Дініміз білдірген қасиетті айлардың екіншісі – Шабан айы. Аллаһу та’ала құлдарына аса мейірім танытқандықтан, тіпті ананың баласына деген мейірімінен де артық мейірімді болғандықтан, кейбір күндер мен кейбір айларды қасиетті қылған.
Бұл қасиетті айлар мен күндердегі...
Бәрат түні - шабан айының 15-ші түні. Құран Кәрім Ләухул махфузға осы күні түсті. Аллаһу та’ала бұрын ешнәрсе жаратпастан бұрын жарататын нәрселерінің барлығын қалады. Олардың бір жыл ішінде болатындарын осы түні періштелерге білдірді. Бұл кеш рақымдылық есіктері ашылып, дұғалар қабыл болатын төрт түннің бірі.
Араб айларынан шәууәл айының бірінші күні ораза айты, зүл-хиджа айының оныншы күні құрбан айты болып табылады. Ораза айты үш күн, ал құрбан айт төрт күнге созылады. Мұсылмандар айт күндеріне үлкен мән береді. Өйткені, бұл күндер – күнәлар кешірілетін, бірлік пен ынтымақтастық сезімдері ұштасқан, қуаныш пен шаттық күндері!
Қадір түні Рамазан айының ішіндегі,Құран кәрімде мадақталған ең қадірлі түн болып табылады. Аяти каримада: «Қадір түні мың айдан қайырлы»делінген. Құран кәрім Расулуллаһқа осы түні түсе бастады. Рамазанның соңғы он күндері және түндерінен іздеу керек. ...
Сұрақ: Рамазан айынан кейін Шәууал айында ораза тұтудың қандай құндылығы бар?
Жауап: Ораза тұту әркез үлкен сауап. Хадис шәрифте «Ораза жаһаннам отынан қорғайтын қалқан.» делінген. (Бұхари) ...
Сұрақ: Зүл-хиджа айы туралы мәлімет бересіз бе?
Жауап: Құрбан айт болатын ай зүл-хиджа айы деп аталады. Зүл-хиджа айының алғашқы он күнінде жасалатын ғибадаттардың қадірі өте жоғары болып табылады. Бұл жөнінде хадис шәрифтерде былай делінеді: ...
Сұрақ: Құрбан айттың алдындағы күндердің дінімізде қандай маңыздылығы бар?
Жауап: Құрбан айттан бір күн бұрынғы күн “арапа күні”, оның алдындағы күн “тәруия күні” деп аталады.
Мухаррам айы – исламдық қамари жылының бірінші айы және Құран кәрімде құрметтелген төрт айдың бірі. Мухаррам айының бірінші түні мұсылмандардың қамари жыл басы түні болып есептеледі. Бұл түнді ғибадатпен өткізу және құрмет көрсету керек. Құрмет көрсету күнә жасамай өткізумен іске асады. Зүл хиджа айының соңғы күні және мухаррам айының бірінші күні ораза тұтқан адам сол жылдың барлығын ораза тұтқандай сауапқа қауышады.
Мухаррам айының оныншы күні – Ашура күні деп аталады. Мухаррам айы – Құран кәрімде құрметтелген төрт айдың бірі. Мухаррам айының бірінші күні ораза тұту ол жылдың барлығын оразамен өткізгенмен бірдей болады. Бір хадис шәрифте былай делінеді: «Рамазаннан кейінгі ең құнды ораза – мухаррам айында тұтылған ораза болып табылады.» (Муслим)
Сұрақ: Қасиетті үш ай туралы мәлімет бересіз бе?
Жауап: Ражаб айы: Қасиетті төрт айдың бірі. Бір аяти кәримада: «Аллаһтың көктер мен жерді жаратқан күннен бері айлардың саны он екі. Бұлардың төртеуі харам (құрметті) болған айлар» делінген. (Тәубә 36)
Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Харам (қасиетті) айлар – Ражаб, Зүл-қада, Зүл-хиджа және Мухаррам.» (Ибни Жәрир)
Сұрақ: Ражаб айы туралы мәлімет бересіздер ме?
Жауап: Ражаб айы қасиетті үш айдың бірі. Бұл ай тәубе, құрмет және ғибадат, ал рамазан жақын-дық пен нығмет айы болып табылады. Зуннун Мысри былай дейді: «Ражаб тұқым себу, шаъбан айы егінді сулау, ал рамазан болса, жемісті жинау айы».
Ражаб (ережеп) айы кешірім, шағбан айы шапағат және рамазан айы сауаптардың еселеніп берілетін ай екендігі көрсетілген. Бұл айларды құрметтеу күнәлардан алыс тұру және ғибадат ету арқылы жүзеге асады. Құрмет көрсеткен адам оның қайтарымын алады. Осы қасиетті уақыттарда уәде етілген сауаптарды алу үшін ең алдымен сенімді түзеу керек. Ғылымхал ілімдерін үйрену керек, соларға сай өмір сүру керек. Көп тәубе жасап, кешірім сұрау керек. Қаза болған намаздарын оқуды бастау қажет. Тезірек қарыздардан құтылуға тырысу керек.
Қасиетті ражаб айының алғашқы жұма түні Рағаиб түні деп аталады. Исламда барлық жұма түндері қасиетті. Бұл екі қасиетті түн бірге келгенде қасиеттілігі одан да арта түседі. Аллаһу та’ала бұл түні мұсылмандарға жақсылықтар, ихсандар береді. Бұл түнге құрмет көрсеткендерді кешіреді. Бұл түні жасалған дұғалар қайтарылмайды және де намаз, ораза, садақа сияқты ғибадаттар үшін сансыз көп сауаптар беріледі.
Рағаиб түнін ғибадатпен өткізу керек. Қазасы бар адам ең болмағанда бір күндік қаза намаздарын оқуы керек! Қазасы жоқ адам нәпіл намаз оқиды, Құран кәрім оқиды, тәсбих тартады, тәубе истиғфар етеді. Бұл күні ораза тұтып, түнін ғибадатпен өткізудің сауабы өте үлкен. Қасиетті түндерде және әр уақытта да ілім үйрену бәрінен де жоғары келеді. Илмихал ілімдері ең қадірлі болып табылады.
Бәрат немесе Бәраат сөзінің сөздіктегі мағынасы – ақталу, кінәдан, жазадан құтылу, бір адамның тағылған кінәдан ұзақ екенінің немесе айтылған айыптардың шын мәнінде айып емес екенінің анықталуы дегенді білдіреді. Сонымен қатар, Бәрат – құтылудың құжаты деген мағынаға да келеді.
Аллаһу та'ала төрт адамды төрт нәрсе арқылы айыптан, жаладан бәрат еттірген. Юсуф алейһиссаламды куәгер арқылы, Мұса алейһиссаламды киімін арқалап жүретін тас арқылы, хазіреті Мәриямды баласын сөйлету арқылы, хазіреті Айшаны Нұр сүресінің жиырма алтыншы аяты арқылы бәрат еттірген.Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Ахиретте көптеген адам жәннатқа есепке тартылмай кіреді. Оларға мизан, таразы құрылмайды. Оларға берілген парақ беттерінде: “Лә илаһә иллаллаһ, Мухаммәдун расулуллаһ. Бұл – пәленше ұлы түгеншенің жәннатқа кіруінің және жаһаннамнан құтылуының бәраты (құжаты)” деп жазылады.» деген.
Әлемдегі барлық адамдарға пайғамбар ретінде жіберілген, пайғамбарлардың ең соңғысы және ең үстемі Мұхаммед «алейһиссалам» 571 жылы сәуірдің 20-на сай келген рабиуләууәл айының 12-сі дүйсенбі күні түнде таңға жақын Меккеде дүниеге келді. Әр үммет үшін өз пайғамбарының туылған күні мереке болып есептеледі. Бүгін де мұсылмандардың мерекесі. Қуаныш пен шаттық күні. Әлемдегі мұсылмандар тарапынан жыл сайын бұл түн «мәуліт түні» болып тойланады, барлық жерде мәуліт қасидасы, өлеңдері оқылып, расулуллаһ еске алынады. Мәуліт - туылған сәт дегенді білдіреді.