Сұрақ: Лиуата деген не? Күнәсі қандай?

Жауап: Еркектің еркекке немесе әйелге артынан (анусқа) жақындауы лиуата деп аталады. Өз жұбайымен лиуата жасау да үлкен күнә болады.

Аллаһу та’ала лиуатаның хабис (жаман) әрекет екенін білдірген. (Әнбия 74)

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Лиуата жасаған адам – малғұн (лағнеттелген) (И.Ахмед)

«Өз әйелімен лиуата жасаған адам – малғұн.» (Шира)

«Бір еркекпен немесе әйелдің артынан (анусынан) жыныстық қатынасқа түскен адамға Аллаһ мейірімдік жасамайды.» (Тирмизи)

«Өз разылығымен үш рет лиуата жасатқан адам бұған үйреніп қалады, әрдайым бұл тірлікті қалап тұратын болады.» (Р.Насихин)

Еркектің еркек үшін және әйелдің әйел үшін әурет жері – тізе мен кіндік арасы. Бір әйелге басқа бір әйелдің кіндік пен тізе арасына қарауына болмайды. Қажеттіліксіз қарайтын болса, харам істеген болады. Әйелдің бөтен еркек үшін әурет жері – қолы мен бетінен басқа бүкіл денесі. Өзгенің әурет жеріне қажеттілік болмаса да шәһуетсіз (құмарлықсыз) қарау да харам болып табылады. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Еркекке еркектің, әйелге әйелдің әурет жеріне қарауға болмайды, харам болып табылады.» (Абдуррәззақ)

«Еркектің әйелге, ал әйелдің еркекке (шәһуетпен) қарауы харам болып табылады.» (Табарани)

Сұрақ: Үлкен күнәлардың саны белгілі ме? Бір күнәға салынған адамның не істеуі керек?

Жауап: Дінімізде үлкен күнәлардың саны өте көп. Бұлардың жетпіске жуығы Ислам Ахлақы кітабында жазылған. Біршамасы мыналар:

Адам өлтіру, зина, лиуата, алкогольді ішімдік, ұрлық, қарақшылық, жалған куәгерлік, пайыз, ата-анаға қарсы шығу, намазды қазаға қалдыру, тәкәппарлық, ғайбат, сиқыр, жетімнің мүлкін жеу, намысты әйелге жала жабу, кіші күнәларды үздіксіз жасау. 

Күнәға тәуелділік

Күнә істеген адам кәпір болмайды. Бірақ, әр күнә адамды күпірге жетелейді. Бір күнәға салынған адамның басқа жолмен тәуелділікке бас ұрған адамның бұл күнәсін тастауы өте қтын болады. Ол адам бұл күнәні күнә ретінде көрмейтін болып қалады. Күнә істегені үшін айыпты әркімге жүктеуге тырысады. Істеген күнәларын жабуға тырысады. Алайда күнәға үйреніп қалудан күнә харам болмай қалмайды.

Ішкілікке салынған адамның емделу жолымен ішкіліктен әрең құтылатындығы рас. Есірткі қолданатындардың жағдайы да осындай. Бұлардың біріне бас ұрған адам оңайшылықпен құтыла алмайды. Бәрі «Шамалы көрсем ештеңе етпес, зияны тимес» деген оймен басталады, сөйтіп үлкен пәлекетке жол ашылады. Жаман әдеттерге қолының ұшын тигізген адам қолын тартып ала алмай қалады. Құмарға, зина мен лиуатаға үйрену де осындай қауіпті. Темекіге, тіпті шайға да үйреніп қалған адам оңайлықпен бұдан арыла алмайды.

Әр адамға күнәны істететін рухы емес, өз нәпісі. Әркімнің нәфси әммарасы (тәрбиеленбеген нәпісі) – кәпір. Кәпір болған нәпсіміз әрдайым күнә істеуді талап етіп тұрады. Нәпсіне ие болған адам өзін күнәдан қайтара алады. Өз разылығымен үш рет лиуата жасаған адамның үйреніп қалып, мұны істеп жүретіндігі хадис шәрифпен білдірілген. Ал бұған үйреніп қалған адам «Мен еркекпін, бірақ рухым әйел» десе, нәпісіне, шайтанға ерген болады. Қайбір себеппен болса да, бұл істі жасаған адам лағнеттелген. Дереу тәубе ету керек! Хақ та’ала тәубе етушілердің тәубесін қабыл етеді.

Жаман әдеттерге, күнәларға салыну істерінде көбіне айналаның әсері көп. Айналаны ауыстыру керек, жақсы адамдармен бірге болу керек, барлық харамдардан қашуға тырысу керек, әсіресе бес уақыт намазды мүлдем қалдырмау керек.

Сұрақ: СПИД жайында хадис бар екендігі айтылып жатады. Рас па?

Жауап: Мәлім болғанындай, ВИЧ және СПИД сияқты аурулар Еуропадан келген. Спид жайында нақты хадис шәриф жоқ. Бір хадис шәрифте былай делінген:

«Жаман әйелдер көбейіп, халық арасына зина жайылса, халық бұрын көрмеген жұқпалы ауруларға тап болады. Сауда-саттықта айла жасалса, күн көру қиындығы басталады. Зекет берілмесе, жаңбыр жаумайды. Жануарлар болмағанда, мейірімнің жүзі көрінбейтін еді. Дінге деген байлану әлсірегенде, дұшпандардың шабуылы келеді. Дінге мойынсұнбайтын басқарушылар шыққан кезде анархия пайда болады, халық бір-бірімен соғысады.» (Бәйһақи)

Лиуата жасағандарда Спид атты жұқпалы ауруының вирусының шошқаларда да бар екендігі анықталған. 

Сұрақ: Лиуата мен лезбияндықтан құтылудың емі қандай?

Жауап: Бес уақыт намазды дұрыс оқу және дереу үйлену. 

Гомосексуалдық ойлар

Сұрақ: Гомомсексуал еркекпін. Бұл нәрсені әрекетпен жасамаймын, бірақ ойымнан еш шықпайды, ойлай беремін. Ылғи бір еркекпен бірге болғым келіп тұрады. Ал бұл нәрсе мені қатты мазалайды. Дәрігерлерден сұрадым, бұл аурудың емі жоқ екендігін айтты. Өзіме қол жұмсайын ба, әлде гомосексуалдық ойлар арасында өмір сүрейін бе?

Жауап: Емі болмаған дерт, ауру жоқ. Белгісіз болғандары бар, ол бөлек мәселе. Барлық аурудың шарасының бар екендігін әлемді жоқтан бар қылған Аллаһу та’ала тарапынан әлемдерге мейірім ретінде жіберген пайғамбарымыз алейһиссалам хабар берген. Былай деген:

«Аллаһу та’ала дауасын, шарасын бермеген ауру, дерт жаратпады. Білген адам білді, білмегендер білмеді. Тек өлімге ғана шара жоқ.» (Табарани)

«Барлық дерттің дауасы бар. Дәрі қолданылған кезде Аллаһу та’ала шипасын береді.» (Бұхари, Мүслим)

«Ей Аллаһтың құлдары, емделіңдер. Аллаһу та’ала емін, дауасын бермеген ешбір ауру жаратпады. Қартаю бұған жатпайды.»(Әбу Яла, Ибн Хиббан)

Ішкілік, зина, ұрлық, гомосексуалдық секілді әр түрлі күнәлардың жалғыз емі бар. Бұл ем Құран кәрімде айқын білдірілген. Бұл емді қолданған әр мұсылман әдетке айналған, тәуелді болған үлкен күнәлардан міндетті түрде құтылады. Құран кәрімде былай делінген:

«Намаз – мүнкәр және фахшадан (әдепсіздіктен, ақылға және дінге жат болған есірткі, ішкілік, зина, лиуата секілді әр түрлі жамандықтардан, әр түрлі күнәдан) ұзақтатады.» (Анкәбут 45)

Бір жас жігіт намазын оқитын, бірақ әр түрлі жамандықтарды да істейтін еді. Бұл жігіттің жағдайы Расулуллаһ алейһиссаламға айтылған кезде «Бір күні намаз оны басқа күнәларды істеуден ұзақтатады» деді. Арадан көп уақыт өтпеді. Әлгі жігіт күнәларына тәубе етті, жақсы адамдардан болды. Осы тұрғыдан міндетті түрде намаз оқу керек. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Барлық аурудың, барлық дерттің шипасы бар, ал жүректің(көңілдің) шипасы – зікір, Аллаһу та’аланы еске алу.» (Дәйләми)

Зікірдің, яғни Аллаһу та’аланы еске алудың басында намаз тұрады. Бір аяти кариманың мағынасы:

«Намаз – әр түрлі жамандықтан ұзақтатады. Өйткені зикруллаһ(намаз оқу) әлбетте ең ұлы (ең ұлы ғибадат).» (Анкәбут 45) «Зикруллаһ – намаз. Намаз басқа ғибадаттардан да ұлы.» (Бәйдәуи)

«Олар тұрғанда да, отырғанда да, жантайып жатқанда да Аллаһты зікір етеді.» (Әли Имран 191) «Намазды шамасы жететін адам түрегеп, тұра алмайтын әлсіз болған адам отырып оқиды, бұған да шамасы жетпейтіндей әлсіз болған адам жатып ишаратпен оқиды деген мағынада.» (Бахр-ур-раиқ)

Егер намаз жамандықтан ұзақтатпай жатқан болса, намаз дұрыс оқылмай жатыр деген сөз. Хадис шәрифте былай делінген:

«Бір кісінің намазы оны жамандықтардан ұзақтатпай жатқан болса, (намаздың шарттарына мән бермей дұрыс оқымағаны үшін)Аллаһтан ұзақтауы артады.» (Табарани)

Олай болса, атқаратын ісіміз – намазды дұрыс оқуға тырысу. Намазды дұрыс оқи білу үшін әуелі итиқадтың (сенімнің) дұрыс болуы шарт. Одан кейін басқа шарттары да келеді. Бұл шарттарға мән берген адам міндетті түрде әр түрлі жамандықтарды тастайды. 

Жыныстық адасушылық

Сұрақ: Атеисттер «Мұсылман мемлекеттерде жыныстық қатынастар (зина) күнә саналып, жыныстық сезімдер айыпталғандықтан, гомосексуалдық секілді жаман әдеттер пайда болуда» дейді. Қалыпсыз қатынастар күнә болмағанда, осыншама тарап кетпейтін бе еді?

Жауап: Керісінше көбірек болатын еді. Аллаһтан қорқпайтындар да қоғамнан ұялғандықтан қалыпсыз қатынастардан қаласа да, қаламаса да ұзақ тұрады. Батыс мемлекеттерде жыныстық еркіндік бар. Ешқандай айыптау да жоқ. Тіпті кейбірлерінде гомосексуалдық үйленулерге заңды түрде рұқсат берілуде. Бұған қарамастан Еуропа, әсіресе Англия бейстандарттық қатынастарға толы. Атеисттердің мақсаты бейстандарттық қатынастар жайында уайымдау емес, Ислам дініне деген дұшпандықтарының себебімен осындай пікірлерді жариялауда. 

Гомосексуалдық

Сұрақ: «Аллаһ мені гомосексуал қылып жаратқан болса, мұнда менің айыбым не? Осы себептен гомосексуалдық күнә болмайды» деген адамның көзқарасы қате емес пе?

Жауап: Осылай айтып, өзінің істеген айыбын Аллаһу та’алаға жүктеу өте жаман.

Аллаһу та’ала ешбір күнәға разы болмайды. Олай болса әрбір айыпты адам қылмысын Аллаһу та’алаға жүктей беруі мүмкін. Есірткіге тәуелді болған адам «Аллаһ мені есірткіге бейім қылып жаратты, менің айыбым жоқ» деуі мүмкін. Зина жасаған адам «Маған бұл сезімді Аллаһ берді, менің айыбым жоқ» деуі мүмкін. Құмарға салынған адам «Бұл құмар ойнау қалауын маған Аллаһ берді, менің кінәм жоқ» деуі мүмкін. Барлық күнә үшін осылай айтылуы мүмкін. Аллаһу та’ала адамдарды күнә немесе сауап істейтіндей қасиетте жаратқан болса да, күнә істеуге мәжбүр қылмады. Бір аяти кариманың мағынасы:

«Қалаған адам иман келтірсін, қалаған адам қарсы шықсын! Қарсы шығушыларға тозақты дайындадық.» (Кәһф 29)

Олай болса, сену және қарсы шығу, жақсылық пен жамандық жасау адамның қолында, себебі осылай бұйырылған. Аллаһу та’ала күнә істегендерді жазаландыратынын, сауап істегендерге қайтарымын беретіндігін білдірді. Әр адам жасаған түйірдей жақсылық немесе жамандығының қайтарымын көреді. Бір аяти кариманың мағынасы:

«Түйірдей жақсылық және жамандық істеген адам мұның қайтарымын көреді.» (Зилзал 7,8)

Ішкілікке, құмарға, ұрлыққа тыйым салғанындай, зинаға да, лиуатаға да (гомосексуалдыққа да) тыйым салды. Гомосексуалдыққа қатысты екі хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Ақыр заманда гомосексуалдар үш топқа бөлінеді: бірінші топ сөйлесу және көрісумен, екіншісі қол ұстасу және құшақтасумен шектеледі. Ал үшінші топ мұны іс жүзінде жасайды. Аллаһ оларға лағнет етсін! Тәубе еткендердің тәубесін Аллаһу та’ала қабыл етеді.»(Дәйләми)

«Лиуата мубах (қалыпты жағдай) болып саналмағанша, аспаннан тас жаумағанша қиямет басталмайды.» (Дәйләми)

Жаман амал

Сұрақ: Белгілі бір мазһабы болмаған, бидғат мазһабтарды да қосқанда әр мазһабтан ақылына сай келетіндеріне ғана мойынсұнатын бір адам «Ибн Сәбәлықтар жолында лиуата (Pederasty және Pédérastie деп те аталатын жаман амал) жаиз болады» деп, Әһли сүннет болғандарға да кеңес беріп жүр екен. Бұл үкім Кітап пен Сүннетте айқын түрде харам етілді емес пе? Мазһабтар нассқа, яғни аят пен хадиске қайшы үкім қоюы мүмкін бе?

Жауап: Әрине қоя алмайды. Лиуатаның Ибн Сәбә жолында немесе басқа адасқан бір топта жаиз болғанын немесе жаиз болмағанын білмейміз, бірақ Әһли сүннеттің төрт хақ мазһабының төртеуінде де лиуата еркекпен жасалса да, әйелмен жасалса да, яки өз әйелімен жасалса да харам болып табылады, үлкен күнә болады.