Сұрақ: Саудамен айналысамыз. Күнә істеп қоймауымыз үшін нелерге мән беруіміз керек?
Жауап: Имам Ғазали хазреттері былай дейді:
Барлық кәсіп түрінде және саудада айла, қулық жасамау парыз болып табылады.
Сұрақ: Ел ішінде “Табысы аз болса да өзі берекелі болды” және “Берекесін көр! Берекелі болсын.” деп жатады. Береке деген не? Берекенің дініміздегі орны қандай?
Жауап: Береке – аз табыстың көп пайда әкелуі, көп іске жарауы деген сөз. Аз нәрсе берекелі...
Сұрақ: Белгілі бір нәрсені істемеймін деп ант еткеннен кейін сол нәрсені істеп қойса, антты бұзғаны үшін не істеуі керек? Мысалыға “темекі тартпаймын” деп ант ішкен адам темекі тартып қойса не болады?
Жауап: Ант ішкен соң оны бұзған кісі ант каффаратын (жазасын) төлеу керек болады.
Ант каффараты үшін зекет алуы жаиз болған он кедейге бүкіл денесін жабатын бір комплект киім беріледі. Немесе аш болған он кедейге бір күнде екі рет тамақ беріледі. Он кедейге бір рет бір фитра (бір пітір=1750гр) мөлшерінде бидай, ұн беруге болады. Немесе соның құнына тең бағада мата, сүлгі, орамал, шұлық, ет, күріш, аяқ киім, дәрі немесе дұрыс бір дін кітабын яки алтын беру де жаиз. Осылардың ешқайсысына әлі жетпеген кісі арасын үзбей 3 күн ораза тұтып береді.
Сұрақ: Дінімізде аңшылықтың орны қандай?
Жауап: Аллаһу та'ала адамдар үшін әр түрлі жануарлар жаратқан. Бөдене, қоян, балық сияқты жануарлардың етін, сусар, борсық, түлкі сияқты аңдардың терісін, киіктердің терісін медицина және парфюмерия саласында қолдану, бөкендердің жұпар иісін, су асты жәндіктерінің інжу-маржанын, пілдің тісін пайдалану үшін аулау, қасқыр, доңыз, жылан, тышқан сияқты аңдардың зиянынан құтылу үшін қинамай (мысалы отқа жақпай, суға батырмай) өлтіру жаиз болып табылады.
Сұрақ: Әйелдердің әр түрлі салаларда жұмыс істеуінің зияны бар ма?
Жауап: Дінімізде әйел заты күнкөріс қиыншылығынан, уайымынан босатылған. Әйел жұмыс істеп, зорығып ақша табуға, бұл үшін бес уақыт намазын қалдыруға, басын, қолдарын ашып немесе еркектердің арасына араласып күнә істеуге мәжбүр емес. Барлық нәрсені оның аяғына алып келу мәжбүрлігі бар. Дініміз оны осылай қадірлеген.
Сұрақ: Ризық жайында мәлімет бересіз бе?
Жауап: Аллаһу та'ала әр адамның, әр жануардың ризығын ежелден тағдырға жазған, ажыратқан. Адамдардың және жануарлардың ажалдары және тыныстарының саны белгілі болғанындай, әр адамның ризығы да белгілі. Ризық мүлдем өзгермейді. Азаймайды және көбеймейді. Ешкім ешкімнің ризығын жей алмайды. Ешкім өз ризығын жеп бітірместен өлмейді. Осы жөніндегі аяти карималардан бірнешеуінің мағынасы мынадай: