Нәжіс болатын және болмайтын нәрселер
Сұрақ: Кір нәжіс пе? Нәжіс тиген киімдерді қанша рет жуу керек?
Жауап: Нәжіс тимеген киімдер кірден тазалану мақсатында жуылады. Кір нәжіс емес. Бір рет жууға да болады немесе мүлдем жуылмаса да нәжіс емес.
Нәжіс тиген киімдерді жууда белгілі мөлшері жоқ. Бір рет жуғанда кететін болса жеткілікті. Нәжіс кетірілгеннен соң түсі мен иісі қалса да, зияны болмайды. Міндетті түрде ыстық сумен немесе сабын және арнайы кір жуғыштар қосылған сумен жуу қажет емес.
Лас болмайды
Сұрақ: Намаз оқымайтын кейбір адамдар тазалыққа мән бермейді. Дәретханадан шыққаннан кейін қолдарын жумайды. Сол қолдарымен үйде әр жерді ұстайды. Есік тұтқасын ұстайды. Қолдарын орындыққа, креслоларға тигізеді. Олардың қолы тиген жерлерді ұстаған кезімізде қолымыз лас болады ма?
Жауап: Жоқ, лас болмайды.
Нәжіс деп санаумен нәжіс болмайды
Сұрақ: Жерді нәжіс деп санаймыз. Қолымызда екі орамал бар. Бұларды жерге төсеп намаз оқуымызға болады ма? Төсесек, қайда төсеуіміз керек?
Жауап: Нәжіс деп санаумен жер нәжіс болмайды. Нәжіс екені белгілі болмаса, таза деп қабылданады.
Жердің нәжіс екені нақты белгілі болса, басқа таза жер де жоқ болса, ең аз дегенде екі аяқ басатын және сәжде етілетін жердің таза болуы керек. Сәжде етілетін орамал кішкентай болса да, басқа жақтары лас болса да, намаз жаиз болады.
Қолдар мен тізелер тиетін жердің таза болуы шарт емес деген ғалымдар көп. Бұл ғалымдардың үкімі бойынша, аяқпен басылған және сәжде етілген жер таза болса, басқа жерлер нәжіс болса да, намаз сахих болады.
Нәжіс көрінбесе
Сұрақ: Шетелге жиі-жиі шығып тұрамын. Қонақ үйлердегі ковроландар өте таза болады, мұндай үстінде ауыр нәжіс болмаған жерде намаз оқу жаиз ба?
Жауап: Жаиз. Сәжде орнына орамал сияқты бір нәрсе төсеген жақсы болады. Төселуі шарт емес.
Нәжіс жерде жүру
Сұрақ: Балалар кейде кілемнің үстіне сиіп қояды. Зәр кепкеннен кейін, дәрет алып ылғалды аяғымызбен бұл кілемді бассақ, аяғымызға нәжіс жұққан болады ма?
Жауап: Жоқ, нәжіс жұқпайды.
Жел шығарғаннан кейін іш дәрет алу
Сұрақ: Жел шығарғаннан кейін іш дәрет алу керек пе? Іш киім ылғалданған болса жуу керек пе?
Жауап: Сумен тазаланғаннан соң, артқы жер әлі ылғалды кезде, жел шығарғаннан кейін қайтадан жуу мүстаһаб болады, яғни жуған жақсы. Алайда артқы жер құрғақ кезде жел шығарғаннан кейін жуу (іш дәрет алу) бидғат болады. Жел шығарудан іш киім ылғалданса, нәжіс болмайды, жуу керек емес.
Шәһидтің қаны
Сұрақ: Шәһидтер қан тиген киімімен көмілген екен. Қан нәжіс емес пе? Таза болып саналатын қан бар ма?
Жауап: Өз үстінде қалған жағдайда шәһидтің қаны таза болады. Желінетін ет, бауыр, жүрек және көкбауырда қалған, ақпайтын қандар және балықтың қаны да таза. Бит, бүрге және қандала қандары да нәжіс емес. Яғни бұлардың қаны тиген болса да намаз оқи беруге болады.(С.Әбәдийа)
Мәзи мен уәди
Сұрақ: Мәзи мен уәди Шафии мазһабында нәжіс пе?
Жауап: Иә. Шафииде тек мәни ғана таза болып саналады.
Лай
Сұрақ: Лай нәжіс пе?
Жауап: Лай нәжіс емес. Көшеде шашыраған лай да намазға кедергі емес.
Қабығы ашылған тері
Сұрақ: Күннің күйдіруінен терімнен ажырап түскен қабықтары нәжіс пе?
Жауап: Сіңір мен қан болмағандықтан нәжіс емес.
Шараппен жуылғандар
Сұрақ: Кейбір американдық трубка табактарының үстіне «шараппен жуылған» деп жазылған екен. Мұндай табактар нәжіс болады ма? Мұнымен намаз оқуға болады ма?
Жауап: Шараппен жуылған деп жазылған болса, бұл табактар нәжіс болады. Бұл табак қалтада тұрған кезде намаз оқуға болмайды. Ондай жазуы болмаса, нәжіс болып саналмайды.
Мас қылатын шөптер
Сұрақ: Апиын және анаша сияқты мас қылатын зиянды шөптер нәжіс пе, бұлар қалтада тұрғанда намаз оқуға болады ма?
Жауап: Апиынның, анашаның мас болу үшін қолданылуы харам болса да, бұлар шөп болғандықтан нәжіс емес, қалтада тұрғанда намаз оқуға болады. (С.Әбәдийа)
Ақпайтын қандар
Сұрақ: Бауыр, көкбауыр, жүрек және еттегі ақпайтын қандар үстімізге тисе, жумай намаз оқи беруге болады ма?
Жауап: Бұл қандар нәжіс емес. (Мәрақил фәлах)
Еттегі қан
Сұрақ: Қасапшының сойған еттен үстіне шашырағандары нәжіс пе? Еттің үстінде қан болатындықтан, фарш жасау жаиз ба?
Жауап: Көкбауыр, бауыр және еттің үстіндегі ақпайтын қандар таза. Сойылған малдың етіндегі қандар таза. Етті кескенде үстімізге шашырағандары нәжіс. Шашырамай ет үстінде қалғандары таза болғандықтан, бұл еттен фарш жасаудың зияны жоқ.
Қаны бар көкбауыр
Сұрақ: Қалтамыздағы қанды көкбауырмен намаз оқуымызға болады ма? Көкбауырдағы қан нәжіс пе?
Жауап: "Бауыр, көкбауыр, жүрек және еттегі ақпайтын қандар нәжіс емес. Көкбауырмен намаз оқуға болады, сонымен қатар, бұл қан киімімізге тисе де, киімді нәжіс қылмайды. (Мәракил фәлах)
Дәретте шашыраған су
Сұрақ: Дәрет алғанда жерге түскен судың үстіне басқан кезде ылғалданған шұлық нәжіс болады ма?
Жауап: Нәжіс болмайды.
Ит, нәжіс және дәрет
Сұрақ: Ханафи және Шафии мазһабтарында итті ұстау немесе тию дәретті бұзады ма?
Жауап: Ханафи мазһабында итке тию дәретті бұзбайды. Иттің сілекейі нәжіс, жүндері таза. Суға түсіп немесе жаңбырдан су болған ит сілкінгенде үстімізге шашыраған су нәжіс болмайды.
Шафии мазһабында да итке тию дәретті бұзбайды. Иттің үсті және жүндері ылғалды кезде ұстаса немесе иттің сілекейі үстімізге тисе, сол жерді бірі балшықты су болу шартымен, жеті рет таза сумен жуу керек.
Іш дәретте құрғату
Сұрақ: Іш дәреттен кейін құрғатпай тұрып кетсек, су іш киімімізге тисе, нәжіс болады ма?
Жауап: Жоқ, нәжіс болмайды. Матамен немесе дәретхана қағазымен құрғату мүстаһаб, жақсы болады. Құрғатпаса да зияны жоқ. Мата жоқ болса, тек қолмен болса да құрғату керек.
Мысық жүрген жерде
Сұрақ: Мысық жүрген жерде намаз оқуға болады ма?
Жауап: Мысық таза. Жүрген жерінде намаз оқуға болады.
Жылан және шошқа терісі
Сұрақ: Жылан және шошқа терісі өңделумен таза болады ма?
Жауап: «Шошқа және жылан терісі өңделсе де таза болмайды. Бұл терілерден жасалған әмиянмен, белдікпен, сөмкемен, киіммен намаз оқуға болмайды.» (Халеби, Хидаийа, Хиндийа, Мизан-ул кубра, Мәзаһиб-ил Әрбәа, С.Әбәдийа)
«Шошқа, жылан, егеуқұйрық (крыса) және адам терісі өңдеумен таза болмайды.» (Рәддул мухтар)
«Шошқаның терісі өңдеумен таза болмайды.» (Нисаб-ул фиқһ, Тәрғиб-ус салат, Нимети Ислам, Үлкен Ислам илмихалы)
«Шафииде шошқадан басқа, иттің терісі де өңдеумен таза болмайды.» (Мисбах-ун-нәжат)
Керосин нәжіс емес
Сұрақ: Іші жуылған керосин канистрінің ішіне су құйып қойғанбыз. Судың иісі мен дәмі өзгерді. Бұл сумен дәрет алуға болады ма?
Жауап: Керосин нәжіс емес, дәрет алуға болады.
Жылан терісі
Сұрақ: Аяқ киім тігушісімін, мұсылман болмағандарға жылан терісінен аяқ киім тігіп беруім жаиз ба?
Жауап: Жаиз. Намаз оқитын мұсылмандарға тікпеу керек, себебі жылан терісі нәжіс болып табылады.
Ит басқан жер
Сұрақ: Ит жүрген жерлерде намаз оқуға болады ма?
Жауап: Ит басқан жерлер нәжіс болмайды. Тіпті лайдың үстін басса да нәжіс (лас) болмайды.
Сүт еметін сәби
Сұрақ: Сүт еметін сәбидің құсығы нәжіс болады ма?
Жауап: Иә, ауыр нәжіс болып табылады. (С.Әбәдийа)
Мәни (сперма) лас емес пе?
Сұрақ: Оралды қатынас тұрғысында, мәнидің (сперманың) лас екендігі және мәниді жұтудың күнә екені айтылады. Бұл үлкен қателік. Әйелдердің кеудесінен шыққан таза сүт, аузымыздағы түкірік, денеден шыққан тер, күнде ішіп-жеп жүрген бал-сарымай секілді азықтардан пайда болғанындай, мәни де дәл сол таза азықтардан пайда болады. Осы таза мәниден бала да пайда болады. Мәниге қалайша ластық деуге болады?
Жауап: Бұл таңқаларлық және өте қате салыстырма. Зәр жолынан шыққан мәни таза азықтардан пайда болғанындай, адамның зәрі де, тезегі де таза азықтардан пайда болады. Сонда бұларды да ішіп-жеуге болады ма?
Бала мәниден пайда болғандықтан мәниге таза деу Хуруфи сеніміне ұқсайды. Олар былай дейді:
«Әйелім маған халал болса, неліктен қызым маған харам болсын? Ол маған халал болған әйелімнен шыққан. Жұбайым халал болса, одан шыққаны да халал болады.»
Дінде сіздің немесе біздің салыстырмаларымыз дәлел емес. Дәлел – тек құнды діни кітаптарымыздың білдіргендері. Кітаптарда «Мәниді ішуге де, жеуге де болмайды» делінген. (Рәддул мухтар)
Киімге тиген мәни Шафииде намазға кедергі емес, бірақ мәниді жалап жұту Шафии мазһабында да харам болып табылады. Уды қалтаға салып онымен намаз оқуға болады, себебі нәжіс емес. Бірақ ішу харам болады. Бір нәрсенің нәжіс болмауы, оның ішіп-желінуінің харам еместігі мағынасына келмейді.
Иістенген ет нәжіс пе?
Сұрақ: Ауруға қарсы беліме оралған ет, ұзақ тұрғандықтан, иістеніп құрттап кеткен екен. Осындай иістенген ет оралып тұрғанда намаз оқу жаиз ба?
Жауап: Ет, иістеніп құрттап кетуімен нәжіс болмайды, намазға кедергі емес. (Ислам Ахлақы)
Шаш нәжіс емес
Сұрақ: Еркек немесе әйелдің шашы қалтамызда тұрғанда намаз оқуымызға болады ма? Адам өлгенде шашы, жануар өлгенде жүні нәжіс болады ма?
Жауап: Адам өлген кезде Ханафиде нәжіс болады, басқа үш мазһаб бойынша нәжіс болмайды. Ханафиде өлген адамның қылы, сүйегі, сіңірі және тісі таза.
«Шошқадан басқа лас, өлген жануардың сіңірі, сүйегі, мүйізі, жалы, жүні, тырнағы таза. Қалтада бір бума адам шашы бар кезде оқылған намаз сахих болады. Себебі адамның шашы таза болып табылады.» (Халеби)
«Қалтада тұрған адам тістерімен намаз оқу жаиз. Өйткені тіс таза. Өлген жануардың жүні және сүйегі де таза.» (Хиндийа)