Расулуллаһтың алейһиссалам дүниеге келуінің алдында және туылған кезінде Оның келетінін сүйіншілейтін бірқатар оқиғалар орын алған. Сол кездің танымал тұлғалары пайғамбарымыз дүниеге келместен бұрын ғажайып түстер көрген. Түстерін көріпкелдер мен сол кездің атақты ғалымдарына жорытқан кезде, олар бұл түстерді Мұхаммед алейһиссаламның келетініне жориды.
Мұхаммед алейһиссалам - Аллаһу та’аланың сүйікті құлы, жаратылған барлық адамдар мен басқа жаратылыстардың барлық тұрғыдан ең үстемі, ең көркемі және ең қадірлісі. Аллаһу та’ала мадақтаған, бүкіл адамзат баласы мен жындарға пайғамбар ретінде таңдап жіберген соңғы және ең үстем пайғамбары болып табылады. Ол әлемдерге рақымдылық ретінде жіберілген, барлық нәрсе соның құрметіне жаратылған. «Қайта-қайта мадақталған», «өте көп мақталған» деген мағынаны беретін Мұхаммед алейһиссаламның Ахмед, Махмуд, Мұстафа сияқты есімдері де бар. Әкесінің аты Абдуллаһ. Өзі хижреттен 53 жыл бұрын рабиул-әууәл айының 12-жұлдызында дүйсенбі күні түнде, таңға жақын Мекке-и Мукаррамада дүниеге келді. Тарихшылар бұл күннің милади жыл санағы бойынша 571 жылдың сәуір айының 20-сына дәл келетінін айтады.
Меккеліктер бұрыннан саудамен айналысып, күнкөріс напақаларын сонымен табатын. Пайғамбарымыздың көкесі Әбу Тәліп те саудамен шұғылданатын. Пайғамбарымыз жиырма бес жас шамаларында Меккеде күн көру қиындығы артқан еді. Сол себептен меккеліктер Шам қаласына баратын үлкен керуен дайындауға кірісіп кетті. Осы кездерде Әбу Тәліп пайғамбарымызға келіп: «Қымбатты інім! Кедейлік өршіп барады. Жұтпен күресуде өткізген соңғы жылдарымызда қолымызда ешнәрсе қалмады. Құрайш керуені сан-алуан тауарларын артып Шам қаласына қарай шыққалы тұр. Хадиша ханым да керуенмен зат жіберіп жатыр. Ол міндетті түрде осы керуенді аманат етіп тапсыратын бір сенімді адам іздейді. Сен сияқты адал, таза, турашыл адамды қалайтыны ақиқат. Барып сөйлесіп, сенің өкіл ретінде керуеннің басында баруыңды ұсынсақ, сені таңдайтыны күмәнсіз. Негізінде мен сенің Шамға барғаныңды қаламаймын. Өйткені, ол жердегі яһудилер саған бір зиян келтіре ме деп қорқамын. Бірақ, мына жұттан құтылу үшін басқа амал да жоқ» дейді. Пайғамбарымыз оған: «Сіз қалай қаласаңыз солай болсын» дейді.
Адам алейһиссалам жаратылғаннан кейін маңдайына пайғамбарымыз Мұхаммедтің (алейһиссалам) нұры қонды. Ол нұр оның маңдайында жарқырай бастады. Құран Кәрімде көрсетілгеніндей Адам алейһиссаламнан бастап таза аталар мен аналардан өтіп, Пайғамбарымызға дейін келіп жетті. Мұны Аллаһу та’ала аятта былай көрсеткен: «Сен, яғни сенің нұрың әрдайым сәжде жасайтындардан өтіп, саған жеткен». (Шу’ара, 219). Хадис шәрифте: «Аллаһу та’ала адамдарды жаратты. Мені адамдардың ең жақсы бөлігінен пайда етті. Сосын осы бөліктердің ең жақсысын (Арабстанда) таңдады. Мені осылардан ішіне қойды. Сосын үйлерден, жанұялардан ең жақсысын таңдап, мені солардан келтіріп шығарды. Олай болса, менің рухым мен тәнім жаратылғандардың ішіндегі ең жақсысы. Менің ата-бабаларым ең жақсы адамдар» делінген.
Әмина анамыз нұрлы сәбиін қолына алғанда күйеуі Хазіреті Абдуллаһтың өлім қайғысын ұмытқандай болатын. Тоғыз күн емізгеннен кейін Әбу Ләхәбтің күңі болған Суәйбә ханым бірнеше күн сүт анасы қызметін атқарды. Суәйбә ханым бұрын хазіреті Хамзаны, одан кейін Әбу Сәләмәні емізген болатын. Хафиз ибни Жәзри айтады: «Әбу Ләхәб түсіме кіріп, одан халін сұрағанда «қабір азабын шегудемін. Бірақ, жыл сайын рабиуләууәл айының он екісіне азабым жеңілдейді. Екі саусағымның арасынан шыққан салқын суды сорып, рахат табамын. Бұл түні Расулуллаһ дүниеге келгенде Суәйбә деген күңім осыны айтып сүйіншілеген еді. Мен қуанғанымнан оны азат етіп, оған сүт ана бол деп бұйырған едім. Сол үшін де осы түні азабым жеңілдейді» деді».
Хазіреті Хадишаның Уәрақа бин Нәуфәл берген сүйінші хабардан кейін пайғамбарымыздың жақсы қасиеттерін көріп, оның әйелі болуға, оған қызмет етуге құштарлығы артты. Нәфисә бинти Мунийә бұл жағдайды сезіп, араға түсті. Осы ниетпен пайғамбарымызға барып: «Йа, Мұхаммед! Үйленуіңізге не кедергі болып жүр?» деп сұрады. Пайғамбарымыз: «Үйлену үшін қолымда жеткілікті ақша жоқ» деді. Бибі Нәфисә: «Йа, Мұхаммед! Егер арлы, абыройлы, танымал, сұлу әйелге үйленгіңіз келсе қызметіңізге әзірмін» деді. Пайғамбарымыз: «Ол әйел кім?» деп сұрағанда «Хадиша бинти Хууәйлид (радиаллаһу анһа)» деді. Расулуллаһ: «Бұл істе араға кім түседі?» дегенде «Бұл істі мен атқарамын» деді де, хазіреті Хадишаға барып сүйінші хабарды жеткізді. Хазіреті Хадиша туысы Амр бин Әсад пен Уәрақа бин Нәуфәлді шақырып, жағдайды айтты. Сөйтіп, пайғамбарымызға адам жіберіп, келуін сұрайды. Әбу Тәліп пен бауырлары да дайындықтарын жасап, пайғамбарымызбен бірге барады.
Пайғамбарымыз қырық жасында бір рамазан айында тағы да Хира тауына барып, оңаша отырып, тәфәккурге шомған еді. Рамазанның 17-сі дүйсенбі түні, түн ауа атын шақырған бір дауыс естіді. Басын көтеріп, айналасына қараған кезінде сол дауысты тағы естіп, кенеттен айналасын бір нұрдың қаптағанын көрді. Содан кейін Жәбрейіл алейһиссалам келді де: «Оқы!» деді. Пайғамбарымыз оған: «Мен оқымағанмын» деді. Сол кезде періште оны құшағына алып, қатты қысып: «Оқы!» деді. Ол тағы да: «Мен оқу білмеймін» деп жауап берді. Жәбрейіл алейһиссалам тағы да қысып: «Оқы!» деді. Тағы да: «Оқыған емеспін» деп жауап берді. Ол тағы да қысып босатты да:«Жаратушы Аллаһтың атымен оқы! Ол адамды ұйығанқаннан жаратты. Оқы, Аллаһ өте қайырымды. Ол қаламменүйретеді, білмегендеріңді үйретеді» деген мағынадағы Алақсүресінің алғашқы бес аятын әкелді. Мұхаммед алейһиссалам да онымен бірге оқыды. Алғашқы уаһи осылай келді және бүкіл әлемді жарқыратқан Исламның күні осылайша туды.
Пайғамбарымыз алейһиссалам осы дағуаттарынан кейін қай жерде жалғыз немесе жиналған адамдарды көрсе, оларға Исламды уағыздады. Шынайы бақыттың және құтылудың – нәпіске еруден, зұлымдықтан, әділетсіздіктен және де бүкіл жаман істерден аулақ болуда, Аллаһу та'алаға иман етуде екенін түсіндірді. Нәпсілерінің қолында ойыншық болғандар, шәһуаттарының құлы болғандар, кедейлер мен әлсіздерді қорлайтындар және бұзақылықты кәсіпке айналдырғандар Расулуллаһтың айтқандарына қатты қарсылық көрсетті. Олар күнделікті әдетке айналдырып істеп жүрген бұл азғын әрекеттеріне тоқтау салынатынын көріп, Мұхаммед алейһиссаламның айтқандарына мүнкір (сенбеу, мойындамау) болды. Оған және иман келтіргендерге жау болды.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) хазіреті Әбу Бәкір, Амир бин Фухәйра (радиаллаһу анһум) және жол бастаушылары Абдуллаһ бин Урәйқит хижреттің 1-жылы рабиул-әууәл айының 8-іне Куба ауылына жетеді. Бұл күн мұсылмандардың хижри шәмси жылының жыл басы болды. Күлсүм бин Хидм (радиаллаһу анһ) деген бір мұсылманның үйінде тұрды. Осы жерде алғашқы мешітті салды. Кубада алғаш рет жұма намазын оқып, алғаш рет хутба оқыды. Куба мешіті аяти кәримәда «Тақуалыққа негізделіп салынған мешіт» («Тәубе» сүресі, 108) деп мадақталды.
Қадірлі пайғамбарымыз Мутим бин Адидың қамқорлығымен Меккеге келді. Адамдарды хақ жолға шақыруын жалғастырды. Бұған байланысты мүшриктер бұрынғыдан бетер азғындап, зорлық-зомбылық пен зұлымдықтарын арттыра түсті. Осыған байланысты Хақ та’ала Расулуллаһқа Қағбаны зиярат ету маусымында зияратқа келген Араб тайпаларымен кездесіп, оларды Исламға шақыруын бұйырды. Сүйікті пайғамбарымыз осы бұйрық бойынша Мекке маңында құрылған Зүлмәжаз, Указ және Мәжәннә жәрмеңкелеріне барып, тайпаларға Аллаһу та’аланың бір екендігін айтып, Оған ғибадат етуге шақырып, өзінің пайғамбар екенін қабылдауын уағыздайтын еді. Айтқандарын қабыл ететін болса, Аллаһу та'ала оларға жаннатты беретінін білдіретін. Пайғамбарымыздың жалбарына жасаған бұл дағуаттарына өкінішке орай ешкім құлақ аспайтын. Тіпті кейбіреулері дөрекі сөйлеп, жаман қылықтар көрсететін, кейбірі болса беті-мұрнын тыржитып жаман сөздер айтатын. Құрайш мүшриктері де Оны бақылап, келген тайпаларды азғыртатын.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) Мәдинаға көшкен кезде алғашқы іс ретінде сахабаларын жетілдіретін, жамағатпен намаз оқитын мешіттің салынуын қалады. Осы кезде Жәбрейіл алейһиссалам келіп, «Йа, Расулаллаһ! Аллаһу та’ала саған өзі үшін тастан және кірпіштен мешіт салуды бұйырды» деді. Пайғамбарымыз дереу түйесі Қусуаның Мәдинаға келген кездегі шөккен жерін иелерінен сатып алмақ болды. Иелері «Йа, Расулаллаһ! Біз оның ақысын тек Хақ та’аладан күтеміз. Ол жерді сізге Аллаһ разылығы үшін сыйға береміз» деді. Бірақ, Пайғамбарымыз мұны қабылдамай, оның ақысын артығымен төледі. Бір жақта жерді тегістеу жұмысы жасалып жатқанда екінші жақта кірпіштер құйылып, тастар әкелінді. Барлық дайындықтар аяқталғаннан кейін мұсылмандар мешіттің іргетасын қалауға жиналды. Іргетастың алғашқы тасын пайғамбарымыз Мұхаммед (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) өз қолымен қойды. Сосын кезекпен «Әбу Бәкір тасын мен қойған тастың қасына қойсын. Омар тасын Әбу Бәкір қойған тастың қасына қойсын. Одан кейін Осман, сосын Әли қойсын» деді. Бұйрығы орындалғаннан кейін сол жердегі сахабаларға «Сендер де тас қойыңдар» деді. Олар да қоя бастады.
Күн өткен сайын Исламның нұры таралып, пайғамбарымыздың қасиетті есімі естілген жерде жүректерге орныға бастады. Оның келуін сарғая күткен ғылым жолындағы адамдар ізденіспен, толқыныспен Мәдинаға барып, иман келтіріп жатты. Солардың бірі Салман Фариси еді. Ол мұсылмандықты қалай қабылдағаны туралы былай баяндайды:
Әлем надандықтың тұңғиығына батып, жан-жақты зұлымдық қаптап, адамдар барлық нәрсенің жаратушысы болған Аллаһу та’алаға иман келтіріп, ғибадат жасауды тоқтатқан еді. Адамдар ғаламда болып жатқан құбылыстар мен Хақ та’ала жаратқан нәрселерге және өз қолдарымен жонып тас пен ағаштан жасаған пұттарына табынатын еді.
Әлемді, барлық болмыстарды, адамдардың жүректерін қайғы басқан еді. Аллаһу та’аланың күллі жаратылыстардан үстем етіп жаратқан адамдардың тозақтан құтылуларына себеп болатын бір тұлға керек еді. Оның туылуына аз ғана уақыт қалған еді. Әлем Адам алейһиссаламнан сол күнге дейін таза маңдайлардан өтіп жеткен нұрдың иесін қарсы алуға дайындалып жатқан еді. Адамдар мен жындарға мәңгілік бақытты көрсететін теңдессіз ұлы адам келе жатыр еді! Мейірім пен шапағаттың қайнары болған ұлы адам келе жатыр еді!
Халима ханым айтады: «Мұхаммед алейһиссалам бір күні: «Күндіз бауырларым көрінбейді. Себебі неде?» деп сұрады. «Қой бағуға кетті, үйге түнде келеді» дедім. Ол: «Мені де солармен бірге жібер. Мен де қой бағамын» деді. Түрлі сылтаулар тауып айттым. Ақырында көңілін қалдырмау үшін: «Жарайды» дедім. Ертеңіне шашын тарап, киіндіріп, сүт бауырларымен бірге жібердім. Бірнеше күн барып-келіп жүрді. Бір күні сүт бауыры Шәйма қырдан келген кезде: «Көзімнің қарашығы балам Мұхаммед қайда?» деп сұрадым. «Далада» деді. «Ыстыққа қалай шыдап жүр» дегенімде «Ей, анашым! Оған ешқандай зиян келмейді.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) алты жасына дейін анасының қасында өсті. Алты жасында анасы және Үммү Әймән деген күңмен бірге туыстарын барып көру және әкесі Абдуллаһтың мазарын зиярат ету үшін Мәдина қаласына сапар шегіп барады. Ол жақта бір ай болады. Пайғамбарымыз Мәдинада Нәжжар ұлдарының көлшігінде жүзуді үйренеді. Сол кезде бір яһуди білгірі Оның арқасындағы пайғамбарлық мөрді байқап қалады. Қасына барып, есімін сұрайды. «Ахмед» деген кезде ол адам: «Мына бала ақыр заман пайғамбары болады» деп айқайлады. Сол жердегі кейбір яһуди ғалымдары да Ондағы пайғамбарлық белгісін көріп, жақында шығатын пайғамбардың осы бала болатыны жайлы өз араларында әңгімелесіп қалады.
Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) әкесі мен анасы Ибраһим алейһиссаламның дінін ұстанған мүмін, иманды кісілер болатын. Ислам ғалымдары олардың Ибраһим алейһиссаламның дінінде болғанын және Мұхаммед алейһиссаламға пайғамбарлығы білдірілгеннен кейін де Оның үмметінен болулары үшін тірілтіліп, кәлимаи шахадатты есітіп айтқандарын және осылайша осы үмметтен болғандықтарын айтқан.
Мұхаммед алейһиссалам сегіз жасқа дейін атасының жанында болды.
Барлық тұрғыдан адамдардың ең үстемі болған Мұхаммед алейһиссалам жас кезінде Мекке халқы арасында құрдастарына қарағанда үлкен беделге ие болған. Жақсы мінезі, адамдармен өте жақсы қарым-қатынас жасауы, байсалдылығы, әдептілігімен халықтың көңілінен шығатын. Адамдар оның осындай қасиеттеріне қарап таңданатын. Мекке халқы оның турашылдығы мен адалдығына байланысты Оны Әл-Әмин(өзіне әрдайым сенуге болатын адам) деп атаған. Осылайша, Ол жас кезінде осы атымен халық арасында танымал болды.
Зәйд бин Хариса (радиаллаһу анһ) бала кезінде анасы Судамен бірге туыстарының еліне барған болатын. Осы жерде олар басқа бір тайпаның шабуылына тап болады. Шабуылдаған тайпа Зәйдті тұтқынға алып, Меккедегі Сук-ул Указ деген жәрмеңкеге сатуға қояды. Хазіреті Хадишаның немере інісі Хаким бин Хизам Зәйдті 400 дирхамға сатып алады да әпкесі хазіреті Хадишаға, ал ол пайғамбарымызға сыйға тартады. Ол күндерде пайғамбарымыздың хазіреті Хадишаға үйленген кезі болатын. Расулуллаһ оны азат етіп, үйінде алып қалды. Өйткені, азат болған Зәйд бин Харисаның баратын жері жоқ, сондай-ақ оған пайғамбарымыздан артық қарайтын адам да жоқ-тын. Сондықтан ол Расулуллаһтың жанында қуана-қуана қалды.
Әлемдердің мырзасы “саллаллаһу алейһи уә сәлләм” отыз жеті жасында ғайыптан «Йа Мұхаммед!» деп өзін шақырған дауыстарды еститін. Отыз сегіз жасқа аяқ басқанда оған бірқатар ғажайып нұрлар көріне бастады. Өзінің жағдайын тек хазіреті Хадишаға ғана айтатын еді. Мұхаммед алейһиссаламға пайғамбарлығы білдірілуге жақын қалғанда сол кездің атақты ақындарының бірі Қус бин Саидә Указ жәрмеңкесінде түйенің үстінде тұрып, көпшілікке арнап оқыған хутбасында Оның келетінін сүйіншілеген болатын. Пайғамбарымыз да бұл хутбаны тыңдағандардың арасында еді. Қус бин Саидә осы мәшһүр хутбасының бір бөлімінде былай деген:
Пайғамбарымыз «Мүддәссир» сүресінің түсуімен адамдарды Ислам дініне дағуат ете (шақыра) бастаған еді. Бұл шақыру ісін жасырын түрде жүргізді. Біраз уақыттан соң «Жақын туыстарыңды Аллаһу та’аланың азабымен қорқытып, оларды хақ дінге шақыр» («Шуара»сүресі, 214) деген мағынадағы аят түсті. Сондықтан Мұхаммед алейһиссалам туыстарын дінге шақыру мақсатымен хазіреті Әли арқылы хабар салып, барлығын Әбу Тәліптің үйіне шақырды. Алдарына бір адамға жететіндей тамак және сүт қойды. Алдымен өзі “бисмилләһ” деп бастап, келген туыстарына ұсынды. Келгендердің саны қырық адам болатын. Алайда, қойылған тамақ бәріне жетті және азаймады. Келгендер бұл мұғжизаға таңырқап, қайран қалды. Тамақтан кейін пайғамбарымыз туыстарын Исламға шақыру үшін сөзін бастағалы тұрғанда көкесі Әбу Ләхәб дұшпандық етіп: «Біз сиқырдың мұндай түрін көрмеген едік. Ей Құрайш тайпасы, мына туыстарың бәріміздің аузымызды ашып сиқыр көрсетіп жатыр.
Ертеңіне мүшриктер тағы да сол жерге жиналды. Өз араларында пайғамбарымызды жамандап әр нәрсе айта бастады. Сол кезде ол жерге пайғамбарымыз келді. Ызасы келіп отырған мүшриктер Аллаһтың Сүйіктісін көре сала ортаға алып, бассалды. Іштеріндегі ең бедбахт болғаны Уқбә бин Муайт пайғамбарымыздың мүбәрәк жағасынан алып, мойнынан тұншыққанша буындырды. Сол заматта сол жерге келген хазіреті Әбу Бәкір: «Менің құдайым Аллаһ деген адамды өлтіресіңдер ме? Ол сендерге әлемдердің Раббысынан аят әкелді...» деп айқайлап, Расулуллаһты қорғау үшін араларына түсті. Мүшриктер пайғамбарымызды қойып, хазреті Әбу Бәкір Сыддыққа жабылып кетті. Оның мүбәрәк басынан жұдырықтап ұрып, тепкіге ала бастады. Утбә бин Рәбиа деген бедбахт хазіреті Әбу Бәкірдің мүбәрәк бетін аяқ киімімен ұрып, қан жоса етті. Оны адам танымайтындай халге жеткізді. Тәйм ұлдары келіп араша түспегенде өлгенше ұратын еді. Қауымдастары әлсіреп аяққа тұра алмайтындай жағдайға жеткен хазреті Әбу Бәкірді матаға салып үйіне алып барды. Хазреті Әбу Бәкірді үйіне тастап дереу Қағбаға оралып, мүшриктерге: «Егер Әбу Бәкір өлетін болса, ант етеміз, біз де Утбәні өлтіреміз» деп, хазіреті Әбу Бәкірдің үйіне қайтып кетті.
Мүшриктер тек пайғамбарымызға ғана емес, оның қадірлі сахабаларына да жәбір көрсетіп, зорлық-зомбылық жасайтын. Әсіресе, кедей, ешкімі жоқ сахабаларға ойларына келген нәрселерді тартынбай істеп, ақылға сыймайтын қиянаттар мен азаптар көрсететін. Сондай жәбірленушілердің бірі Біләл Хабәши (радиаллаһу анһ) болатын. Умәййә бин Халәф деген бір мүшриктің құлы болып жүрген хазіреті Біләл Әбу Бәкір Сыддық (радиаллаһу анһ) арқылы мұсылмандықты қабылдаған еді. Умәййә он екі құлының ішінен Біләлді қатты жақсы көргендіктен, оны пұтхананың күзетшісі етіп қойған болатын. Хазіреті Біләл мұсылман болғаннан кейін пұтханадағы барлық пұттарды сәжде еткізіп жатқызып қойды. Бұл хабар Умәййәге жеткенде ол жынданып кете жаздады. Хазреті Біләлді алдына шақырып: «Сен мұсылман болыпсың.
Мүшриктер мұсылмандарды азаптап-қинағанда әйел немесе еркек деп бөліп қарамайтын. Алғашқы мұсылмандардың бірі және ешкімі жоқ Зиннирә ханым (радиаллаһу анһа) да бір күң болатын. Оның мұсылман болғанын білген мүшриктер оған да азап көрсетуден тайынбады. Зиннирә ханымды «Лат» пен «Узза» пұттарына табындыру үшін қинап, тұншыққанша буындырып, есінен танып қалғанша қинайтын еді. Соған қарамастан ол дінінен шықпады, олардың айтқандарын істемеді. Әсіресе, оны Әбу Жәһл қатты азаптайтын. Осыдан соң Зиннирәнің (радиаллаһу анһа) көздері көрмей қалды. Бір жолы Әбу Жәһл оған: «Көрдің бе? Лат пен Узза сенің көзіңді көр етті» дегенде Зиннирә ханым имандылығын көрсетіп: «Ей, Әбу Жәһл! Уаллаһи, бұл сенің айтқаныңдай емес. Лат пен Узза деп отырған пұттарың ешқандай іске жарамайды, өздеріне табынғандарды да, табынбағандарды да білмейді. Менің Раббымның көзімнің нұрын беруге және мені бұрынғы қалпыма келтіруге әрине құдыреті жетеді» деді. Әбу Жәһл хазіреті Зиннирәнің берік иманына қайран қалды. Аллаһу та’ала Зиннирәнің (радиаллаһу анһа) дұғасын қабыл етіп, көзі бұрынғысынан да жақсы көретін болды.
Хазіреті Аммардың әкесі Ясәр, анасы Сумәййә, бауыры Абдуллаһ бүкіл жанұя болып мұсылмандықты қабылдаған еді. Мүшриктер хазіреті Аммардың анасына, әкесіне және бауырына Аммардың өзіне көрсеткеннен де көп азап көрсететін. Азаптау кезінде оларға күпірлік сөздерді айтқызғылары келетін, бірақ олар: «Терімізді сыпырсаңдар да, етімізді тілім-тілім етіп кессеңдер де сендерді тыңдамаймыз» деп жауап беріп: «Лә илаһә иллаллаһ Мухаммәдән Расулуллаһ» дейтін. Сондай күндердің бірінде Батха деген жерде Ясәрдің жанұясына мүшриктер тарапынан қорлық көрсетіліп жатқанда Расулуллаһ алейһиссалам сол маңнан өтіп бара жатады. Сахабаларының бұл жағдайын көріп, қатты ренжиді. Хазіреті Ясәр: «Йа, Расулаллаһ! Уақытымыз тек осындай азаптармен өте ме?» деп сұрағанда пайғамбарымыз: «Сабыр етіңдер, ей Ясәр жанұясы! Қуаныңдар ей Аммардың жанұясы! Күмәнсіз, сендердің сый алатын орындарың жұмақ» деді.
Жыл сайын Арабстанның әртүрлі аймақтарынан адамдар белгілі бір күндерде Қағбаны зиярат ету үшін Меккеге келетін. Бұл күндерде Меккеде бірқатар жәрмеңкелер ұйымдастырылатын. Пайғамбарымыз келгендерді күтіп алып, оларға Исламды түсіндіріп, Аллаһу та’аланың бір, өзінің хақ пайғамбар екенін және құтылу жолының Исламда екенін айтып түсіндіретін. Бір күні Уәлид бин Муғира мүшриктерді жинап, «Ей, Құрайш қауымы! Тағы да Қағбаны зиярат ету маусымы келді. Мұхаммедтің дауысы әлемге жайылды. Араб тайпалары жанына барып, оның тәтті сөздеріне еріп, дініне кіреді. Бұған бір шара ойластыру керек. Бәріміз әуелі келісіп алайық, ол туралы әрқайсысымыз әр түрлі нәрсе айтып, сөзіміз келіспей, өтірігіміз жария болып жүрмесін» деді. Құрайштықтар: «Ей, Абдишәмстің әкесі! Ішіміздегі көрегеніміз сенсің. Сен не айтайық десең біз соны айтамыз» деді. Уәлид: «Жоқ, сендер айтыңдар. Мен тыңдайын» дегенде олар: «Оны көріпкел дейік» деді.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) Меккеде күндіз-түні адамдарға ашық түрде дағуат жасап, насихат айтып, оларды Ислам дініне шақырып жүрген еді. Меккелік мүшриктер Пайғамбарымыздың бұл әрекеттерін текке шығаруға күш салатын. Оның айтқандарын қабылдап, иман келтіргендерге әр түрлі жалалар жауып, азаптар мен қорлықтар көрсететін еді. Пайғамбарымызбен кездескен, сөйлескен адамды көрсе дереу ол адамның қасына барып, Расулуллаһты тыңдамауы үшін, Оның айтқандарына сенбеуі үшін әр түрлі өтіріктер айтып, айла-амалдар қолданатын. Сырттан Меккеге келгендерді Пайғамбарымызбен кездестірмеу үшін қолдарынан келгеннің бәрін жасайтын.
Мүшриктердің беделді адамдары әр түрлі айлалармен, зұлымдықтармен адамдардың иман келтіруіне кедергі келтіретін. Мекке халқының Мұхаммед алейһиссалам оқыған аяттарды тыңдауларына кедергі болатын. Ал өздері болса, түнде жасырын түрде Мұхаммед алейһиссалам отырған үйдің жанына барып, бір бұрышқа жасырынып аяттарды тыңдайтын. Таң атып, айнала жарық бола бастағанда әрқайсысы түнде басқаларына білдірмей Құран кәрім тыңдауға келгендерін көріп қойып, бірі-бірін айыптайтын. «Ендігәрі бұлай істемейік» деп уәделесетін. Бірақ, ертеңіне кеш қарайғанда шыдай алмай тағы да бір-біріне білдірместен барып, тыңдайтын. Таң атқанда тығылып отырған орындарында бір-бірін көріп, «бізге не болған өзі» дегендей таңданысатын. Әрқайсысы енді бұлай істемеуге ант ішіп, тарқайтын, бірақ бәрібір бұдан бас тарта алмайтын. Сондай болуына қарамай, олар нәпсілеріне еріп, кісіленіп, басқа мүшриктердің айыптауынан қорқып, тағы да бірқатар бос уайымдарға беріліп иман келтірмеді. Өзгелердің де иманға келулеріне кедергі болды. Бұл да жетпегендей көшелерде: «Мұхаммед сиқыршы» деп шу көтеріп, жар салды.
Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) пайғамбарлығының бесінші жылында мүшриктердің жасаған қастандық әрекеттеріне қарамастан мұсылмандардың саны артып жатқан еді. Бірақ, мүшріктер де жауыздық әрекеттерін көбейтіп, қолдарынан келген қиянаттың бәрін жасап жүрді. Пайғамбарымыз сахабаларының аяусыз қастандықтарға ұшырағанына, аяқтарының жіппен байланып, түйелермен тартылып, денелерінің бөлшектенуіне қатты қайғырды. Мұндай жауыздық әрекеттер бара-бара артып, Расулуллаһтың мейірімге толы жүрегі бұларға шыдай алмай жатты. Бір күні сахабаларды (радиаллаһу анһум) жинап:«Ей, Сахабаларым! Енді жер бетіне таралыңдар. Аллаһу та’ала жақында сендерді тағы да бір жерге жинайды» деді. Сахабалар: «Йа, Расулаллаһ! Қайда барамыз?» деп сұрады.
Ислам діні күн сайын таралып, Құран кәрімнің нұры рухтарға жарық шашып, нәрлендіріп жатқан еді. Қараңғылық ішіндегі адамдар Аллаһу та’аланың ихсанымен иманға келіп, тура жолға түсіп жатты. Сахаба болу құрметіне ие болған бұл мүбәрәк адамдар (радиаллаһу анһум) бірігіп, бір-бірін қолдап, қуаттап пайғамбарымыздың айналасына жиналып жатты. Расулуллаһтың кішкентай бір өтінішін, қалауын үлкен бұйрық деп біліп, оны орындауға жарысып, тіпті сол жолда жандарын пида етуге дайын еді. Ал мүшриктердің болса мазалары кетіп, үрейлері арта түсті. Өйткені сол дәуірдің ер жүрек қаһармандарының бірі болған хазіреті Хамза да мұсылман болып, пайғамбардың жанынан орын алған еді. Бұл күтпеген оқиға мүшриктерді қатты алаңдатты.
Хазіреті Хамза мұсылман болғаннан үш күннен кейін Әбу Жәһл мүшриктерді жинап: «Ей, Құрайш! Мұхаммед пұттарымызға тіл тигізді. Бізден бұрын өткен ата-бабаларымыздың тозақта азап көріп жатқанын, біздің де сол жерге баратынымызды айтты... Оны өлтіруден басқа амал жоқ!... Оны өлтірген адамға жүз қызыл түйе мен сансыз алтын беремін!...» деді. Бір кезде Хаттабұлы Омардың жүрегінен Исламға деген ынта жоғалып, орнынан атып тұрып: «Бұл істі Хаттабұлынан басқа істейтін адам жоқ» деді. Қасындағылар: «Ал, Хаттабтың ұлы! Көрейік сені...» деп қолдау көрсетті. Ол қылышын асынып, жолға шықты. Жолда Нуайм бин Абдуллаһты кездестірді. Нуайм бин Абдуллаһ одан: «Мынадай құлшыныспен қайда барасың?» деп сұрады. Хазіреті Омар: «Халықтың арасына іріткі салған, бауырды бауырға дұшпан еткен Мұхаммедті өлтіруге бара жатырмын» деді. Нуайм: «Йа, Омар, бұл өте қиын іс. Сахабалары оған ешнәрсе болмасын деп айналасынан шықпайды.
Хабашстандағы мұсылмандар «Меккеде мүшриктер мен мұсылмандар келісім жасасыпты» деген жалған хабар алғаннан кейін, оларға «Біздің хижретіміз (көшуіміз), жеріміз бен елімізді тастап кетуіміз мүшриктердің дұшпандығы кесірінен болатын. Енді олардың дұшпандығы достыққа айналыпты. Олай болса, барып Расулуллаһқа қызмет етейік» деген ой келді. Сөйтіп, Хабашстан билеушісінен рұқсат алып, Меккеге келді. Алған хабарларының жалған екенін білді. Сосын пайғамбарымызға барып, Хабашстанның суының, ауасының және жемістерінің нәрлі, күш беретінін, төрт ғибадатхана бар екенін, күнде ол жерде түйелер, қойлар сойылатынын, кедей-ғаріптер шақырылып, оларға жақсы мәміле көрсетілетінін, билеушілердің келіп жағдай сұрап тұратындығын және қиыншылықтарының жойылғанын ұзақ отырып әңгімелеп, Хабашсанға көңілі толатындықтарын білдірді.
Қоршау: Мүшриктер Исламның көңілдерден орын алуына, ықпалына және таралуына тосқауыл болу үшін бар күштерін салып жатқан еді. Осыған қарамастан, күн өткен сайын мұсылмандардың саны арта берді. Мұсылмандарға жасалған қастандықтар мен зұлымдықтар оларды жолдарынан мүлдем қайтармай, керісінше, бір-біріне деген қамқорлықтарының, бірліктерінің нығая түсуіне себеп болды. Ешқайсысы дінінен қайтпай, Расулуллаһтың жолында жандарын құрбан етуден де тайсалмады. Мұны естіген Мекке тысындағы тайпалардың қызығушылығы артып, Исламның нұры алыс жерлерге дейін таралып жатыр еді. Мүшриктер Хабашстанға жіберген елшілері мақсаттарына жете алмай бос қайтқанын, тіпті Нәжаши Әсхамәнің мұсылмандықты қабылдап, мұсылмандарды қорғап, олармен жақсы мәміледе болғанын естіп, ызаланғандарынан қаны бастарына шапты. Осы ашу-ызаларының кегін артығымен қайтару үшін және Исламды түп-тамырымен жою үшін олар мынадай шешім қабылдады: «Мұхаммед алейһиссаламды кім қай жерде көрсе өлтірсін!...» Кәпірлер осы келісімдеріне қайта-қайта ант етіп, уәде алысты.
Пайғамбарымыздың мұғжизаларының бірі айдың екіге бөлінуі. Араларында Әбу Жәһл мен Уәлид бин Мұғира болған мүшриктер тобы Расулуллаһқа: «Егер сен шынымен пайғамбар болсаң айды екіге бөліп, бір жартысын Куайкиан тауының, екінші жартысын Әбу Қубәйс тауының үстінен көрсет...» деді. Расулуллаһ алейһиссалам: «Егер айтқандарыңды істесем иман келтіресіңдер ме?» деп сұрады. Олар: «Иә, иман келтіреміз» деді. Расулуллаһ айдың екіге бөлінуі үшін Аллаһу та’алаға дұға етті. Жәбрейіл алейһиссалам сүйікті пайғамбарымыздың жанына келіп: «Ей Мұхаммед! Осы түнде Меккеліктерді мұғжизаны көруге шақыр» деді. Пайғамбарымыз айдың он төртіне, яғни ай толған түні ғибрат алғысы келетіндердің айдың екіге бөлінетінін көрулерін сұрады. Сол түні сүйікті пайғамбарымыз мүбәрәк саусағымен айды нұсқаған кезде, ай екіге бөлінді. Бір жартысы Әбу Қубәйс, екінші жартысы Куайкиан тауының үстінен көрінді. Сосын қайтадан бірікті. Расулуллаһ сахабаларына «Ей, Әбу Сәләмә бин Абдул-әсад, Әрқам бин Әбил-Әрқам! Куә болыңдар!» деді.
Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) үлкен ұлы Қасым он жеті айлық кезінде шетінеп кеткен еді. Бұл қайғылы оқиғадан біршама жыл өткеннен кейін тағы бір ұлы Абдуллаһ (радиаллаһу анһ) та қайтыс болды. Расулуллаһ алейһиссалам мүбәрәк көздерінен жас парлап тұрған күйде тауға қарап: «Ей, тау! Менің басыма түскен іс сенің басыңа келсе шыдай алмай қирар едің!» деп қайғысын білдірді. Хазіреті Хадиша анамыздың: «Йа Расулаллаһ! Олар қазір қайда?» деп сұрағанда, Пайғамбарымыз: «Олар жұмақта» деп жауап берді. Әлемдердің сұлтаны – сүйікті пайғамбарымыздың екі ұлының да қайтыс болғанына мүшриктер қатты қуанды. Әбу Жәһл сияқты кәпірлер мұны оңтайлы сәт деп есептеп: «Енді Мұхаммед тексіз, оның ұрпағы кесілді. Тегін жалғастыратын ер баласы қалмады. Өзі өлген соң аты да, даңқы да өшеді» деп жар салды. Осы жағдайға орай Аллаһу та’ала «Кәусар» сүресін түсіріп, Расулын жұбатты: «Ақиқатында, біз саған Кәусарды бердік (Кәусар қауызын, көптеген жақсылықтарды жараттық). Олай болса, Раббың үшін намаз оқы. Құрбандық шал. Дұрысы саған (тегі кесілді) деп тіл тигізген адамның өзі қайырсыз және тексіз (Саған тексіз деген адамның өзі тексіз, намыссыз және оның аты өшеді. Саған келетін болсақ Хабибім, сенің пәк ұрпағың, атағың мен абыройың қиямет күніне дейін жалғасады. Ақыретте де саған ойға келмейтін ғажайып даңқтар беріледі)».
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) адамдардың ең таңдаулылары болған сахабаларына теңдессіз даналық насихаттарын айтып, олардың жүректерін нұрландыратын еді. Келген аяттарды түсіндіріп, ешнәрсені түсініксіз қалдырмайтын. Осы арада мүшриктердің де жиналған жерлеріне барып, олардың иман келтіруі үшін жалықпастан, мойымастан дағуат жасайтын. Бұған Әбу Жәһл мен Уәлид бин Мұғира қатты ашуланып: «Бұлай кете берсе Мұхаммед барлық адамды өз дініне тартып, пұтқа табынатын ешкімді қалдырмас» дейтін. Олар бір күні бұл істі бітірудің жалғыз шарасы – Расулуллаһты өлтіру, деген шешімге келді. Әбу Жәһл Уәлид бин Мұғираны және Маһзум ұлдарынан бірнеше жігітті ертіп, Бәйтуллаһқа барды. Ол кезде сүйікті пайғамбарымыз намаз оқып отырған болатын. Әбу Жәһл қолына тас алып, алға ұмтылды. Расулуллаһты ұрайын деп тасты көтерген кезде, қолдары сол күйінде ауада әрекетсіз қатып қалды. Ол ешнәрсе істей алмай сасқалақтады.
Сенен қадірлі және абыройлы ешкім болмайды...Пайғамбарымыз жыл сайын Қағбаны зиярат етуге келген тайпаларды дінге шақырып, олардың тозақ отынан құтылып, мәңгілік бақытқа қауышулары үшін күш салып, әр түрлі зұлымдықпен азаптарға мойымастан, пайғамбарлық міндетін атқаруды жалғастырып жүрді. Тайпалардың, керуендердің қонған жеріне барып, келгендерге: «Аллаһу та’аланың пайғамбарлық міндетін орындап болғанға дейін маған пана болып, дұшпандарымнан қорғап тұра алатын және көмек беретін кім бар?(Осылайша) оған жаннат берілсін» дейтін, бірақ пана болатын да, жәрдем беретін де ешкім табылмайтын.
Пайғамбарлығының он бірінші жылы болатын. Жәрмеңкеде Қағбаны зиярат етуге келген Мәдина халқының бір тобын кездестірді. Олардан «Сендер кімсіңдер?» деп сұрағанда олар өздерінің мәдиналық Хазрәж тайпасынан екендіктерін айтты.
Расулуллаһ алейһиссаламның пайғамбарлық міндетін атқарғанына 13 жыл болған еді. Меккелік мүшриктердің мұсылмандарға жасаған зұлымдығы шектен шығып, шыдау мүмкін емес жағдайға келген-ді. Мәдинада болса Әсад бин Зурарә мен Мусаб бин Умәйрдің (радиаллаһу анһума) қызметтерінің арқасында Әус және Хазрәж тайпалары мұсылмандарға құшақ жайып, оларды бауырына басып барлық көмекті көрсететіндей дәрежеде сүйіспеншілік пен ынтада еді. Пайғамбарымыздың да тезірек Мәдинаға көшуін сұрап, Ол үшін мал-жандарын құрбан ететіндіктеріне сөз беруде еді. Қажылық маусымы келген болатын. Мусаб бин Умәйрмен бірге мәдиналық 73 еркек және 2 әйел мұсылмандар Меккеге келді. Қажылықтан кейін барлығы тағы да Ақабәда пайғамбарымызбен кездесті. Әсад бин Зурарә мен оның 12 өкілі, тайпаларының атынан пайғамбарымыздың Мәдинаға көшуін ұсынды. Расулуллаһ оларға Құран кәрімнен біраз аяттар оқығаннан кейін өз жандарын, өз бала-шағаларын қалай қорғаса, Оны да солай қорғайтынына олардан уәде талап етті.
Мүшриктер Мәдинаға қарай жолға шыққан Мұхаммед алейһиссаламды және хазіреті Әбу Бәкірді тоқтаусыз іздеді. Егер таппаса өздеріне үлкен қауіп төнетін еді. Өйткені, мұсылмандар Ислам мемлекетін құрып, өздерін құртатынына көздері жетті. Сол себептен мүшриктер барлық нәрселерін ортаға салды. Пайғамбарымыз бен Әбу Бәкірді (радиаллаһу анһ) өлтірген немесе ұстап әкелген адамға жүз түйемен қоса сансыз мал, ақша беруге уәде берді. Бұл хабар Сүрақа бин Маликтің тайпасы Мүдлиж ұлдарына да жетті. Сүрақа бин Малик жақсы із кесетін. Сондықтан бұл мәселеге мән беріп қарады.
Мүдлиж ұлдары бір сейсенбіде Сүрақа бин Малик тұратын аймақтағы Қудәйдке жиналады. Жиналысқа Сүрақа бин Малик те қатысады. Сол кезде құрайыш адамдарының бірі келіп, Сүрақаға «Ей, Сүрақа! Мен жаңа жағалауға қарай кетіп бара жатқан үш адамды көрдім.
Пайғамбарымызға пайғамбарлығы білдірілгеннен кейін 13 жылдан соң 12 рабиул-әууәлда, милади 622 жылы Мәдинаға көшуімен 10 жылға созылатын Мәдина дәуірі басталды.
Пайғамбарымыз Халид бин Зәйд Әбу Әйуб Әл-Әнсаридің үйіне келгеннен кейін астыңғы қабатта тұруды таңдап, сол жерге орналасады. Осылайша, әлемнің сұлтанын қонақ ету құрметі осы сахабаға бұйырды.
Хазіреті Халид былай дейді: «Расулуллаһ үйіме келген кезде төменгі қабатта тұруды таңдады. Біз үстіңгі қабатта тұрып, бұл жағдайдан қатты ыңғайсызданатынбыз. Бір күні «Барлық нәрсем жолыңа құрбан, йа Расулуллаһ! Сіздің төменгі қабатта тұрып, өзімнің жоғарыда тұратыныма еш көңілім тыншыр емес. Бұл маған ауыр тиеді. Сіз үстіңгі қабатта тұрыңыз, мен астыңғы қабатта тұрайын» дедім. Ол маған «Йа, Әбу Әйуб! Үйдің астыңғы қабатында тұру біз үшін ыңғайлырақ» деді.
Пайғамбарымыз Мәдина Мүнәууәрәда тығыз байланыстың орнауы үшін, көшіп келген мұхажирлер мен оларды үйлеріне қонақ еткен ансарларды бір-біріне бауыр етті. Хазіреті Әли ең соңында қалған кезде ұмытылдым деп ойлап, «Йа, Расулаллаһ! Мені ұмытып кеттіңіз бе?» дейді. Әлемдердің мырзасы – Пайғамбарымыз «Сен дүниеде және ахыретте менің бауырымсың» деді. Бұл бауырластық материалдық және рухани көмек беру негізіне сүйенетін. Осылайша, мұхажирлер елдерінен, отандарынан, туыстарынан ажыраудың қайғысынан біраз да болса арылатын еді. Онсыз да мәдиналық мұсылмандар (радиаллаһу анһум) Аллаһу та’аланың дінін ұстану және тарату үшін отандарын тастап келген мұхажир бауырларына құшақтарын ашып, үйлерінен жай беріп, оларға барлық жақтан көмектесіп жатқан еді. Бұл бауырластық арқылы меккелік және мәдиналық мұсылмандар бір-біріне одан да жақындай түсті. Пайғамбарымыз әрбір мұхажирді мінезіне сай келетін бір ансармен бауыр етті. Бұл бауырластықтың деңгейі әкелерінен қалған мал-мүлікті бөлісетіндей жағдайда еді.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) мен хазіреті Әбу Бәкір көшкен кездерінде балаларын Меккеге қалдырып кеткен болатын. Хазіреті Хадиша анамыз қайтыс болғаннан кейін бір жылдан соң хазіреті Айшамен Меккеде атастырылды. Имам Бұхаридің риуаят еткен хадис шәрифінде хазіреті Айша былай деген: «Пайғамбарымыз маған «Ей, Айша! Сен маған түсімде екі рет көрсетілдің. Мен жасыл жібек матадағы сенің суретіңді көрдім. Маған «Бұл сенің болашақ жарың» делінді» деді». Осыдан кейін пайғамбарымыз бен хазіреті Айша атастырылды. Бірақ, той ол кезде жасалған жоқ. Мұны хазіреті Айша былай түсіндіреді:
«Пайғамбарымыз Мәдинаға көшкен кезде бізді және қыздарын Меккеге қалдырып кеткен еді. Мәдинаға барғаннан кейін азат құлы Зәйд бин Хариса мен Әбу Рафиді екі түйе мен керек заттарды сатып алу үшін 500 дирхам ақшамен бізге жіберді.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) сахабаларды жетілдіру, кемелдендіру үшін Мәсжид-ун-Нәбиде керемет сұхбаттар өткізіп, Аллаһу та’аланың өзіне берген файз-берекелерді оларға жеткізді. Пайғамбарымыздың сұхбатына қатысу құрметіне ие болғандар алғашқы сұхбаттың өзінде-ақ жүректерінде үлкен өзгеріс сезініп, биік илаһи марифаттарға (ілімдерге) қол жеткізетін. Осы сұхбаттар арқылы сахабалар пайғамбарымыздан бастап барлық сахаба жолдастарын жақсы көретін халге жететін. Аллаһу та’ала оларды аяттармен мадақтаған. Олар расулуллаһтың алдында асқан әдіптілікпен, басына құс қонып ұшып кетпесін деген адамша қимылсыз, бар ынталарын салып, мұқият тыңдап отыратын. Осылайша, сахабалар (радиаллаһу анһум) пайғамбарлардан және ұлы періштелерден кейінгі ең үстем жаратылыс деңгейіне жетті.
Аллаһу та’ала Құран Кәрімде: «Сендер үмметтердің ең жақсысы, ең қайырлысы болдыңдар. Жақсылыққа шақырып, жамандықтан тиясыңдар...» дейді. («Әл Имран» сүресі, 110)
Пайғамбарымыз сахабаларына дініміздің бұйрықтарын егжей-тегжейлі түсіндіріп, үйретті. Иманның, Исламның шарттары, намаз, ораза, қажылық, зекетке қатысты барлық үкімдер, аяти кәримәлардың тәфсирлері, халал және харамдар, ант, нәзір, кәффараттар, сауда-сатыққа қатысты ілімдер, жеп-ішу, киіну, сөйлесу, сәлемдесу әдебі, көршілік, туыстық және достық қатынастар, үйлену, напақа, мұрагерлік үкімдері, даулар, жазалар, келісім шарттар және серіктестіктер, денсаулық, дұшпанмен соғысу, соғыс құқығы сияқты барлық мәселелерді барлық адам түсінетіндей етіп түсіндіріп, маңызды мәселелерді үш рет қайталайтын. Әйелдерге қатысты мәселелерді әйелдері арқылы үйрететін.
Мұсылмандардың имамы, ұлы сахаба, шыншылдығымен танылған Омар бин Хаттаб (радиаллаһу анһ) былай дейді:
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) Құран Кәрімді жаттан өте әсем, әсерлі етіп оқитыны соншалық, оны тыңдаған кәпірлер де таң қалатын. Оны тыңдайтын мұсылмандардың саны өте көп еді. Хазіреті Бәра бин Азиб айтады: «Бір құптан намазынан кейін пайғамбарымыз «Тин» сүресін оқып отырғанын тыңдадым, оның өте әсем оқығаны соншалық, өмірімде дауысы мен оқу мәнері Одан артық адамды көрген емеспін».
Сахабалардың ішінде дауысы керемет, Құран оқығанда өзі де жылап, басқаны да жылататын адамдар көп еді. Солардың бірі Усәйд бин Худайр (радиаллаһу анһ) болатын. Бір күні түнде атын қасына байлап қойып, «Бақара» сүресін оқи бастайды. Оқып отырғанда аты бірден үркиді. Хазіреті Усәйд оқудан тоқтайды, ат тынышталады. Қайтадан оқи бастағанда ат тағы да үркиді. Тоқтатса тағы да тынышталады. Қайтадан оқи бастағанда, ат тағы да үркеді. Усәйд бин Худайрдың (радиаллаһу анһ) баласы атқа жақын жерде жатқандықтан ат басып кетуінен қорқып, оқуды тоқтатады. Аспанға қарағанда ақ бұлттың көлеңкесіне ұқсайтын түтін ішінен шырақ сияқты жарқыраған нәрселерді көрді. Оқуды тоқтатқан кезде сол жарқыраған нәрселердің аспанға қарай биіктеп көтерілгенін көрді. Таң атқаннан кейін Пайғамбарымызға барып, болған жәйтті айтып береді.