Хадестен таһарат

Дәрет алу намаздың парыздарының бiрi. Құран Кәрiмдi ұстау, Қағбаны тәуап ету, тiләуат сәждесiн жасау, жаназа намазын оқу үшiн де дәрет алу қажет. Сонымен қатар үнемi дәретпен жүру, жатарда дәрет алып жату, тамақтанғанда дәреттi болу үлкен сауап болады.

Дәрет, ғұсыл және тәйәммумнiң пайдалары

Ғибадат мақсатымен орындалған әрбiр тазалық денсаулығымыз үшiн орасан зор пайда келтіреді. Тәндiк пайдамен бiрге рухани пайдасы да бар. Солардың ішінен кейбіреулерін көрсете кетсек:

1. Күнделікті өмiрiмiзде қолымызбен қаншама микроптарды ұстаймыз.

Тәйәммум қалай алынады?

1. Алдымен жүнiптiктен немесе дәретсiздiктен тазалану үшiн ниет етiледi. Тәйәммуммен намаз оқу үшiн тек қана тәйәммумға ниет ету жеткiлiктi емес. Ғибадатқа, мысалы, жаназа намазы, тиләует сәждесiн жасауға немесе дәрет, ғұсыл үшiн тәйәммум алуға ниет ету керек. Тәйәммумға ниет етерде дәрет не ғұсылға бөлек ниет ету керек.

Тәйәммумда мына нәрселерге көңiл бөлу керек

1. Дәретсiз кісі шәкiртiне үйрету мақсатында тәйәммум алуды көрсетсе ол дәрет алған болып есептелмейді және намаз оқи алмайды.

2. Тәйәммуммен намаз оқу үшiн тек қана тәйәммумға ниет ету жеткiлiктi емес. Намаз үшiн де ниет ету керек. ...

Жұма күні ғұсыл алу

Сұрақ: Жұма күні ғұсыл алу уәжіп дейтіндер бар. Бұл жөнінде хадис те бар екен. Солай ма? Тағы да, жұма түні жүніп болғаны үшін ғұсыл алған адам да жұма ғұсылы сауабын алады ма?

Жауап: Хадис шәрифті мүжтәһид ғалымдардың түсіндірмесінсіз оқу қателіктерге себеп болады.

Дәрет қалай алынады?

1. Дәрет алатын кезде мына дұға оқылады; Бисмиллаһил-азым. Уәлхамду лиллаһи алә динил Ислам уә алә тәуфиқул иман. Әлхамду лиллаһиллази жәаләл маә тахуран уә жәаләл исламә нуран 1”. Сосын екі қол бiлекке дейiн үш рет жуылады.

2. Оң қолымен ауызды шайғанда мына дұға оқылады: “Аллаһуммасқини мин хауди нәбийкә кәсән лә азмәу бәдәһу әбәдән 2.”

3. Оң қолымен мұрынға үш рет су алынып, сол қолымен сiңбiрiп мұрынды тазалайды. Мұрынға су алғанда: “Аллаһуммә арихни рахатәл жәннәти уәр-зуқни мин ниәмиха. Уә лә турихни райихатән-нар 3.”

Тәйәммум

Тәйәммум топырақпен тазалану деген сөз. Дәрет немесе ғұсыл алу үшiн су табылмаса немесе су болса да қолдануға мүмкіндік болмаған жағдайда таза топырақ, құм және тас сияқты таза нәрсемен ханафи мазһабында тәйәммум етiледi.

Тәйәммум дәрет және ғұсыл үшiн үлкен жеңiлдiк. Дiнiмiзде топырақпен тәйәммум алу сумен дәрет алу сияқты. Дiнiмiз лас нәрселердi топырақпен тазалаудың мүмкiн екендiгiн бiлдiрген.

Пломба және қаптама тiсi болғандар үшін

Ханафи мазһабында тiстiң арасына және тiс шұнқұрларына су тимесе ғұсыл дұрыс алынбаған болып есептеледі. Сондықтан тiсiнде коронкасы немесе пломбасы болғандардың ғұсылы өтпейді, яғни адам жүнiптiктен құтыла алмайды. Алтын, күмiс және нәжіс болмаған басқа заттардан жасалған қаптама және пломбалардың астына су кірмейінше Ханафи ғалымдарының барлығының үкімі бойынша ғұсыл жаиз болмайды.

Тахтавидiң «Мәрақил-фалаһ» кiтабының 96–шы бетiнде және де мұның аудармасы «Ниматул-Ислам» кiтабында былай деп жазылған: «Ханафи мазһабындағы адам өзiнiң мазһабы бойынша iстей алмаған бiр амалды iстеу үшiн Шафии мазһабын тақлид ете алады, яғни сол мазһабтың үкімдерінен пайдалана алады». «Бахр-ур-раиқ» және «Нахр-ул-фаиқ» кітаптарында да солай жазылған. Бiрақ, бұл амалды орындау кезінде сол мазһабтың шарттарын да орындауы керек. Осындай бір қиындық туындамай тұрып және шарттарын орындамай басқа мазһабқа елiктеуге рұқсат жоқ!

Ғұсыл

Намаздың дұрыс болуы үшiн дәреттiң де, ғұсылдың да дұрыс алынуы керек. Жүнiптiк, жыныстық қатынас және ихтилам арқылы болады. Жүнiп болған әйел және еркек, хайыз немесе нифастан босаған әйелдерге намаз уақытының соңында сол намазды оқитындай уақыт қалғанда ғұсыл алуы парыз болады.

Пайғамбарымыз хадис шәрифте былай деген: «Ғұсыл алу үшін орнынан тұрған адамға денесіндегі түк санынша (яғни өте көп) сауап берiледi. Сонша күнәсi де кешiрiледi. Жәннаттағы дәрежесi жоғарылайды. Ғұсылы үшiн оған берiлетiн сауаб, дүниедегi барлық нәрседен де артық болады. Аллаһу та’ала перiштелерге бұл құлыма қарандар! Түнде менiң әмiрiмдi ойлап, ерінбей жүнiптіктен ғұсыл алып жатыр. Куә болыңдар, бұл құлымның күнәларын кешiремiн дейдi».

Дәрет үшiн жеңiлдiктер (мәсi және жараға мәсiһ)

Мәсiһ - сипау деген мағына бередi. Мәсiһтің екі түрі бар:

1. Мәсiге мәсiһ тарту:

Мәсi - аяқтың жуылуы парыз болған жерлердi жауып тұратын су өткiзбейтiн аяқ киiм. Мәсi үлкен болып бармақтар мәсiнiң ұшына жетпей тұрса және мәсiһ сол бос жердің үстіне тартылса дұрыс болмайды. Мәсi жол жүргенде мықты, әрі бекем және аяққа шақ болуы керек.

Табаны мен аяқтың үстi немесе тек табаны терiмен қапталып тiгілген шұлыққа мәсiһ тартуға болады. Қалың, мықты болып, жүргенде төмен түспейтiн қатты шұлыққа мәсiһ тартуға болады.

Дәреттiң сүннеттерi

Дәреттiң сүннеттерi он сегiз:

1. Дәретті “Бисмиллаһ” деп бастау.

2. Әуелi екі қолды бiлекпен қоса үш рет жуу.

3. Ауызды үш рет сумен шаю. Бұны Мазмаза деп атайды.

4. Мұрынды да үш рет сумен шайып сіңбіру керек. Бұны Истиншақ деп атайды.

Дәреттiң әдептерi

Дәреттiң әдептерi жиырма сегiз:

Әдеп - орындалған жағдайда сауап, орындалмаған жағдайда күнә болмаған амалдар. Ал сүннеттi орындаған жағдайда сауап, орындамаған жағдайда тәнзихан мәкрух болады. Әдепті мәндуб және мустахаб деп те атайды. Дәреттiң әдептерi:

1. Уақыт кiрместен бұрын дәрет алып намазға дайындалу. (Үзірлі болғандар уақыт кірген соң алады)

2. Іш дәрет алғанда қыблаға оң немесе сол жағымен қарап отыру. Дәрет сындырғанда қыблаға қарай алдымен немесе артымен отыру тахримән мәкрух болады.

Дәрет алғанда тыйым салынған жағдайлар

Дәретте тыйым салынған жағдайлар он екi. Бұларды орындаған жағдайда харам немесе мәкрух болады. Олар:

1. Дәрет сындырған кезде қыблаға алдын не артын қарату.

2. Дәрет алу үшін бiреудің қасында әурет жерiн ашу харам болады.

3. Оң қолымен әурет жерiн жууға болмайды.

Дәрет алудағы маңызды жайттар

Мұқтаж болмасада төмендегi он нәрсеге мән берiлу керек.

1. Екi қолы шолақ болған адам, үлкен дәрет ала алмайды. Бұл кісі шолақ қолын топыраққа, жүзін дуалға сүртіп тәйәммум алады. Жүзiнде де жарасы бар болса намазын дәретсiз оқиды, яғни қазаға қалдырмайды.

2. Ауру адамға жұбайы немесе күйеуi, балалары, бауырлары дәрет алдырады.

Толық дәрет қалай алынады?

Сұрақ: Дәретті жақсылап алу деген не?

Жауап: Әуелі жақсылап дәрет алудың құндылығын білдірейік. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Дәрет алып жүр және дәретті жақсылап ал, өмірің ұзарсын.»(Хараити)

«Жақсылап дәрет алып мешітке кірген адам Аллаһтың қонағы болады. Ал Аллаһу та'ала қонағына міндетті түрде сый-сияпат көрсетеді.» (Бәйһақи)