Сұрақ: Асығыс кезде жұма намазының парызын оқып бірден шығып кетсек бола ма?
Жауап: Жұма намазының біршама ада және ужуб шарттары бар. Бұлардың бірі немесе бірнешеуі орындалмауы мүмкін. Сондықтан жұма намазы сахих болмайды. Ол үшін, «Уақытында орындай алмаған соңғы бесін намазын оқуға» деп ниет етіп Зухри ахир деп аталатын төрт рәкаттық намаз оқылуы керек. (Ибн Хумам және Ибн Абидин)
Мухаррам айының оныншы күні – Ашура күні деп аталады. Мухаррам айы – Құран кәрімде құрметтелген төрт айдың бірі. Мухаррам айының бірінші күні ораза тұту ол жылдың барлығын оразамен өткізгенмен бірдей болады. Бір хадис шәрифте былай делінеді: «Рамазаннан кейінгі ең құнды ораза – мухаррам айында тұтылған ораза болып табылады.» (Муслим)
1. Жыланды өлтiру үшiн.
2. Қашқан хайуанды ұстау үшiн.
3. Отарды қасқырдан құтқару үшiн.
4. Тасыған қазанды оттан алу үшін.
Сұрақ: Дінді мүлдем білмейтін бір көршімізге «Үйде ит асырама! Ит болған үйге періштелер кірмейді» дедім. Ол болса: «Тіпті жақсы, олай болса Әзірейіл періште де келмейді, 250 жыл өмір сүремін. Одан бөлек, қалаған күнәларымды да істей беремін, болса да күнәларымда жазатын періштелер де кіре алмайды» деді. Бұл сөздері дұрыс па?
Жауап: Дінді білмейтін адам – дін наданы деген сөз. Дінді мазақ қылу үшін бұлай айтылатын болса, күпір де болады. Рахмет періштелері мен кираман катибин және өлім періштелері басқа-басқа болғанындай, бұлардың міндеттері де басқа-басқа.
Пайғамбарымызбен Хазреті Әбу Бәкір Хижрет кезінде тау үңгірінде үш күн болды. Әбу Бәкір Сыддық қатты шөлдегенін айтқанда Пайғамбарымыз оған былай бұйырды:
– Ей Әбу Бәкір! Сыртқа шық, ағып тұрған өзеннен қалағаныңша іш!
Хазреті Әбу Бәкір сыртқа шыққанында таң қалды. Қардан суық және аппақ, балдан тәтті және хош иісті бір өзеннің ағып тұрғанын көрді.
1) Жеткілікті мөлшерде су ішуге тырысу керек.
2) Әр көкөніс пен жеміс-жидектерді өз мезгілінде жеу керек. Басқа мезгілде жеуден сақ болған жөн.
3) Күнде айран және біраз бал жеу керек.
4) Жалбыз (мята), жебіршөп (тимьян), зығыр дәндері, содана (чернушка) сияқты өсімдіктерді ас мәзіріне енгізген жөн.
Сұрақ: Орталық Азия халықтары Ханафи мазһабын ұстанады, Кавказ елі басқа мазһаб, ал арабтар тіптен басқа мазһаб ұстанады. Сонда пайғамбарымыз Мұхаммед “алейһиссалам” қандай мазһабты ұстанған? Ханафи мазһабы дұрыс екеніне кім кепіл?
Жауап: Мазһаб - жол деген мағынаны береді. Бір мүжтаһидтің ижтиһад ету арқылы шығыртып, қол жеткізген үкімдерімен мәліметтердің барлығына бірдей сол мүжтаһидтің мазһабы (жолы, еңбегі) делінеді.