Аллаһу та’аланың дүниедегі барлық адамдарға деген мейірімі шексіз. Адамдарға қажетті ниғметтерін жаратып, барлығына жіберуде. Дүниеде және ахиретте бақытқа қауышулары үшін бұл ниғметтерді қалай қолдану, қалай пайдалану керектігін де көрсеткен. Исламды мүлдем естімеген кәпірлердің жаһанннамға кірмейтінін, есеп-қисаптан кейін жануарлар секілді жоқ болып кететінін хазреті Имам Раббани 259-шы хатында білдірген. Естігеннен кейін иман келтіргендерді жаннатқа кіргізеді. Құлдарына ойлану үшін бір ғұмырлық уақыт берген.