Намазда қолдарды кіндіктен төмен байлау
Сұрақ: Намазда қолдарды кіндіктен төмен байлау бидғат па?
Жауап: Жоқ, бидғат емес, сүннет.
Хазреті Әли риуаят еткен бір хадис шәрифтің мағынасы:
Намазда оң қол сол қолдың үстіне қойылып кіндіктен төмен байлау сүннет болып табылады. (Әбу Дауд, И.Ахмед)
Бүкіл фиқһ кітаптарында намазда қолдар кіндіктен төмен байланады делінген.
Дуррул мухтар кітабында намаздың сүннеттерінің сегізіншісінде былай делінген:
Еркектер оң қолды сол қолдың үстіне қойып, кіндіктен төмен байлайды. Хазреті Әли «Қолдарды кіндіктен төмен байлау сүннет»деген. Намазда ер кісі білегін бас бармақ және шынашақпен ұстап, оң қолды сол қолдың үстіне байлайды және кіндіктен төмен ұстайды. Ең сенімді болған қаулы (үкім) да осы. (Дуррул мухтар)
Нимети Ислам кітабында намаздың сүннеттерінің бесіншісінде былай делінген:
«Еркектер оң қолын сол қолының үстіне қойып кіндіктен төмен байлау керек»
Бұларды бүкіл фиқһ кітаптарынан табуға болады.