Қияметте бәрі жалаңаш болады ма?
Сұрақ: Қиямет және Ахирет кітабында былай делінген: Пайғамбарымыз алейһиссалам «Халық қиямет күні жалаңаш болып тіріледі» деген кезде, Айша Сыддыққа анамыз «Ол кезде бәрі бір-біріне қарамайды ма?» деп сұрады. Пайғамбарымыз мына мағынадағы аяти кариманы оқыды: «Ол күні әркімнің өз дерті болады» (Абәсә 37) Яғни қияметтің қиыншылықтарымен адамдардың бір-біріне қарайтындай жағдайлары болмайды.
Жоғарыда білдірілген хадис шәриф бойынша, әулиелер мен пайғамбарлар да жалаңаш болып тіріледі ме?
Жауап: Дәл осы кітаптың алдыңғы беттерінде мынадай сөйлемдер жазылған:
Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Бәрі киімсіз, бәрі жалаңаш және сүннеттелмеген болып тіріледі» делінген. Бірақ жат елде киімсіз қайтыс болса, оларға жәннаттан киім әкелініп киіледі. Шәһидтер және сүннәти сәнийаға, яғни діннің әмірлері мен тыйымдарына бағынып қайтыс болғандар киімсіз болмайды. Өйткені хадис шәрифте: «Мәйіттеріңнің кебіндерін кең қылыңдар, өйткені үмбетім кебіндерімен бірге тіріледі. Ал басқа үмбеттер жалаңаш қалады» делінген.
Жоғарыдағы сөйлемдерден шәһидтердің, дініміздің әмірлері мен тыйымдарына мән беріп жүрген адамдардың жалаңаш болмайтындығы, киіммен болатындығы аңғарылады. Діннің әміріне мойынсұнғандар жалаңаш болмайтын болса, әулиелер мен пайғамбарлар әлбетте киіммен тіріледі.
Пайғамбарымыз алейһиссалам да былай деген:
«Қияметте жалаң аяқ, басы ашық және сүннеттелмеген болып тіріледі. Ең алғашқы киімі киілетін – Ибрахим алейһиссалам. Аллаһу та’ала "Досым Ибрахим киінсін, адамдар оның құрметін білсін" дейді. Одан кейін басқа адамдар амалдарына қарай киіндіріледі.» (Әбу Нуайм)