Иман дегеніміз не?

Сұрақ: Иман дегеніміз не?

Жауап:  Иман – “Әмәнту билләһи...де” білдірілген алты нәрсеге сену және Аллаһу та’аланың әмірлері мен тыйымдарын толық қабылдау, оған сену және сенгендігін тілімен айтып растау дегенді білдіреді.

ӘМӘНТУ: «Әмәнту билләһи уә Мәлаикәтиһи уә Кутубиһи уә Расулиһи уәл-яумил-ахири уә бил-қадари, хайриһи уә шәрриһи мин аллаһи таала уәл-баъсу баъдал мәути хаққун, Әшһәду ән лә илаһә иллаллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән абдуһү уә Расулүһ»

Шәһид деп кімдерді айтамыз?

Сұрақ: Шәһид деп кімдерді айтамыз? Террорист өлтірсе, жер сілкінісінен өлсе, қазіргі уақыттағы болып жататын әскери дайындықтарда байқаусызда өлтірілсе шәһид болып санала ма?

Жауап: Дін кітаптарында шәһид болудың көп түрлері білдірілген. Бірнешеуі мыналар:

1- Әһли сүннет сенімін таратуға тырысқандар шәһид болады. (Мәктубати Раббани)

Хз. Әбу Бәкір мен хз. Әлидің бір-біріне құрметі

Бір күні Әбу Бәкір Сыддық (радиаллаһу анһ) Расулуллаһтың (алейһиссалам) үйіне келеді. Ішке кірмекші болғанында Әли бин Әбу Талиб (радиаллаһу анһ) та келеді. Хазіреті Әбу Бәкір артқа шегініп «Йа Әли! Сен кір» – деді. Ол да жауап беріп, араларында ұзақ әңгіме өтеді:

Әли – Йа Әбу Бәкір! Сен кір, өйткені әр жақсылықта, әр қайырлы істе алда болған, бәрінен де озған сенсің.

Әбу Бәкір – Сен кір Йа Әли, Расулуллаһқа сен жақынырақсың.

Әли – Мен, сенің алдыңнан өте алмаймын. Өйткені, Расулуллаһтан, «Үмметімде Әбу Бәкірден жоғары ешкімге күн тумады» дегенін естідім.

Ғайыпқа иман келтіру шарт

Сұрақ: Там Илмихал кітабының иман бөлімінде Сәйид Абдулхаким хазреті иманды былай ашықтаған: “Иман – әлемге рахмет болып жіберілген Мұхаммед алейһиссаламның пайғамбар ретінде білдіргендерін ақылға, тәжірибеге және пәлсапаға жүгінбей, қабылдау және сену деген сөз. Ақылға сай болғандықтан қабылдаса, ақылын қабылдаған болады. Расулуллаһты қабылдаған болмайды. Немесе өз ақылын және пайғамбардың айтқандарын бірге қабылдаған болады, ал бұл да пайғамбарға деген иманының толық еместігін көрсетеді. Иманның толық болмауы, иманның жоқтығын білдіреді. Өйткені иман бөлінбейді. Егер ақыл расулуллаһтың білдіргенін дұрыс деп тапса онда бұл ақылдың кәміл екендігін білдіреді.”

Хазреті Әбу Бәкір

Әбу Бәкір (радиаллаһу анһ) пайғамбарымызға пайғамбарлығы білдірілместен бұрын сауда мақсатында Йеменге барған. Сол сапарында Йемендегі Азд тайпасынан көп кітап оқыған бір қарт адамға жолығады. Бұл қария хазіреті Әбу Бәкірге қарап: «Сен Мекке халқынансың ғой шамасы» дейді. Хазіреті Әбу Бәкір: «Иә, солай» деп екеуі әңгімені былай жалғастырады:

 - Сен құрайыштансың ба? ...

Бұзық наным-сенімдер

Сұрақ: Бекет атаға сену Аллаһу та’алаға серік қосу болып табыла ма?

Жауап: Әуелі серік қосудың, ширктің не екенін біліп алайық. Мұсылмандар Аллаһу тааланы бүкіл субути және зати сипаттарымен танып, "илаһ" ретінде қабылдайды. "Илаһ" - құдай деген сөз. "Аллаһтан басқа құдай жоқ" деп әр намазда қайталаймыз және бұл мәселеде иманы ең әлсіз болған мұсылманның да күмәні жоқ.