Азиз Махмуд Худаи хазреттері (1541-1628) ұстазы Уфтаде хазреттерінің қайтыс болуынан кейін Хожа Саадеттин ұстаздың айтуымен Бурсадан Стамбулға келіп қоныстанады. Фатих медреселерінде фиқһ, хадис, тәфсир ілімдерінен дәріс береді. Ускудардан жер алып ол жерде медресе (текке) ашады. Стамбулдықтар дәрістеріне жәіне сұхбаттарына ағылып келіп жатты. Аты барлық жаққа жайылады. 4 Сұлтан (ІІІ Мұрат, І Ахмет, ІІ Осман және ІV Мұрат Хан) есігіне келеді. Күн өтуімен Хақ ғашықтары медресеге сыймайтын болып дәрістерін Сұлтан Ахмет Мешітінде өткізеді. Сұлтан Ахмет мешітінің ашылатын күні Жұма хұтбасын оқу міндеті беріледі.
Хазреті Омар халифа кезінде шығыс майданның қолбасшысы болған хазреті Са’д бин Әби Уаққас Куфа қаласында бір ғимарат тұрғызбақшы болады. Құрылыс болатын жерге көршілес тұрған мәжусидің үйін де сатып алу керек болады. Мәжуси үйін сатқысы келмейді. Үйіне барып әйелімен кеңеседі. Әйелі «бұлардың Мәдинада бір әміршілері бар, соған барып шағымдан» дейді. Мәдинаға келіп Халифаның сарайын іздейді. Сұрастыру барысында адамдар “Оның сарайы жоқ” дейді. “Ал өзі қазір қайда?” дегенінде “қала сыртына кеткен” деседі.
1. Ғайыпқа иман ету керек.
2 . Ғайыпты тек Аллаһу та’ала және оның бiлдiргендерiнің біле-
тіндігіне сену керек.
3 . Харамды харам деп сену керек.
4. Халалды халал деп сену керек.
Сұрақ: Күнә істеп қойған кезде не істеу керек?
Жауап: Күнә істеген кезде дереу көңілмен тәубе ету (өкіну) және тілменен истиғфар (әстағфируллаһ) айту керек! Көңілге келген әрбір қиыншылық және дақ (көңілдің қараюы) тәубе-истиғфар, өкіну арқылы және Аллаһу та’алаға сиынып оңай кетірілуі мүмкін. Бірақ дүниелік үшін уайымдаудан келген дақ, қараю көңілді толығымен қарайтады. Мұны тазалау өте қиын болады. «Дүниеге берілу күнәлардың басы» деген хадис шәриф осыны білдіруде. (Бәйһақи)
Сұрақ: Харам, жаман нәрселерді ойлау күнә бола ма?
Жауап: Ойлар бес түрлі болады:
1- Көңілге келіп кетеді.
2- Көңілге келіп, кетпей қалады, бірақ адам оны жасауды қаламайды.
3- Көңілге келгенде адам оны істесем ба істемесем ба деп екі ойлы болады.
4- Көңілге келгенде адам оны істеуге шешім қабылдайды.
5- Көңілге келгенде адам оны істеу үшін өзін мәжбүрлейді. (Хадиқа)
Адам нәпсіне бағынған сайын ешнәрсеге қанағаттанбайды, ешнәрсеге разы да болмайды, нақтырақ айтқанда разы бола алмайды. Өйткені адамның нәпсі тәңір болуға ұмтылады. Өзімен тең дәрежелі адамдардың болуын да көтере алмайды. Сол үшін де қолдағы бар нәрсеге қанағат ете алмайды, көзі әрқашан өзгенің мал-мүлкі мен мансабында болады. Дүние-мүлік, мансап, лауазым тұрғысынан өзінен жоғарыларды көргенде көре алмаушылықтан жүйкесі жұқарады. Оларды қызғанып, жамандап, ғайбат етеді. Қателік артынан қателік жасайды. Өзінің де өзгенің де жанына тыныштық бермейді.
Сұрақ: Иман турасында әрбір мұсылманның білуі міндетті болған нәрселерді қысқаша айтып бересіз бе?
Жауап: Әрбір мұсылманның білуі міндетті болған иман ілімдері – иманның шарттары және исламның шарттары болып табылады.
Иманның шарттары мыналар:
1- Аллаһу та’алаға сену
Аллаһу та’ала уажиб-ул-ужуд (бар болуы қажет болған) бүкіл болмыстардың жаратушысы. Одан басқа илаһ жоқ. Аллаһу та’ала уақытқа, мекенге мұқтаж емес. Ешнәрсеге ұқсамайды.