Бір атеист (Құдайға сенбейтін адам) христиан елінен Ислам өлкесіне келеді. Барған жерінде пікір-сайыстарда алдына шыққандардың барлығын жеңіп жүреді. Басра қаласына келіп, маған жауап бере алатын бірде бір ғалым таба алмадым дейді. Хазіреті Хаммад: «Сен алдымен біздің балалармен таласып көр» деп алдына ол кезде әлі жас болған...
Шәмседдин Сиуасидің "Мәнаких-и Имам Аъзам" атты еңбегінде былай жазылған:
Имам Ағзамның әкесі Сабит (рахметуллаһи алейһ) кіші жасынан бері мінезі таза, тақуа және уәра иесі еді. Жүзі өте нұрлы болып, зухды, халы және ілімі өте терең еді.
Қожа Ахмет Иассауи хазреттері – Түркістандық ұлы ғұлама, әулие. Әкесі-Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Хазреті Әлидің ұрпағы Шейх Ибраһим. Тегі Хазреті Фатима анамызға жанаспағандықтан сәйид емес. Анасы-Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Қай жылы туылғаны белгісіз -1166 ж Түркістан (Иассы) қаласында қайтыс болған.
Ұлы әулиелердің бірі – хазреті Баязид Бистами м. 776 (х. 160) немесе м. 803 (х.188) жылы Иран өлкесі Хазар теңізінің жағалауы Бистам ауданында дүниеге келген. Лақабы Әбу Язид, есімі Тайфур, “Сұлтанул Арифин” деген атпен танымал болған. Анасының құрсағында жатқаннан бастап кереметтері көріне бастаған.
Сұрақ: Ғалымдар бөлімінде сіз «ұлы әулие» дегенсіз бұны қалай түсінуге болады? Ұлылық тек қана Аллаһқа тән!
Жауап: "Ұлы" сөзінің мағынасын тек Аллаһқа тән деп ойлауыңыз діни тұрғыдан да ақыл тұрғысынан да орынсыз. Араб тілінде ...
Бір адам Имам Ағзам Әбу Ханифа хазреттеріне «рахметуллаһи алейһ» келіп: «Ей Имам мен намаздарымды таза көңілмен оқи алмай жүрмін. Намаз оқып жатып түйелеріме қарап, бағып, ойым сол жақа ауып кетеді. Сіз болса менен де байсыз, сіз қалай ғибадатыңыздың ләззатына қауышып, намазыңызға толығымен көңіл байлап жүрсіз?» деп сұрайды. Имам Ағзам Әбу Ханифа хазреттері «рахметуллаһи алейһ» «Мен түйелерімді көңіліме байламаймын, астауға байлаймын...» деп жауап берген екен.
Сұрақ: Әнбийаның (пайғамбарлардың), әулиелердің құрметіне немесе жауған жаңбырдың құрметіне, күнәсіз сәбилердің құрметіне, белгілі бір заттың құрметіне деп дұға ету жаиз ба?
Жауап: Барлығы да жаиз. Хадис шәрифте былай делінген:
«Халық арасында сөздеріне ешкім құлақ аспайтын көп адамдарды көресіңдер, олар бір нәрсе үшін ант етсе, Аллаһу та’ала бұл сүйікті құлдарының құрметі үшін ол нәрсені дереу жаратады.» (Мүслим)
Сұрақ: Пір дегендер кімдер?
Жауап: Пір деген сөздің сөздіктегі мағынасы ақсақал, қарт кісі деген мағынаны білдіреді. Дінімізде тасаууф ілімінің ғұламаларына сол жолдың үлкені, ақсақалы, құрметтісі деген мағынада пір деп атаған.
Түсінікті болу үшін кеңірек мәлімет берейік.
Сұрақ: Қабір зияраты қалай орындалады?
Жауап: Өлімді еске алу, өлгендерден ғибрат алу және ахиретті ойлау үшін қабірді зиярат ету сүннет болып табылады. Қабір зияратаы адамның есіне өзінің де дәл сол жағдайға тап болатынын түсіреді. Ешкімге жамандық ойламайтын болады. Өлімді ойлаған кісі жақсы мұсылман болып өмір сүруге тырысады. Ханафи мазһабында бейсенбі, жұма және сенбі күндері қабірді зиярат жасау сүннет болып табылады.
Сұрақ: Адамдар, тірі адамдардан жұмыс, жар және тамақ сұрайды. Қайтыс болған әулие де өлі болмағаны үшін олардан да осындай дүниелік сұрау жаиз бола ма?
Жауап: Қайтыс болған әулие, тірі адамнан да көбірек файз береді, көбірек жәрдем бере алады. Шәһидтер өлі болмағанындай, пайғамбарлар мен әулиелер де өлі емес.
Тірі кезінде де адамға күш-қуат беретін, жүргізетін, сөйлететін, жұмыс істеткізетін Аллаһу та'ала. Бір аяти каримада: «Сендерді де, жасаған істеріңді де жаратқан Аллаһ» делінген. (Саффат 96)