Қожа Ахмет Иассауи хазреттері – Түркістандық ұлы ғұлама, әулие. Әкесі-Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Хазреті Әлидің ұрпағы Шейх Ибраһим. Тегі Хазреті Фатима анамызға жанаспағандықтан сәйид емес. Анасы-Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Қай жылы туылғаны белгісіз -1166 ж Түркістан (Иассы) қаласында қайтыс болған.
Хазреті Имам Ахмед Раббани Үндістаннан шыққан ең үлкен әулие және ғұлама. Арифтердің (білгірлердің) нұры, әулиелердің көсемі, исламның сақшысы, мұсылмандардың панасы болған хазреті Имам Раббани мужәддид, мужтәһид және исламның көзнұры болып табылады. Сілсіләи алийа деп аталатын шежіренің жиырма үшіншісі.
Ақида, яғни сенiмде, имандылықта хақ бiр ғана жол бар. Бұл жол “Әһли сүннәт уәл жамағат” мазһабы. Мазһаб – жол дегенді білдіреді. Дүние жүзiндегi барлық мұсылмандарға түзу жолды көрсеткен және Мухаммед алейһиссаламның осы жолын ешқандай өзгертпей кемшiлiксiз жетуiне себепшi болған төрт ғалым бар.
Ұлы әулиелердің бірі – хазреті Баязид Бистами м. 776 (х. 160) немесе м. 803 (х.188) жылы Иран өлкесі Хазар теңізінің жағалауы Бистам ауданында дүниеге келген. Лақабы Әбу Язид, есімі Тайфур, “Сұлтанул Арифин” деген атпен танымал болған. Анасының құрсағында жатқаннан бастап кереметтері көріне бастаған.
Әһли сүннеттің амалдағы төрт мазһабының бірі болған Ханафи мазһабының құрушысы болып табылады. Мутлақ мүжтахид болып табылады. Есімі Нұғман. Әкесі Сабит хазреті Әлимен кездескен, тегі үшін батасын алған. Әбу Ханифа нағыз мұсылмандардың әкесі деген сөз. Әйтпесе, оның Ханифа деген қызы болмаған.
Адамдарға тура жолды көрсетіп, шынайы бақытқа қауыштырушы мүршиди кәміл және “Сілсілә-и алийа” (алтын шежіре) деп аталатын ұлы ғалым, ұлы әулиелердің он бесіншісі. Хазреті Мұхаммед Баба Саммаси және хазреті Әмир Кулалдың шәкірті. Бахауддин Бұхари 1318 (х.718) жылы Бұхараға 5 шақырым қашықтықтағы Қасри Арифан деген...
Имам Ағзам Әбу Ханифа хазреттері туралы мәшһүр және құнды фиқһ кітаптарында түрлі хадис шәрифтер бар. Ең құнды фиқһ кітаптарының бірі болған Дуррул-Мухтар кітабының алғысөзінде жазылған хадис шәрифте былай делінеді: «Адам алейһиссалам менімен мақтанғаны секілді мен де үмметімнен есімі...
Сұрақ: Ғалымдар бөлімінде сіз «ұлы әулие» дегенсіз бұны қалай түсінуге болады? Ұлылық тек қана Аллаһқа тән!
Жауап: "Ұлы" сөзінің мағынасын тек Аллаһқа тән деп ойлауыңыз діни тұрғыдан да ақыл тұрғысынан да орынсыз. Араб тілінде ...