Итикаф деген не, әйелдер қалай істейді?

Сұрақ: Итикаф деген не? Әйелдердің үйде итикаф жасауына болады ма?

Жауап: Рамазан айының соңғы он күнінде бір мешітке кіріп күндіз-түні ғибадат етуге итикаф делінеді. Қасиетті Рамазан айында итикаф жасау муәккад сүннет болып табылады.

Неге әйелдердің намазы өзгеше?

Сұрақ: Неге намазды қыздар мен ұлдар әр түрлі оқиды? Пайғамбарымыз  солай әр түрлі оқу керек деген хадис бар ма? Мен өзім Ханафи мазхабын ұстанамын, бірақ кейбір сұрақтар мені мазалайды. Осыны толық жазып берсеңіздер. Тағы бір сұрақ: неге білекті жерге тигізеді, басқа мазхабтарда олай істеуге болмайтыны жайлы хадис бар. ...

Екіншіге үйлену

Cұрақ: Бірінші әйелім екінші әйел алуға келіспейді не істеуге болады шариғат мұндай жағдайда не айтады?

Жауап: Діни кітаптарда айтылуы бойынша: «Төртке дейін үйлену уәжіп, тіпті мандуб (мүстаһаб) та емес. Тек қажеттілік туындағанда ғана рұқсат етілетін тірлік. Бірден артық үйлену дініміздің әмірі емес. ...

Ерлі-зайыптылардың міндеттері

Әйел ақысы

Әйелінің жақсы мінезді болуын қалайтын адам, алдымен өзі жақсы мінезді болуы керек! Құран кәрімде адамға келетін қиыншылықтар өзінің жасаған күнәларының себебімен келетіні білдірілген. Олай болса дініміздің әмірін орындап, тыйымдарынан ұзақ болғандар әйелімен жақсы қарым-қатынаста болады.

 Фудайл бин Ияд хазреттері былай деген:

«Дінге сай болмаған іс жасағанымды әйелімнің мінез өзгерісінен аңғаратын едім. Дереу ол ісіме тәубе еткенімде әйелімнің мінезі де дұрысталатын. Осылай тәубемнің қабыл болғанын түсінетін едім.»

Әйелдердің жұмыс істеуі

Сұрақ: Әйелдердің әр түрлі салаларда жұмыс істеуінің зияны бар ма?

Жауап: Дінімізде әйел заты күнкөріс қиыншылығынан, уайымынан босатылған. Әйел жұмыс істеп, зорығып ақша табуға, бұл үшін бес уақыт намазын қалдыруға, басын, қолдарын ашып немесе еркектердің арасына араласып күнә істеуге мәжбүр емес. Барлық нәрсені оның аяғына алып келу мәжбүрлігі бар. Дініміз оны осылай қадірлеген.

Сәбидің сөйлеуі

Хазіреті пайғамбарымызға қарсы жаман сөздер айтатын бір әйел бар болатын, пайғамбарымызды ұнатпайтын. Бір күні бұл әйел бір ұл босанады. Баласы 2-3 айлық болған кезде баласын алып көшеде кетіп бара жатқанда пайғамбарымызға кездеседі. Әйел тағы да әдепсіздік жасауға дайындалады. Бірақ, одан бұрын құндақтағы сәби сөйлей бастайды. Ол пайғамбарымызға қарап,

– Ей, Аллаһтың расулы. Ей, Абдуллаһұлы Мұхаммед алейһиссалам, саған сәлем бердім,-дейді.

Жалаң аяқ намаз оқу

Сұрақ: Әйел адамға жалаң аяқ намаз оқуға болады ма?

Жауап: Намаз киімінің етегі ұзын болса, аяқтар көрінбейтін болса ешқандай зияны жоқ. Әйелдердің қолы мен жүзінен басқа барлық жері, білектері, ұзын шаштары және табандары, намаз үшін Ханафиде әурет болып табылады. Қолдарының үстін әурет емес деген ғалымдар да көп. Олардың айтуынша, әйелдердің білектеріне дейінгі қолдарының үсті ашық күйде намаз оқулары жаиз болады. Бірақ, кітаптардың бәріне сай болу үшін әйелдердің қолдарын жабатындай ұзын жеңді намаз киімі немесе кең (үлкен) орамалмен қолдарын жауып оқуы жақсырақ болады. Әйелдердің аяқтары намазда әурет емес деген ғалымдар бар болса да, бұл ғалымдар да намазда жабуы сүннет, ашуы мәкрух деді. (С.Әбәдийа)

Әйелдердің намазы

Сұрақ: Әйелдердің намазының ерлердің намазынан айырмашылықтары, яғни өзгеше тұстары, әрекеттері қандай?

Жауап: Олар мыналар:

1) Әйелдер намазды қолдарын еркектер сияқты құлаққа апармай, кеуде тұсына әкеліп, саусақтарының ұшын иық деңгейіне дейiн көтерiп бастайды. Оң қолының саусақтарымен сол қолының білегін байлап ұстамайды. Оң қолын сол қолының үстіне, көкірегінің үстіне қояды.

Естен танғанша азаптау...

Мүшриктер мұсылмандарды азаптап-қинағанда әйел немесе еркек деп бөліп қарамайтын. Алғашқы мұсылмандардың бірі және ешкімі жоқ Зиннирә ханым (радиаллаһу анһа) да бір күң болатын. Оның мұсылман болғанын білген мүшриктер оған да азап көрсетуден тайынбады. Зиннирә ханымды «Лат» пен «Узза» пұттарына табындыру үшін қинап, тұншыққанша буындырып, есінен танып қалғанша қинайтын еді. Соған қарамастан ол дінінен шықпады, олардың айтқандарын істемеді. Әсіресе, оны Әбу Жәһл қатты азаптайтын. Осыдан соң Зиннирәнің (радиаллаһу анһа) көздері көрмей қалды. Бір жолы Әбу Жәһл оған: «Көрдің бе? Лат пен Узза сенің көзіңді көр етті» дегенде Зиннирә ханым имандылығын көрсетіп: «Ей, Әбу Жәһл! Уаллаһи, бұл сенің айтқаныңдай емес. Лат пен Узза деп отырған пұттарың ешқандай іске жарамайды, өздеріне табынғандарды да, табынбағандарды да білмейді. Менің Раббымның көзімнің нұрын беруге және мені бұрынғы қалпыма келтіруге әрине құдыреті жетеді» деді. Әбу Жәһл хазіреті Зиннирәнің берік иманына қайран қалды. Аллаһу та’ала Зиннирәнің (радиаллаһу анһа) дұғасын қабыл етіп, көзі бұрынғысынан да жақсы көретін болды.