Құран кәрімді әркім түсіне алмайды

Сұрақ: Құран кәрімді кез-келген адам түсіне ала ма, әлде пайғамбарымыздың ашықтап түсіндіруі шарт па? Аудармасын оқумен Құранды түсіне аламыз ба?

Жауап: Құран кәрімді толықтай тек Расулуллаһ алейһиссалам түсінген. Өйткені Құран кәрім пайғамбарымызға түскен.

Ислам ілімдері

Ислам ілімдері “Улуми нақлийа” (нақыл ілімдері, дін ілімдері) және “Улуми ақлийа” (ақли ілімдер, пән (жаратылыстану) ілімдері) болып екіге бөлінеді. Улуми нақлийа яғни дін ілімдері де екіге бөлінеді, “Улуми алийа” (жоғары ілімдер) және “Улуми ибтидаийа” құрал (көмекші) ілімдер. Жоғары ілімдер сегіз: ...

Аудио құралдардан Құран тыңдау

Сұрақ: Құран кәрімді аудио құралдардан және микрофонмен оқу және тыңдау жаиз ба?

Жауап: Жаиз емес. Бұл құралдардан тек үйрену мақсатында ғана тыңдауға болады. Мысалы намаз сүрелерін білмейтін адам осылар арқылы үйренуіне болады. Бұдан тыс сауап алу ниетімен ...

Дін қайдан үйреніледі?

Сұрақ: Ислам дініне және Құран кәрімге мойынсұну үшін және дінімізді үйрену үшін Құран кәрімнің аудармасын, тәфсирін оқу керек пе?

Жауап: Ислам дініне, Құран кәрімге мойынсұну үшін және дінді дұрыс үйрену үшін Құран кәрімнің аудармасын, тәфсирін емес, тек ...

Құранға мағына беру

Сұрақ: Қажыларға таратылған Құран кәрімнің аyдармасындағы бір хадис шәрифте: «Құранды өз көзқарасымен  (өз түсінігі бойынша) тәпсірлеген адам кәпір болады.» делінген. Мен арап тілін жақсы білемін. Құранды оқыған кезде ол жердегі сөздердің, сөйлемдердің кейде қазақшасын түсініп тұрамын. Мына хадис бойынша менің Құран аяттарында ...

Зиллуллаһ

Сұрақ: Кейбір кітаптарда “зиллуллаһ” сөзі – “Аллаһтың көлеңкесі” деп аударылған. “Зил” сөзі тек қана көлеңке деген мағынаны білдіре ме? Көлеңке делінген кезде сөйлемнің мағынасы өзгеріп кетпей ме? Аллаһ құдды дене секілді түсініледі. Бұл сөздердің дұрыс аудармасы қандай?

Жауап:  Зил – қамқорлық, қорғау сияқты мағыналарға да келеді. Мәселен, хадис шәрифте былай делінген:

«Аллаһу та’ала өзінің қамқорлығынан басқа ешқандай қамқорлық көрсетілмейтін қиямет күнінде жеті топ адамдарды өзінің көлеңкесіне (қамқорлығына) алады.» (Бұхари)

Құран кәрім оқудың әдептері

Құран кәрім оқыған кезде мына әдептерге мән беру керек:

1) Дәретті болып, таза жерде құбылаға қарап, тізерлеп отыру керек! Еркектердің басы ашық күйде оқымай, ең болмағанда тақия кию керек! Тақиясыз оқу тәнзиһан мәкрух болады. (Мусхафқа қарап оқу жаттанды түрде оқудан сауаптырақ. Мусхаф – Құран кәрім кітабы.)

2) Құран кәрімді оқитын кезде Әузу және Бисмиллаһ-ті толық айтып бастау керек!

Ақшаға Құран оқу

Сұрақ: Ақшаға Құран оқу, оқылған дайын хатымды сату жаиз ба?

Жауап: Құран кәрімді күнкөріс үшін табыс көзі қылуға болмайды. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Құран оқыңдар, бірақ күнкөріс үшін табыс көзі қылмаңдар.» (И.Ахмед)

«Бір заман келеді, Құран Аллаһ разылығы үшін емес, дүниелік үшін оқылады.» (Әбу Дауд)

Аударма оқу неліктен зиянды?

Сұрақ: Не себептен Құран кәрімнің аудармасын оқуға болмайды? Аударманың ешқандай пайдасы жоқ па? Ана тілі арабша болған адам, онсыз да, біз аудармадан түсінгенімізді түсінеді. Арабша білмейтіндердің аударма оқып, арабша білетін арабтардың дәрежесінде Құранды түсінуінде қандай зиян бар? Егер аударма оқу дұрыс емес болса, онда Ресей Ислам дініне зиянды болған нәрсеге не себептен тыйым салған? Заманға сай аударма жазылу керек емес пе?

Жауап: Құран кәрімнің аудармасын оқудың зияны пайдасынан әлдеқайда көбірек. Тіпті зиянымен салыстырғанда пайдасы жоқтай. Қожа Насреддин «Бір тамшы бал үшін таяқ жесең өлмейсің» деген. Бал жеймін деп таяқ жеген өлмейді, алайда аударма оқып, қате үкім шығарған адам иманын жоғалтып алуы мүмкін. Егер тәубе етпейтін болса, мәңгілікке тозақта қалады. Мәңгіліктің жанында миллиондардың, миллиардтардың құны да жоқ.

Хатым сауабы

Сұрақ: Фиқһ кітаптарына қарсы шығып, мешіт қабырғаларын ластап жүрген атақты біреу «Дінде Құранды хатым ету дегендей амал жоқ. Хатым – бітіру деген сөз. Бітіру деген ғибадат болмайды. Құранды оқы, қай бетінен оқығың келсе, сол бетінен бастап оқи бер» дейді. Сонда Құранды хатым ету ғибадат емес пе?

Жауап: Хатым – сөздікте бітіру, аяқтау деген мағынаны берсе де, фиқһтағы мағынасы бір кісінің Құран кәрімді бастан аяқ оқып шығуы деген сөз. Хатымның маңызы жайында көптеген хадис шәриф бар. Бірнешесі төменде:

Құран Кәрімге қатысты мәліметтер

Құран Кәрім бұрыннан бар. Бұған “қадим” делінеді. Кейіннен жаратылған емес. Мұны тура жолдағы Әһли сүннет ғұламалары сөзбірлігімен айтқан. Кәлами нафси – Аллаһтың сөзі, яғни Аллаһу Та’аланың Кәлам сипаты дегенді білдіреді. Кәлами лафзи де Аллаһтың сөзі, бірақ бұл Аллаһтың сипатынан емес, жаратуынан пайда болған деген мағынаны білдіреді.