Сұрақ: Күпірге түспеу үшін кеңес беретін дұғаңыз бар ма?
Жауап: Күпірге түспеу үшін таңертең және кешке оқылатын дұға:
«Аллаһуммә инни ә’узу бикә мин ән-ушрикә ...
Сұрақ: Ислам дініне және Құран кәрімге мойынсұну үшін және дінімізді үйрену үшін Құран кәрімнің аудармасын, тәфсирін оқу керек пе?
Жауап: Ислам дініне, Құран кәрімге мойынсұну үшін және дінді дұрыс үйрену үшін Құран кәрімнің аудармасын, тәфсирін емес, тек ...
Сұрақ: Құранда болмағанымен намазда Сүбһанака, әттаһияту, салли-барик дұғалары неліктен оқылады? Егер хадистерде бар десеңіз мен хадистерге сенбеймін. Өйткені хадистер Әмәуи арабтарының ойдан шығарғандары. Салли-барикті оқумен адам Расулға табынған болмай ма? ...
Сұрақ: Дінді түсіне алу үшін басқалардың (пайғамбардың, сахабалардың және ғалымдардың) ақылы мен көзқарасына жүгінбестен, өз ақылымызбен амал етуге тырысуымыз керек. Аллаһ құлдарына жақсы мен жаманды ажырату қабілетін (фурқан, ақыл) берген. Осындай қабілетімізді қолданбастан, пайғамбар, сахаба, ...
Сұрақ: Күпірге түспеу үшін кеңес беретін дұғаңыз бар ма?
Жауап: Күпірге түспеу үшін таңертең және кешке оқылатын дұға:
«Аллаһуммә инни ә’узу бикә мин ән-ушрикә ...
Сұрақ: Дінімізде аңшылықтың орны қандай?
Жауап: Аллаһу та'ала адамдар үшін әр түрлі жануарлар жаратқан. Бөдене, қоян, балық сияқты жануарлардың етін, сусар, борсық, түлкі сияқты аңдардың терісін, киіктердің терісін медицина және парфюмерия саласында қолдану, бөкендердің жұпар иісін, су асты жәндіктерінің інжу-маржанын, пілдің тісін пайдалану үшін аулау, қасқыр, доңыз, жылан, тышқан сияқты аңдардың зиянынан құтылу үшін қинамай (мысалы отқа жақпай, суға батырмай) өлтіру жаиз болып табылады.
Сұрақ: Тауықтың жемдеріне қан араластырылатыны айтылып жатады. Мұндай жем жеген тауықты жеу жаиз ба?
Жауап: Көрмей тұрып, кесіп айту, үкім беру дінімізде жаиз емес. Бір нәрсенің нәтижесі өз көзімен көріп немесе салих, әділ мұсылманның айтуымен белгілі болады. Бірақ, сұрастырып-іздестірудің қажеті жоқ. Нарықтағы тауықтардың бір бөлігіне ондай қулық жасалып жатқандығы байқалса да, қалған бөлігіне де сондай қулық жасалып жатқандығы нақты айтыла алмайды. Бір тауықтың нәжіс жегені нақты білінген кезде, ол тауықты үш күн бөлек жерде ұстап, таза (нәжіс емес) жеммен бағылады. Осы үш күнде тауықтың ішіндегі нәжіс химиялық өзгеріске ұшырайды. Үш күннен кейін бұл тауықты жеу халал болады.
Сұрақ: Дінімізде мута некесі бар ма?
Жауап: Мута некесі төрт мазһапта да харам болып табылады. Мута некесі –бір әйелге куәгерсіз, белгілі бір мөлшерде ақша беріп, белгілі бір уақыт бірге өмір сүруге келісім жасау деген сөз. Мута некесінің харам екендігі жайлы барлық ғұламалар арасында ауызбірлігі орнағаны Мизанул күбра және Ибн Абидин кітаптарында жазылған.
Имам Табарани былай білдірген:
Сұрақ: Дінімізде нәсілге бөліну деген нәрсе бар ма? Негрге, неміске, жапонға, сығанға, суннитке, шиитке, христианға, буддистке, атеистке үйленудің қауіп-қатері бар ма?
Жауап: Еркек пен әйел үшін үкімдер әр түрлі болады. Дінімізде мұсылман еркектің кітапты кәпір (христиан немесе яһуди) әйелмен үйленуі тахримән мәкрух болса да жаиз болады. Бірақ мұсылман әйелдің кітапты кәпір еркекпен үйленуі жаиз емес. Үйленуге ниет еткеннен бастап мұсылмандықтан шығады. Мұсылман еркек те, мұсылман әйел де буддистпен, атеистпен үйлене алмайды. Үйленген адам мұсылмандықтан шыққан болады.
Сұрақ: Дінімізде көшеде жүру әдебі де білдірілген бе?
Жауап: Дінімізде кемшілік жоқ. Жүру, отыру, тұру, жату, сөйлеу әдебі сияқты адамға пайдалы немесе зиянды болған әр нәрсе ең нәзік егжей-тегжейлілігіне дейін білдірілген. Басқа діндерде мұндай нәрселер жоқ. Жүру әдебіне қатысты Құран кәрімде былай делінген:
«Тәкаппарланып жүрме!» (Лоқман 18)
«(Тым ақырын емес, жүгіріп те емес) орташа жылдамдықпен жүр!»(Лоқман 19)
«Рахман болған Аллаһу та’аланың (салих) құлдары жер бетінде салмақты және қарапайым болып жүреді.» (Фурқан 63)
«Жер бетінде тәкаппарланып жүрме, өйткені сен кібірленетіндей жерді қопара алмайсың және таудай биік емессің.» (Исра 37)