Сұрақ: Кейбір хадис шәрифтерде белгілі бір күнәні істеп қойған адамның тура жаһаннамға, белгілі бір жақсы амалды істегеннің бүкіл күнәлары кешіріліп жәннатқа кіретіні білдірілген. Бұлардың ешқандай шарттары жоқ па?
Жауап: Хадис шәрифтерде: «Сөз тасушы жәннатқа кіре алмайды», «Ғайбат айтқан адам жаһаннамдық», «Көңілінде шаңның тозаңындай кібір болған адам жәннатқа кіре алмайды» делінген. Бұлардың мағынасы: «Сол күнәға тәубе етпеген болса, кешірім мен шапағат берілмесе, күнәсының жазасын тарпағанша жәннатқа кіре алмайды» деген сөз.
Сұрақ: Әнбийаның (пайғамбарлардың), әулиелердің құрметіне немесе жауған жаңбырдың құрметіне, күнәсіз сәбилердің құрметіне, белгілі бір заттың құрметіне деп дұға ету жаиз ба?
Жауап: Барлығы да жаиз. Хадис шәрифте былай делінген:
«Халық арасында сөздеріне ешкім құлақ аспайтын көп адамдарды көресіңдер, олар бір нәрсе үшін ант етсе, Аллаһу та’ала бұл сүйікті құлдарының құрметі үшін ол нәрсені дереу жаратады.» (Мүслим)
Имам Жафар Садық хазіреттері жолда кетіп бара жатып бір яһуди ғибадатханасын көрді. “Бәлкім мұсылман болар” деген оймен насихат айту үшін ғибадатхананың есігінің алдына келді. Есік жабық еді. Дауыстап еді яһуди жауап беріп, біраз күттіріп барып ашты. Имам Жафар Садық хазірет ішке кірген соң яһудиден былай деп сұрады:
- Жауап бергеніңде неге есікті дереу ашпадың?
Хазреті Имам Ағзамның Фикх-ул-әкбар кітабынан үзінді:
Иман – Аллаһқа, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға, өлгеннен соң қайта тірілуге, тағдырға, жақсылық пен жамандықтың Аллаһтан келетіндігіне, есеп, мизан, жаннат пен жаһаннамға сену және барлығын хақ (дұрыс) деп білу деген сөз.
Аллаһ бір, тумаған, туылмаған. Оған еш нәрсе тең емес. Ол махлұқтарының ешбіріне ұқсамайды, есімдерімен, заттық және фиили сипаттарымен әрдайым бар болған және бар болады. Оның есімдері мен сипаттары кейіннен пайда болмаған, барлығы да әзәли (бастауы жоқ, шексіз бұрыннан бар). Ол ілімімен әрдайым біледі, құдіретімен әрдайым құдіретті (барлық нәрсеге күші жетеді). Кәламымен (сөзімен) сөйлейді, жаратуымен әрқашан жаратушы, фиилімен (әрекетімен) жүзеге асырушы. Махлұқ – кейіннен жаратылған, жасалған деген сөз. Ал Аллаһтың фиилі (әрекеті) махлұқ емес.
Бір адам Имам Ағзам Әбу Ханифа хазреттеріне «рахметуллаһи алейһ» келіп: «Ей Имам мен намаздарымды таза көңілмен оқи алмай жүрмін. Намаз оқып жатып түйелеріме қарап, бағып, ойым сол жақа ауып кетеді. Сіз болса менен де байсыз, сіз қалай ғибадатыңыздың ләззатына қауышып, намазыңызға толығымен көңіл байлап жүрсіз?» деп сұрайды. Имам Ағзам Әбу Ханифа хазреттері «рахметуллаһи алейһ» «Мен түйелерімді көңіліме байламаймын, астауға байлаймын...» деп жауап берген екен.
Әһли хикмет ғұламалар былай деген:
Алға қойылған мақсат дұрыс таңдалса, соған қарай ғибадаттар, жұмыстар, қызметтер өз райына түседі. Негізгі мақсат – Раббымыздың разылығы. Өзгелердің разы болып-болмауы маңызды емес. Адамдардың қадірлейтін, үстем тұтатын нәрсесін қадірлеген адам – қадірсіз болады. Аллаһу та’аланың қадірлі еткен нәрселерін үстем тұтқан адам – қадірлі болады. Әр адам өз таңдауына қарай мәміле көреді. Ахыретте Аллаһу та’ала үлкен үмітпен келген кейбір құлдарын өкінішке орай жазалайды, оларға былай деп айтады:
«Ей құлым, істеген істеріңді Менің разылығым үшін істедің бе, әлде адамдар сені мақтауы үшін немесе ақша табу үшін істедің бе? Сен адамдар үшін істедің, адамдар да сені мақтады, ақша да таптың, мақсатыңа жеттің. Бірақ, Мен үшін не істедің? Достарымды Мен үшін жақсы көрдің бе? Дұшпандарыма Мен үшін дұшпандық еттің бе?»
Сұрақ: Пайғамбарымыздың шапағат етуі қалай болады?
Жауап: Қабірден бірінші болып Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” тұрады. Үстінде жұмақ киімі болады. Лиуа-ул-һамд деп аталатын байрақты ұстап, Бұрақ (жұмақ жануары) деп аталатын жануарға мініп махшар алаңына барады. Пайғамбарлар және барлық адамдар осы байрақтың астында тұрады. Барлық адам күтуден қатты жалығып, әуелі пайғамбарлардан хазреті Адамға, кейін хазреті Нұхқа, кейін хазреті Ибраһимге, хазреті Мұса мен хазреті Исаға барып, есептің басталуы үшін шапағат етулерін тілейді. Олар кешірім өтініп, Аллаһу та’аладан ұялатындарын айтып, шапағат ете алмайды. Одан кейін адамдар пайғамбарымыз Мұхаммед “алейһиссаламға” келіп жалынып-жалбарынады.