Сұрақ: Зекетті қашан беру керек?
Жауап: Зекет – парыз болған кезде беріледі. Нисаб деп аталатын байлық мөлшеріне жеткен адам байыған күнін қамари (хижри) ай бойынша бір жерге жазып белгілеп қояды. Мәселен 3 ражапта байыған болса, бір жылдан кейін ражаптың...
Сұрақ: Ұшыр дегеніміз не?
Жауап: Жерден өсіп шығатын егін өнімдерінің зекетін ұшыр деп атайды. Кедей немесе қарызы бар адамның да ұшыр беруі керек. Бірақ сауда тауарлары және малдардың зекеті бұлай емес. Бұларда қарыздар қолдағы ақшадан және ...
Сұрақ: Садақа беруде де ысрап бола ма?
Жауап: Садақа бергенде де ысрап болады. Сабит бин Қайс хазреттері бір күнде 500 құрма ағашының жемістерін жинап, барлығын садақаға беріп үйіне ешнәрсе қалдырмаған кезде «Бәрін де бермеңдер»аяти кәримасы келді. Муаз бин Жәбәл хазреттерінің бір құрма ағашы бар еді. Құрмаларын жинап, барлығын садақаға бергенінде «Бірақ, ысрап етпеңдер» аяти кәримасы келді.
Аллаһу та’аланың разылығын көздеп, Оның разылығы үшін ниет етіп, ақысын талап етпей мұқтаждарға сыйға берілген мал-мүлік, ақша және жасалған әр түрлі жақсылықтар және көмектер, ихсандар – садақа болып табылады. Мұсылман алдымен жанұясын, бала-шағасын халал жолдан қоректендіруі және халал жолдан киіндіруі керек. Сосын артылған ақшасының зекетін беруі керек және содан кейін садақа беруі керек.
Сұрақ: Кедейді ренжітпеу, жұрттың көзінше оны ыңғайсыз жағдайға түсірмеу үшін садақаны басқалардан жасырып берген жақсы ма, әлде өзгелер де берсін, көмектессін деген оймен елге көрсетіп ашық берілгені жақсы ма?
Жауап: Садақаны, көмектерді кейде ашық беру керек болса да, жалпы көбінесе жасырын беру жақсырақ болады. Құран Кәримде былай делінген:
«Садақаны ашық берсеңдер жақсы болады, жасырын берсеңдер өздерің үшін хайырлырақ болады.» (Бақара 271)