Сұрақ: Қажет намазы деген не? Ол қалай оқылады?
Жауап: Қажет намазы бірнеше түрде оқылады:
1- Сахабалардан хазреті Осман бин Хунәйф айтады: Көздері көрмейтін бір адам көздерінің ашылуы үшін пайғамбарымыздан дұға сұрайды.
Дәрет алғаннан кейін оқылатын екі рәкат намаз «Сүбха намазы» деп аталады. Намаз оқылуы мәкрух болған уақыттардан тыс кез-келген уақыттарда оқуға болады. Дәрет алғаннан немесе ғұсыл алғаннан кейін артынша дереу сүбха намазын оқу өте сауапты болады. Қазасы бар адам, қаза намазына және сүбха намазына ниет етсе, әрі қазасын өтеген болады, әрі сүбха намазының сауабына қауышады. Уақыттың парызын немесе сүннетін оқитын кезде осы намазға да ниет ету өте жақсы болады.
Сұрақ: Истихара деген не? Истихара намазы қалай оқылады?
Жауап: Истихара дегеніміз бір істің қайырлы (дұрыс) болатынын немесе қайырлы болмайтынын түсіну үшін дәрет алып екі ракат намаз оқығаннан кейін дұғасын оқып осы іске байланысты түс көру үшін ұйқыға жату дегенді білдіреді.
Имам Ғазали хазреттері былай бұйырған:
Сұрақ: Түнде оқылатын тәһәжжүд намазының сауабы өте көп деп естідім. Бұл намаз қай кезде оқылады? Мойнында қаза намаздары бар адам да оқи ала ма?
Жауап: Тәһәжжүд намазы – түннің үштен екі бөлігі өткеннен кейін және таң намазы кіргенге дейінгі аралықта оқылатын нәпіл намаз. Тәһәжжүд – ұйқыны тәрк ету (бұзу) дегенді білдіреді. Түнде оқылатын нәпіл намазы күндіз оқылатын нәпіл намаздарға қарағанда құнды саналады. Өйткені түнде ұйқыны бұзып, тұру нәпсіге ауыр тиеді. Хадис шәрифте де былай делінеді:«Ғибадаттың абзалы – машақатпен болғаны.» (М. Фәлаһ, Ибни Әсир-Нихайа)
Мешітке кіргеннен кейін, отырмас бұрын мешіттің иесіне, яғни Аллаһу та'алаға тағзым және құрмет ретінде оқылатын екі рәкат намаз «тахийатул мәсжид» намазы деп аталады.
Мешітке кірген адамның тахийатул мәсжид ретінде екі рәкат намаз оқуы ғалымдардың ауызбірлігімен сүннет деп қабылданған. Мешітте дауыстап Құран кәрім оқылып жатқан болса тахийатул мәсжид намазы оқылмайды. (Хамәуи)
Хадис шәрифтерде былай делінген:
Сұрақ: Әууәбин намазы деген қандай намаз, қалай оқылады?
Жауап: Ақшам намазынан кейін оқылатын нәпіл намазға «Әууәбин намазы» делінеді, бұл намазды оқу мүстаһаб. Алты рәкат етіп оқылады.
Барлығын бір сәлеммен немесе екі рәкатта бір сәлеммен оқуға болады. Екеуінде де алғашқы екі рәкаты ақшам намазының сүннеті орнына саналады. Бұл намазды сүннеттен кейін бөлек оқуға да болады. Хадис шәрифтерде былай делінеді:
Тәсбих намазы – сауабы өте көп болған нәпіл намаз. Пайғамбарымыздың алейһиссалам көкесі хазреті Аббасқа «Саған үйретпекші болған нәрсемді орындаған кезіңде ескі-жаңа, бұрынғы-кейінгі, жасырын-ашық, қателесіп немесе әдейі істеген барлық күнәларыңды Аллаһу та'ала кешіреді» деп, намаздың қалай оқылатынын білдірген. (Әбу Дауд)
Тәсбих намазын мәкрух болған уақыттардың тысында барлық уақытта оқуға болады. Егер күндіз оқылса, төрт рәкатта бір, түнде оқылса, екі рәкатта бір сәлем беру жақсырақ болады.
Сұрақ: Духа намазының маңыздылығы қандай, қай кезде оқылады?
Жауап: Дінімізде күннің астыңғы шетінің сыртқы (көрінетін) горизонт сызығынан бір найза бойы көтерілген және күннің тұнық (таза, ашық) аспанда тікелей көзбен қарай алмайтындай дәрежеде жарқыраған кезіДуха уақыты немесе Ишрақ (сәске) уақыты деп аталады. Духа уақтында күннің центрінің шынайы горизонттан биіктігі 5 градус. Бұл уақыт күн шығарда басталатын керахат уақытының соңы. Яғни күн шығуымен осы уақыт аралығында намаз оқу тахриман (харамға жақын) мәкрух болады.