Сұрақ: Дәрігерге күнә жоқ дейтіндер бар, бұл дұрыс па?
Жауап: «Дәрігерге күнә жоқ» деу қате. Бір дәрігер бір әйелді қабылдаған кезде әурет жерлерін қажеттіліктен артық ашатын болса, бес минутта тексеруі мүмкін бола тұра, одан көп уақытқа...
Сұрақ: Бисмиллаһ айтудың үкімі қандай?
Жауап: Айтылатын жерге байланысты бисмиллаһтың үкімі өзгереді. Бірнеше мысал келтірейік:
Бисмиллаһ айту парыз болған жерлер: Мал сойып жатқанда Бисмиллаһ айту парыз болып табылады.
Сұрақ: Қандай нәрселерді ішіп-жеу харам болады? Олардың харам болу себебі неде?
Жауап: Дініміз тыйым салғаны үшін кейбір жануарлардың еттерін жеуге болмайды. Әрине бұл тыйымдарда көптеген хикметтер бар.
Сұрақ: Ішінде доңыз еті бар болуы мүмкін деген күмәнді азықтарды жеу жаиз ба?
Жауап: Кейбіреулер нарықтағы азық-түліктерде доңыз майы және сусындарда спирт болуы мүмкін, еттер “бисмиллә” айтылмай сойылған болуы мүмкін деп күмәнданып жатады.
Сұрақ: Иіссудың (одеколон), дезодоранттың құрамында спирті болса қолдануға бола ма?
Жауап: Бұл жөнінде екі қаулы (үкім) бар. Бірінші қаулыда “спирт және спирт қосылған қоспалар нәжіс болады” делінген.
Cұрақ: Арақтың, спиртті ішімдіктердің денсаулыққа пайдалы екендігі, нормасымен ішудің күнә болмайтындығы айтылуда. Арақтың дініміздегі орны қандай?
Жауап: Құран кәрімде, хадис шәрифтерде спиртті ішімдіктер хамр деп өткен.
Сұрақ: Дінімізде байлық жақсы ма кедейлік пе?
Жауап: Дініміз сабыр ететін кедейлер мен шүкір ететін байларды мадақтаған. Кейбір ғұламалар: «Фуқараи сабирин ағниаи шакиринден = Сабыр етуші кедей шүкір етуші байдан үстем» деген. Кейбір ғалымдар байлыққа...
Сұрақ: Сенімді жақын досымның затын оның хабарынсыз, одан сұрамай қолдану немесе жеу жаиз бола ма?
Жауап: Өзгенің мүлкін рұқсатсыз қолдану харам болып табылады. Мәселен досыңның қаламын одан рұқсатсыз алып, ол қаламмен хат...
Сұрақ: Еркектердің ұзын болған қастарын қысқартуларына рұқсат етіледі екен. Еркекке жаиз болған нәрсе әйелге де жаиз бола ма?
Жауап: Еркекке жаиз болып, әйелге харам болған және әйелге жаиз болып, еркекке харам болған нәрселер көп. Бірнеше мысал келтірейік: ...
Сұрақ: Қабырғаға әкеміздің немесе ұстазымыздың суреттерін іліп қойсақ бола ма?
Жауап: Болмайды. Үш түрлі зияны бар:
Біріншісі: адамның және жануардың суретін белден жоғары ілу харам болып табылады.
Сұрақ: Күнә істеп қойған кезде не істеу керек?
Жауап: Күнә істеген кезде дереу көңілмен тәубе ету (өкіну) және тілменен истиғфар (әстағфируллаһ) айту керек! Көңілге келген әрбір қиыншылық және дақ (көңілдің қараюы) тәубе-истиғфар, өкіну арқылы және Аллаһу та’алаға сиынып оңай кетірілуі мүмкін. Бірақ дүниелік үшін уайымдаудан келген дақ, қараю көңілді толығымен қарайтады. Мұны тазалау өте қиын болады. «Дүниеге берілу күнәлардың басы» деген хадис шәриф осыны білдіруде. (Бәйһақи)
Сұрақ: Жаиз деген не?
Жауап: Жаиз сөзі сөйлемде қолданылған орнына байланысты әр-түрлі мағынаға келеді:
1- Жаиз сөзі – көбінесе рұқсат берілген, күнә емес деген мағыналарға келеді. Бірақ бұл жаиз делінген нәрсені жасамау абзал болады.
Сұрақ: Жерден тауып алынған нәрсе тапқан адамдікі бола ма?
Жауап: Тауып алынған нәрселердің, тасқынмен, өзенмен ағып келген нәрселердің және далаға тасталған нәрселердің үкімі әр түрлі болады. Тауып алынған нәрселер дегеніміз жалпы құнды нәрселер. Иесі оны лақтырып тастамаған, жоғалтқан болады. Тауып алынған, бірақ иесі белгісіз болған мал-мүлікті “луқата” деп атайды. Иесіне қайтарып беретініне сенімді болған адамның оны қорғауы үшін алуы сүннет.
Сұрақ: Кейбір хадис шәрифтерде "пәлен нәрсені істеген адамның бүкіл күнәлары кешіріледі" делінген. Оларға үлкен күнәлар да жатады ма? Мысалы: құмар, ішімдік, пайыз, зина, адам өлтіру, қарақшылық, намаз оқымау, ораза тұтпау сияқты үлкен күнәлар да кешіріле ме?
Жауап: Фиқһ ілімі хадис шәрифтерден үйренілмейді. Хадис шәрифтердің түсініктемесі болған, нақылды негізге алған илмихал, фиқһ кітаптарынан үйреніледі. Мысалы: хадис шәрифтерде былай делінген:
«Дәрет алған адамның барлық күнәлары кешіріледі.» (Мүслим)
Сұрақ: Дұшпанның қолына тұтқынға түскенде олардың жәбіріне, қинауына, зорлауына ұшырайтынын білген адамның өзін және жақындарын өлтіруі немесе өмірден қиналып кеткені үшін дәрі ішіп өлу күнә ма?
Жауап: Ауру және дүние қиыншылықтарынан құтылу үшін өлімді қалау жаиз емес. Бірақ, діндегі фитналардың себебінен өлімді қалауға болады. Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Өлімді тілемеңдер! Өйткені, бір адам жақсы болса өмір сүрген сайын жақсылығы артады. Жаман болса, қателіктерінен қайтып, тура жолға түсуі мүмкін.» (Бұхари)
Сұрақ: Харамдардан кімдер, калай сақтанады?
Жауап: Парыздарды барлық адамдар жасай алады, алайда харамдардан барлық адамдар қаша алмайды. Тек Аллаһу та’аланың салих құлдары ғана қашады. Дінімізде күнә істемеу ғибадат жасаудан да құнды. Бір хадис шәрифте: «Зередей (кішкентай, өте аз) бір күнәдан қашу – бүкіл жын және адамдардың (нәпіл) ғибадаттарының қосындысынан да артық» делінген. Күнәлардың барлығы Аллаһу та’алаға қарсы шығушылық болғандықтан бәрі де үлкен болып саналады. Бірақ кейбіреуі кейбіреуіне қарағанда кішi болып көрінеді. Бір кішкентай күнәні жасамаудың сауабы – бүкіл жaһанның нәпіл ғибадаттарынын сауабынан да көп. Өйткені нәпіл ғибадат жасау парыз емес. Ал күнәлардан қашу, күнә істемеу болса, парыз болып табылады. (Рияд-ун-Насихин)
Сұрақ: Жүзік тағу тұрғысында дініміздің үкімі қандай?
Жауап: Еркектердің алтын жүзік тағуы төрт мазһабта да жаиз емес. Алтын мен күмісті әшекей ретінде тағу тек әйелдерге ғана халал. Бірақ бұларды махрем (жақын туыс) болмаған еркектерге көрсетуі харам болып табылады.
Алтын мен күмісті әшекей ретінде тағу еркектерге харам. Тас, қола, жез, платина, мыс және басқа да заттардан әшекей ретінде жүзік тағу әйелдерге де харам. Алтын жалатылған күміс жүзік және күміспен қапталған алтын жүзік тағу жаиз. Жүзік тақпау жақсырақ. Айт күндері жүзік тағу мүстаһаб. Елге көрсету үшін, мақтану ниетімен тағу харам болып табылады. (Рәддул мухтар)
Сұрақ: Балаларға ойыншық қуыршақ, ойыншық аю сатып алуға бола ма?
Жауап: Иә, болады.
Сұрақ: Ойыншық қуыршақ бар бөлмеге рахмет періштелері кіре ме? Ол бөлмеде намаз оқу мәкрух бола ма?
Жауап: Қыбла тарапында болмаса, мәкрух болмайды. Рахмет періштелері кіреді.
Сұрақ: «Аллаһ сендерге қиындық жүктемеген» деген аяти карима бойынша, жеңілдік бар болғандықтан, әйелдердің шалбар киюінің жаиз (рұқсат) екендігі аңғарылады ма?
Жауап: Сіз және біз сияқтылар үшін бір аяти каримаға мағына беру жаиз емес. Әйелдің шалбар киюінің қиындықпен қандай қатысы бар? Ұқсау ниеті болмаса да, еркектің мойнына алқа, қолына білезік және құлағына сырға тағуы әйелдерге ұқсау болып саналады және жаиз болмайды. Әйелдің де, еркекке ұқсау ниеті болмаса да, шалбар киюі жаиз болмайды.
Сұрақ: Тауықтың жемдеріне қан араластырылатыны айтылып жатады. Мұндай жем жеген тауықты жеу жаиз ба?
Жауап: Көрмей тұрып, кесіп айту, үкім беру дінімізде жаиз емес. Бір нәрсенің нәтижесі өз көзімен көріп немесе салих, әділ мұсылманның айтуымен белгілі болады. Бірақ, сұрастырып-іздестірудің қажеті жоқ. Нарықтағы тауықтардың бір бөлігіне ондай қулық жасалып жатқандығы байқалса да, қалған бөлігіне де сондай қулық жасалып жатқандығы нақты айтыла алмайды. Бір тауықтың нәжіс жегені нақты білінген кезде, ол тауықты үш күн бөлек жерде ұстап, таза (нәжіс емес) жеммен бағылады. Осы үш күнде тауықтың ішіндегі нәжіс химиялық өзгеріске ұшырайды. Үш күннен кейін бұл тауықты жеу халал болады.
Сұрақ: Банк кредитімен үй және көлік алуға болады ма?
Жауап: Зәрулік болмаса да, үй напақадан болғандықтан, үйі болмаған адамның кредитке үй алуы жаиз болады, бірақ зәруліксіз көлік немесе сауда үшін кредит алмау керек. «Қызметтер үшін» (за услуги) деп бір мөлшер ақша алынып, пайызсыз кредит беріліп жатқан болса, осылай берілген кредитті алу жаиз болады.
Сұрақ: Біз Еуропада тұрамыз. Шошқа майынан жасалған сабындарды және шараптан жасалған сірке суын қолдану жаиз ба?
Жауап: Кәпір мұсылман болған кезде тап-таза болады, тіпті күнәлары сауапқа айналады, дәл осылай шарап та толығымен сірке суына айналған кезде, бір тамшысы харам бола тұра, тап-таза сірке суы болады. Сапалы жүзімнен жасалған шараптан пайда болған сірке суы да сапалы болады. Әл фиқһу аләл мәзаһиб-ил әрбәа кітабында білдірілген хадис шәрифте: «Ең жақсы сірке суы – шараптан жасалғаны» делінеді.(Бәйһақи)