Ғибадат – бізді және бүкіл жаратылысты жоқтан бар еткен әрі әрқашан бар етіп ұстап тұрған, әр түрлі нығметтер мен жақсылықтар жіберіп, жетілдірген Аллаһу та’аланың әмірі мен тыйымдарын бұлжытпай орындау. Сонымен қатар, Аллаһтың махаббатына қауышқан пайғамбарларға, әулиелерге және ғалымдарға бағыну.
Сезiм мүшелерi және ақыл қамтыған мағлұматтар иманға қауышуға жәрдемшi болады. Пән ғылымы әлемдегi жүйенiң теңдiгi өздiгiнен болмағандығын және әлбетте бiр жаратушының бар екендiгiн түсiнуге, бiлуге және иман нұрына қауышуға шақыруда. Иман соңғы пайғамбар Мұхаммед алейһиссаламның Аллаһу та’ала...
Бiрiншi шарт
Аллаһу та’алаға сену
Амәнту биллаһи: Аллаһу та’аланың барлығына және бiрлiгiне сендiм, иман еттiм, жүрегiммен растап (тасдиқ) тiлiммен айттым деген мағынаға келедi.
Ақида, яғни сенiмде, имандылықта хақ бiр ғана жол бар. Бұл жол “Әһли сүннәт уәл жамағат” мазһабы. Мазһаб – жол дегенді білдіреді. Дүние жүзiндегi барлық мұсылмандарға түзу жолды көрсеткен және Мухаммед алейһиссаламның осы жолын ешқандай өзгертпей кемшiлiксiз жетуiне себепшi болған төрт ғалым бар.
Намаз оқу ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына жеткен әрбір ер және әйел мұсылманға парыз. Намаздың парыз болуы үшiн мына үш шарт орындалуы керек:
1. Мұсылман болу тиіс.
2. Ақылды болу тиіс.
Әбу Бәкір (радиаллаһу анһ) пайғамбарымызға пайғамбарлығы білдірілместен бұрын сауда мақсатында Йеменге барған. Сол сапарында Йемендегі Азд тайпасынан көп кітап оқыған бір қарт адамға жолығады. Бұл қария хазіреті Әбу Бәкірге қарап: «Сен Мекке халқынансың ғой шамасы» дейді. Хазіреті Әбу Бәкір: «Иә, солай» деп екеуі әңгімені былай жалғастырады:
- Сен құрайыштансың ба? ...
Иман – Пайғамбарымыздың Аллаһу та’ала тарапынан пайғамбар ретінде бүкіл адамдарға әкелген және білдірген әмірлерінің барлығына сену және иман келтіру дегенді білдіреді.
Аллаһу та’ала бүкіл адамдарға иман келтірулерін әмір етті. Адамдар арасынан қалағандарына мейірім етіп бұлардың ақылдарына мойынсұнып иман етулерін нәсіп етті. Бұл құлдарының көңілдерін иманмен толтырды. Юнус сүресінің жиырма бесінші аятында «Аллаһу та’ала құлдарын саламаттық, бақыттылық мекені болған жаннатқа шақыруда. Қалаған адамын бұл жолға қауыштырады.» деп бұйырылды.
Сұрақ: Мұсылман болуды қалаған басқа діндегі адамдар «Мұсылман болар едік, бірақ күнде бес уақыт намаз оқу, жылда бір рет ораза тұтып аш жүру және тағы басқа да әмірлерді орындау бізге қиын болғандықтан мұсылман болмаймыз» деп айтады. Ғибадат ету не үшін қиын сияқты болып көрінеді?
Жауап: Мұсылманға ғибадаттар қиын болып көрінбейді. Мұсылман болса мұндай сөздерді айтпайды. Имам Раббани хазреттері мәктубатында былай деген: Аллаһу та’ала құлдарына істей алатын нәрселерін әмір еткен. Күші жетпейтін, қолынан келмейтін нәрсені әмір етпеген. Адамдарды әлсіз түрде жаратқаны үшін жеңілдік, оңайлық берген. Құран кәрімде: «Аллаһ сендерге жеңіл, оңай түрде әмір етуді қалады, өйткені адам әлсіз түрде жаратылған.» делінген. (Ниса 28)
Сұрақ: Бір жазушы «Иса өлген, қайтадан келмейді» дейді. Осы жөнінде мәлімет бересіз бе?
Жауап: Тәфсирлерге өтуден бұрын Ниса сүресіндегі екі аяттың мағынасына қарайық:
«Аллаһтың расулы Мәриәм ұлы Исаны өлтірдік дегені үшін яһудилерді лағнеттедік. Алайда олар Исаны өлтірмеді, аспады да, өлтірілген адам оларға Иса сияқты болып көрсетілді. Ол жайында келіспеушілікке түсетіндер сенімсіздіктің ішінде, бұл жөнінде болжамнан басқа ешқандай мәліметтері де жоқ және нақты оны өлтірмеді. Керісінше Аллаһ Исаны өзінің дәргейіне көтерді, яғни өз қорғауына алды.» (Ниса 157-158)
1. Мұсылман болу керек.
2. Әһли сүннет сенiмiнде болу керек. Сондықтан төрт мазһабтың бiреуi көрсеткен жолмен жүру керек.
3. Парыздарды орындау керек. Қаза болған намаздарды, түнде және сүннеттердің орнына қаза ету керек.