Қаза намаздары

Сұрақ: Мысалы адам намаз оқып жүріп, тастап кетсе. Кейін біраз уақыттан кейін қайтадан бастаса. Қалып қойған намаздарды қалай өтеуге болады? Тәсбих намазын оқыса орнын толтыра ма?

Жауап: Өз уақытында оқылмаған намаз қаза болады. Яғни уақытынан өткізіп алсаңыз қазасын оқисыз. Үзірсіз (себепсіз) қазаға қалдыру үлкен күнә болады. Қаза болған намазды мүмкіндік болуымен дереу оқып алу керек. Қаза намазды оқу парыз болып табылады, сонымен қатар қазаға қалдырғаны үшін қосымша тәубе ету де керек

Салауат айту

Сұрақ: Намаздан кейін салауат айтудың сауабы көп дейді және салауат қалай оқылады?

Жауап: “Салат” - дұға деген сөз. Ал “салауат” дегеніміз “салат” сөзінің көпше түрі, дұғалар дегенді білдіреді. Салауат қысқаша: “Аллаһүммә салли ала Мухаммәд уә ала али Мухаммәд” деп айту. Пайғамбарымыздың аты айтылғанда “алейһиссалам”, “алейһиссалату уәссәләм” немесе ”саллаллаһу алейһи уәсәлләм” деп айтумен де Пайғамбарымызға дұға етілген, яғни салауат етілген болады. 

Құран кәрім оқудың әдептері

Құран кәрім оқыған кезде мына әдептерге мән беру керек:

1) Дәретті болып, таза жерде құбылаға қарап, тізерлеп отыру керек! Еркектердің басы ашық күйде оқымай, ең болмағанда тақия кию керек! Тақиясыз оқу тәнзиһан мәкрух болады. (Мусхафқа қарап оқу жаттанды түрде оқудан сауаптырақ. Мусхаф – Құран кәрім кітабы.)

2) Құран кәрімді оқитын кезде Әузу және Бисмиллаһ-ті толық айтып бастау керек!

Әйелдердің орануы парыз

Сұрақ: Әйелдердің қалай орану керектігі дінімізде ашық білдірілсе де неліктен әлі күнге дейін бұл жөнінде талас-тартыстар болуда? Жабынуды жоққа шығарып, мойындамайтын адам діннен шыққан болмай ма?

Жауап: Дінімізде әйелдердің орануы, яғни бетімен қолынан басқа барлық мүшесін жабу керектігі анық, ашық түрде білдірілген.

Зиллуллаһ

Сұрақ: Кейбір кітаптарда “зиллуллаһ” сөзі – “Аллаһтың көлеңкесі” деп аударылған. “Зил” сөзі тек қана көлеңке деген мағынаны білдіре ме? Көлеңке делінген кезде сөйлемнің мағынасы өзгеріп кетпей ме? Аллаһ құдды дене секілді түсініледі. Бұл сөздердің дұрыс аудармасы қандай?

Жауап:  Зил – қамқорлық, қорғау сияқты мағыналарға да келеді. Мәселен, хадис шәрифте былай делінген:

«Аллаһу та’ала өзінің қамқорлығынан басқа ешқандай қамқорлық көрсетілмейтін қиямет күнінде жеті топ адамдарды өзінің көлеңкесіне (қамқорлығына) алады.» (Бұхари)

Тәйәммум

Тәйәммум топырақпен тазалану деген сөз. Дәрет немесе ғұсыл алу үшiн су табылмаса немесе су болса да қолдануға мүмкіндік болмаған жағдайда таза топырақ, құм және тас сияқты таза нәрсемен ханафи мазһабында тәйәммум етiледi.

Тәйәммум дәрет және ғұсыл үшiн үлкен жеңiлдiк. Дiнiмiзде топырақпен тәйәммум алу сумен дәрет алу сияқты. Дiнiмiз лас нәрселердi топырақпен тазалаудың мүмкiн екендiгiн бiлдiрген.

Дұрыс иман және иманды қорғау

Сұрақ: Ақыретте құтылу неге байланысты?

Жауап: Кейбіреулер діннің басқа үкімдеріне сенбейді, «тек қана Аллаһқа сену жеткілікті, Аллаһқа сенгендердің барлығы жұмаққа кіреді» деп ойлайды. Бұл өте қате түсінік. «Әмәнтудегі» алты шарттың біріне сенбеген адамның иманы өтпейді. Сондықтан сену емес, дұрыс сену өте маңызды. Ақыретте құтылу – ғибадаттың көп болуына емес, иманның дұрыс болуына байланысты. Ықыласпен жасалған амалы аз болса да, тіптен еш қандайда да игі амалы болмай, құм данасындай дұрыс иманы бар болса, ол адам жаннатқа кіреді. Бір хадисте айтылған:

«Жүрегінде құм данасындай иманы болған адам тозақта мәңгі қалмайды» (Бұхари, Муслим)