ahlisunnet.kz

Асығу

Сұрақ: Асыққан дұрыс па? Көбіне қандай жағдайларда асығу керек?

Жауап: Адамның табиғатында асығушылық бар. Екі аяти кариманың мағынасы:

«Адам асығушы (табиғатта) жаратылды.» (Әнбия 37)

«Адам өсе асығушы.» (Исра 11)

Асығыстық істерге шайтан араласады. Екі хадис шәрифтің мағынасы:

«Асығу шайтаннан, баяулық Рахманнан.» (Тирмизи)

«Абайлампаздық жасаған адам мақсатына жетеді, асыққан қателеседі.» Бәйһақи)

Олай болса, істерде асықпау керек және шешімді дереу қабылдамау керек! Асығыстықпен қабылданған шешімдерге шайтан араласады. Нәпіс қалайтын бір нәрсе ойға келген кезде шайтан: «Мүмкіндікті жіберме, дереу істе!» деп алдайды. Сондықтан көңілге келген нәрсені істеуден бұрын «Бұл істен Аллаһу та'ала разы ма? Бұл сауап па, әлде күнә ма?» деп ойлану керек! Күнә болмаса істеуге болады. Осылайша абайлампаздық жасаған, яғни асықпаған боламыз.

Жала жабу

Сұрақ: Өтірік айту мен жала жабудың діндегі орны қандай?

Жауап: Имам Раббани хазреттері былай деген:

"Өтірік айту және жала жабу харам болып табылады, бұлардан сақтану керек. Бұл екі жамандық барлық діндерде де харам еді. Жазалары өте ауыр." (3 том, 34 хат)

Жала жабу – үлкен күнә және үлкен жамандық. Мұнда өтірік айту да бар, ал өтірік айту барлық діндерде харам еді. Жала жауып мұсылманды ренжіту де бар, бұл да бөлек харам. Бұлардан басқа, жала жабу жер бетінде бүлік шығаруға, қоғамды бұзуға себеп болады, бұл да харам болып табылады. (3 том, 41 хат)

Мұсылмандарға суи зан ету (олар жайында жаман ойда болу) – зұлымдық жасау, мүліктерін тартып алу сияқты және көре алмаушылық, жала жабу, өтірік айту және ғайбаттау сияқты харам болады. (Хадиқа)

Хадис шәрифтерде былай делінген:

Лиуата (гомосексуалдық)

Сұрақ: Лиуата деген не? Күнәсі қандай?

Жауап: Еркектің еркекке немесе әйелге артынан (анусқа) жақындауы лиуата деп аталады. Өз жұбайымен лиуата жасау да үлкен күнә болады.

Аллаһу та’ала лиуатаның хабис (жаман) әрекет екенін білдірген. (Әнбия 74)

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Лиуата жасаған адам – малғұн (лағнеттелген) (И.Ахмед)

«Өз әйелімен лиуата жасаған адам – малғұн.» (Шира)

«Бір еркекпен немесе әйелдің артынан (анусынан) жыныстық қатынасқа түскен адамға Аллаһ мейірімдік жасамайды.» (Тирмизи)

«Өз разылығымен үш рет лиуата жасатқан адам бұған үйреніп қалады, әрдайым бұл тірлікті қалап тұратын болады.» (Р.Насихин)

Аманаттың түрлері

Сұрақ: Аманаттың діндегі маңызы қандай?

Жауап: Аманат – шыншыл, сенімді болу деген сөз. Фиқһ ілімінде сенімді адамға қалдырылған мүлікке аманат делінеді. Аманатты ешқандай зиян тигізбей, дәл сол күйінде иесіне қайтару керек. Аманатты сақтамау – мұнафиқтықтың (екі жүзділіктің) белгісі. Үш хадис шәриф:

«Аманат жоғала бастағанда қиямет жақындайды. Істерді лайық болмаған адамға тапсыру – аманатты жоғалту болып табылады.»(Бұхари)

«Аманатты сақтау ризықты арттырады, ал қиянат кедейлікке жол ашады.» (Кудаи)

«Аллаһ және Оның расулы аманатты сақтайтын адамды жақсы көреді.» (Табарани)

Өлім пәлекет емес

Сұрақ: Әлі жаспын, өлімнен қатты қорқамын. Маған қандай кеңес бересіз?

Жауап: Имам Раббани хазреттері былай деген:

«Өлім пәлекет емес. Өлгеннен кейін басына келетіндерді білмеу, жағдайын жасамау – пәлекет.»

Әлі жас кезде, күнә аз кезде өлу әрине үлкен ниғмет болады. Біздің күн өткен сайын күнәларымыз артуда. Өлімді күніне жиырма бес рет ойлаған адам шәһид болып өледі. Өлім туралы айтып жүру сүннет. Өлімнен қашу мүмкін емес. Өлім – сүйіктіні сүйіктіге қауыштыратын көпір.

Өлім – мұсылман үшін сыйлық. Өлім – қайтіп өлмеу үшін туылу деген сөз. Өлім болмағанда, бұл өмірді сүрудің қажеті не? Өлім – мұсылманның жұбаныш қайнары, сағынышы.Тіпті бір әулие кісі: «Мен Әзірейіл алейһиссаламды Жәбірейіл алейһиссаламнан қаттырақ жақсы көремін» деген. «Мұның хикметі не?» деп сұрағандарға: «Себебі, ол мені Раббыма қауыштырады» деп жауап берген.

Сараңдық

Сұрақ: Сараңдық туралы мәлімет бересіздер ме?

Жауап: Дін, ождан және адамгершілік тұрғысынан беру керек болған жерлерде бермеу және беруге қиналу сараңдық болып табылады. Аллаһу та’ала нисап мөлшерінде байлық берген адам уақыты келгенде оның зекетін, пітірін бермесе және құрбандығын шалмаса, бала-шағасының да нафақасын толық бермесе бұл адам сараң деген сөз. Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай дейді:  

«Хақ та’ала ихсан етіп берген мал-мүлікте сараңдық еткендер, оның зекетін бермегендер осы тірліктерімен байлықтарын сақтап қалып, өздеріне жақсылық жасадық деп ойлайды. Ал негізінде өз-өздеріне жамандық жасады. Ол мал-мүліктер жаһаннамда азап құралдарына айналады, жылан кейпінде мойындарына оралып, бастан аяққа дейін шағады.» (Али Имран 180) 

Кәміл адам қандай болады?

Сұрақ: Мұсылман ретінде адамдармен қандай қарым-қатынаста болуымыз керек?

Жауап: Барлық адам айналасында және жұмыс орнында мінездері әр түрлі болған түрлі адамдармен кездеседі. Мұсылман ретінде олардың алдындағы әрекеттерімізді білуіміз керек. Имам Ғазали хазреттері адамдарды төртке бөлген:

1) Ішіп-жеу және рахаттанудан басқа ештеңе білмейтіндер.

2) Айналасына ауыртпашылық, зұлымдық көрсететін адамдар.

3) Қулықпен, айламен айналасындағыларды алдайтындар.

4) Жақсы мінезді болған шынайы мұсылмандар.