Қыбла бағыты
Төмендегі программаның көмегімен өзіңіз тұрған қаланың қыбла бағытын оңай анықтауға болады. Картадағы қызыл түсті сызық қыбла бағытын көрсетуде. Іздеу (loсate) ұяшығымен кез-келген қаланың картасын ашып, сол қаланың қыбла бағытын да анықтауға болады.
(+) және (-) түймелерін басу арқылы картаның масштабын үлкейтіп, кішірейтуге болады. Түртінек (Mouse) көмегімен картаны қалаған бағытта жылжытуға болады. Картаны қалаған көшеге, тіпті үйге немесе жұмыс орнына дейін жақындатып қыбла бағытын анықтау мүмкіндігі бар. Картаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы ұяшықтан өз ыңғайыңызға қарай hybrid (гибрид) немесе satellite (спутник) қасиеттерін де таңдап қолдансаңыз болады.