Әһли хикмет ғұламалар былай деген:
Жақсы көрудің белгісі – бағыну. Жақсы көрудің дәрежесі бағынудың жылдамдығымен өлшенеді. Үлкен ғалымдардың ешбір сөзін екі рет айтқызбау керек, себебі екінші рет айтуы қауіп, ал үшіншісі пәлекет болып табылады. Бірнеше мысал келтірейік:
Әһли хикмет ғұламалар былай деген:
Ертеңге дейін жетуіміз белгісіз, алайда бүгін мүмкіндік қолымызда. Ахиретте пайдасы тиетін іс жасау үшін бүгінгі күннің қадірін білуіміз керек. Ең жақсы дос – адамға ахиретті еске түсіретін кісі. Ал ең жаманы – дін бауырын дүниелікке байлайтын...
Әһли хикмет ғұламалар былай деген:
Қиямет сондай қорқынышты күн, ол күнде жүкті әйелдер қорқыныштан балаларын түсіріп алады. Ол күні аспан бөлінеді, жұлдыздар шашылады, жер жүзі мен таулар бөлшек-бөлшек болады да, жоқ болып кетеді. Адам ол күнге...
Жылан адамды өлтіріп, жанын алуы мүмкін. Ал жаман дос адамның жанын да, иманын да алып, пәлекетке жетелейді. Өйткені «Адамның діні – досының діні секілді.» делінген.
Адам өзінің және күллі болмыстың жаратушысын тануға бейім болып жаратылған.
Кімдер дүниеде бір-бірлерін жақсы көрсе, бірге болса, ахыретте де бірге болады. Ахыретте кімдермен бірге болуды, қайда болуды қаласақ мұны дүниеде таңдап, соған қарай шешім қабылдау керек. Яғни кім болғанымыз емес, кімдермен бірге болғанымыз маңызды.
Ықылас (ихлас) – денемен немесе мал-мүлікпен жасалатын парыз немесе нәпіл бүкіл ғибадаттарды мәселен жақсылық жасауды, мұсылмандарды қуандыруды, оларды қиыншылықтан құтқаруды, зікірді, истиғфарды (әстағфируллаһ айтуды) Аллаһ разылығы үшін жасау деген сөз.
Бүкіл дұшпандықтардың достыққа айналуына үміт бар. Бірақ хаседтен (көре алмаушылықтан) туындайтын дұшпандық бұлай емес. Өйткені хаседші адам басқа адамның өзінен жақсы киінетінін, жақсы өмір сүретінін көре алмайды. Яғни оның әдеміліктерін, еңбекқорлығын, сәттіліктерін қызғанады. Ең жаманы оның басына келген ...
Әһли хикмет ғұламалары былай деген:
Аллаһу та’ала құлдарын жаннатқа шақырған кезде шақыру қағазының астындағы қолтаңба “Бисмилләһиррахманиррахим” сөзі болады. Адам алейһиссаламға алғаш келген аят - бисмилләһ. “Бисмилләһ”тың құндылықтары өте көп. ...
Аурулар физикалық және рухани болып екіге бөлінеді. Дененің ауруға шалдығуы физикалық ауруларға жатады. Ал көңілдің ауруға шалдығуы рухани ауруларға жатады және бұл физикалық аурудан әлдеқайда маңызды. Өйткені көңілдің ауруы – Аллаһу та’аланы мойындамау, күпіршілік және күнә жасау. Ал бұл өз кезегінде адамды ...
Дүние зауқ үшін, ләззат үшін жаратылмады. Зауқтану, ләззат алу үшін жаратылған мекен – ахырет. Дүниемен ахырет бір-бірінің терісі. Бірін қуанту екіншісінің ренжуіне себеп болады. Яғни бірінде зауқ іздеу, екішісінде қиыншылық тартуға себеп болады. Дүниеде ниғметтері, ләззаттары көп болғандар бұлардың шүкірін орындамаса ахыретте қатты ...
Өлу жоқ болып кету емес, дүниедегі өмірден шығу деген сөз. Аллаһу та'ала адамды белгілі болған ажалы жеткенше, ризқы біткенше және әзелде (ежелде) тағдырына жазылған амалдары біткенше бұл дүниеде ұстап тұрады. Адам өзіне жазылған ризқы мен амалы біткен кезде бұл дүниеден шығып кетеді, осы жағдайды адамның өлімі деп атайды. ...
Әһли хикмет ғұламалар былай деген:
Ықылас – барлық істі тек Аллаһ үшін жасау деген сөз. Бір істе егер ықылас жоқ болса, ол іс өз нәпсі үшін жасалған болады. Бүкіл бірліктің, ынтымақтың құлдырауының жалғыз себебі – ықылассыздық. Бір ұжымда барлық істер тек ...
Ұрлық – өзгенің мүлкін ұрлау, рұқсатсыз алу, өзгенің меншігін ақысыз (әділетсіз) түрде өз иелігіне өткізу деген сөз. Рұқсатсыз алынған және ұрланған нәрселер аз да болса, үкімдері бір және харам болып табылады. Әркімнің қолындағы меншігі оның меншігі емес екендігі дәлелденбегенше өзінің мүлкі болып қала береді. Ұрлық, күштеп тартып алу, зұлымдық ...
Аллаһу та’аланың дұшпандарын жақсы көру, адамды Аллаһу та’аладан алыстатады. Екі қарама-қайшы нәрсенің бірінен алыстамағанша екіншісіне жақындасу мүмкін болмайды. Кімде кім Аллаһу та’аланы жақсы көремін десе, бірақ Оның дұшпандарынан аулақ жүрмесе, бұл айтқан сөзіне сенуге болмайды.
Әһли хикмет ғұламалар былай деген:
Алға қойылған мақсат дұрыс таңдалса, соған қарай ғибадаттар, жұмыстар, қызметтер өз райына түседі. Негізгі мақсат – Раббымыздың разылығы. Өзгелердің разы болып-болмауы маңызды емес. Адамдардың қадірлейтін, үстем тұтатын нәрсесін қадірлеген адам – қадірсіз болады. Аллаһу та’аланың қадірлі еткен нәрселерін үстем тұтқан адам – қадірлі болады. Әр адам өз таңдауына қарай мәміле көреді. Ахыретте Аллаһу та’ала үлкен үмітпен келген кейбір құлдарын өкінішке орай жазалайды, оларға былай деп айтады:
«Ей құлым, істеген істеріңді Менің разылығым үшін істедің бе, әлде адамдар сені мақтауы үшін немесе ақша табу үшін істедің бе? Сен адамдар үшін істедің, адамдар да сені мақтады, ақша да таптың, мақсатыңа жеттің. Бірақ, Мен үшін не істедің? Достарымды Мен үшін жақсы көрдің бе? Дұшпандарыма Мен үшін дұшпандық еттің бе?»
Сұрақ: Кейбір хадис шәрифтерде белгілі бір күнәні істеп қойған адамның тура жаһаннамға, белгілі бір жақсы амалды істегеннің бүкіл күнәлары кешіріліп жәннатқа кіретіні білдірілген. Бұлардың ешқандай шарттары жоқ па?
Жауап: Хадис шәрифтерде: «Сөз тасушы жәннатқа кіре алмайды», «Ғайбат айтқан адам жаһаннамдық», «Көңілінде шаңның тозаңындай кібір болған адам жәннатқа кіре алмайды» делінген. Бұлардың мағынасы: «Сол күнәға тәубе етпеген болса, кешірім мен шапағат берілмесе, күнәсының жазасын тарпағанша жәннатқа кіре алмайды» деген сөз.
Иншаллаһ – "Аллаһу та’ала қаласа болады" деген мағынада, бүкіл істерін Аллаһу та’аланың қалауына тапсыру үшін айтылатын сөз.
Аллаһу та’аланың алдында мойынсұнғандардан болу үшін әр істе иншаллаһ деу керек! Хадис шәрифте: «Адамдар үшін иншаллаһ деуден құнды мойынсұнушылық жоқ»- делінген.
«Мынаны істеймін» немесе «Ертең мына жерге барамын» деген кезде «Иншаллаһ» деу керек. Бұл сөздің орнына қазақшадағы "Құдай қаласа", "Құдай жазса", "Аллаһ қаласа" деген тіркестерді қолдануға болады.
Адам нәпсіне бағынған сайын ешнәрсеге қанағаттанбайды, ешнәрсеге разы да болмайды, нақтырақ айтқанда разы бола алмайды. Өйткені адамның нәпсі тәңір болуға ұмтылады. Өзімен тең дәрежелі адамдардың болуын да көтере алмайды. Сол үшін де қолдағы бар нәрсеге қанағат ете алмайды, көзі әрқашан өзгенің мал-мүлкі мен мансабында болады. Дүние-мүлік, мансап, лауазым тұрғысынан өзінен жоғарыларды көргенде көре алмаушылықтан жүйкесі жұқарады. Оларды қызғанып, жамандап, ғайбат етеді. Қателік артынан қателік жасайды. Өзінің де өзгенің де жанына тыныштық бермейді.
Иман – Пайғамбарымыздың Аллаһу та’ала тарапынан пайғамбар ретінде бүкіл адамдарға әкелген және білдірген әмірлерінің барлығына сену және иман келтіру дегенді білдіреді.
Аллаһу та’ала бүкіл адамдарға иман келтірулерін әмір етті. Адамдар арасынан қалағандарына мейірім етіп бұлардың ақылдарына мойынсұнып иман етулерін нәсіп етті. Бұл құлдарының көңілдерін иманмен толтырды. Юнус сүресінің жиырма бесінші аятында «Аллаһу та’ала құлдарын саламаттық, бақыттылық мекені болған жаннатқа шақыруда. Қалаған адамын бұл жолға қауыштырады.» деп бұйырылды.
Исламға толық мойынсұну – ілім, амал және ықыласпен жүзеге асады. Сондықтан ғибадаттарды ықыласпен жасау керек. Аллаһу та’ала дұрыс және ықыласпен ғибадат еткендерді жақсы көретінін, бұлардың көңілдеріне дүниеде файз-берекелер, нұрлар жаудыратынын, ал ахыретте сауап яғни жақсылық беретінін уәде еткен.
Хазреті Абдуллаһ Руми хазреті Әбулләйс Самарқандиден нақыл етіп былай дейді:
Бір заманда Бағдатта байлар қажылыққа ниет етіп, олардың керуеніне бір кедей де қосылып жолға шығады. Керуендегі байлардың бірі кедейді кекете сөйлейді:
Иманды күшейтетін көп нәрсе бар. Бұлардан бірнешеуін білдірейік:
1) Жақсы мінезді болу.
2) Үнемі Аллаһу та’аланы еске алу.
3) Ықыласты болу.
Қиянат - өзін өзгелерге сенуге болатын, адал адам ретінде танытып, кейін сол артылған сенімді ақтамайтын тірлік істеу деген сөз. Бұл өте жаман мінездердің бірі. Қиянатшы – аманатқа қиянат жасайтын, жамандық жасайтын адам. Мұсылман болсын, кәпір болсын кез-келген адамға қиянат жасау үлкен күнә болады. Хадис шәрифте: «Сенімді болмаған адамда иман жоқ. Уәдесінде тұрмаған адамда дін жоқ.» делінеді.
Бұл хадис шәрифті әһли сүннет ғұламалары “аманатқа қиянат жасаған адамның иманы кәміл болмайды, бұл нәрсеге мән бермесе иманы кетеді” деп түсіндірген.
Сүннет сөзінің дінімізде үш түрлі мағынасы бар. Кітап және сүннет бірге айтылғанда кітап - Құран кәрім, ал сүннет - хадис шәрифтер дегенді білдіреді. Парыз және сүннет делінгенде парыз - Аллаһу та’аланың әмірлері, сүннет болса - расулуллаһ алейһиссаламның әмірлері дегенді білдіреді. Сүннет сөзі жалғыз аталғанда Ислам дегенді білдіреді. Фиқһ кітаптарында сүннет сөзінің мағыналары осылай білдірілген. Исламға мойынсұну үшін әмірлерді орындап, тыйымдарынан және бидғаттардан сақтану керек.
Дұға – тілеу, жалынып-жалбарыну, сұрау дегенді білдіреді. Кез-келген адамның өз қалауларының жүзеге асуы үшін немесе басқа адамның өз тілегеніне қауышуы үшін Аллаһу та’алаға жалбарынуы деген сөз. Аллаһу та’ала Мүмин сүресінің алпысыншы аятында: «Маған таза (ықыласты) жүректеріңмен дұға етіңдер. Дұғаларыңды қабыл етемін.» деп бұйырған. Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уәсәлләм”: «Аллаһу та’аланы ұмытып, ғафлетпен (ықылассыздықпен) етілген дұға қабыл болмайды.» деген.
Нәпістің көкірегін басып қоятын және оған ең ауыр тиетін нәрсе, біреудің айтқан хақ сөзін мақұлдап “иә, дұрыс” деп айту. “Әлхикәм-үл Атаийе” кітабында: «Екі жұмыстан нәпісіңе ауыр келетінін істе! Өйткені хақ (дұрыс) болған іс нәпіске ауыр келеді.» делінген. Хадис шәрифте былай делінеді: «Амалдардың ең үстемі – нәпіске ең ауыр тиетіні.»
Хазреті Юсуф бин Әсбат: “Қарапайымдылықтың белгілерінің бірі – айтқан адам кім болса да, хақ сөзді мойындау.” деген.
Мейірімділік – жан ашырлық дегенді білдіреді және бұл ризықтың бір түрі. Ризықтар материалдық және рухани болып екіге бөлінеді. Материалды ризықтарға қауыштыратын себептер болатынындай, рухани ризықтарға да қауыштыратын себептер болады.
Рухани ризықтардың негізі – иман. Дененің аштығын басу үшін азығын қамтамасыз етіп жүрген адам, рухының аштығын басу үшін де себептерге жабысады және бұл жолда тырмысатын болса, иманға байланысты болған бұл рухани ризыққа да қол жеткізеді. Аллаһу та’аланың әмірлеріне мойынсұнылмаса, тыйым салғандарынан тыйылмаса, материалдық және рухани ризықтар азаяды. Өйткені Таха сүресінің жиырма төртінші аятында «Мені ұмытсаңдар ризықтарыңды азайтамын» деп бұйырылған.
Иманның шарты алты, бұлар – сенілетін нәрселер... Бұл алты шартқа сендім деумен пайда болған иманның жалғасуы үшін, қосымша тағы басқа нәрселер де бар. Мысалы ғибадаттар иманның шарты болмаса да, парыз екеніне сену иманнан. Намаздың парыз екеніне сенбеген адамның иманы болмайды.
Иманның негізі және ең үлкен белгісі болып табылатын тағы бір шарт бар. Бұл шарт – хубби филлаһ және буғди филлаһ. Яғни Аллаһу та'аланың жақсы көргендерін жақсы көру және Аллаһу та’аланың жақсы көрмегендерін жақсы көрмеу деген сөз. Өйткені хадис шәрифте «Дүниеде бір-бірін жақсы көргендер – ахыретте бірге болады» делінген. Аллаһу та'аланың сүйікті құлдарын жақсы көргендер, соңғы демінде иманмен өледі. Және Махшар алаңында сол жақсы көргендерінің қасында тіріліп, ахырет өмірінде солармен бірге болады. Сондықтан кімді жақсы көру керектігін және де кімді жақсы көрмеу керектігін жақсылап біліп алу керек. Кім болғанымыз емес, кіммен болғанымыз маңызды.
Әһли хикмет ғұламалар былай деген:
Аллаһ үшін жасалған әрбір істе махаббат болады. Дүниелікті көздеп орындалған істе махаббат болмайды. Шынайы махаббат Аллаһтан келеді. Бұған Аллаһ разылығын көздеп әрекет ететіндер, достық құрғандар және үйленгендер қауышады. Нәпсін қандыру үшін құрылған некеде шынайы махаббат болмайды. Ол неке қысқа уақытта сотта бітуі мүмкін. Өйткені мұның іргетасы дұрыс қойылмаған. Саудада да осылай. Көптеген мекемелер құрылуынан біршама уақыт өткеннен кейін қайтадан тарап кетуде. Өйткені арадаға мақсат – Аллаһтың разылығы болмауымен қатар, сүйіспеншілік пен бірлік те Аллаһ разылығы үшін болмаған.
Адам денесінде статикалық электр теңдігі болады. Дененің саулығы осы электр теңдігінің деңгейімен тікелей байланысты. Бұл теңдіктің бұзылуына психологиялық күйзелістер, климат, киім-кешек, өмір сүру шарттары және жұмыс орнындағы келеңсіздіктер әсер етеді. Бұл электр деңгейі ашу халінде қалыпты жағдайынан төрт есеге артып кетеді. Адам ашуға булыққанында сөздеріне де, әрекеттеріне де ие бола алмай қалады және мұндай хал адамды күпірге де түсіруі мүмкін. Сол себепті расулуллаһ алейһиссалам «Ашу иманды бұзады» деп бұйырған.
Нақты білмей тұрып, кез-келген адам жайлы жаман деп ойлау және солай деп шешім қабылдау жаман мінез болып табылады. Бұлай ойлау харам және үлкен күнә болады. Өйткені Құран кәрімде: «Ей иман келтіргендер, суизан етуден (біреу туралы жаман ойлаудан) өздеріңді сақтаңдар! Ойлаудың кейбірі күнә болады.» деп бұйырылған.
Расулуллаһ алейһиссалам бір хадис шәрифінде: «Суизан етпеңдер! Суизан қате шешім қабылдауға себеп болады. Адамдардың жасырын нәрселерін іздестірмеңдер, кемшіліктерін көрмеңдер, талас-тартыс, күншілдік және дұшпандық етпеңдер, бір-бірлеріңді шағыстырмаңдар, бір-бірлеріңді бауырдай жақсы көріңдер! Мұсылман – мұсылманның бауыры. Оған зұлымдық етпейді, көмек береді. Оны өзінен төмен көрмейді.» деп бұйырған.
Сүйікті пайғамбарымыз «Пайғамбарды еске алу ғибадат. Салихтарды еске алу күнәларға каффарат (өтеу). Өлімді ойлау садақа. Қабірді ойлау жәннатқа жақындатады» деген. Үлкен әулиелердің есімдері аталған жерге рухтары келеді және бұл жерге рахмет (мейірімділік) жауады. «Салихтар еске алынған жерге рахмет жауады» хадис шәрифі осыны көрсетеді. Бұл үмметтің әулиелерінің рухы келетін болса, Расулуллаһ алейһиссаламның есімі аталғанда рухы әлбетте келеді. Намазда «Әссәләму алейка йа әййуһәннәбийу» деп Расулуллаһқа сәлем береміз. Сол сәтте Расулуллаһ келеді, «Маған сәлем берген кім?» деп қарайды, сол кісіні көреді және ендігәрі оны ұмытпайды.
Аллаһу та’ала өлімнен басқа барлық аурулардың дауасын, шипасын жаратқан. Барлық қиыншылықтардың, барлық қасіреттердің шарасы бар. Барлық нәрсе бір себеппен жаратылған. Бір нәрсеге қауышқысы келетін адам ол нәрсенің себебіне жабысады. Кез келген нәрсенің себебіне жабысқан адам ол нәрсенің нәтижесіне қауышады.
Барлық дерттің, аурудың, қиыншылықтың дәрісі, шешімі бар болғаны секілді, жамандықтардан құтылудың да жолы, шешімі бар. Дұрыс оқылған намаз барлық жамандықтан құтылудың жолы болып табылады. Өйткені Анкебут сүресінің 45-ші аятында «Дұрыс оқылған намаз адамды үлкен күнәлардан және Аллаһу та’аланың разы болмаған нәрселерінен қалайда алыстатады.»делінеді.
Хазреті Шахи Нақшибәндтің бір шәкірті ұстазынан нәпсінің жамандықтарын естіп, бір күні таудың шетіне бір таса жерге келіп, «сенің жамандықтарың үшін» деп басын әр жерге соққылап, өзін ұра бастайды. Ол жерге бір салих кісі келіп «Не істеп жатсың балам?» дегенінде, өз нәпсін жазалау мақсатымен өзін қинап жатқанын айтады. Сонда ол кісі «Балам нәпсің саған емес, Аллаһқа дұшпан, пайғамбарға дұшпан, дінге дұшпан! Сен егер нәпсіңе дұшпандық етпек болсаң, оның жолы бар. Нәпсің сені қай жағынан алдап жатса, сен оны сол жағынан ұр. Сен алдымен дұшпаның қай жерден шабуылдайтынын біл, кейін оның алдын алып шарасын қамдан! Оның дұшпандығынан сақтану үшін дініңді үйрен! Сен өзіңді ұру арқылы оны одан сайын күлдіріп, қуантып жатсың.» дейді. Кейін «Менің мына айтқандарымды Аллаһ разылығы үшін істейтін болсаң сонда нәпсің тәрбиеге келеді.
Әһли хикмет ғұламалар былай деген:
Имам Раббани хазреттері: «Аллаһу та'аланың разылығын алу үшін Оның әмірлерін Ол бұйырғандай орындау керек. Осылай істеген адам Раббына құлшылық жасаған болады. Ал Оның әмірлерін өзі қалағандай орындаған адам өз нәпсіне құл болған болады. Нәпсіне құл болғандар тозаққа, ал Раббына құл болғанда жәннатқа кіреді»деген.
Адамдардың бүкіл істерін, қалап немесе қаламай жасаған барлық іс-әрекеттерін Аллаһу та'ала жаратуда. Құлдарының қалап жасаған әрекеттерін, істерін жарату үшін құлдарына таңдау еркіндігін берген. Бұл таңдау мен қалауларын олардың істерін жаратуға себепші қылған. Құлдарының қалаған істерін, олардың сол істерді таңдап, қалағандары себепті жаратуда.
Адам ақылын қолданып Жаратқанын таниды, Оған иман етеді, әмірлерін орындап тыйымдарынан сақтанады, таңдау еркіндігін осы тәсілмен қолданса Аллаһу та'аланың құлы болады және жұмаққа кіреді.
Уақыт – өте құнды және шектеулі. Адамға бір рет қана берілуде, қайта айналып келмеуде. Сондықтан уақытты ең құнды амалдармен өткізу керек. Өйткені пайғамбарымыз (салаллаһу алейһи уә сәлләм) «Ертең істеймін деген адам құрыды, зиян етті» деген.
Ибн Қайз хазрет өзімен көріскісі келген кісілерге: “Алдымен уақытты тоқтатыңдар, біз де сендермен әңгімелесейік. Алайда уақыт зымырап өтуде және қайта айналып келмеуде. Уақытты жоғалту, ең қиын нәрсе, оның орнын толтыру мүмкін емес” деген.
Әһли хикмет ғұламалар былай деген:
Дүниенің, өмірдің қиял, түс екеніне еш күмән жоқ, өйткені пайғамбарымыз бір хадис шәрифінде: «Адамдар ұйқыда, өлген кездерінде оянады» деген. Адам түсінде өте бай болуы мүмкін, жоғары мансап, абырой иесі болуы да мүмкін, көп нәрсе істеуі мүмкін, бірақ оянған кезде бәрі бітеді. Оянған кезде «Менің соншама мүлкім бар еді, мансабым, абыройым бар еді» деуінің қандай мәні болады? Осы сияқты адамдар да өлген кезде мал-мүлкі, байлығы, бала-шағасы, әйелі, бәрі дүниеде қалады. Адамдар өліп оянған кезде «Біз қайда келдік, бұл қай жер? Біздің мал-мүлкіміз, мансабымыз бар еді, туыстарымыз, достарымыз бар еді, олардың бәрі қайда?» десе де ешқандай мәні болмайды.
Хиджр – достықты тәрк ету, араздау, ренжісу деген сөз. Мұсылманның дін бауырына ренжіп, ашуланып үш күннен көп араздауы харам болып табылады. Мұсылмандар исламға мойынсұнбаса оларға араздау, мұсылмандық міндетіне шақыру парыз. Хадис шәрифте:«Мұсылманның мұсылманға үш күннен артық хиджр етуі, араздауы халал болмайды. Үш түннен кейін оған барып сәлем беруі уәжіп болады. Сәлеміне жауап берсе ортақ сауапқа ие болады. Жауап бермесе күнәсі оған болады» делінген.
Адам ашық қолды, береген болуға дағдылануы керек. Өйткені бір күні ең қымбат нәрсесі болған жанын, рухын береді. Егер адам жомарттықты әдетке айналдырса, жан тапсыруы оңай болады. Дініміз алуды емес, беруді әмір етуде. Адамдардан келетін зияндарға сабыр ету, олардың көрсететін қысымдарына төзу, оларға көмектесу, ауырларын жеңілдету және осы сияқтылардың барлығы өз рахаттын өзгелер үшін құрбан ету, яғни берегендік болып табылады. Хадис шәрифте былай делінді: «Мына үш нәрсе үшін ант етемін: Садақа берумен ешқандай дүние-мүлік кемімейді. Олай болса садақа беріңдер! Зұлымдық еткен адамды Аллаһ разылығы үшін кешірген адам дүниеде де, ахыреттеде үстем болады. Олай болса кешіріңдер! Сұрау (тіленушілік) есігін ашқан адамға Аллаһу та’ала кедейлік есігін ашады.»
Нәпіс (нәфс) – адаммен жында жамандықтың көзі ретінде жаратылған. Адамдар арасында жамандықтың негізі ретінде жаратылған нәпіс үшін: «Аллаһу та’ала нәпісті жаратпағанда адамдар оның алдауынан құтылар еді. Ешкім жамандық жасай алмас еді, бәрі жаннатқа барар еді» деп айтылып жатады.
Бұл жайлы ислам ғалымдарының ұлыларынан хазреті Имам Раббани былай деген: «Бұл дүниедегі барлық нәрседе Аллаһу та’аланың әрі рахмет сипаты, әрі қаһар (ашу) сипаты көрінуде. Су адамдардың, жануарлардың, өсімдіктердің өмір сүруі, тазалығы, тамағы және дәрі-дәрмегі үшін керек болғаны секілді теңізде мыңдаған адам тұншығып өлуде, су тасқындарының салдарынан қаншама үйлер қирауда. Суық су ішкен адам ауруға шалдығуда.
Исламға толық мойынсұну – ілім, амал және ықыласпен (ихлас) жүзеге асады. Барлық сөзде, барлық жағдайда және барлық әрекетте өздігінен пайда болатын ықылас “мұхлас” адамға нәсіп болады.
Ықылас (ихлас) – халис, таза ету, ниетті тазарту, дүниелік пайдаларды ойламай бүкіл істерді, әрекеттерді тек Аллаһ үшін жасау дегенді білдіреді.
Ықылас денемен немесе мал мүлікпен жасалатын бүкіл парыз немесе нәпіл ғибадаттарды, мәселен жақсылық, қайырымдылық жасау, мұсылмандарды қуанту, оларды қиыншылықтан құтқаруды, зікірді, истиғфарды Аллаһ разылығы үшін жасау деген сөз.
Ислам – әдептілік және жақсы мінез діні. Пайғамбарымыз «Жақсы мінездерді толықтыру үшін, жақсы мінездерді дүниеге жаю үшін жіберілдім.» деп бұйырған. Расулуллаһ алейһиссалам тағы «Сендердің иман жағынан кәміл болғандарың мінезі жақсы болып, адамдарға жақсылық жасағандарың» деп тіпті иманды да мінезбен және адамдарға пайдалы болумен өлшеген.
Аллаһу та’ала Құран кәрімде пайғамбарымызды «Ақиқатта сен үстем мінез иесісің.» деп бұйырып, мінез-хұлқын мақтаған.
Адамның қадірі (абыройы) – ілімі және әдептілігімен өлшенеді. Дүние-мүлкі, мансабы немесе тегімен емес. Пайғамбарымыз "алейһиссалам": «Адамдардың ең қадірлісі – мұсылмандардың ғұламалары» деп айтқан.
Өзін Аллаһу та'аланың әр мезетте көріп тұрғанын білетін адам күнә жасаудан ұялады, Оның азабы мен жазасынан қатты қорқады. Істеген барлық нәрсесінен Аллаһу та'аланың есеп алатынын білгендігінен ешбір демінің өзін босқа жібермейді. Хазреті Мәулана Жәлаладдин Румидің әйелі былай баяндайды:
Кешіре гөр Йа Раббым.