Cұрақ: Бірінші әйелім екінші әйел алуға келіспейді не істеуге болады шариғат мұндай жағдайда не айтады?
Жауап: Діни кітаптарда айтылуы бойынша: «Төртке дейін үйлену уәжіп, тіпті мандуб (мүстаһаб) та емес. Тек қажеттілік туындағанда ғана рұқсат етілетін тірлік. Бірден артық үйлену дініміздің әмірі емес. ...
Әйел ақысы
Әйелінің жақсы мінезді болуын қалайтын адам, алдымен өзі жақсы мінезді болуы керек! Құран кәрімде адамға келетін қиыншылықтар өзінің жасаған күнәларының себебімен келетіні білдірілген. Олай болса дініміздің әмірін орындап, тыйымдарынан ұзақ болғандар әйелімен жақсы қарым-қатынаста болады.
Фудайл бин Ияд хазреттері былай деген:
«Дінге сай болмаған іс жасағанымды әйелімнің мінез өзгерісінен аңғаратын едім. Дереу ол ісіме тәубе еткенімде әйелімнің мінезі де дұрысталатын. Осылай тәубемнің қабыл болғанын түсінетін едім.»
Жұмыс орнындағы, көшедегі, үйдегі ұрыс-керістерді алып қарасақ көбінің негізгі себебі түкке тұрғысыз, болмашы нәрселер екенін көреміз. «Неге жүзімнің дәні бар, неге жаңғақтың қабығы бар...» деп әр болмашы нәрсеге тұтылып, барлық нәрседен кемшілік іздеп, ешнәрсені ұнатпау ара-қатынастың бұзылуына жол ашады.
Көп адам, жоғары қабілеттілігі, ой-өрісімен түсінігі кең болуына қарамастан маңызсыз, мәнсіз нәрселерге кідіріп өздерінің сәттілікке апаратын жолдарын өздері жабады. Маңызсыз нәрселерді аттап негізгі мақсатына өте алмайды. Әсіресе бұл жағдай бүгінгі басшыларда көп кездеседі. Бір жақта миллионның есебімен әуре болып жатқанда, басқа жағынан миллиардтар өтіп кеткенінен хабары да болмайды.
Сұрақ: Дініміз бойынша некенің сахих болуы үшін, шарттары қандай?
Жауап: Бұл шарттарының біріншісі – мұсылман қыздың мұсылман еркекке үйленуі. Мұсылман болмаған еркекке үйлене алмайды. Үйленуге шешім қабылдаған сәтте кәпір болады. Өйткені Аллаһу та’ала «Үйленуге болмайды» деген. Үйленген адам осы әмірге қарсы шыққан болады. Мұсылман еркек те дәл осылай мүшрик, дінсіз әйелге үйлене алмайды. Ол да үйленуге шешім қабылдаған сәтте кәпір болады.
Сұрақ: Екі баламыз бар – бір ұл, бір қыз. Екеуі де өтпелі жасына келді. Бірақ соңғы бір-екі жылда қатты өзгерді, ашушаң болып кетті, насихатты тыңдамайды, сөз қайтара бастады, тіпті бізге ұрсатын болды. Осы жағдайға байланысты күйеуім екеуіміз бала тәрбиесіне қатысты кітаптарды оқыдық, бұл нәрселер өтпелі жас үшін қалыпты жағдай екен, махаббатпен, мейіріммен қарау керек, оларға дос болу керек екен. Мұны да сынап көрдік, бірақ ештеңе өзгермеді. Сіздің бізге айтар кеңесіңіз бар ма?
Жауап: Диагноз дұрыс қойылмаса, ем де қате болады, әрі ешқандай нәтиже бермейді. Бір бала ақылы кіріп балиғатқа толған кезде, яғни ер жету, бой жету жасына келгенде мукәлләф болады, яғни дініміздің бүкіл әмірлері мен тыйымдарынан жауапкер болады. Иманның шарттарын, яғни «Әмәнту...»-ды мағынасымен бірге түсініп айтуы, Исламның бес шартына сенуі, міндеттерін орындауы парыз болады. Ғұсыл алуы, дәрет алуы, намаз оқуы парыз болады. Ата-аналар мен жастар бұған мән бермейтін болса, күнәға түсуімен қатар, тыныштық та таппай кетеді.
Сұрақ: Үйленетін ниеті бар қызбен жігіттің жақсы ниетпен "флиртовать етуі", бір-бірін жақсы тану үшін жүруі, кездесіп, сөйлесіп тұруы, некесіз бірге өмір сүруі неліктен дұрыс емес?
Жауап: Үйленетін жастардың флирт деп аталатын жүріске қажеттілігі жоқ. Керісінше бұлай жүрудің көптеген зияндары, қауіптері бар:
Мұндай жүрулерде тұзақ бар. Мұндай жүрушіліктердің көпшілігінде жігіт қызды алдап, мақсатына жеткеннен кейін тастап кетеді.
Cұрақ: Үйленген алғашқы айларда ара-қатынасымыз, сыйластығымыз жақсы еді. Бір-бірімізді жақсы түсінетін едік. Ал қазір күннен күнге әйелімнің мінезі нашарлап кетті. Күнде ұрыс-керіс бітер емес. Әйелімнің мінезін қалай жөндеуге болады немесе осы себепті ажырассақ қалай болады?
Жауап: Күйеуінен шағымданған әйелдер, әйелінен шағымданған күйеулер дерттеріне дауа іздеп осыған ұқсаған сұрақтар қойып, кеңес сұрап жатады. Дінімізде адамға өмір бойы керекті ілімдер білдірілген. Қалай тұру керек, қалай жүру керек, мұсылман қандай болуы керек, әркімнің орны қандай, міндеттері қандай, әйелдердің міндеттері, күйеудің міндеттері т.б. Сайтымызда бұларды тұрақты түрде жазып келеміз. Алайда айтумен жазумен ешнәрсе өзгермейді. Аз да болса адамдардың өздерінің бұған мойынсұнулары, мән берулері керек...
Сұрақ: Неліктен Аллаһ Құранда «Әйелдерді ұрыңдар» дейді?
Жауап: Бір құмырсқа, тіпті бір бидай дәнін жарата алмайтын адам баласы әлемді жаратқан ұлы Раббымыздың әмірін қай хақысымен сұраққа тарта алады? Аяттың бір бөлігін ғана емес, толығын алу керек. Бұл аяти кариманың мағынасы мынадай:
Сұрақ: Мен дүниеге перзент әкелмеген әйелмін. Бала асырап алғым келеді. Қалай істесем болады?
Жауап: Асырап алынған бала өскен кезде ұл бала болса сізге, қыз бала болса күйеуіңізге бөтен болады. Ал бөтен адаммен бірге қалу жаиз емес. Осы тұрғыдан бала асырап алатын кезде бауырларыңыздан бірінің баласын немесе күйеуіңіздің бауырларынан бірінің қызын алатын болсаңыз, ешқандай мәселе қалмайды.
Немесе асырап алынған ұл сәби әпке-сіңіллеріңіздің бірін немесе бауырларыңыздан бірінің әйелін еметін болса, сіздің жиеніңіз болатындықтан, сізге бөтен болмайды.
Сұрақ: Некені қалай жаңартуға болады?
Жауап: Неке жаңарту дегеніміз – жаңадан неке қию деген сөз. Мұны мешітке имамның алдында жасау қажет емес. Жалғыз бір адамның некені жаңартуы жеткіліксіз. Еркек пен әйелінің екі еркек немесе бір еркек пен екі әйел куәгер жанында неке жаңартулары керек. Оңай болу үшін некені жаңалау үшін жұбайынан өкілдік алу керек.
Некені жаңалау үшін әйелінен өкілдік алғаннан кейін екі еркек куәгердің жанында «Бұрыннан бері некеде болған әйелімді, оның тарапынан өкілі ретінде және өз тарапымнан асыл ретінде оны өзіме некеледім» делінсе, неке жаңаланған болады. Егер алдыңғы неке сахих (дұрыс) болмаған болса, онда осы неке сахих болады. Еркек әйелінен өкілдік алмастан куәгерлердің алдында неке жаңарта алмайды.
Сұрақ: Баланың ата-анасында болған ақылары қандай?
ЖАУАП: Біршамасы мыналар:
1) Болашақта бала анасымен жамандалмауы үшін, балаға ана болатын қызды жақсы жерден таңдау керек. Салиха қыз болуына үлкен мән беру керек!
2) Балаға жақсы есім қою керек! Хадис шәрифте: «Балаға жақсы есім қою – перзенттің әкесіндегі ақыларынан» делінген. (Бәйһақи)
Сұрақ: Бөтен әйелдерге қарау күнә ма?
Жауап: Махрем болмаған әйелдерге де, еркектерге де қажетсіз және шаһуетпен қарау күнә болады. Бір аят кариманың мағынасында былай делінген:
«Ей Расулым, мүминдерге айт, харамға қарамасын және әурет жерлерін харамнан сақтасын! Иманды болған әйелдерге де айт, харамға қарамасын және әурет жерлерін харамнан сақтасын!» (Нур 30)
Хадис шәрифтерде де былай делінген: «Еркектің әйелге, әйелдің де еркекке (шаһуетпен) қарауы харам.» (Табарани)
Сұрақ: Дүниеден өткен, қайтыс болған ата-ананың ақысы қалай өтеледі?
Жауап: Төмендегілерді орындауға тырысу керек:
Намаздардан кейін дұға етіп, сауаптарын ата-ананың рухына бағыштау керек. Хадис шәрифте былай делінген:
«Ата-анасына қарсы келген адам, олар қайтыс болғаннан кейін, оларға дұға етсін, Аллаһу та'ала оны ата-анасына мойынсұнғандар қатарынан жазады.» (Ибни Әбиддуниа)
Сұрақ: Дінімізде мута некесі бар ма?
Жауап: Мута некесі төрт мазһапта да харам болып табылады. Мута некесі –бір әйелге куәгерсіз, белгілі бір мөлшерде ақша беріп, белгілі бір уақыт бірге өмір сүруге келісім жасау деген сөз. Мута некесінің харам екендігі жайлы барлық ғұламалар арасында ауызбірлігі орнағаны Мизанул күбра және Ибн Абидин кітаптарында жазылған.
Имам Табарани былай білдірген:
Сұрақ: Дінімізде нәсілге бөліну деген нәрсе бар ма? Негрге, неміске, жапонға, сығанға, суннитке, шиитке, христианға, буддистке, атеистке үйленудің қауіп-қатері бар ма?
Жауап: Еркек пен әйел үшін үкімдер әр түрлі болады. Дінімізде мұсылман еркектің кітапты кәпір (христиан немесе яһуди) әйелмен үйленуі тахримән мәкрух болса да жаиз болады. Бірақ мұсылман әйелдің кітапты кәпір еркекпен үйленуі жаиз емес. Үйленуге ниет еткеннен бастап мұсылмандықтан шығады. Мұсылман еркек те, мұсылман әйел де буддистпен, атеистпен үйлене алмайды. Үйленген адам мұсылмандықтан шыққан болады.
Сұрақ: Жаңа Зеландиядан жазып жатырмын. Бір досым өзі зина жасаған әйелмен үйленгісі келеді, бірақ әйел жүкті екен. Бұл жақтағы молдалар «Жүкті болған әйелмен некелесу жаиз емес» деп жатыр. Зинадан жүкті болған әйелмен некелесу жаиз емес пе?
Жауап: Зинадан жүкті болған әйелмен некелесудің, яғни оған үйленудің жаиз екендігі Бәдаи, Бахр-ур раиқ, Ибн Абидин, Хиндийасияқты сенімді кітаптарда білдірілген.