Намазда хушу және тәфәккур
Сұрақ: Намазды хушумен оқу дегеніміз не?
Жауап: Хушу – Аллаһу та’аладан қорқу деген сөз. Имам Раббани хазреттері былай деген: «Намаздарды жамағатпен, хушу және худумен оқу керек, өйткені адамды екі әлемде пәлекеттерден, қиыншылықтардан құтқаратын тек хушумен оқылған намаз.» Құран кәрімде: «Намаздарын хушумен (Көңілдері Аллаһ қорқынышымен толы болып, тадили әрканға мойынсұнып) оқыған мүминдер міндетті түрде құтылды» делінген.(Мүминун 1, 2) (Мәктубат 1/85)
Намаздың кемшіліксіз болуы, парыздарын, уәжіптерін, сүннеттерін және мүтаһабтарын орындаумен жүзеге асады. Намазда хушу, яғни барлық мүшенің қарапайым болуы осы төрт нәрсені орындаумен болады. Көңілдің худуы, яғни Аллаһтан қорқуы да осыларды толық орындаумен болады. «Көңіл дайын болмаса, намаз да болмайды» деген хадис шәриф көңілдің жоғарыда білдірілген төрт нәрсенің орындалуында дайын болуы, ояу болуы дегенді білдіреді. Яғни бұлардың бәрінің орындалуында немқұрайлылық болмауына мән беру деген сөз. (Мәктубат 1/305)
Намаздың қабыл болуының шарты, харамдардан сақтану, хушу және тақуалықпен оқу және малаяниді (бос, әбес нәрселерді) тәрк ету деген сөз. (Мифтахул-Жаннат)
Тақуалық – бүкіл мүшелерді харамнан және мәкрухтан қорғау дегенді білдіреді. Малаяниді тәрк ету – дүниеге және ахиретке пайдасы болмаған істі тәрк ету деген сөз.
Дүниелік істерді ойламау үшін
Сұрақ: Намазда дүниелік істерді ойламау үшін не істеу керек?
Жауап: Намазда дүниелік істерді ойлау, ықыластың кемшілігінен туындайды. Бұған себеп болатын кемшіліктерді кетіруге тырысу керек. Барлық іс-әрекеттер Аллаһ разылығы үшін жасалса ықылас пайда болады. Шынайы намаз болуы үшін, намазға бастарда Аллаһу та’аланы көріп тұрғандай, әдеппен намазға бастау керек. Егер дене намазда, көңіл басқа жақта болса, ол намаз сахих болса да, мақбул (қабыл болған) намаз болмайды. Сондықтан намазды «Лә хаулә уә лә қууата иллә биллаһил алиил’азыйм» дегеннен кейін бастау пайдалы болады.
Ислам ахлақы кітабында былай делінген: «Имамға ұйыған кезде имам Фатиханы оқығанда “Оң жағымда жаннат, сол жағымда жаһаннам, төбемде Әзрейіл алейһиссалам, қарсымда бәйтуллаһ (Қағба), алдымда қабір және аяғымның астында сират көпірі, менің есебім оңай бола мекен? Жасаған ғибадатым ахиретте басыма тәж, қасыма жолдас және қабірімде нұр бола мекен? Жоқ әлде қабыл болмай ескі шүберектей бетіме ұрыла мекен?” деп тәфәккүр ету керек.» (Мифтахул-жаннат)
Намазда зейінді жинау үшін
Сұрақ: Намазда ойды, зейінді жинақтау үшін не істеу керек?
Жауап: Мүмин Аллаһу та’аладан қорқады, Оның мейірімінен үмітін үзбейді қателіктері үшін ұялады. Намазда мұндай халінен шығып жатқан болса, ойы бытыраңқы және уәсуәса бар деген сөз. Көру ойлануға себеп болады. Сондықтан адамның ойын бұзатын, назарын тартатын нәрселерді көздің көретін жерлерінен алу керек. Мүмкін болса намазды тұйық көлеңкелі жарықтықта оқу жақсы болады. Ою-өрнекті, түрлі-түсті жайнамаздың орнына өрнексіз, бір түсті жайнамаз қолданған жақсы. Қыбла дуалы қарапайым болуы керек, қандайда бір жазу, плакат ілінбеуі керек. Үнемі өз алдына қарауы керек.
Намазға бастарда Аллаһу та’аланың құзырында тұрғанын, және Оның құзырында ғафил болудың қауіпін ойлау керек және қияметтің қорқынышты халдерін еске алу керек. Көңілді дүниелік қалаулар бөледі. Нәпіске жаза беріп бұлардан құтылу керек. Әбу Талха хазреттері бақшасында намаз оқып отырып, бір құс бұтақтан бұтаққа секіріп намазын шатастырғанда, бұл үлкен бақшасын садақа ретінде берді. Намазының нұқсандығына кәффарат болсын деп осылай істеді.
Нәпісті түрлі жолдармен жазаландырып көңілді жинақтауға тырысу керек. Толық тыныштыққа қауыша алмай жатырмын деп нәпіспен күресті тоқтатпау керек. Бір шыны зәйтун майына қаншалықты су құйылса соншалықты мөлшерде зәйтун майы сыртқа төгіледі, өйткені зәйтун майы судан жеңіл болғандықтан судың бетіне шығады. Екеуі араласпайды. Дүниеге деген сүйіспеншілікпен ахиреттің көңілдегі жағдайы зәйтун майымен су секілді. Шыны сумен толғанда зәйтун майы онда қалмайды. Дүниеге деген сүйіспеншілік көңілді қаптап алған болса, уәсуәсадан құтылу мүмкін болмайды. Дүниеге деген сүйіспеншілік неғұрлым аз болса көңілдің тыныштығы соғұрлым көп болады. Демек көңілді жинай алу үшін дүниенің пайдасыз нәрселерінің артынан жүгірмеу керек. Ілім және ықыласпен амал етуге тырысу керек, көзге түсетін және көңілді алаңдататын нәрселерді ортадан алу керек.
Хушумен намаз
Сұрақ: Хушумен намаз оқу үшін не істеу керек?
Жауап: Намазда мағынасын білетін болсаңыз, оқып жатқандарыңыздың мағынасын ойлау жақсы болады. Өзін Раббының құзырында тұғанын ойлау және Оның құзырында қалай болу керек болса, солай тұру өте жақсы болады. Бұл өзінің соңғы намазы, соңғы амалының осы екенін ойлап немесе өзін сират көпірінің үстіндемін деп ойлап, ойын жинауға, Кибрия, Азамәт және Жалалының құзырында бүркіттің аузындағы шегірткедей немесе қожайынынан қашып, кейін ұсталып қожайынының алдына әкелінген құлдай біліп немесе әр сәтте ниғметтерінің ішінде болған, әрбір сәтте Оған мұқтаж болған шынайы ниғмет иесінің құзырында қалай тұру керек болса, солай тұрып, ең болмаса генералдың алдындағы қатардағы әскердей болу, намазда көңілді жинақтауға көмек береді. Дүниеге мән бермеу, жұмыстарын мәселе етуге, ойлануға себепші етпеу, жұмыс өз жөнімен жүреді, қалай болып жатқан болса, солай болады деген сияқты, дүние туралы болымды қарап, намазда үнемі Раббымен болу маңызды деген сияқты ойға ие болу пайдалы болады.
Шай және намаз
Сұрақ: Бір күні жолдастарымызбен жиналып, діни кітап оқып отырған едік. Бір жас жігіт «Алдымен шайымызды ішейік, кейін еш уайымсыз, жайбарақат намазымызды оқимыз» деді. Сонда егде жастағы бір кісі «Олай деуге болмайды. Алдымен намазымызды оқиық, кейін жайбарақат, уайымсыз шайымызды ішеміз» деді. Қай бірінің айтқаны дұрыс еді?
Жауап: Егде кісі намаздың маңыздылығын білдіру үшін айтқан болса да, жас жігіттің айтқаны дұрысырақ. Көңілді мазалайтын бір нәрсе болса, алдымен сол нәрсені бітіріп, кейін намазға тұру керек. Мәселен шай, тамақ сияқты нәрселер көңілді мазалауы мүмкін. Алдымен бұларды атқарып, кейін намаз оқу дұрыс болады. Жасалуы керек болған нәрселер бар кезде, жайбарақат намаз оқу қиындау болады. Керекті істерді істеп болған соң намаз оқу жақсырақ болады.
Фиқһ кітаптарында жақсы көретін тағамынан құр қалу қорқынышы, жамағатқа бармау үшін үзір деп қабыл етіледі. Яғни алдымен тамақ жеп, кейін жалғыз намаз оқу жаиз болады. Ортада тамақ бар кезде, намаз уақыты шығып кетпейтін болса немесе мәкрух уақыт кірмейтін болса, алдымен тамақ жеу керек. Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Тамақ дайын кезде намазға тұрмаңдар!» (Мүслим)
«Кешкі ас дайын болса, алдымен тамақ жеңдер, кейін намаз оқыңдар!» (Бұхари, Мүслим, Тирмизи)
Сұрақ: Намазды қатты жарық емес, қою көлеңкелі бөлмеде оқу жақсы ма, әлде өте жарық бөлмеде оқу жақсы ма?
Жауап: Намаздардың хушу және көңіл тыныштығы ішінде оқылуы керек. Бұларға кедергі болатын нәрселерді алып тастаған жөн. Мәселен жайнамаздың түрлі-түсті болуы және бөлменің қатты жарық болуы бұған кедергі болуы мүмкін. Аталарымыз намаздарын хушу және көңіл тыныштығы ішінде оқи алу үшін мешіттерге үлкен терезе қоймаған, әлсіз, көлеңкелі жарық қылған.
Кейбір мешіттерде люстраларда жүзден артық жарық жанғандығын көрудеміз. Мұншалықты көп жарық жануы ысрап болады. Ысрап – харам