Жұбайын қызғану

Сұрақ: Ерлі-зайыптылардың бір-бірін қызғануының зияны бар ма?

Жауап: Кейбір орталарда қызғануды айып сияқты, артта қалғандық сияқты көрсетуге тырысады. Қызғану, яғни намысты қорғау үшін белгілі шекара ішінде қызғаныш таныту дініміздің әмірі.

Сәлем беру

Сұрақ: Осы сәлем бергенде, ел арасында: Саумайкiм- деп жатамыз. Бiр-екi адам болса: Саумайкiмдер-дей саламыз. Осы сөз дұрыс па, мағынасы кандай?

Жауап: Сәлем бергенде “Ассаламу алейкум” деп айтылады. Сәлемді алғанда “Уа алейкум ассалам” делінеді. “Саумайкім” деген сөздің...

Мешіттерге құрмет

Сұрақ: Мешітте мән берілуі керек нәрселер нелер?

Жауап: Біразы мыналар:

1- Мешітке кірген адамның ол жерде намазды күтіп отырғандарға сәлем беруі жақсы болады. Бірақ, сүннетті оқып парыз намазын күтіп ...

Ойға келген нәрселер күнә бола ма?

Сұрақ: Харам, жаман нәрселерді ойлау күнә бола ма?

Жауап: Ойлар бес түрлі болады:

1-     Көңілге келіп кетеді.

2-     Көңілге келіп, кетпей қалады, бірақ адам оны жасауды қаламайды.

3-     Көңілге келгенде адам оны істесем ба істемесем ба деп екі ойлы болады.

4-     Көңілге келгенде адам оны істеуге шешім қабылдайды.

5-     Көңілге келгенде адам оны істеу үшін өзін мәжбүрлейді. (Хадиқа)

Түшкіру

Сұрақ: Түшкірудің иманмен, шын сөйлеумен және дұғаның қабыл болуымен байланысы бар ма?

Жауап: Иә, бар. Түшкіру өте жақсы нәрсе. Бір хадис шәрифте:

«Түшкіру Рахманнан, есінеу шайтаннан» делінген. (Тирмизи)

Хазіреті Осман түшкіргенінде пайғамбарымыз алейһиссалам:

«Сүйінші саған, йа Осман. Мына келген Жәбірейіл алейһиссалам. Аллаһу та'аладан маған “Қатарынан үш рет түшкіріп, оның жүрегіндегі иманы берік болмайтын ешқандай мұсылман жоқ” деген хабар әкелді.» (Тирмизи, Хаким)

Ықылас және рия

         Сұрақ: Ықылас және рия деген не?

        Жауап: Ықылас – денемен немесе мал-мүлкпен жасалатын парыз немесе нәпіл ғибадаттарды Аллаһ разылығы үшін жасау деген сөз. Мал-мүлік үшін, атақ үшін, құрметті және абыройлы болу үшін жасалған ғибадаттарда  ықылас болмайды, рия болады. Мұндай ғибадатқа сауап берілмейді. Керісінше күнә болады, азапқа лайық болады. Харам істейтіндермен, бидғатшылармен және кәпірлермен дос, көрші болғандардың ықыластары қалмайды.

Мусафаха (Қол алысу)

Сұрақ: Мусафаха деп аталатын қол алысу қалай жасалу керек, жалпы мусафаха деген не?

Жауап: Мусафаха – екі адамның оң қолдың алақандарын бір-біріне жабыстырып, екі бас бармақтың жандарын бір-біріне тигізу деген сөз. Төрт қолмен орындалуы жақсырақ болады. Екі мұсылман сүйіспеншілікпен мусафаха жасап қол алысатын болса, күнәлар төгіледі. Мусафаха сүйіспеншілік және достықты тудырады. (Мәрақил фәлах)

Зинақорлық үлкен күнә

Зина – ақылды және балиғат жасында болған еркек пен әйелдің некесіз қатынаста болулары дегенді білдіреді. Зина харам болып табылады.

Құран кәрімде былай делінеді:

«Зинаға жоламаңдар! Ол арсыздық, лас, төмен іс, жаман жол болып табылады.» (Исра 32)

«Мұсылмандарға айт, харамға қарамасын және әурет жерлерін харамнан қорғасын!» (Нур 31, 32)

Кібір (тәкаппарлық)

Сұрақ: Кібір дегеніміз не?

Жауап: Тәкәппарк деп өзін басқалардан жоғары санауды, үстем көруді айтады. Хадис шәрифте былай бұйырылды:

«Кібір – Хақ та’алаға разы болмау және адамдарды менсінбеу деген сөз.» (Мүслим)

Хазреті Фудаил бин Йяд “Қарапайымдылық – наданнан естісе де, кішкентай баладан естісе де хақты (шындықты) еш кідірместен қабыл ету, мойындау деген сөз” деген. Ал қабыл етпеу, мойындамау тәкаппарлық деген сөз. Тәкаппар адам өзін басқадан үстем көру арқылы рахаттанады. Өзін және ғибадаттарын ұнатады.

Парақорлық

Cұрақ: Параның дініміздегі орны қандай?

Жауап: Дініміз тартып алынған мүлікті және зұлымдық, ұрлықпенен алынған, пара алу, пайыз, құмар арқылы табылған табыстарды және басқа да қиянат жолдарымен қол жеткізілген табыстардың желінуіне және өзгелерге жегізуге тыйым салған. Құран кәрімде былай делінеді:

«Бір-бірлеріңнің мүліктеріңді араларыңда (құмар, арамдық, ұрлық, тартып алу, пара алу сияқты) жаман себептермен жемеңдер!»(Бақара 188)

Кінәліні кінәсыз, бұрысты дұрыс, жаманды жақсы, лайықсызды лайықты етіп көрсету үшін алынған ақша, мал-мүлік пара болып табылады. Өйткені хадис шәрифте былай делінді:

Жаман мінез және одан құтылудың жолдары

Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уасаллам” «Адамның денесінде бір ет бөлшегі бар. Ол жақсы болса, бүкіл мүшелер жақсы болады. Ол жаман болса, бүкіл мүшелер бұзық болады. Ол – көңіл.» деп бұйырған. Яғни біздің жүрек деп атайтын бір бөлшек етте болатын қуатқа ишарат етілген. Көңілдің жақсы болуы – жаман мінезден тазарып, жақсы мінезбен безенуі дегенді білдіреді.

Мінезді өзгертуге болады. Жаман мінездерден арылып, жақсы мінездермен безену арқылы өз-өзін тәбиелеу мүмкін нәрсе. Хадис шәрифте «Мінездеріңді жақсартыңдар!» делінген. Ислам мүмкін болмаған нәрселерді әмір етпейді.

Құл ақысы

Сұрақ: Қай жағдайларда өзгенің ақысы өтеді және одан қалай құтылуға болады?

Жауап: Құл ақысы бес түрлі болады:

1) Мал-мүлікпен (ақшалай)

2) Нәфси (өмірлік тұрғыдан)

3) Ар-намыс тұрғысынан

Аз сөйлеудің пайдалары

Сұрақ: Аз сөйлеудің, үндемеудің пайдалары туралы және көп сөйлеудің зияндары туралы мәлімет бересіз бе?

Жауап: Пайғамбарымыз «Аз сөйлеу иманнан, көп сөз екі жүзділіктен» деп білдірген.

Тіл – үлкен ниғмет. Жақсылығы да, жамандығы да үлкен. Жәннатқа да, жаһаннамға да апарады. Көлемі кіші, зардабы үлкен. Адамның иманды немесе имансыз болуы ауыздан шығатын сөздеріне байланысты. Ауыздан шыққан сөз я шындық, я өтірік. Басқа мүшелердің өрісі, ауқымдылығы шектеулі. Құлақ тек естиді, көз тек қана көреді. Ал тілдің өрісі кең. Жақсылық немесе жамандық айту үшін өте кең мүмкіндіктерге ие.       

Тіл туралы көптеген хикметті сөздер айтылған:

Адамға келген он пәленің тоғызы – тілден.

Атағыңды өсіретін де, өшіретін де – тіл.

Бірге тамақтану

Сұрақ: Тамақты бірге жеген кезде ауру жұғуы мүмкін екендігі айтылады. Осыған байланысты тамақты бала-шағамен бір ыдыспен жемей, бөлек ыдыспен жеу керек пе?

Жауап: Тамақ жеу – ғибадат емес, әдет. Барлық мубахтарда болғаны секілді тамақ жеген кезде де өзі тұрып жатқан елдің әдет-ғұрпына бағынудың, бөлек ыдыстан жеудің зияны жоқ.

Жұқпалы ауруы бар адамның басқа адамдарға араласып, бірге жүріп-тұруы дұрыс емес.  Жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу үшін дініміз карантинге аса мән берген. Дініміз жұқпалы ауру бар жерге бармауды және ол жердегілердің басқа жақтарға шығып кетпеуін әмір етуде. 

Жұқпалы ауру бар жерден адамдардың сыртқа шығуларына тыйым салынуының екі түрлі себебі бар:

Тамақтану әдебі

Сұрақ: Тамақтану әдебі жайында мәлімет бересіз бе?

Жауап: Тармақтарға бөліп білдірейік:

Тамақты бастар алдында ниет ету:

Тамақты бастар алдында Аллаһу та’алаға ғибадат ету, Аллаһу та’аланың құлдарына пайдалы болу, Аллаһу та’аланың дінін, мәңгілік бақыт және тыныштық жолын барлық адамдарға тарату үшін күш-қуат 

Тәкаппарлықтың белгілері

Сұрақ: Бір адамның тәкаппар екендігін қай белгілеріне қарап білуге болады?

Жауап: Алдымен тәкаппарлыққа жататын іс-әрекеттерге бірнеше мысал келтірейік:

1- Сұрақ сұрамау тәкаппарлықтың белгісі. Тәкаппар адам сұрақ сұрауды білмегендіктің белгісі деп ойлайды. “Егер сұрақ сұрасам, білмейтіндігім белгілі болып қалады” - дейді.

2- Тек өзінен ғана сұрағанды, басқалардан сұрамағанды қалау, білетін-білмейтін барлық сұрақтарға да жауап беруге тырысу, білмеймін деп айта алмау.

3- Жол, адрес сұраудан тартыну. Жол және сұрақ сұрамау – айыпталу, кінәлану қорқуынан туындайды.

4- Бастығынан рұқсат сұраудан тартыну.

Қарттарға құрмет

Сұрақ: Кітаптарда хазреті Әлидің бір қарияға құрмет көрсетіп алдына өтпестен (озбастан), артынан жүргені білдіріледі. Адамға тек қана жасына қарай құрмет көрсету керек па?

Жауап: Имам Ағзам хазреттері имам Әбу Юсуфқа: “Ғалымдарды құрметте! Үлкендерге құрмет, кішілерге ізет-мейірімділік көрсет!»деген. Әсіресе мұсылман қарттарға құрмет көрсету керек. Жақсы-жаман деп ажыратпай, барлығына бірдей жақсылық жасау керек. Мысалы, қоғамдық көліктерге жас, кәрі, ауру, сау, әйел, еркек, бай, кедей, ғалым, надан сияқты әр түрлі топтың адамдары мінеді. Әлсіздерге көмектесу керек, автобусқа мінерде де, түсерде де көмектесіп, оларға орын беру керек. Қарттарға, мұқтаждарға көместесу керек.

Осы тұрғыдағы хадис шәрифтерде былай делінген:

Көп күлу

Сұрақ: Көп күлудің зияны бар ма?

Жауап: Күлімдеу, жылы жүзді болу өте жақсы. Қарқылдап күлу мәкрух. Бірнеше хадис шәрифтің мағынасы:

«Егер Жаннат пен Жаһаннамды көргендеріңде, аз күліп көп жылайтын едіңдер.» (Мүслим)

«Егер менің білгендерімді білгендеріңде, аз күліп көп жылайтын едіңдер.» (Бұхари)

«Көп күлу жүректі өлтіреді және мүминнің қадірін түсіреді.»(Тирмизи)

Әдептілік – Ұяттылық – Ар тазалығы

Сұрақ: Әдептің дініміздегі орны кандай?

Жауап: Әдеп – жақсы тәрбие, жақсы мәміле, көркем мінез, ұяттылық, нәзіктік, сыпайылықдеген сияқты мағыналарға келеді. Мысалы тәрбиелі бала, әдепті бала дегенді білдіреді. Хадис шәрифте: «Бала-шағаларыңды әдепті, тәрбиелі етіп өсіріңдер» делінген. Дініміздің  негізі әдеп. Әдеп - құл өзін Аллаһу та’аланың қалауына бағындыру, жақсы мінезді болу дегенді білдіреді. Хадис шәрифте «Араларыңдағы ең жақсыларың, ең көркем мінезді болғандарың» делінген.

Хазреті Омар «Әдеп – ілімнен бұрын келеді» деген. Ол өте айбатты болуына қарамай, әдептілігінен, ұяттылығынан Расулуллаһтың жанында өте ақырын сөйлейтін еді. Пайғамбарымыз да, бір адамның жанында тізерлеп отыратын, ол адамға құрмет көрсету үшін мүбәрәк аяғын тік көтеріп отырмайтын еді. Әбу Саид Худри  хазреттері «Расулуллаһтың ұяты, бойдақ ислам қыздарының ұятынан да көп еді» дейтін.

Ұйықтау әдебі

Сұрақ: Ұйықтау әдебіне не жатады?

Жауап: Бір күніміздің орта есеппен үштен бір бөлігі ұйқыда өтеді. Ғафлетпен өтпеуі үшін ұйқыны да қадірлендіру керек. Мүминнің әрбір әрекеті парасатты болу керек. Ғафлетпен жатып, ғафлетпен тұрмау керек!

Қалай болса солай төсекке жатып ұйықтау дұрыс емес.

1) Төсекке дәрет алып жату керек! Хадис шәрифте былай делінген:

«Дәретті болып жатқан адамның рухы Аршқа көтеріледі және түстері дұрыс болады. Дәретсіз ұйықтаған адамның рухы көтерілмейді, көрген түстері аралас болады, дұрыс шықпайды.»(И.Ғазали)

Көшеде жүру әдебі

Сұрақ: Дінімізде көшеде жүру әдебі де білдірілген бе?

Жауап: Дінімізде кемшілік жоқ. Жүру, отыру, тұру, жату, сөйлеу әдебі сияқты адамға пайдалы немесе зиянды болған әр нәрсе ең нәзік егжей-тегжейлілігіне дейін білдірілген. Басқа діндерде мұндай нәрселер жоқ. Жүру әдебіне қатысты Құран кәрімде былай делінген:

«Тәкаппарланып жүрме!» (Лоқман 18)

«(Тым ақырын емес, жүгіріп те емес) орташа жылдамдықпен жүр!»(Лоқман 19)

«Рахман болған Аллаһу та’аланың (салих) құлдары жер бетінде салмақты және қарапайым болып жүреді.» (Фурқан 63)

«Жер бетінде тәкаппарланып жүрме, өйткені сен кібірленетіндей жерді қопара алмайсың және таудай биік емессің.» (Исра 37)

Сыншылдық ауруы

Сұрақ: Тез ашуланамын, ата-анамды, үйдегі үлкендерді ренжітемін. Қателіктеріне шыдай алмай, бірден сынға саламын. Кейіннен бұған өкінемін. Осы жаман мінезімнен арылу үшін не істеуім керек?

Жауап: Ислам ғалымдары ашуланудың кібірден, өз-өзін ұнатудан пайда болатынын білдірген.

Сынау, негізінде «Мұны мен білемін, сен білмейсің, саған ескертіп жатырмын, бұл қате жолыңнан қайт» деген сөз. Мұны ешкімге айтуға болмайды, әсіресе ата-ана сияқты үлкендерге мүлдем айтуға болмайды. Білім тәкәппар адамның тәкәппарлығын, қарапайым адамдардың қарапайымдылығын арттырады. Білімімен тәкәппарлану – үлкен пәлекет. Хадис шәрифте «Білімді адамның пәлекеті – өзін басқалардан жоғары санауы» делінген. Сондықтан, ақылды адам мен жақсырақ білемін деп өзін пәлекетке тастамайды.

Қонақтың міндеттері

Сұрақ: Қонақ, үй иесінің алдында өзін қалай ұстау керек?

Жауап: Қонақтың мән беруі керек болған әдептердің кейбірлері мыналар:

1) Шақырылған жерге кешігіп те, ерте де бармау керек. Барарда біраз тамақтанып бару сүннет болып табылады. Тек тамақ жеу үшін ғана емес, үй иесін разы қылу үшін барғаны белгілі болу керек!

2) Қонақтың жан-жағына қарамауы керек, үй иесін ыңғайсыз жағдайға түсірмеу керек. Үй иесінің рұқсатынсыз басқа қонаққа тағам ұсынып, сияпат көрсетпеу керек! Үй иесі көрсеткен жерге отыру керек, рұқсатсыз нәпіл ораза ұстамау керек және намазда үй иесі ұсынбаса имамдыққа өтпеу керек! Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Қонақ үйдің төрінде отырмасын!» (Мүслим)

«Қонақ үй иесінің рұқсатынсыз (нәпіл) ораза ұстамасын және көрсетілген жерге отырсын! Өйткені үйдің иесі өз үйінің әдетін жақсырақ біледі.» (Ибн Асакир)

Сөз тасудың зияндары

Сұрақ: Сөз тасудың дініміздегі орны қандай?

Жауап: Екі кісінің арасында тек шындықты айтып сөз жеткізу де сөз тасушылыққа жатады. Егер сөзге өтірік араласатын болса, жала жабуға айналады. Сөз тасушылық дінімізде күнә. Ахиретте жазасы ауыр болуымен қатар, дүниеде де адамдардың араздасуына себеп болады. Сондықтан ел арасында «Тас тасысаңда сөз тасыма» делінеді. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Көре алмаушы, сөз тасушы және палшы болған адам менен емес.» (Табарани)

«Ең жамандарың – сөз таситын, достарының қарым-қатынасын бұзатын және айып іздеп жүретін адам.» (Табарани)

Көңіл айту

Сұрақ: Мұсылман қайтыс болған кезде не істеу керек?

Жауап: Туыстарына көңіл айту керек, яғни сабыр етуін айту керек және жаназаға байланысты қызметтерге жәрдемдесуге асығу керек. Бір хадис шәрифте былай делінген:

«Мұсылманның мұсылманда бес ақысы бар: Сәлеміне жауап беру, ауырған кезде көңіл сұрап бару, жаназасына бару, қонаққа шақырған кезде бару, түшкіріп “әлхамдулиллаһ” деген кезінде “йәрхамукаллаһ” деу.» (Мүслим)

Хабаршы келмеді ме?

Сұрақ: Ұзақ өмір сүруді қалаудың діндегі орны қандай?

Жауап: Сүйікті пайғамбарымыз үш шыбық алды. Бірін алдына, бірін жанына қадады. Ал үшіншісін алысқа лақтырды. Содан соң «Бұл шыбық – адам, жанындағысы – ажалы, ал ұзақтағысы – жоспарымен амалы. Адам амалдарының артынан жүгіреді, бірақ ажалы оны ұстап алады, ойлаған амалына жете алмайды» деді.

Өлім қорқынышты нәрсе болса да, адамдардың өлімнен бейхабар сияқты өмір сүруі, өлімді аз ойлағандығынан туындайды. Тіпті дүниелік ләззаттарымен әуре болған жүрекпен өлімді ойлаудың әсері аз болады немесе мүлдем болмайды. Қорқынышты болған өлімнің оңай өтуі үшін өлімді ойдан мүлдем шығармау керек. Бұл үшін, өз достарының арасындағы өзінен бұрын өліп, бала-шағасын, мал-мүлкін, достарын қалдырып, топырақ астына жерленгендерді ойлау керек. Мансап иесі болғандардың абыройларының қалмағандығын, оларды топырақ қалай шірітетіндігін ойлау керек. Тірі кезінде не істейтін, қалай сөйлейтін еді. Әлі істейтін көп тірлігі бар еді. Өлімді ұмытып өмір сүріп жүрген еді. Біреулер байлығымен, біреулер атағымен, біреулер жастығымен мақтанып жүрген еді. Өлім бұларды күтпеген жерден, кенеттен ұстады. Ал қазір бәрі ұмытылып кетті, қиял болды.

Мақтау және мақтану

Сұрақ: Шындықты айтып біреуді бетпе-бет мақтау дұрыс па?

Жауап: Шындықты айтып болса да біреуді бетпе-бет мақтау оның пәлекетке ұшырауына себеп болуы мүмкін. Өйткені жақсы көретін адамды мақтаған кезде тым асырып жіберіп, өтірік араласып кетуі мүмкін. Ал жақтырмайтын адамды мақтау рия болуы мүмкін.

Кейде бір адамды мақтаған кезде мақталған адам қуанады, өз-өзін ұнатады, адамдар менен үлгі алсын деп көрсетіндіге түсуі мүмкін. Өзін басқа адамдардан үстем санауы мүмкін. Алайда өзін әлсіз, кемшілікті, күнәхар санайтын адам салих амал жасайды және харамдардан одан да қаттырақ сақтануға тырысады. Ал өзін басқалардан үстем санаған адам бүкіл құндылықтардан мақрұм қалады. Мақталған адам өзін бір жетістіктерге қол жеткіздім деп ойлайды. Бір адам Расулуллаһ алейһиссаламның жанында бір кісіні мақтайды. Сонда Пайғамбарымыз оған «Оның мойнын үздің, естісе құтыла алмайды» деді. (Бұхари, Мүслим)

Күнә күнәні тартады

Сұрақ: Анама «Шаштарымды ашып жүруім негізінде күнә болады. Ал мен бұл күнәні істеп жүрмін, ендеше қолдарым мен аяқтарымды да ашып жүрсем не болады?» деймін. Ал анам бұған қарсы. Тіпті «Намазыңды оқы» дейді. Ал мен «Мүлдем күнә істемесем оқитын едім» деймін. Бір күнә істесем де, үш күнә істесем де, арасында қандай айырмашылық бар» деймін. Менікі дұрыс емес пе?

Жауап: Күнә істеген адамға сенікі дұрыс делінбейді. Өкінішке орай бұл заманда ғибадаттарда «істесең толық істе, немесе мүлдем істеме» деген көзқарас бар. «Не толық, не мүлдем ештеңе» деген нәрсе тек иманда болады, күнәлар мен ғибадаттарда болмайды. Иманның азы-көбі болмайды. Иман не бар, не жоқ болады. Кейбір ғибадаттарды орындай алмаған немесе кейбір күнәлардан сақтана алмаған адамға «Сен күнәхарсың, енді саған ғибадат етуіңе қажеттілік жоқ» деуге болмайды. Күнә кіші болса да, одан сақтануға тырысу керек. Бір күнәға әдеттенген адам басқаларын да істегісі келеді. Бір күнә басқа күнәларды шақырады. Күнә істеу – қарсы шығу деген сөз. Ақылды адам өз Раббысына қарсы шығу мөлшерін арттырады ма? Керісінше азайтуға тырысады.

Досты бағалау

Жақсы көретін және бағалайтын досыңызға оны жақсы көретіндігіңізді әрекетпен, қарым-қатынаспен ғана білдіру жеткіліксіз. Сөзбен де айту керек! Хадис шәрифте былай делінген:

«Досын жақсы көретін адам оның үйіне барып "Сені Аллаһ разылығы үшін жақсы көремін" деп айтсын!» (И.Ахмед)

Осындай дос тапқаннан кейін оны ренжітетін қарым-қатынаста болмау керек. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Достарыңмен сөз тартыспа! Оған қиыншылық келтірме! Оның хал-жағдайын әркімнен сұрама! Бәлкім, оған дұшпан болған біреуге кезігесің, ол досың жайында қате бір нәрсе айтып, араларыңның ашылуына себеп болуы мүмкін.» (Әбу Нуайм)

Сөз тартысудың зияндары

Сұрақ: Сөз тартысудың зияндары қандай?

Жауап: Шындықты анықтау ниетімен болса да, басқаларды сөзбен жеңу үшін сөз тыртысулар өте зиянды. Егер бір адамда сөз тартысуда сөзбен жеңуді жақсы көру, шындықты қарсы тараптағы адамнан естуден жағымдырақ болса, жамандықтың бәрі ішіне кіріп алған деген сөз. Сөз тартысуда жеңіп шығу қалауы басқа жамандықтарға себеп береді.

Сөз тартысудың он зияны бар:

1) Хаседке (көре алмаушылыққа) жол ашады:

Ал хасед, жақсылықтарды оттың отынды жаққаны сияқты жағады. Сөз тартысуда сөзбен жеңу де, жеңілу де зиянды. Жеңілген адамға «Пәленшенің ой-өрісі сенен жақсырақ екен» деген кезде, сөзбен жеңген адамға хасед ете бастайды. Сөз тартысуда жеңген адам өзін үстем санай бастайды. Хадис шәрифте: «Аллаһу та’ала тәкәппарланған адамды төмендетеді, қарапайым болғанды көтереді» делінген. (Табарани)

Жаман ойлар қайдан туындайды

Сұрақ: Көңілімізге әр түрлі ойлар келеді. Бұлар қайдан келеді? Қайбірінің жақсы, қайбірінің жаман екенін қалай ажыратамыз?

Жауап: Адамның көңіліне періштеден, шайтаннан және өз нәпсінен әр түрлі ойлар келеді. Періштеден келетін ойға «илхам», шайтаннан келетініне  «уәсуәса», ал нәпістен келетін ойға «хауа» делінеді. Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы қалай аңғарылады? Хадис шәрифте:«Періштеден келген илхам Ислам дініне сай болады. Шайтаннан келген уәсуәса Ислам дінінен айрылуға себеп болады» делінген. Олай болса, уәсуәсаны илхамнан ажырата білу үшін діннің әмірлерін жақсы білу керек. Мұсылман болмағандардан ірімшік, шұжық секілді азық-түліктер аларда «Бұлардың құрамына нәжіс зат араластырған» деген ой келсе, дереу діннің осы тұрғыдағы үкімін еске түсіру керек.

Кешірімді болу

Сұрақ: Бәрін кешіре беремін, осының кесірінен кейде ақымақ қылатындар да болады. Жалпы кешірімді болу жақсы ма?

Жауап: Кешіру – ақысы болған бір нәрсені алмай, иесіне кешіп жіберу деген сөз. Аллаһу та’ала кешіруші, кешіретіндерді жақсы көреді. Құран кәрімде былай делінген:

«Кешір, жақсылыққа шақыр және надандардан бетіңді бұр!»(Араф 199)

Хадис шәрифтерде де былай делінген:

«Кешіріңдер, Аллаһу та’ала да сендерді кешірсін және құрметтеріңді арттырсын!» (Исфехани)

«Аллаһ разылығы үшін кешірген адамның Аллаһу та’ала дәрежесін көтереді.» (Мүслим)

«Өзінен алыстап кеткендерге жақындау, зұлымдық жасағандарды кешіру, мақрұм қалдырғандарға (ештеңе бермегендерге)сыйлық беру – жақсы мінезді болу деген сөз.» (И.Суюти)

Жылы сөз бен күлімдеп жүрудің маңызы

Сұрақ: Күлімдеп жүру мен жылы сөздің маңызы жайында айтып бересіз бе?

Жауап: Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Мұсылман жылы жүзді, ал мұнафиқ (екі жүзді) қабағын асып жүреді.

Күлімдеу – тегін, оны алған адамды шаттандырады, бергенді қинамайды.

Бақыттың кілті – күлімдеу.

Күлімдей алмайтын адам – бейшара.

Күлімдеудің жылылығында балқымайтын металл жоқ.

Күлімдей алу екі дүниенің бақытына себеп болады.

Ислам діні – сүйіспеншілік, күлімдеген жүз, жылы сөз, дұрыстық және жақсылық діні.

Достарға дұрыстықты айту керек, дұшпандарды күлімдеген жүзбен және жылы сөзбен басқару керек.

Жетістіктің сыры – күлімдеген жүз, жылы сөз және жақсы саясат. Жақсы саясат – бәрінің разы болуы деген сөз.

Кәміл адам қандай болады?

Сұрақ: Мұсылман ретінде адамдармен қандай қарым-қатынаста болуымыз керек?

Жауап: Барлық адам айналасында және жұмыс орнында мінездері әр түрлі болған түрлі адамдармен кездеседі. Мұсылман ретінде олардың алдындағы әрекеттерімізді білуіміз керек. Имам Ғазали хазреттері адамдарды төртке бөлген:

1) Ішіп-жеу және рахаттанудан басқа ештеңе білмейтіндер.

2) Айналасына ауыртпашылық, зұлымдық көрсететін адамдар.

3) Қулықпен, айламен айналасындағыларды алдайтындар.

4) Жақсы мінезді болған шынайы мұсылмандар.

Сараңдық

Сұрақ: Сараңдық туралы мәлімет бересіздер ме?

Жауап: Дін, ождан және адамгершілік тұрғысынан беру керек болған жерлерде бермеу және беруге қиналу сараңдық болып табылады. Аллаһу та’ала нисап мөлшерінде байлық берген адам уақыты келгенде оның зекетін, пітірін бермесе және құрбандығын шалмаса, бала-шағасының да нафақасын толық бермесе бұл адам сараң деген сөз. Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай дейді:  

«Хақ та’ала ихсан етіп берген мал-мүлікте сараңдық еткендер, оның зекетін бермегендер осы тірліктерімен байлықтарын сақтап қалып, өздеріне жақсылық жасадық деп ойлайды. Ал негізінде өз-өздеріне жамандық жасады. Ол мал-мүліктер жаһаннамда азап құралдарына айналады, жылан кейпінде мойындарына оралып, бастан аяққа дейін шағады.» (Али Имран 180) 

Өлім пәлекет емес

Сұрақ: Әлі жаспын, өлімнен қатты қорқамын. Маған қандай кеңес бересіз?

Жауап: Имам Раббани хазреттері былай деген:

«Өлім пәлекет емес. Өлгеннен кейін басына келетіндерді білмеу, жағдайын жасамау – пәлекет.»

Әлі жас кезде, күнә аз кезде өлу әрине үлкен ниғмет болады. Біздің күн өткен сайын күнәларымыз артуда. Өлімді күніне жиырма бес рет ойлаған адам шәһид болып өледі. Өлім туралы айтып жүру сүннет. Өлімнен қашу мүмкін емес. Өлім – сүйіктіні сүйіктіге қауыштыратын көпір.

Өлім – мұсылман үшін сыйлық. Өлім – қайтіп өлмеу үшін туылу деген сөз. Өлім болмағанда, бұл өмірді сүрудің қажеті не? Өлім – мұсылманның жұбаныш қайнары, сағынышы.Тіпті бір әулие кісі: «Мен Әзірейіл алейһиссаламды Жәбірейіл алейһиссаламнан қаттырақ жақсы көремін» деген. «Мұның хикметі не?» деп сұрағандарға: «Себебі, ол мені Раббыма қауыштырады» деп жауап берген.

Аманаттың түрлері

Сұрақ: Аманаттың діндегі маңызы қандай?

Жауап: Аманат – шыншыл, сенімді болу деген сөз. Фиқһ ілімінде сенімді адамға қалдырылған мүлікке аманат делінеді. Аманатты ешқандай зиян тигізбей, дәл сол күйінде иесіне қайтару керек. Аманатты сақтамау – мұнафиқтықтың (екі жүзділіктің) белгісі. Үш хадис шәриф:

«Аманат жоғала бастағанда қиямет жақындайды. Істерді лайық болмаған адамға тапсыру – аманатты жоғалту болып табылады.»(Бұхари)

«Аманатты сақтау ризықты арттырады, ал қиянат кедейлікке жол ашады.» (Кудаи)

«Аллаһ және Оның расулы аманатты сақтайтын адамды жақсы көреді.» (Табарани)

Лиуата (гомосексуалдық)

Сұрақ: Лиуата деген не? Күнәсі қандай?

Жауап: Еркектің еркекке немесе әйелге артынан (анусқа) жақындауы лиуата деп аталады. Өз жұбайымен лиуата жасау да үлкен күнә болады.

Аллаһу та’ала лиуатаның хабис (жаман) әрекет екенін білдірген. (Әнбия 74)

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Лиуата жасаған адам – малғұн (лағнеттелген) (И.Ахмед)

«Өз әйелімен лиуата жасаған адам – малғұн.» (Шира)

«Бір еркекпен немесе әйелдің артынан (анусынан) жыныстық қатынасқа түскен адамға Аллаһ мейірімдік жасамайды.» (Тирмизи)

«Өз разылығымен үш рет лиуата жасатқан адам бұған үйреніп қалады, әрдайым бұл тірлікті қалап тұратын болады.» (Р.Насихин)

Жала жабу

Сұрақ: Өтірік айту мен жала жабудың діндегі орны қандай?

Жауап: Имам Раббани хазреттері былай деген:

"Өтірік айту және жала жабу харам болып табылады, бұлардан сақтану керек. Бұл екі жамандық барлық діндерде де харам еді. Жазалары өте ауыр." (3 том, 34 хат)

Жала жабу – үлкен күнә және үлкен жамандық. Мұнда өтірік айту да бар, ал өтірік айту барлық діндерде харам еді. Жала жауып мұсылманды ренжіту де бар, бұл да бөлек харам. Бұлардан басқа, жала жабу жер бетінде бүлік шығаруға, қоғамды бұзуға себеп болады, бұл да харам болып табылады. (3 том, 41 хат)

Мұсылмандарға суи зан ету (олар жайында жаман ойда болу) – зұлымдық жасау, мүліктерін тартып алу сияқты және көре алмаушылық, жала жабу, өтірік айту және ғайбаттау сияқты харам болады. (Хадиқа)

Хадис шәрифтерде былай делінген:

Асығу

Сұрақ: Асыққан дұрыс па? Көбіне қандай жағдайларда асығу керек?

Жауап: Адамның табиғатында асығушылық бар. Екі аяти кариманың мағынасы:

«Адам асығушы (табиғатта) жаратылды.» (Әнбия 37)

«Адам өсе асығушы.» (Исра 11)

Асығыстық істерге шайтан араласады. Екі хадис шәрифтің мағынасы:

«Асығу шайтаннан, баяулық Рахманнан.» (Тирмизи)

«Абайлампаздық жасаған адам мақсатына жетеді, асыққан қателеседі.» Бәйһақи)

Олай болса, істерде асықпау керек және шешімді дереу қабылдамау керек! Асығыстықпен қабылданған шешімдерге шайтан араласады. Нәпіс қалайтын бір нәрсе ойға келген кезде шайтан: «Мүмкіндікті жіберме, дереу істе!» деп алдайды. Сондықтан көңілге келген нәрсені істеуден бұрын «Бұл істен Аллаһу та'ала разы ма? Бұл сауап па, әлде күнә ма?» деп ойлану керек! Күнә болмаса істеуге болады. Осылайша абайлампаздық жасаған, яғни асықпаған боламыз.