Ата-анам намаз оқуға қарсы

Сұрақ: Ата-анам намаз оқуыма қарсы. Не істеуіме болады? Олардың рұқсатынсыз намаз оқуға болады ма?

Жауап: Дінімізде ата-анаға құрмет ету, айтқандарына, бұйрықтарына мойынсұну әмір етілген. Бірақ дінге қайшы болған, күнә болған бұйрықтары орындалмайды. Орану үшін ата-ананың рұқсатына қарап отырылмайды. Балиғат жасына толған (қызбала 9, ұлбала 11 жастан) әрбір мұсылманға намаз оқу, орану – парыз. Ата-анаға қарсы шықпай, ренжітпейтін, ашуландырмайтындай жолын тауып шығу керек. Сіздің жағдайда ата-анаңызға білдірмей намаз оқуыңыз керек. Мәселен сабақ оқу секілді себептермен бөлмеңізге кіріп ең болмағанда парыздарды ғана оқып алуға тырысуыңыз керек. Парызды оқу үшін көп болса 4-5 минут уақыт кетеді. Кейін бірте-бірте сүннеттерін де қосып оқу жолын табарсыз.

Жастарға үнемі айтатын кеңесіміз мынау: Ата анаңызға өзіңізді жақсы көргізесіз, өзіңіз идеальный адам болуға тырысасыз, ешкімді ренжітпейсіз, адамдармен жақсы мәміледе боласыз, көркем мінезіңізбен үлгі боласыз. Әсіресе ата-анаңызға жақсы мәміле жасайсыз, оларды ренжітпеуге айтқандарын сол мезетте, бұлжытпай, дереу  орындауға, олардың көңілдерін табуға тырысасыз. Адамдар жақсы көрген адамын ренжіткісі келмейді, оған ұнамайтын нәрселерді істемеуге, оған ұнайтын нәрселерді істеуге, сол адамға ұқсауға тырысады.

Көптеген жас қыздар, жас жігіттер ата-аналарының күнә болмаған, харам болмаған айтқандарын істемейді. Аз ғана діни кітап оқып, дереу ата-аналарына, ағайын-туыстарына уағыз айтуға кірісіп кетеді. Осылайша өздерін және мұсылмандарды жаман көрсетіп алады да соның кесірінен хиджаб киюлеріне, намаз оқуларына ата-аналарын дұшпан қылып алады. Кейде бір қыздың кесірінен басқа ата-аналар да бірі-бірінен есітіп, ұлдарының намаз оқуларына, қыздарының хиджаб киюлеріне қарсы шығып жатады.

"Нағыз мұсылман тілі мен қолынан ешкімге зиян тимейтін адам" деген хадис шәрифті көп естісек де әр қашан өзіміз ұстана бермейміз. Ешбір ата-ана жұмсақ мінезді, айтқанды істейтін, жылы сөзді перзентінің көңілін қайтарғысы келмейді. Сондай перзент болуға тырысу керек. Сонда ата-ананың да көнілі жұмсап қарсылығын қояды.  Айтқан насихаттарыңды тыңдайтын болады. Жылы сөз жыланды інінен шығарады.

Құбыла бағытын анықтау

Сұрақ: Құбыланы қалай анықтауға болады? Құбыланың бағыты ауысып тұрады ма?

Жауап: Жоқ, құбыланың бағыты ауысып тұрмайды.

Құбыланың бағыты адамдардың тұрған қалаларына қарай әртүрлі болады. Мысалыға, Қазақстанның шығыс жақтары және оңтүстік аймақтары намаздарын батысқа және оңтүстік-батысқа қарай оқиды. Каспий бойы аймақтары көбірек оңтүстікке бұрылады.

Намазды Қағбаға қарап оқу парыз. Қасиеттi Мекке қаласында орналасқан Қағба ғимаратының бағытын Құбыла деп атайды.

Құбыла – Қағбаның ғимараты емес, оның тұрған жерi, яғни жерден аспанға дейiнгi сол аралықты құбыла деп атайды. Сондықтан, теңiз және құдық түбiнде, биiк тауда және ұшақта осы бағытқа бет бұрып оқылғанда құбылаға қарап оқылған болып саналады. Адамның екі көз қыры арасындағы бұрыш Қағба бағытына сай болса, оқылған намаз сахих (дұрыс) болады.

Құбыланы анықтаудың бірнеше тәсілін атап өтейік:

1) Сайтымызда құбыла бағытын анықтаудың ең оңай әдісі ұсынылған. Бұл үшін сайтымыздың сол жағындағы Қағба бейнеленген суреттің үстін шертетін болсаңыз, «Құбыла бағытын анықтау» бөлімі ашылады. Сол бөлімде қалай табылатыны баяндалып жазылған.

(Немесе мышкамен көк жазудың үстіне басып, сілтемеге тікелей кіріңіз.)

2) www.theqibla.com Мына сайттан да пайдалануға болады.

3) Сонымен қатар Қыбла бағытын анықтау үшін “Түркістан күнтізбесін” қолдануға да болады. Бұл күнтізбенің намаз уақыттары кестесіндегі “құбыла сағаты” деген қатардағы уақытта күнге қарасаңыз, құбылабағытына қараған боласыз. Күн бір тәулікте бір рет құбыланың үстінесәйкес келеді. Күнтізбеде сол уақыт берілген. Бір рет сол бағытты белгілеп алғаннан кейін үнемі сол бағытқа қарап намаз оқуға болады.