Ойға келген нәрселер күнә бола ма?
Сұрақ: Харам, жаман нәрселерді ойлау күнә бола ма?
Жауап: Ойлар бес түрлі болады:
1- Көңілге келіп кетеді.
2- Көңілге келіп, кетпей қалады, бірақ адам оны жасауды қаламайды.
3- Көңілге келгенде адам оны істесем ба істемесем ба деп екі ойлы болады.
4- Көңілге келгенде адам оны істеуге шешім қабылдайды.
5- Көңілге келгенде адам оны істеу үшін өзін мәжбүрлейді. (Хадиқа)
Көңілге келетін алғашқы үш ой адамның өз қалауымен келмегені үшін күнә болмайды. Соңғы екеуі үшін есеп беру және азапталу ықтималы көп.
Хадис шәрифте былай делінеді:
«Аллаһу та’ала көңілге келіп айтылмаған және жасалмаған жаман нәрселерді кешіреді» (Бұхари)
«Харам істеуді ойлап, Аллаһтан қорқып істемеген адамға күнә жазылмайды.» (Бәриқа)
Бір адам харам істеуге ниеттеніп, Аллаһтан қорққаны үшін ол ойынан қайтатын болса, бұл жаман ниеті үшін күнә жазылмайды. Нәпсіне және шайтанға бағынбағаны үшін және Аллаһу та’алаға мойынсұнғаны үшін үлкен сауапқа қауышады. Егер ол харамды істемеуі Аллаһтан қорққаны үшін емес, адамдардан ұялғаны үшін болса, сауапқа қауыша алмайды. Тіпті мұндай ойлардың да күнә болатынын айтқан ғалымдар бар. Мәселен Имам Ғазали және Имам Фахреддин Рази «Харам істеуді көздеп, адамдардан ұялғаны үшін істемеген адам күнәға кіреді» деген. Кейбір ғалымдар «Харам істеуді ойынан өткізіп, бірақ істеуге шешім қабылдамаса, күнәһар болмайды» деген. Шешім қабылдаса күнәһар болады, бірақ күнәсі ол істі жасағандағы күнәдай емес. (Бәззазия)
Кейбір ғалымдар “Көңілге келген нәрселер күнә болмайды” деп білдірген. Хадис шәрифте: «Жаман ой айтылмайынша және оған сай әрекет етілмейінше кешіріледі» (Бәйһақи)
Бірақ қызғаныштық, көре алмаушылық, тәкаппарлық сияқты нәрселер жаман ойға емес, жаман мінезге жатады. Жаман ойдың көңілге келуі әлі оның орындалғаны емес, сондықтан күнә болмайды. Бірақ жаман мінез көңілмен орындалатын тірлік болғандықтан бұлар жаман мінездер немесе көңіл аурулары (ахлақи зәмима) деп аталады. Бұлар күнә болады, бұлардан сақтану керек. Бұлардың алпыс түрі мәшһүр.