейлілігіне дейін білдірілген. Басқа діндерде мұндай нәрселер жоқ. Жүру әдебіне қатысты Құран кәрімде былай делінген:

«Тәкаппарланып жүрме!» (Лоқман 18)

«(Тым ақырын емес, жүгіріп те емес) орташа жылдамдықпен жүр!»(Лоқман 19)

«Рахман болған Аллаһу та’аланың (салих) құлдары жер бетінде салмақты және қарапайым болып жүреді.» (Фурқан 63)

«Жер бетінде тәкаппарланып жүрме, өйткені сен кібірленетіндей жерді қопара алмайсың және таудай биік емессің.» (Исра 37)

]]>
Сұрақ: Дінімізде көшеде жүру әдебі де білдірілген бе?

Жауап: Дінімізде кемшілік жоқ. Жүру, отыру, тұру, жату, сөйлеу әдебі сияқты адамға пайдалы немесе зиянды болған әр нәрсе ең нәзік егжей-тегжейлілігіне дейін білдірілген. Басқа діндерде мұндай нәрселер жоқ. Жүру әдебіне қатысты Құран кәрімде былай делінген:

«Тәкаппарланып жүрме!» (Лоқман 18)

«(Тым ақырын емес, жүгіріп те емес) орташа жылдамдықпен жүр!»(Лоқман 19)

«Рахман болған Аллаһу та’аланың (салих) құлдары жер бетінде салмақты және қарапайым болып жүреді.» (Фурқан 63)

«Жер бетінде тәкаппарланып жүрме, өйткені сен кібірленетіндей жерді қопара алмайсың және таудай биік емессің.» (Исра 37)

Хадис шәрифте де былай делінген:

«Көшеде жүгіріп жүру мүминнің қадірін түсіреді.» (Әбу Нуайм)

Көшеде, далада жүрген кезде үйлердің терезелеріне қарамау керек. Өткен-кеткен әйелдерге-қыздарға да қарауға болмайды! Көшеде үлкендердің және ғалымдардың алдында немесе сол жағында жүру әдепсіздік саналады! Лауазымы немесе білімі жоғары болғандар сол жақпен жүреді. Жүрген кезде оңның солға қарағанда үстемдігі бар. Бір жерге бара жатқанда жол екіге бөлінсе, сұрайтын да ешкім болмаса не істейміз? Оның жауабын мына хадис шәриф былай берген:

«Алдыңнан екі жол шықса, оң жағымен жүр» делінген.(Б.Арифин)

Әйелдер қандай да бір қажет жұмыспен көшеге шыққан кезде жолдың шетімен жүреді. Әйелдердің аяқ киімдері қарапайым болу керек, жүрген кезде дыбыс шығармайтындай, киінуімен өзіне назар аудартпау керек!

Сүйікті пайғамбарымыз әрқашан алдына қарап жүретін, жүрісі ақырын да емес, жылдам да емес еді. Хадис кітаптарында пайғамбарымыздың жүрісін білдіретін бірнеше хадис шәрифтердің мағынасы мынадай:

«Жүрген кезде (тік жүрмей) алдына біраз иіліп жүретін.» (Мүслим)

«Жүрген кезде оңға-солға мүлдем қарамайтын.» (Хаким)

«Жүрген кезде өте салмақты, бірақ жылдам жүретін еді.» (Ибн Сад)

«Құл және кедейлермен бірге жүретін еді.» (Хаким)

«Жүрісінен әлсіз және жалқау еместігі мәлім болатын еді.» (Ибн Асакир)

Жүру әдебіне қатысты басқа да хадис шәрифтердің бірнешеуі мыналар:

«Асамен жүру қарапайымдылықтың белгісі. Асамен жүрген адамның әрбір қадамына бір сауап жазылады.» (Дәйләми)

«Асамен жүру – мүминнің белгісі, пайғамбарлардың сүннеті.»(Дәйләми)

«Жүруден шаршаған адам жүрісін жылдамдатса, шаршағаны кетеді.» (Дәйләми)

«Кімде-кім, жануарына ауыртпалық болатын жерде түсіп жаяу жүретін болса, бір құл азат еткендей сауап алады.» (Хаким)

]]>
Mon, 31 Aug 2015 01:58:00 -0500 http://ahlisunnet.kz/upload/20150831/144100431255e3fb18afafa.jpg