Адам табиғаты жақсылыққа, сый-сияпатқа қатты әсерленгіш келеді. Барлық адамдар, кімнен жақсылық көрсе, соны жақсы көре бастайды.
Бір әулие кісінің үйіне ұры түседі. Ары іздейді, бері іздейді, бірақ ұрлайтын ештеңе таппайды. Ұры ештеңе таппағандықтан, қайғырып, не істерін...
Бір атеист (Құдайға сенбейтін адам) христиан елінен Ислам өлкесіне келеді. Барған жерінде пікір-сайыстарда алдына шыққандардың барлығын жеңіп жүреді. Басра қаласына келіп, маған жауап бере алатын бірде бір ғалым таба алмадым дейді. Хазіреті Хаммад: «Сен алдымен біздің балалармен таласып көр» деп алдына ол кезде әлі жас болған...
Шәмседдин Сиуасидің "Мәнаких-и Имам Аъзам" атты еңбегінде былай жазылған:
Имам Ағзамның әкесі Сабит (рахметуллаһи алейһ) кіші жасынан бері мінезі таза, тақуа және уәра иесі еді. Жүзі өте нұрлы болып, зухды, халы және ілімі өте терең еді.
Хорасан әкімі Абдуллаһ бин Тахир өте әділетті адам еді. Адамдары бірнеше ұрыны ұстап, оған хабарлайды. Ұрылардың бірі қашып кетеді. Ол кезде хираттық бір ұста Нишапурға барған болатын. Бір күні түнде үйіне қайтып келе жатқанда оны ұры деп ұстап алады. Ұрылармен бірге әкімге алып барады. Ол «қамаңдар» дейді.
Имам Ағзам бір атеистпен айтысу үшін сағат онда кездесуге келіседі. Хазреті Имам әдейі ол жиынға кешігіп барады. Кешіккенінде атеист «қараңдар Имамдарың қорқып келмей жатыр» дейді. Келген кезінде не үшін кешіккенін сұрайды. Ол «қайық жоқ еді, өзеннен өте алмай тұрдым, бір қарағанымда, ағаштың бұтақтары өздігінен жиналып ...
Бишри Хафидің (рахметуллаһи алейһ) дұрыс жолға түсуі былай болған:
Бір күні мас күйде келе жатып жерден “Бисмилләһиррахманиррахим” деген жазуы бар бір қағазды көреді. Бұл жағдайға көңілі разы болмай, жерден алып сүйіп, кейін балшықтарын ...
Баязид Бистами хазірет бір түні бірнеше шәкірттерімен бір адамның үйінде қонақ болады. Үй иесі үйдің жарық болуы үшін бір шырақ жағады. Баязид Бистами хазірет үй иесінен былай деп сұрайды:
- Мына шырақ жанып тұр бірақ жарық бермей тұр. ...
Бір адам Имам Ағзам Әбу Ханифа хазреттеріне «рахметуллаһи алейһ» келіп: «Ей Имам мен намаздарымды таза көңілмен оқи алмай жүрмін. Намаз оқып жатып түйелеріме қарап, бағып, ойым сол жақа ауып кетеді. Сіз болса менен де байсыз, сіз қалай ғибадатыңыздың ләззатына қауышып, намазыңызға толығымен көңіл байлап жүрсіз?» деп сұрайды. Имам Ағзам Әбу Ханифа хазреттері «рахметуллаһи алейһ» «Мен түйелерімді көңіліме байламаймын, астауға байлаймын...» деп жауап берген екен.
Имам Жафар Садық хазіреттері жолда кетіп бара жатып бір яһуди ғибадатханасын көрді. “Бәлкім мұсылман болар” деген оймен насихат айту үшін ғибадатхананың есігінің алдына келді. Есік жабық еді. Дауыстап еді яһуди жауап беріп, біраз күттіріп барып ашты. Имам Жафар Садық хазірет ішке кірген соң яһудиден былай деп сұрады:
- Жауап бергеніңде неге есікті дереу ашпадың?
Азиз Махмуд Худаи хазреттері (1541-1628) ұстазы Уфтаде хазреттерінің қайтыс болуынан кейін Хожа Саадеттин ұстаздың айтуымен Бурсадан Стамбулға келіп қоныстанады. Фатих медреселерінде фиқһ, хадис, тәфсир ілімдерінен дәріс береді. Ускудардан жер алып ол жерде медресе (текке) ашады. Стамбулдықтар дәрістеріне жәіне сұхбаттарына ағылып келіп жатты. Аты барлық жаққа жайылады. 4 Сұлтан (ІІІ Мұрат, І Ахмет, ІІ Осман және ІV Мұрат Хан) есігіне келеді. Күн өтуімен Хақ ғашықтары медресеге сыймайтын болып дәрістерін Сұлтан Ахмет Мешітінде өткізеді. Сұлтан Ахмет мешітінің ашылатын күні Жұма хұтбасын оқу міндеті беріледі.
Сәйидат Нәфиса хазреттерінің дәуірінде Мысырда, төрт қызынан басқа ешкімі жоқ кәрі бір әйел өмір сүреді. Олар жіп иірумен күнелтетін. Әр жұма күні әйел иірген жіптерін базарға шығарып, жиырма дирхемге сататын. Он дирхеміне жіп жасауға қажетті мақта, қалған он дирхеміне азық-түлік сатып алатын. Сол алған нәрселерін келесі жұмаға дейін үнемдеп жеткізетін. Бір жұма күні, қарт әйел бір апта бойы иірген жібін бір қызыл матаға орап, базарға қарай жолға шығады.
Бір жас жігіт Қағбада «Ей дұрыстардың көмекшісі болған Аллаһым! Ей харамдардан сақтанғандардың көмекшісі болған Аллаһым саған шүкір етемін!» деп қайталай береді. Біреу келіп «неге қайта қайта бір дұғаны қайталай бересің одан басқа ешнәрсе білмеймісің?» деп сұрайды. Оған былай деп түсіндіреді:
“Осыдан 7-8 жыл бұрын Қағбада жүргенде ішінде мың алтыны бар қалташық тауып алдым. Ішімнен бір дауыс «бұл алтындармен мына мына нәрселерді жасайсың!» деп құтыртып жатқан еді. Өз-өзіме «жоқ, бұл меніңкі емес, біреудің затын қолдануым харам болады” дедім. Осы кезде біреу «Мынадай қалташық тауып алған адам бар ма?» деп айғайлап жүр еді. Оны шақырдым. Қалташықтың қандай екенін суреттеді және ішінде 1000 алтын бар» деп айтты. Қалташығын бердім. Ол да маған қалташықтан шығарып 30 алтын берді.