Бәйтуллаһ
Бәйт – үй деген сөз. Бәйтуллаһ – Аллаһтың үйі дегенді білдіреді. Қағбаға «Бәйтуллаһ» делінгені сияқты, мешіттерге де «Бәйтуллаһ» делінеді.
Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Жер бетіндегі Аллаһтың үйлері – мешіттер. Ол жерге барғандарға Аллаһу та'ала сияпат етеді» (Табарани)
«Мешіттер – Аллаһтың үйлері. Ол жерге барған мұсылмандар Аллаһтың қонақтары. Аллаһу та'ала қонағына сияпат етеді.» (Хаким)
«Мешіттер – Аллаһтың үйлері. Аллаһу та'ала мешітке баруды жалғастырғандардың дене мен рухтарының рахатына және сырат көпірінен өтіп, жәннатқа кірулеріне кепілдік еткен.» (Бәйһақи)
Бәйтуллаһ, яғни «Аллаһтың үйі» – Аллаһқа ғибадат етілетін, намаз оқылатын мекен, жер деген сөз. Аллаһ мекенге мұқтаж емес. Бәйтуллаһ деп айтумен Аллаһу та'ала сол мекенге байланған болмайды. Аллаһ мекенге мұқтаж емес.
Аллаһтың үйі
Сұрақ: Бәйтуллаһ Қағба деген сөз емес пе? Ғибадатханалар Бәйтуллаһ деп атала ма?
Жауап: Бәйтуллаһ – Аллаһтың үйі деген сөз. Ғибадатханаға да, мешітке де Бәйтуллаһ делінеді.
Мабәд – ғибадат етілетін жер, ғибадатхана деген сөз.
Мешіт – Аллаһу та'алаға сәжде етілетін, ғибадат етілетін жер деген сөз