Зинақорлық үлкен күнә

Зина – ақылды және балиғат жасында болған еркек пен әйелдің некесіз қатынаста болулары дегенді білдіреді. Зина харам болып табылады.

Құран кәрімде былай делінеді:

«Зинаға жоламаңдар! Ол арсыздық, лас, төмен іс, жаман жол болып табылады.» (Исра 32)

«Мұсылмандарға айт, харамға қарамасын және әурет жерлерін харамнан қорғасын!» (Нур 31, 32)

Намазда хушу және тәфәккур

Сұрақ: Намазды хушумен оқу дегеніміз не?

Жауап: Хушу – Аллаһу та’аладан қорқу деген сөз. Имам Раббани хазреттері былай деген: «Намаздарды жамағатпен, хушу және худумен оқу керек, өйткені адамды екі әлемде пәлекеттерден, қиыншылықтардан құтқаратын тек хушумен оқылған намаз.» Құран кәрімде: «Намаздарын хушумен (Көңілдері Аллаһ қорқынышымен толы болып, тадили әрканға мойынсұнып) оқыған мүминдер міндетті түрде құтылды» делінген.(Мүминун 1, 2) (Мәктубат 1/85)

Зәм сүре оқуға қатысты сұрақтар

Рукуда еске түсу

Сұрақ: Намазда зәм сүрені оқымағандығы рукуде есіне түскен адам не істейді?

Жауап: Рукудан көтеріліп зәм сүресін оқиды. Кейін қайтадан рукуға иіледі. Бұл жағдайға сәһу сәждесі қажет емес деген ғалымдар болуымен қатар, қажет деген ғалымдар да бар.

Өзгелер жайлы жаман ойда болу

Нақты білмей тұрып, кез-келген адам жайлы жаман деп ойлау және солай деп шешім қабылдау жаман мінез болып табылады. Бұлай ойлау харам және үлкен күнә болады. Өйткені Құран кәрімде: «Ей иман келтіргендер, суизан етуден (біреу туралы жаман ойлаудан) өздеріңді сақтаңдар! Ойлаудың кейбірі күнә болады.» деп бұйырылған.

Расулуллаһ алейһиссалам бір хадис шәрифінде: «Суизан етпеңдер! Суизан қате шешім қабылдауға себеп болады. Адамдардың жасырын нәрселерін іздестірмеңдер, кемшіліктерін көрмеңдер, талас-тартыс, күншілдік және дұшпандық етпеңдер, бір-бірлеріңді шағыстырмаңдар, бір-бірлеріңді бауырдай жақсы көріңдер! Мұсылман – мұсылманның бауыры. Оған зұлымдық етпейді, көмек береді. Оны өзінен төмен көрмейді.» деп бұйырған.

Әр істе озат болу үшін

Пайғамбарымыз былай деген:

«Мына үш нәрсені орындағандар әр істе озат болады:

1) Жасамақшы болған істі Аллаһ разылығы үшін істесе,

(Адам, не Аллаһ разылығы үшін істейді, не нәпсінің қалаулары үшін, яғни адамдардың ризалығы үшін істейді. Адамдардың ризалығын Аллаһу та’аланың разылығына ауыстырып таңдағандардың шаруасын Хақ та’ала адамдарға қалдырады. Бірақ адамдардың ризалығын емес, Аллаһу та’аланың разылығын таңдағандарды өз қамқорлығына алады. Кім Аллаһ үшін болса, Аллаһ та ол үшін болады.)

Екі намазды жәм ету (біріктіру)

Сұрақ: Қандай жағдайда екі намазды біріктіруге болады?

Жауап: Кейде екі намазды біріктіріп бір уақытта оқу қажеттілігі туындауы мүмкін. Дәрігердің операцияда болуы, акушер әйелдің босандыру процессінде болуы, тұншығып жатқан адамды құтқару, емтиханда болу немесе ауырып қалу сияқты бір себеппен намаз оқуға мүмкіндік болмаған жағдайда екі намазды жәм ету, яғни екі намазды қосып бір уақытта оқу кейбір мазһабтарда жаиз. Екінді намазын бесін намазының уақытында, бесін намазымен бірге немесе құптанды ақшам уақытында, ақшаммен бірге оқу тақдим ету арқылы жәм ету деп аталады. Бесін намазын екінді намазының уақытында екіндімен қосып немесе ақшамды құптан намазының уақытында құптан намазымен қосып оқу тәхир ету арқылы жәм ету деп аталады. Таң намазы жәм етілмейді.

Сәһу сәждесі

Сұрақ: Сәһу сәждесі қандай жағдайларда және қалай жасалады?

Жауап: Сәһу сәждесі (қателесу сәждесі) – парыздың кешігуі, парыздың қайталануы, уәжіптің тәрк етілуі, уәжіптің кешігуі, уәжіптің қайталануы және уәжіптің өзгеруі орын алған кезде, сол намаздың соңында жасалатын сәжде болып табылады. Сәһу сәждесі екі сәждеден және Әттахийату, Аллаһуммә Салли, Аллаһуммә Бәрик және Раббәна атина дұғаларынан тұрады. Сәһу сәждесі былай орындалады: