Сұрақ: Құптан намазынан кейін оқылатын «Әмәнәррасулудың» (Бақара 285-286) қасиеті қандай?
Жауап: «Әмәнәррасулудің» қасиеттері көп. Хадис шәрифтерде былай делінеді:
Сұрақ: Ихлас (Қул һуаллаһу ахад...) сүресін оқудың қандай қасиеттері, құндылықтары бар?
Жауап: Ихлас сүресін оқудың қасиеті өте көп. Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Ихлас сүресін оқу, Құран кәрімнің үштен бірін оқығанмен бірдей» (Бұхари)
«Он рет Ихлас сүресін оқыған адамға жаннаттан бір сарай беріледі.» (И.Ахмед)
«Жатарда жүз рет Ихлас сүресін оқыған адам жәннатқа кіреді» (Тирмизи)
Сұрақ: Фатиха сүресінің мағынасы және қасиеті қандай?
Жауап: «Уммул Құран» деп те аталатын Фатихаи шәрифтің мағынасы мынадай:
«Рахман және Рахим болған Аллаһу та’аланың қасиетті есімін оқып бастаймын. Мақтау және мадақтаулардың ең үстемі, бүкіл әлемдерді жаратқан (тәртіппен, жүйемен бір-біріне байлаған) Аллаһу та’алаға тән. Аллаһу та’ала, дүние мен ахыретте құлдарына аса мейірім етуші. Қиямет күнінің иесі және басқарушысы тек қана Ол. Біз тек саған ғана ғибадат етеміз, (Сенен басқа ғибадат етуге лайықты еш нәрсе жоқ) және тек сенен ғана жәрдем сұраймыз. Бізді (сенімімізде, әрекеттерімізде, сөздерімізде және әдебімізде, артық және кем арасындағы орта жол болған) дұрыс жолда жүргіз! (Осы жолда бізді тұрақты қыл!) Бізді (мейірім және ихсаныңмен) нығмет бергендеріңнің(әнбийалардың, әулиелердің және сыддықтардың) жолына сала гөр.(Хақты қабыл етпей) сенің ашуыңа ұшырағандардың, адасқандардың жолына түсірме! (Амин)»