Хазреті Омар халифалығы кезінде бір түні қаланың тыныштығын тексеріп, қадағалау үшін көшелерді аралап жүр еді. Қарауытқан түнде келе жатып бір үйден қатты шыққан дауыстарды естиді. Бір ана қызына былай деп жатқан еді:
– Қызым ертеңгі сатылатын сүттерге су...
Абдуллаһ Бин Хүзафе және оның сексенге жуық жолдасы Византиялықтарға тұтқынға түседі. Оларға император тарапынан діндеріңнен қайтыңдар деп қатты қысым жасалады. Әсіресе Абдуллаһ Бин Хүзафені қатты қинайды. Бірақ Абдуллаһ Бин Хүзафе өз дінінен қайтпайтынын айтып табан тіреп тұрып алады.
Пайғамбарымыздың сүйiктi күйеу баласы хазреті Әли (радиаллаһу анһ) намаз оқып жатқанда дүние астаң-кестең болса да хабары болмайтын. Бiр соғыста хазреті Әлидың аяғына садақтың жебесi қадалып қалады. Жебенiң сүйекке кiргенi соншалық шығару мүмкін болмайды. Дәрiгерлерге де көрсетедi. Дәрiгерлер: «Бұл жебенi алу үшiн ...
Мұсылмандар Мәдинаға хижрет еткен кезде ауыз су мәселесі қиындау болған еді. Құдық көп болатын. Бірақ, сулары онша жақсы емес-ті. Руме деген құдықтың суы өте керемет еді. Бұл құдық бір яһудидің құдығы болатын. Яһуди мұсылмандарды қинау үшін құдықтан әрдайым су бере бермейтін. Берген күнде де қымбат бағаға сататын, сондықтан барлық адам ...
Хазреті Омар халифа кезінде шығыс майданның қолбасшысы болған хазреті Са’д бин Әби Уаққас Куфа қаласында бір ғимарат тұрғызбақшы болады. Құрылыс болатын жерге көршілес тұрған мәжусидің үйін де сатып алу керек болады. Мәжуси үйін сатқысы келмейді. Үйіне барып әйелімен кеңеседі. Әйелі «бұлардың Мәдинада бір әміршілері бар, соған барып шағымдан» дейді. Мәдинаға келіп Халифаның сарайын іздейді. Сұрастыру барысында адамдар “Оның сарайы жоқ” дейді. “Ал өзі қазір қайда?” дегенінде “қала сыртына кеткен” деседі.
Әбу Бәкір (радиаллаһу анһ) пайғамбарымызға пайғамбарлығы білдірілместен бұрын сауда мақсатында Йеменге барған. Сол сапарында Йемендегі Азд тайпасынан көп кітап оқыған бір қарт адамға жолығады. Бұл қария хазіреті Әбу Бәкірге қарап: «Сен Мекке халқынансың ғой шамасы» дейді. Хазіреті Әбу Бәкір: «Иә, солай» деп екеуі әңгімені былай жалғастырады:
- Сен құрайыштансың ба? ...
Бір күні Әбу Бәкір Сыддық (радиаллаһу анһ) Расулуллаһтың (алейһиссалам) үйіне келеді. Ішке кірмекші болғанында Әли бин Әбу Талиб (радиаллаһу анһ) та келеді. Хазіреті Әбу Бәкір артқа шегініп «Йа Әли! Сен кір» – деді. Ол да жауап беріп, араларында ұзақ әңгіме өтеді:
Әли – Йа Әбу Бәкір! Сен кір, өйткені әр жақсылықта, әр қайырлы істе алда болған, бәрінен де озған сенсің.
Әбу Бәкір – Сен кір Йа Әли, Расулуллаһқа сен жақынырақсың.
Әли – Мен, сенің алдыңнан өте алмаймын. Өйткені, Расулуллаһтан, «Үмметімде Әбу Бәкірден жоғары ешкімге күн тумады» дегенін естідім.
Хазірет Омардың “радиаллаһу анһ” заманында Мысырдың халқы әмірлері болған хазірет Амр бин Асқа келіп:
“Ніл өзенінің бір әдеті бар. Бұл әдеті орындалмаса, суы тартылып қалады. Осы айдан 12 күн өткеннен кейін, бір қыз табамыз. Жанұясына ақша беріп разылығын алып, ол қызды әдемілеп, сәндеп Ніл өзеніне лақтырамыз” дейді.
Бір күні сүйікті пайғамбарымыз алейһиссалам сахабаларымен бірге отырған еді. Кенеттен ортаға бір ақ тас түсті. Іші ақ балға толы еді. Оның үстінде бір ақ қыл бар еді. Бәрі таң қалды. Сонда Расулуллаһ алейһиссалам былай деді:
«Келіңдер, әрбіріміз бұл үш нәрсеге бір мысал келтірмегенше қол тигізбейік.»
Хазреті Әбу Бәкір былай деді:
«Расулуллаһ хазреттері мына тастан нұрлырақ. Расулуллаһпен сөйлесу мына балдан тәттірек. Расулуллаһтың сүннетін орындау мына қылдан нәзігірек.»
Бақи кейде «Бақиул-ғарқад» деп те аталатын мазар, Мәдина қаласының оңтүстік шығысында Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітінің жанында орналасқан. Бақи, Аллаһ елшісінің (с.ғ.с.) мазар ретінде рұқсат беруінен бұрын «Ғарқад» ағашымен қоршалған алаң болатын. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сахабаларынан қайтыс болғандарды жерлеу үшін Бақи аумағын мазар етуге әмір береді. Халық арасында «Жәннәтул бақи» деген атпен белгілі болған бұл мазарға мұһажирлерден алғаш болып хазреті Осман ибн Мазғун (р.а.) мен аңсарлардан Әсғад ибн Зарура (р.а.) жерленді. Олардың қатарында пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ұлы Ибраһим, қыздары Рұқия (р.а.), Зәйнәп (р.а.), Фатима (р.а.), ағасы Аббас (р.а.) нағашысы Сафия бинт Абдулмутталиб (р.а.) және немересі Хасан (р.а.) да бар.