Ғибадат дегеніміз не?

Ғибадат – бізді және бүкіл жаратылысты жоқтан бар еткен әрі әрқашан бар етіп ұстап тұрған, әр түрлі нығметтер мен жақсылықтар жіберіп, жетілдірген Аллаһу та’аланың әмірі мен тыйымдарын бұлжытпай орындау. Сонымен қатар, Аллаһтың махаббатына қауышқан пайғамбарларға, әулиелерге және ғалымдарға бағыну.

Намаз уақыттары

Пайғамбарымыз алейһиссалам бiр хадисiнде былай дедi: «Жәбрейiл алейһиссалам Қағбаның есiгiнiң жанында екi күн маған имам болды. Екеумiз таң шапағы туғанда таң намазын, күн тал түстен ауғанда бесiн намазын, әр нәрсенiң көлеңкесi өзiмен бiрдей болғанда екiнтiнi, күн батысымен ақшамды және шапақ қарайғанда...

Полюстердегі намаз және ораза

Әр мемлекеттiң намаз уақыттары сол мемлекеттiң экватордан ұзақтығы мен сол аймақтағы мезгiлдерге қарап ауысады.

67 дәрежедегі паралеллдің солтүстiгінде орналасқан суық өлкелерде күннің горизанталь қиғаштығы артқан кезде кешке көкжиек қараймай тұрып таң бозарады.

Жұма намазы

Аллаһу та’ала жұма күнiн мұсылмандарға тән қылған. Жұма күнi түс уақытында жұма намазын оқу Аллаһу та’аланың бұйрығы. Аллаһу та’ала жұма сүресiнiң соңғы аятында: «Ей, иман келтіру абыройына ие болған құлдарым! Жұма күнi намаз үшiн азан айтылған кезде хутба тыңдау және жұма намазын оқу үшін мешіттерге асығыңдар.

Азан мен қамат

Азан - жұртшылыққа бiлдiру, хабар беру деген сөз. Бес уақыт намаз және қаза намаздары үшiн және жұма намазында хатиптің алдында еркектердiң азан айтуы сүннеті мүәккәдә. Әйелдердiң азан мен қамат айтулары мәкрух. Азан халыққа уақыт бiлдiру үшiн биiк жерде оқылады.

Айт намаздары

Шәууал айының бiрiншi күнiнде Пiтiр, яғни рамазан мейрамының бірінші күні басталады. Зүлһиджаның оныншы күнiнде Құрбан айтының бiрiншi күнi басталады. Бұл екi күнде күн шыққаннан кейін шамамен 50 минут өткен соң, яғни керахат уақытынан кейін екi рәкат Айт намазын оқу ер кісілер үшiн уәжiп.

Намаз оқу кiмдерге парыз?

Намаз оқу ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына жеткен әрбір ер және әйел мұсылманға парыз. Намаздың парыз болуы үшiн мына үш шарт орындалуы керек:

1.       Мұсылман болу тиіс.

2.       Ақылды болу тиіс.

Азанның оқылуы

Аллаһу әкбар - 4 рет

Әшһәду әлла илаһә иллаллаһ - 2 рет

Әшһәду әннә Мұхаммадар-Расулуллаһ - 2 рет

Хайә аләс-саләһ - 2 рет ...

Неге әйелдердің намазы өзгеше?

Сұрақ: Неге намазды қыздар мен ұлдар әр түрлі оқиды? Пайғамбарымыз  солай әр түрлі оқу керек деген хадис бар ма? Мен өзім Ханафи мазхабын ұстанамын, бірақ кейбір сұрақтар мені мазалайды. Осыны толық жазып берсеңіздер. Тағы бір сұрақ: неге білекті жерге тигізеді, басқа мазхабтарда олай істеуге болмайтыны жайлы хадис бар. ...

Намазды бұзатын нәрселер

1. Үзiрсiз жөтелу немесе қақыру.

2. Намаз оқып жатқан кiсiнiң, басқа бiреу түшкiргенде «Ярхамукаллаһ» деп айтуы.

3.Намазын жеке оқып жатқан кiсi жанындағы жамағатта имамның жаңылғанын байқап, ...

Намаз туралы сұрақ-жауаптар

Сұқ саусақты көтеру

Сұрақ: Намазда тәшәхудте отырғанда (әттахиатта) сұқ саусақты көтеру жаиз ба? Кейбіреулер мұны білдіретін хадис бар деп саусағын көтереді. Осы дұрыс па? ...

Жалғыз оқитын ер адамның намазы

Мәселен таң намазының сүннеті былай оқылады:

1. Алдымен қыблаға қарап тұрады. Аяқтардың арасы төрт елiдей ашық және паралелл болады. Бас бармақ құлақ жұмсағына тигізіліп, алақанды ...

Жұма күні бесін намазы (Зухри ахир)

Сұрақ: Асығыс кезде жұма намазының парызын оқып бірден шығып кетсек бола ма?

Жауап: Жұма намазының біршама ада және ужуб шарттары бар. Бұлардың бірі немесе бірнешеуі орындалмауы мүмкін. Сондықтан жұма намазы сахих болмайды. Ол үшін, «Уақытында орындай алмаған соңғы бесін намазын оқуға» деп ниет етіп Зухри ахир деп аталатын төрт рәкаттық намаз оқылуы керек. (Ибн Хумам және Ибн Абидин)

Қаза намаздары

Сұрақ: Мысалы адам намаз оқып жүріп, тастап кетсе. Кейін біраз уақыттан кейін қайтадан бастаса. Қалып қойған намаздарды қалай өтеуге болады? Тәсбих намазын оқыса орнын толтыра ма?

Жауап: Өз уақытында оқылмаған намаз қаза болады. Яғни уақытынан өткізіп алсаңыз қазасын оқисыз. Үзірсіз (себепсіз) қазаға қалдыру үлкен күнә болады. Қаза болған намазды мүмкіндік болуымен дереу оқып алу керек. Қаза намазды оқу парыз болып табылады, сонымен қатар қазаға қалдырғаны үшін қосымша тәубе ету де керек

НАМАЗ - ҰЛЫ ӘМIР

Адам алейһиссаламнан берi әрбiр дiнде белгiлi бір уақытта орындалатын намаздары болған. Сол ғибадаттардың барлығы жинақталып, Мұхаммед алейһиссаламның үмбетiне парыз етiлдi. Намаз оқу иманның шарты емес. Алайда намаз оқудың парыз екендiгiне сену иманның шарты болып табылады.

Намаз - дiннiң тiрегi. Намазын үзбей, әрi қатесiз оқитын жан ислам ғимаратын тұрғызғанмен бірдей. Ал оқымағандар  керісінше ислам ғимаратын құлатқанмен бірдей болып саналады. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Дiнiмiздiң басы, негiзi – намаз»  деп намаздың өзектiлiгiне мән берген.

НАМАЗ ОҚУ

Дінімізде иманнан кейін ең бағалы ғибадат намаз. Намаз -діннің тірегі. Намаз ғибадаттардың ең жоғарғысы. Исламның екінші шарты. Арабтар намазды «Салат» дейді. Салат негізінде дұға, рахмет пен кешірім деген мағыналарға келеді. Намаз осы үш мағынаның барлығын өзіне жинағаны үшін салат деп аталған. Аллаһу та’аланың ең көп ұнатып және қайта-қайта әмір еткен амалы бес уақыт намаз. Аллаһу та’аланың мұсылмандарға иман еткеннен кейінгі ең маңызды әмірі намаз оқу. Дінімізде алғаш рет әмір етілген парыз - намаз.

Намаздың түрлері

Мұсылмандарға әмiр етiлген намаз түрлерi үшке бөлiнедi. Олар: 1. Парыз. 2. Уәжiп. 3. Нәпiл.

1.  Парыз намаздары: Бес уақыт намаздың парыздары; Жұма намазынының екi рәкат парызы мен жаназа намазы. (жаназа намазы парзы кифая).

2.  Уәжiп намаздары: Үтiр намазы, Рамазан айт намазы, Құрбан айт намазы, аяқталмай қалған нәпiл намаздары. Қаза болған үтiр намазының кейiннен қазасын өтеу де уәжiп.

3. Нәпiл намаздары: Бес уақыт намаздың сүннеттерi, тарауих намазы. Сауап алу ниетімен оқылатын тәһәжжуд намазы, тахятул масжид, ишрақ, дұха, әууәбин, истихара, тәсбих намаздары нәпiл намаздарының қатарына жатады. Парыз және уәжiп намаздарынан қарызы жоқ адамның нәпiл ғибадаттарына да сауап берiледi.

Намаздың парыздары

Парыз – Аллаһу та’аланың бұйырған әмiрi. Қандайда бiр ғибадаттың парыздары орындалмайынша бұл ғибадат дұрыс саналмайды. Намаз оқығанда он екi шартты орындау парыз. Бұл парыздардың жетеуi намаздың сыртында, бесеуi iшiнде. Сыртындағы парыздар шарт, iшiндегiлер рүкiн деп аталады. Кейбiр ғұламалар ифтитах тәкбiрiн намаздың iшiндегi парыздарға қосқан. Олардың айтуынша намаздың шарттары да, рүкіндерi де алтау болады.

Намаздың уәжiптерi

1. Фатиха сүресiн оқу.

2. Фатихадан кейiн бiр сүре немесе ең кемінде үш қысқа аят оқу.

3. Фатиханы зәм сүреден бұрын оқу.

4. Фатиханы және фатихадан кейiн оқылатын сүренi, парыз намазының бiрiншi және екiншi рәкатында, ал уәжiп және сүннет намаздарының барлық рәкаттарында оқу.

Намаздың сүннеттерi

1. Ифтитах тәкбiрiнде қолды құлаққа дейiн көтеру.

2. Қолдың iшiн қыблаға бағыттау.

3. Тәкбiрден кейiн қол байлау.

4. Оң қолды сол қолдың үстiне қою.

Намаздың мүстахабтары

1. Намазда сәжде ететін жерге қарау.

2. Рукуде аяқ ұштарына қарау.

3. Сәждеде мұрнын қойған жерге қарау.

4. Әттахиятта отырғанда тiзелерiнiң үстiне қарау.

Намаздың мәкрухтары

1. Киiмдi иығына жамылып намаз оқу.

2. Сәждеге барарда шалбардың балақтарын көтеру.

3. Көйлектiң етегiн және жеңдерiн түрiп қойып намаз оқу.

4. Пайдасыз әрекеттер жасау.

Мешіт әдебі

Сұрақ: Мешітте сөйлесу жақсы емес деп естідім, бірақ біреу бізге сөйлегенде жауап бермесек тағы болмайды. Ондай кезде не істеуге болады?

Жауап: Мешітке кірерде итикафқа ниет ету керек. Сол кезде сөйлесудің зияны болмайды. (“Ибн Абидин” намаздың мәкрухтарының соңы, Фатх-ул-қадир 1-том, 367-бет)

Намаз оқымаудың зияндары

Сұрақ: Намаз оқу үлкен ғибадат болғандықтан намазды тәрк ету де үлкен күнә ма?

Жауап: Әрине үлкен күнә. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Әдейі (үзірсіз) намаз оқымаған адамның басқа амалдарын Аллаһу та’ала қабыл етпейді. Тәубе еткенге дейін ол Аллаһтың қамқорлығынан ұзақта болады.» (Исфахани)

Сахих болу және қабыл болу деген не?

Сұрақ: «Сахих болу» мен «қабыл болу» екеуінің мағынасы бірдей ме?

Жауап: Сахих болған бір ғибадат қабыл болмауы мүмкін. Мысалы, ұрлаған костюмімен оқыған адамның намазы сахих болады, яғни намаз қарызынан құтылады, бірақ сауабы кем болады. Барлық күнәлар да осылай. Мысалы, ораза ұстаған адам аузын арақпен ашса, оразасы сахих болады. Бірақ, оразадан пайда болатын үлкен сауаптардың барлығына қауыша алмайды. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Харам киім кигендердің намазы қабыл болмайды.» (Бәззар)

Сүннет пен парыз арасында сөйлеу

Сұрақ: Сүннет пен парыз немесе парыз бен сүннет намаздарының арасында сөйлеу, сәлем алып-беру, дұға ету, тәсбих тарту, Құран оқу бидғат па? Бамдат намазының сүннетін үйінде оқып келген адам, мешітте тәсбихын алып кәлимаи тәуһид немесе салауати шәрифә оқыса немесе сөйлесе не болады?

Жауап: "Мәрақил-фәлах"  кітабының Тахтауи хашиясының аудармасы болып табылатын "Нимет-и Ислам" кітабының «Нәпіл намаздар» бөлімінде былай делінеді:

«Парыз бен сүннет немесе сүннет пен парыз арасында сөйлеу алдыңғы сүннетті жоқ қылмайды. Бірақ, сүннеттің сауабын азайтады. Ондай жағдайда ең дұрыс болған қаулы – сүннетті қайта оқу. Кез-келген дұға да бұл жерде сөйлеу сияқты болады.»

Дәл осы нәрсе "Дуррул-Мухтар" кітабында да өткен: «Дұрыс болған қаулы – сүннет қабыл болмайды, сүннетті қайта оқу керек.» Бұл сөз "Дуррул-Мухтар"дың арапша нұсқасының 457-бетінде, кейбір басылымдарында 711-бетінде жарық көрген.

Намаз оқу кімдерге қиын

Сұрақ: Мұсылман болуды қалаған басқа діндегі адамдар «Мұсылман болар едік, бірақ күнде бес уақыт намаз оқу, жылда бір рет ораза тұтып аш жүру және тағы басқа да әмірлерді орындау бізге қиын болғандықтан мұсылман болмаймыз» деп айтады. Ғибадат ету не үшін қиын сияқты болып көрінеді?

Жауап: Мұсылманға ғибадаттар қиын болып көрінбейді. Мұсылман болса мұндай сөздерді айтпайды. Имам Раббани хазреттері мәктубатында былай деген: Аллаһу та’ала құлдарына істей алатын нәрселерін әмір еткен. Күші жетпейтін, қолынан келмейтін нәрсені әмір етпеген. Адамдарды әлсіз түрде жаратқаны үшін жеңілдік, оңайлық берген. Құран кәрімде: «Аллаһ сендерге жеңіл, оңай түрде әмір етуді қалады, өйткені адам әлсіз түрде жаратылған.» делінген. (Ниса 28)

Сүннет, нәпіл және нәзір

Сұрақ: «Аллаһ разылығы үшін төрт рәкат нәпіл намазын оқимын» деп нәзір (атау) еткен адам, мысалы, бесін намазының сүннетінің орнына осы нәзір еткен намазын оқыса, сүннет оқылған бола ма? Осы сияқты сүннеттің орнына Тахиатул мәсжид, Субха сияқты бір нәпіл намаз оқылса, бұлар да сүннет орнына өте ме?

Жауап: Егер нәзір, нәпіл немесе қаза намазы уақыттың парызымен бірге оқылса, сүннет те оқылған болады. Духа және тәһәжжуд намазы орнына кез-келген бір намазды оқыған адам, осы, яғни духа мен тәһәжжуд намазын оқыған болады. Фиқһ кітаптарында былай делінеді: Нәпіл оқыр кезде әуелі намаз оқуды нәзір ету керек, сосын нәпілдің орнына осы атаған намазын оқу керек. Ғибадаттар шартқа байланбай аталатын болса, аталған намазды оқу уәжіп болғандықтан, уәжіп сауабы беріледі. Сүннеттің орнына аталған намаз оқылатын болса, сүннет те оқылған болады. (Дуррул Мухтар, Рәддул Мухтар)

Науқастанған кездегі намаз

Сұрақ: Ауру адам намаздарын қалай оқиды?

Жауап: Аурулар әртүрлі болады. Түрегеп тұра алмайтын науқас отырып оқиды. Отыра алмайтын адам жатып ишарамен оқиды.

Хадис шәрифте: «Науқас намазын түрегеп тұрып оқи алмаса, отырып оқиды. Бұған да шамасы жетпесе, шалқайып жатып ишарамен оқиды» делінген. Али Имран сүресінің, «Олар түрегеп тұрғанда, отырғанда, жамбастап жатқанда да Аллаһты зікір етеді» деген мағынадағы 191-ші аятындағы "зікір" сөзі намаз дегенді білдіреді. «Намазды, күші жететін адам түрегеп оқиды, аяқта тік тұра алмайтын адам отырып оқиды, бұны да істей алмайтын адам жатып ишарамен оқиды» деген сөз. (Бахрур раиқ)

Намаздың мүстахабтары

1.       Намазда сәжде ететін жерге қарау.

2.       Рукуде аяқ ұштарына қарау.

3.       Сәждеде мұрнын қойған жерге қарау.

4.       Әттахиятта отырғанда тiзелерiнiң үстiне қарау.

Ең үлкен күнә

Сұрақ: Намаз оқу ғибадат, яғни сауап болғанына қарағанда, бұл сауапты күнде істеудің орнына бос уақытымда немесе зейнетке шыққанда істесем не зияны болады? Оразаны да жыл сайын белгілі бір айда емес, зейнетке шыққанда барлығын бірден ұстасам не болады? Нәтижеде бұлардың есебін өзім беретін болғандықтан, сауап амалды істеуді кешіктіруім немесе мүлдем істемеуім неге күнә болады?

Жауап: Намаз оқымайтын көп адам намаз оқуды тек сауап қана деп ойлайды. Намаз оқымау ең үлкен күнәлардың бірі. Ішімдік ішуден де үлкен күнә. Хақ болған төрт мазһаптың үшеуінде намазды біле тұра әдейі тастаған адамның жазасы - өлім болып табылады. Бұл жаза намаздың маңызын көрсетуде.

Сәһу сәждесі

Сұрақ: Сәһу сәждесі қандай жағдайларда және қалай жасалады?

Жауап: Сәһу сәждесі (қателесу сәждесі) – парыздың кешігуі, парыздың қайталануы, уәжіптің тәрк етілуі, уәжіптің кешігуі, уәжіптің қайталануы және уәжіптің өзгеруі орын алған кезде, сол намаздың соңында жасалатын сәжде болып табылады. Сәһу сәждесі екі сәждеден және Әттахийату, Аллаһуммә Салли, Аллаһуммә Бәрик және Раббәна атина дұғаларынан тұрады. Сәһу сәждесі былай орындалады:

Екі намазды жәм ету (біріктіру)

Сұрақ: Қандай жағдайда екі намазды біріктіруге болады?

Жауап: Кейде екі намазды біріктіріп бір уақытта оқу қажеттілігі туындауы мүмкін. Дәрігердің операцияда болуы, акушер әйелдің босандыру процессінде болуы, тұншығып жатқан адамды құтқару, емтиханда болу немесе ауырып қалу сияқты бір себеппен намаз оқуға мүмкіндік болмаған жағдайда екі намазды жәм ету, яғни екі намазды қосып бір уақытта оқу кейбір мазһабтарда жаиз. Екінді намазын бесін намазының уақытында, бесін намазымен бірге немесе құптанды ақшам уақытында, ақшаммен бірге оқу тақдим ету арқылы жәм ету деп аталады. Бесін намазын екінді намазының уақытында екіндімен қосып немесе ақшамды құптан намазының уақытында құптан намазымен қосып оқу тәхир ету арқылы жәм ету деп аталады. Таң намазы жәм етілмейді.

Зәм сүре оқуға қатысты сұрақтар

Рукуда еске түсу

Сұрақ: Намазда зәм сүрені оқымағандығы рукуде есіне түскен адам не істейді?

Жауап: Рукудан көтеріліп зәм сүресін оқиды. Кейін қайтадан рукуға иіледі. Бұл жағдайға сәһу сәждесі қажет емес деген ғалымдар болуымен қатар, қажет деген ғалымдар да бар.

Намазда хушу және тәфәккур

Сұрақ: Намазды хушумен оқу дегеніміз не?

Жауап: Хушу – Аллаһу та’аладан қорқу деген сөз. Имам Раббани хазреттері былай деген: «Намаздарды жамағатпен, хушу және худумен оқу керек, өйткені адамды екі әлемде пәлекеттерден, қиыншылықтардан құтқаратын тек хушумен оқылған намаз.» Құран кәрімде: «Намаздарын хушумен (Көңілдері Аллаһ қорқынышымен толы болып, тадили әрканға мойынсұнып) оқыған мүминдер міндетті түрде құтылды» делінген.(Мүминун 1, 2) (Мәктубат 1/85)

Жұма күні бесін намазы (Зухри ахир)

Сұрақ: Асығыс кезде жұма намазының парызын оқып бірден шығып кетсек бола ма?

Жауап: Жұма намазының біршама ада және ужуб шарттары бар. Бұлардың бірі немесе бірнешеуі орындалмауы мүмкін. Сондықтан жұма намазы сахих болмайды. Ол үшін, «Уақытында орындай алмаған соңғы бесін намазын оқуға» деп ниет етіп Зухри ахир деп аталатын төрт рәкаттық намаз оқылуы керек. (Ибн Хумам және Ибн Абидин)

Не толық істеу, не мүлдем істемеу пікірі

Сұрақ: Мен намаз оқитын, ораза ұстайтын және харамдардан сақтануға тырысатын әйелмін. Бірақ оранбағанмын. Екі топ адамдар маған тиіседі. Бір бөлігі былай дейді: Басың ашық болғандықтан ешбір ғибадатың өтпейді, босқа әуре болма, бекерге ғибадат жасама. Ислам діні бір бүтін, оны толығымен ұстану керек.

Бір бөлігіне де ғайбат айтпаңдар, арақ-шарап ішпеңдер, өтірік айтпаңдар деген сияқты сөздер айтқан кезімде, сен де басыңды ашып жүрсің ғой, дейді. Бұлардың мені осылай сынағандары дұрыс па?

Жауап: Әрине дұрыс емес. Өкінішке орай күнімізде «Не толық істе, не мүлдем істеме» дегендей көзқарас бар. Мәселен «Намаз оқымасаң ораза тұтпа», «Намаз оқымасаң күнә істей бер» дегендей пікірлер белең алған. Дінімізде иман «Не бар болады, не жоқ болады». Яғни иманның азы, көбі болмайды. Иман не бар болады, не жоқ болады.

Намаз – діннің тірегі

Сұрақ: Намаздың дініміздегі орны қандай?

Жауап: Намаз – өте маңызды, өте құнды ғибадат. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Намаздың діндегі орны – бастың денедегі орны секілді.»(Табарани)

«Қияметте құлдан ең бірінші сұралатын ғибадат – намаз. Намазы дұрыс болса, қалған амалдары да қабыл болады. Намазы дұрыс болмаса, ешбір амалы қабыл болмайды.» (Табарани)

Тадили әрканға мән беру

Сұрақ: Тадили әркан деген не? Тадили әрканға мән бермесе не болады?

Жауап: Тадили әркан – намазда бес жерде, яғни руку, екі сәжде, қаумә және жәлсәда барлық мүшелердің бір мезет әрекетсіз, қимылсыз болып тұруы деген сөз. Ең аз мөлшері бір рет «Субханаллаһ» деп айтатындай уақыт қимылсыз тұру. Мәселен рукуға иіле салып дереу тұрып кетуге болмайды, рукудан тұрғанда да бір мезет күту, белін тік ұстау керек. Екі сәжде арасында «субханаллаһ» деп айтатындай уақыт қимылсыз отыру керек. 

Әр жамандықтың бір ғана шарасы

Сұрақ: Бір досым намаз оқитын болса да ішкілік және басқа да жамандықтарын тастай алмай жүр. Бұл қалай болады екен?

Жауап: Дұрыс оқылған намаз әртүрлі жамандықтан сақтайды.(Анкебут 45)

Жамандықтан сақтай алмаған намаз дұрыс оқылып жатқан жоқ деген сөз. Хадис шәрифте былай делінген:

«Бір адамның намазы оны әртүрлі жамандықтардан сақтамайтын болса, оның Аллаһтан ұзақ болуы артады.» (Табарани)

Руку мен сәждеге қатысты сұрақтар

Сұрақ: Аллаһтан басқаға сәжде ету күпір емес пе? Күпір болса, неліктен Аллаһ періштелерге хазреті Адамға сәжде етуді әмір етті? Неліктен мұсылмандар Қағбаға сәжде етеді?

Жауап: Ғибадат ету ниетімен Аллаһтан басқаға сәжде ету әрине күпір болады. Тек құрмет көрсету үшін орындалса күпір емес, харам болады. Өйткені Адам алейһиссаламнан Ибрахим алейһиссаламға дейін сәлемдесу, бір-біріне сәжде ету арқылы орындалатын еді. Кейіннен бұның орнына құшақтап амандасу әдет болды. Мұхаммед алейһиссаламның заманында қолмен мүсафаха ету (қол алысу) сүннет болды.

Жаназа намазы

Бiр мұсылман кiсiнiң дүниеден өткендiгiн естiген ер кiсiлер үшiн, егер ер кiсiлер болмаса, әйелдер үшiн жаназа намазын оқу фарзи кифая болады. Жаназа намазы Аллаһу та’ала үшiн намаз, ал мәйіт үшін дұға болады. Бұл намаздың маңыздылығына мән бермеген адам иманнан шығады.

Жаназа намазының шарттары

1) Мәйіттің мұсылман болуы шарт.

Намаз оқып жатқан адамның алдынан өту

Сұрақ: Намаз оқып жатқан адамның алдынан өту мәкрух па, харам ба?

Жауап:Намаз оқып жатқан адамның алдынан өту мәкрух болып табылады. Мәкрух сөзі жалғыз өзі айтылған кезде көбіне тахриман мәкрух деп түсініледі. Яғни күнә болады. Харам – біраз үлкенірек күнә. Далада, үлкен немесе кіші мешіттердің барлық жерінде намаз оқып жатқан адамның алдынан, жақын болса да, ұзақ болса да, әйел, еркек немесе ит өтетін болса, намаз мүлдем бұзылмайды, Далада және үлкен мешітте аяқтар мен сәжде ететін жер арасынан, ал кіші мешітте және бөлмеде аяқтары мен құбыла қабырғасы арасынан өткен адамға күнә болады. Құбыла қабырғасы мен артқы қабырға арасы жиырма метрден аз болған мешітке кішкентай мешіт делінеді. Биік жерде оқып жатқан адамның алдынан төменде өткен адамның басы намаз оқып жатқанның аяқтарынан жоғары болса, күнә істеген болады. Тек (Кағба) мәсжиди харам ішінде намаз оқып жатқандардың алдынан өту күнә емес. (С.Әбәдийа)

Намазда қолдарды кіндіктен төмен байлау

Сұрақ: Намазда қолдарды кіндіктен төмен байлау бидғат па?

Жауап: Жоқ, бидғат емес, сүннет.

Хазреті Әли риуаят еткен бір хадис шәрифтің мағынасы:

Намазда оң қол сол қолдың үстіне қойылып кіндіктен төмен байлау сүннет болып табылады. (Әбу Дауд, И.Ахмед)

Жалаң аяқ намаз оқу

Сұрақ: Әйел адамға жалаң аяқ намаз оқуға болады ма?

Жауап: Намаз киімінің етегі ұзын болса, аяқтар көрінбейтін болса ешқандай зияны жоқ. Әйелдердің қолы мен жүзінен басқа барлық жері, білектері, ұзын шаштары және табандары, намаз үшін Ханафиде әурет болып табылады. Қолдарының үстін әурет емес деген ғалымдар да көп. Олардың айтуынша, әйелдердің білектеріне дейінгі қолдарының үсті ашық күйде намаз оқулары жаиз болады. Бірақ, кітаптардың бәріне сай болу үшін әйелдердің қолдарын жабатындай ұзын жеңді намаз киімі немесе кең (үлкен) орамалмен қолдарын жауып оқуы жақсырақ болады. Әйелдердің аяқтары намазда әурет емес деген ғалымдар бар болса да, бұл ғалымдар да намазда жабуы сүннет, ашуы мәкрух деді. (С.Әбәдийа)

Намазда қандай киім кию керек

Сұрақ: Намазда қандай киім кию керек? Үйде пижамамен намаз оқуға болады ма?

Жауап: Намазды жұмыс киімімен, үлкен адамдардың алдына шыға алмайтын киіммен, жаман иісті киім және жаман иісті шұлықпен оқу мәкрух болып табылады. Басқа киімі жоқ болса мәкрух болмайды. Ақшасы бар болса, сатып алуы қажет.

Маңызды адамдардың алдына шығатын адамның әдемі, таза киім киюі керек. Аллаһу та’аланың алдында тұрған кезде де бұған қатты мән беру керек, үлкендердің алдына шыға алмайтын киіммен намаз оқымау керек! Құран кәрімде «Барлық намазды оқитын кезде сәнді (таза, ең жақсы, әдемі) киімдеріңді киіңдер» делінген. (Араф 31)

Ифтитах тәкбiрiнiң құндылығы

Кiмде-кiм ифтитах тәкбiрiн имаммен бiрге алса, ол адамның күнәлары күздiгүнi ағаш жапырақтары жел соққанда төгiлгендей төгiледi.

Бiр күнi пайғамбарымыз намаз оқып жатқан кезде бiреу таң намазының ифтитах тәкбiрiне үлгере алмай қалды. Сол үшiн бiр құлды азат етiп келіп, пайғамбарымыздан: «Йа, Расулаллаһ! Мен бүгiн ифтитах тәкбiрiне үлгере алмай қалдым. Бiр құл азат еттiм. Ифтитах тәкбiрiнiң орнын толтыра алдым ба?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз хазреті Әбу Бәкiр Сыддықтан (радиаллаһу анһ): «Сен не дейсiн, бұл ифтитах тәкбiрi жөнiнде?» деп сұрады. Хазреті Әбу Бәкiр (радиаллаһу анһ) былай дедi: «Йа Расулаллаһ! Қырық түйем болса, қырығының да қоржыны гауһар тасқа толы болса, барлығын кедейлерге таратсам да, имаммен бiрге алынған ифтитах тәкбiрiнiң сауабына жетпейді».

Әйелдердің намазы

Сұрақ: Әйелдердің намазының ерлердің намазынан айырмашылықтары, яғни өзгеше тұстары, әрекеттері қандай?

Жауап: Олар мыналар:

1) Әйелдер намазды қолдарын еркектер сияқты құлаққа апармай, кеуде тұсына әкеліп, саусақтарының ұшын иық деңгейіне дейiн көтерiп бастайды. Оң қолының саусақтарымен сол қолының білегін байлап ұстамайды. Оң қолын сол қолының үстіне, көкірегінің үстіне қояды.

Нәжіс болатын және болмайтын нәрселер

Сұрақ: Кір нәжіс пе? Нәжіс тиген киімдерді қанша рет жуу керек?

Жауап: Нәжіс тимеген киімдер кірден тазалану мақсатында жуылады. Кір нәжіс емес. Бір рет жууға да болады немесе мүлдем жуылмаса да нәжіс емес.

Нәжіс тиген киімдерді жууда белгілі мөлшері жоқ. Бір рет жуғанда кететін болса жеткілікті. Нәжіс кетірілгеннен соң түсі мен иісі қалса да, зияны болмайды. Міндетті түрде ыстық сумен немесе сабын және арнайы кір жуғыштар қосылған сумен жуу қажет емес.

Дауыс шығарып «әмин» деу

Сұрақ: Мен бір мешіттің имамымын. Жамағаттан бір кісі «Имам, Қағба сияқты қасиетті жерде әминді дауыстап айтса да, тіпті бұл жөнінде хадис бар болса да, неліктен Қазақстанда әмин іштен айтылады» деп сұрады. Мен «Ханафи мазһабында дауыстап айту мәкрух болады. Уаххабилердің ерекше әрекеттері бізге өлшем бола алмайды» дедім. Әминнің дауыстап айтылу керектігіне қатысты хадис шәриф бар ма?

Жауап: Мазһаб және Мазһабсыздық бөлімінде біздердің хадистерден үкім шығара алмайтынымызды дәлелдермен білдірдік. Кутуби ситтаның бесеуінде де бар болған «Отқа жылыған нәрсені ішіп-жеу дәретті бұзады» хадис шәрифін нақыл етіп, отқа жылыған нәрселердің дәретті бұзбайтындығын білдірген едік.

Аллаһты мүлдем ұмытпау

Сұрақ: «Ислам Ахлақы» кітабында 54 парыздың алғашқы бөлімінде «Аллаһты бір біліп, мүлдем ұмытпау парыз болып табылады» делінген. Біз таңнан кешке дейін көп ұмытамыз. Бұл парызды тәрк еткен болсақ, үнемі харам істеп жүрген боламыз ба?

Жауап: Бес уақыт намазын оқып, харамдардан сақтанып жүрген мұсылман Аллаһты ұмытқан болып саналмайды. Бір уақыт намазды оқып, келесі намазды күтумен үнемі ғибадат еткен, Аллаһты ұмытпаған боламыз. Таң намазына тұру ниетімен түнде жатсақ, таңға дейінгі ұйқыда ғибадат жасаған, Аллаһты ұмытпаған боламыз. Алайда ұйқы – нағыз ғафлет. Бұған қарамастан, таза ниетіміз үшін ұйқымыз да ғибадатқа айналуда.

Суреті бар жайнамаздар

Сұрақ: Ислам әріптерімен жазылған, қағба немесе мешіттің суреті бар жайнамазда намаз оқуға болады ма?

Жауап: Үстінде Ислам әріптерімен жазылған жазу, тіпті бір әріп бар болған жайнамазды жерге төсеу тахримән мәкрух болады. Бұларды қай мақсатта болса да жерге төсеу – оны қорлау, оған құрметсіздік жасау болады. Тікелей қорлау мақсатында жерге төсейтін болса, күпір болады. Бетінде қағба, мешіт немесе Ислам әріптерімен жазуы бар болған жайнамаздарды намаз оқу үшін жерге төсеу де жаиз (рұқсат) емес. (Хадиқа 2 том, 633 бет)

Уәсуәса еткен кезде

Сұрақ: Маған өте көп уәсуәса (шайтаннан келетін күмәндар) келеді, дәретте, ғұсылда, намазда ниет еткенімді ұмытамын, бұларды ниетсіз орындасам сахих (дұрыс) болады ма? Құрғақ жер қалды деп ойлап, сол жерді қайта-қайта жуамын. Аздаған жер құрғақ қалса дәретім мен ғұсылым сахих болады ма? «Дәретім бұзылды ма екен» деп көп уәсуәса етемін, дәретсіз намаз сахих болады ма? Киіміме нәжіс тиді деп санаймын. Нәжіс тиген киіммен намаз оқылса сахих болады ма? Имамның жағдайын білмеймін, имам атеист болса, оқыған намазым сахих болады ма? «Ішіп-жеген азықтарымда спирт немесе шошқа майы бар, мал Бисмиллаһсыз сойылған» деп уәсуәса етемін. Осы секілді жағдайларда не істеуім керек?

Намаздан кейінгі уәсуәса

Сұрақ: Адамның көңіліне шайтаннан келетін "Дәретім бар ма екен? Жоқ болса, мен бар екенін есіме түсірсем" секілді уәсуәсалар келгенде не істеу керек?

Жауап: Әрі «Шайтаннан келетін» дейсіз, әрі не істеу керек деп сұрап жатырсыз. Әрине бұл уәсуәсаларға мән бермеу керек. Дәрет алғаныңызды есіңізге түсіре алсаңыз мәселе жоқ. Дәрет бар деп қабылданады.

Сапарда намаз қалай оқылады?

Сұрақ: Сапарда намаз қалай оқылады?

Жауап: Сафари дегеніміз – жолаушы болу деген сөз. Үш күндік жерге бару ниетімен жолға шыққан адам орналасқан жерінен үш күндік жолға ниет етіп кетсе, кеткен жолының екі тарапындағы үйлер аяқталғаннан кейін сафари (жолаушы) болады. Үлкен қалаларда шеткі үйлер қалмаған. Осы тұрғыдан үлкен қалаларда, тұратын жерімізге жақын болған мазар, фабрика, мектеп және казармадан өткен кезде сафарилық басталады.

Намазға қатысты сұрақ-жауаптар

Ата-анам намаз оқуға қарсы

Сұрақ: Ата-анам намаз оқуыма қарсы. Не істеуіме болады? Олардың рұқсатынсыз намаз оқуға болады ма?

Жауап: Дінімізде ата-анаға құрмет ету, айтқандарына, бұйрықтарына мойынсұну әмір етілген. Бірақ дінге қайшы болған, күнә болған бұйрықтары орындалмайды. Орану үшін ата-ананың рұқсатына қарап отырылмайды. Балиғат жасына толған (қызбала 9, ұлбала 11 жастан) әрбір мұсылманға намаз оқу, орану – парыз. Ата-анаға қарсы шықпай, ренжітпейтін, ашуландырмайтындай жолын тауып шығу керек. Сіздің жағдайда ата-анаңызға білдірмей намаз оқуыңыз керек. Мәселен сабақ оқу секілді себептермен бөлмеңізге кіріп ең болмағанда парыздарды ғана оқып алуға тырысуыңыз керек. Парызды оқу үшін көп болса 4-5 минут уақыт кетеді. Кейін бірте-бірте сүннеттерін де қосып оқу жолын табарсыз.