Ғұсыл

Намаздың дұрыс болуы үшiн дәреттiң де, ғұсылдың да дұрыс алынуы керек. Жүнiптiк, жыныстық қатынас және ихтилам арқылы болады. Жүнiп болған әйел және еркек, хайыз немесе нифастан босаған әйелдерге намаз уақытының соңында сол намазды оқитындай уақыт қалғанда ғұсыл алуы парыз болады.

Пайғамбарымыз хадис шәрифте былай деген: «Ғұсыл алу үшін орнынан тұрған адамға денесіндегі түк санынша (яғни өте көп) сауап берiледi. Сонша күнәсi де кешiрiледi. Жәннаттағы дәрежесi жоғарылайды. Ғұсылы үшiн оған берiлетiн сауаб, дүниедегi барлық нәрседен де артық болады. Аллаһу та’ала перiштелерге бұл құлыма қарандар! Түнде менiң әмiрiмдi ойлап, ерінбей жүнiптіктен ғұсыл алып жатыр. Куә болыңдар, бұл құлымның күнәларын кешiремiн дейдi».

Намаздың парыздары

Парыз – Аллаһу та’аланың бұйырған әмiрi. Қандайда бiр ғибадаттың парыздары орындалмайынша бұл ғибадат дұрыс саналмайды. Намаз оқығанда он екi шартты орындау парыз. Бұл парыздардың жетеуi намаздың сыртында, бесеуi iшiнде. Сыртындағы парыздар шарт, iшiндегiлер рүкiн деп аталады. Кейбiр ғұламалар ифтитах тәкбiрiн намаздың iшiндегi парыздарға қосқан. Олардың айтуынша намаздың шарттары да, рүкіндерi де алтау болады.

Намаздың түрлері

Мұсылмандарға әмiр етiлген намаз түрлерi үшке бөлiнедi. Олар: 1. Парыз. 2. Уәжiп. 3. Нәпiл.

1.  Парыз намаздары: Бес уақыт намаздың парыздары; Жұма намазынының екi рәкат парызы мен жаназа намазы. (жаназа намазы парзы кифая).

2.  Уәжiп намаздары: Үтiр намазы, Рамазан айт намазы, Құрбан айт намазы, аяқталмай қалған нәпiл намаздары. Қаза болған үтiр намазының кейiннен қазасын өтеу де уәжiп.

3. Нәпiл намаздары: Бес уақыт намаздың сүннеттерi, тарауих намазы. Сауап алу ниетімен оқылатын тәһәжжуд намазы, тахятул масжид, ишрақ, дұха, әууәбин, истихара, тәсбих намаздары нәпiл намаздарының қатарына жатады. Парыз және уәжiп намаздарынан қарызы жоқ адамның нәпiл ғибадаттарына да сауап берiледi.

Пломба және қаптама тiсi болғандар үшін

Ханафи мазһабында тiстiң арасына және тiс шұнқұрларына су тимесе ғұсыл дұрыс алынбаған болып есептеледі. Сондықтан тiсiнде коронкасы немесе пломбасы болғандардың ғұсылы өтпейді, яғни адам жүнiптiктен құтыла алмайды. Алтын, күмiс және нәжіс болмаған басқа заттардан жасалған қаптама және пломбалардың астына су кірмейінше Ханафи ғалымдарының барлығының үкімі бойынша ғұсыл жаиз болмайды.

Тахтавидiң «Мәрақил-фалаһ» кiтабының 96–шы бетiнде және де мұның аудармасы «Ниматул-Ислам» кiтабында былай деп жазылған: «Ханафи мазһабындағы адам өзiнiң мазһабы бойынша iстей алмаған бiр амалды iстеу үшiн Шафии мазһабын тақлид ете алады, яғни сол мазһабтың үкімдерінен пайдалана алады». «Бахр-ур-раиқ» және «Нахр-ул-фаиқ» кітаптарында да солай жазылған. Бiрақ, бұл амалды орындау кезінде сол мазһабтың шарттарын да орындауы керек. Осындай бір қиындық туындамай тұрып және шарттарын орындамай басқа мазһабқа елiктеуге рұқсат жоқ!

Барлық күнәлардың кешірілуі

Сұрақ: Кейбір хадис шәрифтерде "пәлен нәрсені істеген адамның бүкіл күнәлары кешіріледі" делінген. Оларға үлкен күнәлар да жатады ма? Мысалы: құмар, ішімдік, пайыз, зина, адам өлтіру, қарақшылық, намаз оқымау, ораза тұтпау сияқты үлкен күнәлар да кешіріле ме?

Жауап: Фиқһ ілімі хадис шәрифтерден үйренілмейді. Хадис шәрифтердің түсініктемесі болған, нақылды негізге алған илмихал, фиқһ кітаптарынан үйреніледі. Мысалы: хадис шәрифтерде былай делінген:

«Дәрет алған адамның барлық күнәлары кешіріледі.» (Мүслим)

Иманды күшейту үшін

Иманды күшейтетін көп нәрсе бар. Бұлардан бірнешеуін білдірейік:

1)     Жақсы мінезді болу.

2)     Үнемі Аллаһу та’аланы еске алу.

3)     Ықыласты болу.

Ақшаға Құран оқу

Сұрақ: Ақшаға Құран оқу, оқылған дайын хатымды сату жаиз ба?

Жауап: Құран кәрімді күнкөріс үшін табыс көзі қылуға болмайды. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Құран оқыңдар, бірақ күнкөріс үшін табыс көзі қылмаңдар.» (И.Ахмед)

«Бір заман келеді, Құран Аллаһ разылығы үшін емес, дүниелік үшін оқылады.» (Әбу Дауд)