Сұрақ: Намаз біткеннен кейін не айтылады?
Жауап: Намазын жалғыз немесе имаммен оқыған адам екі жаққа сәлем бергеннен кейін «Аллаһуммә әнтәс-сәләм уа минкәс-сәләм, тәбарактә иә зәл-жәләли уәл-икрам» деп айтады.
Сұрақ: Сапарға шығарда оқылатын дұға бар ма?
Жауап: Сапарға шығатын адам екі рәкат намаз оқуы керек және садақа беруі керек. Хазреті Заһид Әбул Хасан Ғазуи «Сапарға шығарда “Ли иләфи қурайш” сүресін оқыған адам бүкіл жамандықтардан амандықта болады.» деп білдірген. (Шира)
Сұрақ: Рухани қиыншылықтардан, қорқыныштардан және дуаны (сиқырды) қайтару үшін не істеу керек? Жыннан қорғану үшін қандай дұға оқу керек?
Жауап: Аллаһу та‘ала барлық нәрсені себеппен жаратқан. Бір нәрсеге қауышу үшін, сол нәрсенің себебіне жабысу керек, яғни сол...
Сұрақ: “Мына дұғаны оқысаң кедейліктен құтыласың” деп айтылып жатады. Дұға оқумен кедейліктен қалай құтылуға болады?
Жауап: Дініміз еңбек етіп күн көріс қаражатын табуды әмір еткен. Хазреті Омар: “Еңбек етіңдер, ақша табыңдар, жұмыс істеместен ризық...
Сұрақ: Күпірге түспеу үшін кеңес беретін дұғаңыз бар ма?
Жауап: Күпірге түспеу үшін таңертең және кешке оқылатын дұға:
«Аллаһуммә инни ә’узу бикә мин ән-ушрикә ...
Сұрақ: Кейде миымыз қатып кетеді, басымызға бәле келіп немесе бір нәрседен қорқамыз, қарызымызды өтей алмай қиналамыз. Бұлардан құтылу үшін бір дұға бар ма?
Жауап: Әрбір дерттің дауасы, шарасы бар. Аллаһу та’ала шарасыз дерт жаратпаған.
Сұрақ: Көз тиюінен қалай сақтануға болады?
Жауап: Адамға, жануарға, тіпті жансыз нәрселерге де көз тиеді. Көз тиюі ауруға шалдықтырады, тіпті өлтіреді де. Әйелдерге және кішкентай балаларға көп әсер етеді. ...
Сұрақ: Бастырылу деген не және одан құтылу үшін не істеу керек?
Жауап: Бастырылу медицинада ұйқы салы деп аталады. Дәрігерлер қан айналымындағы ретсіздіктерден және психологиялық күйзелістерден туындайтындығын білдіріп былай дейді: Ұйқы ...
Тамақтан бұрын «бисмилләһ» айту яғни «Бисмилләһиррахманиррахим» деп айту және соңында «әлхамдулилләһ» деу сүннет болып табылады.
Тамақтың алдында «Ниет еттім Аллаһ разылығы үшін тамақтануға, осы тамақтың күш-қуатымен ...
Сұрақ: Әнбийаның (пайғамбарлардың), әулиелердің құрметіне немесе жауған жаңбырдың құрметіне, күнәсіз сәбилердің құрметіне, белгілі бір заттың құрметіне деп дұға ету жаиз ба?
Жауап: Барлығы да жаиз. Хадис шәрифте былай делінген:
«Халық арасында сөздеріне ешкім құлақ аспайтын көп адамдарды көресіңдер, олар бір нәрсе үшін ант етсе, Аллаһу та’ала бұл сүйікті құлдарының құрметі үшін ол нәрсені дереу жаратады.» (Мүслим)
Шипа аяттарын суға салып ішсе ауруларға шипа болады
Шипа аяттары мыналар:
Тәубә 14
...
1. Мұсылман болу керек.
2. Әһли сүннет сенiмiнде болу керек. Сондықтан төрт мазһабтың бiреуi көрсеткен жолмен жүру керек.
3. Парыздарды орындау керек. Қаза болған намаздарды, түнде және сүннеттердің орнына қаза ету керек.
Сұрақ: Досымның хабары болмастан, оның артынан еткен дұғамның қабыл болатындығы рас па?
Жауап: Иә, бір мүминнің басқа дін бауырына, оған білдірмей, яғни артынан жасаған тілек-дұғасын Аллаһу та’ала қабыл етеді. Бұған ғиябта (өзіне білдірмей, оның хабарынсыз) дұға ету делінеді. Бетпе-бет етілген дұғаға рия (көз бояушылық) араласуы мүмкін, бірақ артынан етілгенде тек Аллаһ разылығы үшін дұға етілген болады. Аллаһ разылығы үшін жасалған тілек-дұғаларды Аллаһу та’ала қабыл етеді. Дін бауырына оның хабарынсыз дұға еткен кезде Аллаһу та’ала бауырымыз үшін сұраған нәрсені алдымен бізге береді. Хадис шәрифтерде былай делінген:
Сұрақ: Қандай адамдардың дұғасы қабыл болады?
Жауап: Қажылардың, мужаһидтердің, дертті адамдардың, науқастардың, ғаріптердің, мазлұмдардың (зұлымдық көргендердің), жолаушылардың, ата-ананың, пәлекет келуден бұрын дұға еткен адамның, көп зікір ететін адамның, мұсылмандықта шаштары ағарған адамның, ораза ұстағанның, салих ғалымның және әділ басқарушының дұғалары қабыл болады.
Сұрақ: Қиыншылықтан құтылу үшін не істеу керек?
Жауап: Қиыншылықтан құтылу үшін себептерге жабысу керек.«Еңбек етпей дұға еткен адам, қарусыз соғысқа аттанған адаммен тең» деген хадис шәриф те себептерге жабысуды әмір етуде. Құран кәрімде «Әрбір қиыншылықтың бір жеңілдігі (оңайлығы) де бар» делінеді. Қиыншылықтан құтылудың да шарасы бар. Еш бос уақыт өткізбеу керек, өзіне пайдалы бір кәсіп табу керек. «Сабыр - құтылудың кілті» деген сөзге амал етіп, еңбек етіп сабыр етіп, қиындықтан шығудың жолын іздеу керек.
Төсекке жатарда оң алақанды оң бетке қойып оң жанымен, бетті құбылаға қаратып ұйықтау сүннет болып табылады. Жатарда төсекке дәретті болып жату және жатарда оқылатын дұғаларды оқып жату керек.
Сәйид Абдулхаким Аруаси хазреттері былай деген:
Төсегіңе дәретпен, Әузу Бисмилләһ айтып жат! Оң жағыңмен, құбылаға қарап жат! Оң алақаныңды оң жақ жағыңның астына қой! “Әузу Бисмилләһ” пен бір Аят-әл-күрсиді оқы! Сосын Бисмилләһпен үш Ихлас, бір Фатиха, сосын бір реттен Фалақ және Нас сүрелерін оқы!