Жұма күні бесін намазы (Зухри ахир)
Сұрақ: Асығыс кезде жұма намазының парызын оқып бірден шығып кетсек бола ма?
Жауап: Жұма намазының біршама ада және ужуб шарттары бар. Бұлардың бірі немесе бірнешеуі орындалмауы мүмкін. Сондықтан жұма намазы сахих болмайды. Ол үшін, «Уақытында орындай алмаған соңғы бесін намазын оқуға» деп ниет етіп Зухри ахир деп аталатын төрт рәкаттық намаз оқылуы керек. (Ибн Хумам және Ибн Абидин)
Осылай оқылған кезде жұма намазы қабыл болған болса, бұл намаз қаза намазы орнына өтеді. Жұма намазы ниет болмаса, бесіннің парызы орнына өтеді. Зухри ахир намазын қалдырмау керек, міндетті түрде орындау керек. Асығыс кезде, жұманың парызын оқып мешіттен шығуға және зухри ахир намазын бесін намазының уақыты шықпай тұрып басқа жерде оқуға да болады.
Сұрақ: Жұма күні зухри ахир намазын оқу бидғат па?
Жауап: Жоқ, бидғат емес. Жұма намазының ада шарттарының бірі орындалмаған жерлерде бұл намазды оқу парыз болады. Өйткені жұма оқу парыз болмаған жағдайда, бесін намазын оқу парыз болады.
Шафии «Тәнуир-ул қулуб» кітабында былай делінген:
«Хазреті Рәмлиден, “Шафиилер Аллаһ пен Расулына қарсы шығып бес уақыт намазға алтыншы бір парыз қосты, деп жала жапқан адамға қандай жаза беру керек”,- деп сұралды. Ол, бұлай айтқандардың ең аз ұқсастары сияқты, тазир жазасын беру керектігіне фәтуа берді. Парыз болған бес уақытты алтыға шығару діннен шығуды керек қылады. Дінге ештеңе қосылмайды. Шафиилер дінге ештеңе қосқан емес. Жұма намазы бірден көп мешітте оқылатын жерлерде сол күнгі бесінді де оқиды.
Мүдирийа қазысы Шафиилердің Жұма намазынан кейін бесін намазын оқуларына тыйым салған еді. Бірақ жоғарыда аталған фәтуа қазыға оқылғанда қазы ынсапты болғаны үшін «Ей Шафиилер, мен қателестім. Жұмадан кейін бесін намазын мешітте оқуды жалғастыра беріңдер» деген. Бұл тақырыпта Шафии ғалымдарынан болған Юсуф Набхани хазреттері де кітап жазған. Бұл еңбегінде бірден артық жерде жұма оқылған қалаларда жұма намазынан кейін бесін намазын оқудың тек Шафиилерге тән еместігін, төрт мазһаб ғалымдарының да осындай үкім білдіргендігін айтқан.
Мұхаммед Шируанидің де бұл жөнінде еңбегі бар. Жұма намазынан кейін бесін намазының оқылуы керектігін білдірген. Ол кісі Ханафи ғалымдарының жұманың қалада бірден артық жерде оқылуы немесе намаз оқылған жердің қала ретінде саналып-саналмайтындығы тұрғысында күмән туындағанда бесін намазының оқылуы керектігі білдірілген жауаптарын «Дауш Шәма фи салат-из зухри ба’дәл жумуа»еңбегінде жазған. Бұл құрметті ғалым бұл жөнінде келген бүкіл қарсылықтарды жауаптап ақырындап жойды.
Расулуллаһ алейһиссаламның заманында Жұма бір мешітте ғана оқылатын. Жұмаға кешіккендерді екінші, үшінші жамағат жасауына рұқсат бермейтін. Хуләфа-и Рашидин де осы жолды ұстанды. Хазреті Омар заманында көп жерлер жауланып, қалалардың көбеюіне қарамастан, бірден артық мешітте Жұма оқылуына рұқсат берілмеді. Әкімдерге жазылған хаттарда Жұманың бір мешітте ғана оқылуы әмір етілді.
Әмәуилер заманында және Аббасилердің алғашқы жылдарында бұл жағдай өзгермей жалғасты. Жұманың бірден артық мешіттерде оқылуы имам Шафии хазреттерінің қайтыс болуынан 76 жыл өткеннен кейін басталғандығын Хатиб Бағдади және Ибн Хажәр Мәкки хазреттері білдірген.
Факихтердің ауызбірлігі бойынша жұма намазы қалада бір мешітте ғана оқылуы уәжіб. Бірден артық мешітте намаз оқу сүннеттен айрылу деген сөз. Имам Шафии хазреттері қажеттілік болса да, болмаса да бір қалада бірден артық мешітте Жұма оқылуының жаиз еместігін білдірген. Заманының екінші Шафииі ретінде қабыл етілген Ибн Субки хазреттері де дәл имам Шафии хазреттері сияқты фәтуа берген. Сөздері құжат болған мазһаб ғалымдары бірнеше мешітте Жұма оқылған жағдайда бесін намазының да оқылуы керектігін білдірген. Өйткені ықтиятты болу керек. Хадис шәрифте, «Күмәндардан сақтанған адам дінін қорғаған болады»делінді.
Бірден артық жерде жұма намазы оқылған мешіттерде Шафиилер бесін намазын оқулары керек. Ал Ханафилер жұма намазынан кейін өз уақытында оқи алмаған соңғы бесін намазын оқуға деп ниет етіп, Зухри ахир атты намаз оқылуының керектігін Ибн Хумам және Ибн Абидин хазреттері сияқты Ханафи ғалымдары білдірген. Осылай оқылған кезде Жұма қабыл болса бұл намаз қаза намазы орнына өтеді. Жұма намазы қабыл болмаса, бесіннің парызы орнына өтеді. (Рәддул Мұхтар)
Сұрақ: Қазасы жоқ адам жұма күні зухри ахирды оқығанда әр төрт рәкатында да зәм сүре оқу керек пе?
Жауап: Иә, оқу керек. Өйткені Жұма қабыл болса ол намаз нәпіл болады. Ал нәпілдердің үшінші және төртінші рәкатында зәм сүре оқу уәжіб.
Ал қазасы бар адамның оқуы керек емес. Оқыса да, оқымаса да болады. Яғни парыздың әр рәкатында зәм сүре оқудың зияны жоқ.
Зухри ахир намазы жұма намазы қабыл болмаса бесіннің парызы орнына өтеді. Қабыл болса қаза орнына өтеді. Қазасы болмаса нәпіл болады.
Сұрақ: Қазасы жоқ адам зухри ахирды оқып жатқан кезде үшінші және төртінші рәкаттарда зәм сүре оқу керек дедіңіз. Олай болса, қазасы болмаған адам сүннеттерді оқыған кезде қазаға да ниет еткен болса үшінші және төртінші рәкаттарда зәм сүре оқуы керек емес пе?
Жауап: Керек емес. Зухри ахир намазы бұлармен салыстырылмайды. Зухри ахир намазы толығымен сол күннің жұма намазының сахих болып-болмағандығымен байланысты. Қазасы болмаған адам, сүннеттерді оқыған кезде қазаға да ниет еткенде сүннет тәрк етілген болмайды. Парыз намазының жанында бір намаз оқылғанда сүннет те оқылған болады. Сол үшін қазаға да ниет етілген төрт рәкаттық сүннеттердің үшінші және төртінші рәкаттарында зәм сүре оқылуы керек емес. Яғни парыздардың үшінші және төртінші рәкатында зәм сүре оқудың зияны жоқ. Оқылатын болса сәһу сәждесі керек емес.
Сұрақ: Жолаушы жұма күні зухри ахир намазын қанша рәкат қылып оқиды?
Жауап: Екі рәкат қылып оқиды.
Сұрақ: Зухри ахир оқығанда қамат айту мәкрух па?
Жауап: Жоқ.
Сұрақ: Зухри ахир намазы қалай оқылады, парыз намазы сияқты ма?
Жауап: Жұманың парызынан кейін оқылады, парыз сияқты оқылады.