Мұхаммед алейһиссалам пайғамбар - Аллаһу та’аланың елшiсi әрi пайғамбарлардың ең мәртебелiсi және соңғысы. Әкесiнiң аты Абдуллаһ милади жыл санауымен 571 ж. сәуiр айының 20 күнiне сәйкес келетiн 12 рабиал-әууалда дүйсенбi күнi түнде Меккеде дүниеге келдi. Әкесi ол тумай тұрып қайтыс болған едi.
Сұрақ: Кейбір Еуропа елдерінде Расулуллаһ алейһиссаламды мазақтау мақсатымен карикатура жасалғанда, олардан өш алу мақсатымен мұсылмандар арасында да хазреті Исаға да тіл тигізіле бастағаны көрінді. Пайғамбарларға қалайша тіл тигізіледі? ...
Сұрақ: Құранда болмағанымен намазда Сүбһанака, әттаһияту, салли-барик дұғалары неліктен оқылады? Егер хадистерде бар десеңіз мен хадистерге сенбеймін. Өйткені хадистер Әмәуи арабтарының ойдан шығарғандары. Салли-барикті оқумен адам Расулға табынған болмай ма? ...
Сұрақ: Пайғамбарымыздың шапағат етуі қалай болады?
Жауап: Қабірден бірінші болып Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” тұрады. Үстінде жұмақ киімі болады. Лиуа-ул-һамд деп аталатын байрақты ұстап, Бұрақ (жұмақ жануары) деп аталатын жануарға мініп махшар алаңына барады. Пайғамбарлар және барлық адамдар осы байрақтың астында тұрады. Барлық адам күтуден қатты жалығып, әуелі пайғамбарлардан хазреті Адамға, кейін хазреті Нұхқа, кейін хазреті Ибраһимге, хазреті Мұса мен хазреті Исаға барып, есептің басталуы үшін шапағат етулерін тілейді. Олар кешірім өтініп, Аллаһу та’аладан ұялатындарын айтып, шапағат ете алмайды. Одан кейін адамдар пайғамбарымыз Мұхаммед “алейһиссаламға” келіп жалынып-жалбарынады.
Сұрақ: Намаздан кейін салауат айтудың сауабы көп дейді және салауат қалай оқылады?
Жауап: “Салат” - дұға деген сөз. Ал “салауат” дегеніміз “салат” сөзінің көпше түрі, дұғалар дегенді білдіреді. Салауат қысқаша: “Аллаһүммә салли ала Мухаммәд уә ала али Мухаммәд” деп айту. Пайғамбарымыздың аты айтылғанда “алейһиссалам”, “алейһиссалату уәссәләм” немесе ”саллаллаһу алейһи уәсәлләм” деп айтумен де Пайғамбарымызға дұға етілген, яғни салауат етілген болады.
Сұрақ: Хадис құдси деген не?
Жауап: Мағынасы да, сөздері де пайғамбарымыздан болған сөздер хадис деп аталады. Мағынасы Аллаһу та'ала тарапынан білдіріліп, пайғамбарымыздың өз сөздерімен жеткізген сөздері хадис құдси деп аталады. Сондықтан хадис құдси нақл етілгенде, яғни айтылғанда «Аллаһу та'ала хадис құдсида былай дейді...» деп айтылады. Сәадати әбәдийә және де басқа кітаптарда өткен хадис құдсилардың біразы төмендегідей:
Сұрақ: Кейбір жаман ниетті адамдар «Пайғамбар 23 жылда осыншама хадис айта алмайды» деп, хадис шәрифтердің ойдан шығарылуы мүмкін екендігін айтып жатады. 23 жылда орталама қанша хадис шәриф айтуға болады?
Жауап: 23 жыл шамамен 198 мың сағатты құрайды. Бұдан ұйқыға күніне 8 сағатты ажыратайық. Қалғаны шамамен 134 мың сағат болады. Орташа есеппен әр сағатта (60 минутта) бір хадис шәриф айтса, 134 мың хадис шәриф болады.
Сұрақ: Құран кәрімде: «Сені әлемдерге рақымдылық ретінде жібердім», «Сен үшін таусылмайтын сыйлықтар бар. Әлбетте сен ең көркем ахлақ иесісің», «Раббың саған көп ниғмет береді, ал сен Оған разы боласың» деген аяти кәрималар және бұдан өзге де көптеген аяти кәрималарда сүйікті пайғамбарымыз мадақталған. Сонымен қатар пайғамбарымыз жайлы айтылған «Сен болмағанда әлемдерді жаратпас едім» деген хадис құдсиді Ибн Сәбәның ізбасарлары - шииттер, сәләфиттер және кейбір мазһабсыздар: «Бұл өтірік, ойдан шығарылған сөз. Бұл ешбір дін кітаптарында айтылмаған»- деп расулуллаһты төмендетуге тырысуда. Бұл хадис құдси қай кітаптарда өткен?
Жауап: Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) үстемдігін түсіне алмағандар немесе оған дұшпан болғандар және хадис шәрифтерге «ойдан шығарылған» деп айтатын бидғатшылар пайғамбарымыздың мадақталуын көре алмағандықтан, құнды кітаптардағы хадистерге осылай дақ жұқтырмақ болуда. Бұл хадис құдси көптеген құнды кітаптарда білдірілген: