Сұрақ: «Сүннет» деген не?
Жауап: «Сүннет» деген сөз айтылған орнына байланысты түрлі мағыналарда қолданылады:
1) «Кітап және сүннет» деген тіркестегі «сүннет» – хадис шәрифтер дегенді білдіреді.
Сұрақ: Электронды санағышпен тәсбих тарту, зікір ету бидғат па?
Жауап: Санау ғибадат емес, әдет болып табылады. Түйеге міну зауаид сүннет болып табылады. Машинаға, ұшаққа міну әдет болып, сүннетке қайшы емес.
Сұрақ: Көріпкелдік, палшылық, сиқыршылық (дуалау) деген не? Мұндай нәрселерге сенудің үкімі қандай?
Жауап: Көріпкелдік – жынменен дос болып, одан сұрап білу және бұларды басқаларға айту деген сөз. Жын арқылы пал ашу және жұлдызнамаға қарап сұрағандарына жауап алу да осыған жатады.
Сұрақ: Кәпірлерге ұқсағандардың кәпір болатындығы хадиспен бекітілген екен. Енді сақалсыз және сәлдесіз жүрсек кәпірге ұқсап қалған болмаймыз ба?
Жауап: "Ғибадаттарда кәпірлерге ұқсауға тыйым салынған. Мубах болған әдеттерде ұқсау күнә емес." (Хадиқа)
Сұрақ: Бекет атаға сену Аллаһу та’алаға серік қосу болып табыла ма?
Жауап: Әуелі серік қосудың, ширктің не екенін біліп алайық. Мұсылмандар Аллаһу тааланы бүкіл субути және зати сипаттарымен танып, "илаһ" ретінде қабылдайды. "Илаһ" - құдай деген сөз. "Аллаһтан басқа құдай жоқ" деп әр намазда қайталаймыз және бұл мәселеде иманы ең әлсіз болған мұсылманның да күмәні жоқ.
Сұрақ: Бидғат деген не?
Жауап: Бидғат – жаңалық деген сөз. Кейіннен шығарылған нәрсе дегенді білдіреді. Бұлар әдетте, ғибадатта немесе иманда болады. Әдетте бидғаттың діни тұрғыдан зияны жоқ. Ал ғибадатта және иманда болатын бидғаттар ең қауіптісі.
Әдетте (салт-дәстүрде) бидғат сауап күтілместен дүние пайдасы үшін жасалатын нәрселер. Әдетте бидғат костюм, плащ кию, шай, кофе ішу секілді діннің тыйым салмаған нәрселері болса күнә емес. Пайғамбарымыздың поптың аяқ киімін және грек шапанын кигені хадис шәрифтерде білдірілген. (Тирмизи)
Сұрақ: Қабір зияраты қалай орындалады?
Жауап: Өлімді еске алу, өлгендерден ғибрат алу және ахиретті ойлау үшін қабірді зиярат ету сүннет болып табылады. Қабір зияратаы адамның есіне өзінің де дәл сол жағдайға тап болатынын түсіреді. Ешкімге жамандық ойламайтын болады. Өлімді ойлаған кісі жақсы мұсылман болып өмір сүруге тырысады. Ханафи мазһабында бейсенбі, жұма және сенбі күндері қабірді зиярат жасау сүннет болып табылады.
Әһли хикмет ғұламалар былай дейді:
Әсіресе бидғат жолды ұстанатындар дінді өз ақылдарымен өзгертіп, діннің осы бұзылған халін де Ислам деп атайды. Осылайша діннің негізі жоғалуда. Құл, өзін жаратқанның жіберген дініне ешнәрсе қоса алмайды. Өзі дінге бағынады, дінді өзіне бағындырмайды. Дінді өзіне бағындыруға тырысатын болса, ол нәрсе дін болудан шығады.
Сұрақ: Адамдар, тірі адамдардан жұмыс, жар және тамақ сұрайды. Қайтыс болған әулие де өлі болмағаны үшін олардан да осындай дүниелік сұрау жаиз бола ма?
Жауап: Қайтыс болған әулие, тірі адамнан да көбірек файз береді, көбірек жәрдем бере алады. Шәһидтер өлі болмағанындай, пайғамбарлар мен әулиелер де өлі емес.
Тірі кезінде де адамға күш-қуат беретін, жүргізетін, сөйлететін, жұмыс істеткізетін Аллаһу та'ала. Бір аяти каримада: «Сендерді де, жасаған істеріңді де жаратқан Аллаһ» делінген. (Саффат 96)
Сұрақ: Әнбия (пайғамбарлардың), әулиелердің құрметіне немесе жауған жаңбырдың құрметіне, күнәсіз нәрестелердің құрметіне мына заттың құрметіне деп дұға ету жаиз ба?
Жауап: Барлығы да жаиз. Бір хадис шәрифте былай делінген:
«Сөздеріне құлақ салынбайтын сондай адамдар көресіңдер, бұлар бір нәрсе үшін ант етсе, Аллаһу та’ала бұл сүйікті құлдарының құрметі үшін ол нәрсені бірден жаратады.» (Мүслим)
Сұрақ: Хатми тәһлил деген не?
Жауап: Кәлимаи тәуһид немесе тәһлил дегеніміз “лә илаһә иллаллаһ” деген сөз. 70 мың рет кәлимаи тәһлил айтуға “хатми тәһлил” делінеді.
Мазхар Жан-и Жанан хазреттері бір қабірдің басына отырғанында: «Бұл қабірде жаһаннам оты бар. Хадис шәрифте: «Өзі үшін немесе басқа мұсылман үшін 70 мың кәлимаи тәуһид айтқан адамның күнәлары кешіріледі» делінген.
Сұрақ: Пайғамбардың құрметіне немесе пайғамбардың хаққы үшін деп дұға ету жаиз ба?
Жауап: Әрине жаиз. Өйткені Құран кәрімде былай делінген:
«Мүминдерге жәрдем ету бізге хақ болды.» (Рум 47)
«Аллаһу та’ала құлдарына мейірім етуді өзіне қажет қылды.» (Әнам 12)
Сұрақ: Ханафи мазһабындағы адам жасаған ғибадаттарының сауабын өлі-тірі барлық мұсылмандарға бағыштай алады ма?
Жауап: Иә, бағыштай алады. Ғибадаттар үш түрлі болады:
1) Зекет, садақа және каффарат (өтеу) сияқты тек мал-мүлікпен ғана орындалатын ғибадаттардың сауабын өлі-тірі барлығына бағыштау жаиз.
Сұрақ: Бір оқырманның «Расулуллаһ алейһиссалам екіндінің сүннетін кейде оқымайды екен. Бізге де кейде тәрк етіп тұруымыз сүннет пе, бұл нәрсе Расулуллаһқа еру, бағыну болып саналады ма?» деген сұрағына «Расулуллаһ алейһиссалам кейде екіндінің сүннетін тәрк ететін деп сүннетті тәрк ету сүннет болмайды, тек ғибадат ету ғана сүннет болады, ғибадатты тәрк ету сүннет болмайды» деп жауап берген едіңіз. Бұл қате емес пе? Расулуллаһқа ұқсау үшін Оның бүкіл жасағандарын істеу, жасамағандарын істемеу керек емес пе?
Жауап: Расулуллаһ алейһиссаламның бүкіл жасағандарын істеу, жасамағандарын істемеу қажет емес. Яғни Расулуллаһқа бүкіл тұрғыдан ұқсауға тырысу жаиз емес.
Сұрақ: Кейбіреулер «Сүндетке отыру бидғат болады, дінде орны жоқ» деп жатады. Сонда 1400 жылдан бері ғалымдар, әулиелер, мүжтаһидтер және бүкіл мұсылмандар, бәрі бидғат істегені ме?
Жауап: Кім екені және кімге қызмет етіп жүргені ешкімге белгісіз болған бір топ адамдар барлық нәрсеге бидғат деп жүр. Құтты дін жаңадан келгендей, діннің пайғамбары жоқ сияқты, әр мүмкіндікте дініміз бен Расулуллаһтың мұрагерлері болған Ислам ғалымдарын сынға алуға тырысады. Бұлардың бәрі қияметтің белгісі. Өйткені хадис шәрифте:«Қиямет жақындағанда жаңа пайда болғандар бұрыңғы ғалымдарды надандықпен айыптайды.» - делінген. (Ибн Асакир)