Иманның белгісі

Сұрақ: Адам өзінің мұсылман екенін біле алады ма? Иманның белгісі қандай?

Жауап: Иман – «Әмәнту...»-де білдірілген алты шартқа сену деген сөз. Хадис шәрифте былай делінген:

«Иман – Аллаһқа, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға, ахирет күніне (яғни қияметке, жәннатқа, тозаққа, сұраққа, мизанға), тағдырға, жақсылық пен жамандықтың Аллаһтан екеніне, өлімге, өлгеннен кейінгі тірілуге сену деген сөз. Аллаһтан басқа тәңір жоқ екеніне және мен Оның құлы және расулы екеніме куәлік ету деген сөз.» (Бұхари, Мүслим, Нәсаи) (Бұларды жүрекпен растау да шарт болып табылады.)

Мусафаха (Қол алысу)

Сұрақ: Мусафаха деп аталатын қол алысу қалай жасалу керек, жалпы мусафаха деген не?

Жауап: Мусафаха – екі адамның оң қолдың алақандарын бір-біріне жабыстырып, екі бас бармақтың жандарын бір-біріне тигізу деген сөз. Төрт қолмен орындалуы жақсырақ болады. Екі мұсылман сүйіспеншілікпен мусафаха жасап қол алысатын болса, күнәлар төгіледі. Мусафаха сүйіспеншілік және достықты тудырады. (Мәрақил фәлах)

Уәжіп құрбандығын шала алмағандар

Сұрақ: Айт құрбандығын айтта шала алмаған адам айттан кейін шалса жаиз болады ма?

Жауап: Айт құрбандығын үшінші күннің кешіне (ақшамына) дейін шала алмаған адам құрбандықты (малды) сатып алып қойған болса, тірі күйінде өзін немесе құнын (бағасын, алтын күйінде) кедейлерге береді. Айттан кейін шалатын болса, етін өзі жей алмайды. Толықтай кедейлерге таратады. Бүкіл етінің құны тірі кезіндегі құнынан аз болса, арасындағы айырмашылықты да садақа ретінде береді. Сатып алмаған болса, орта шамада бір құрбандық құнын алтын күйінде кедейлерге береді. Осылайша жазадан құтылады, дегенмен құрбандық шалу сауабын ала алмайды. (Рәддул мухтар)

Мойны сынған еді

Бір патшаның баласы аттан құлап, мойын сүйектерін сындырып алады. Мойны пілдің мойнына ұқсап денесіне килігіп қалады. Басын бұру үшін бүкіл денесімен бірге бұрылып қарайтын еді. Еліндегі емшілердің бәрі қанша тырысса да оны емдей алмайды. Тек басқа елден келген бір емші ғана мойнын бұрынғы қалпына келтіріп, тамырлары мен сүйектерін жөнге келтіре алады. Егер бұл емші болмағанда, ханзада өмірінің соңына дейін мүгедек болып қалар еді, бәлкім өліп кетуі де мүмкін еді. Ханзаданың жағдайы жақсарғаннан кейін, оны емдеген емші, ханзада мен әкесін көруге барады. Тым болмағанда «рахмет» деген алғыс сөз күткен еді. Жақсылықты түсінбейтін патша мен ханзада оған еш көңіл бөлмей, қарамай қояды.

Кім болғаның емес, кіммен болғаның маңызды

Иманның шарты алты, бұлар – сенілетін нәрселер... Бұл алты шартқа сендім деумен пайда болған иманның жалғасуы үшін, қосымша тағы басқа нәрселер де бар. Мысалы ғибадаттар иманның шарты болмаса да, парыз екеніне сену иманнан. Намаздың парыз екеніне сенбеген адамның иманы болмайды.

Иманның негізі және ең үлкен белгісі болып табылатын тағы бір шарт бар. Бұл шарт – хубби филлаһ және буғди филлаһ. Яғни Аллаһу та'аланың жақсы көргендерін жақсы көру және Аллаһу та’аланың жақсы көрмегендерін жақсы көрмеу деген сөз. Өйткені хадис шәрифте «Дүниеде бір-бірін жақсы көргендер – ахыретте бірге болады» делінген. Аллаһу та'аланың сүйікті құлдарын жақсы көргендер, соңғы демінде иманмен өледі.  Және Махшар алаңында сол жақсы көргендерінің қасында тіріліп, ахырет өмірінде солармен бірге болады. Сондықтан кімді жақсы көру керектігін және де кімді жақсы көрмеу керектігін жақсылап біліп алу керек. Кім болғанымыз емес, кіммен болғанымыз маңызды.

Қияметте бәрі жалаңаш болады ма?

Сұрақ: Қиямет және Ахирет кітабында былай делінген: Пайғамбарымыз алейһиссалам «Халық қиямет күні жалаңаш болып тіріледі» деген кезде, Айша Сыддыққа анамыз «Ол кезде бәрі бір-біріне қарамайды ма?» деп сұрады. Пайғамбарымыз мына мағынадағы аяти кариманы оқыды: «Ол күні әркімнің өз дерті болады» (Абәсә 37) Яғни қияметтің қиыншылықтарымен адамдардың бір-біріне қарайтындай жағдайлары болмайды.

Жоғарыда білдірілген хадис шәриф бойынша, әулиелер мен пайғамбарлар да жалаңаш болып тіріледі ме?

Жауап: Дәл осы кітаптың алдыңғы беттерінде мынадай сөйлемдер жазылған:

Сират көпірі

Сұрақ: Ұстанған ағымы бұзықтау біреу, өз ақылынша бөсіп: «Құранда және хадисте Сират көпірі деген нәрсе жоқ. Егер ондай көпір бар болса, Аллаһ мені одан өткізбесін» деді. Сират көпірі жоқ па?

Жауап: Өз ақылдарын діннен үстем тұтатын Мутазила деп аталатын адасқандар Сират көпіріне сенбейді. Әһли сүннет ғалымдары Сират көпірінің хақ екендігін Құран кәрім және хадис шәрифтермен дәлелдеген. Құран кәрімде былай делінеді:

«Оларды жаһаннам сиратына (сират көпіріне) апарып қамаңдар! Өйткені олар сұраққа алынады» (Саффат 23, 24)