Ысрап та етпеу керек, сараңдық та

Сұрақ: Садақа беруде де ысрап бола ма?

Жауап: Садақа бергенде де ысрап болады. Сабит бин Қайс хазреттері бір күнде 500 құрма ағашының жемістерін жинап, барлығын садақаға беріп үйіне ешнәрсе қалдырмаған кезде «Бәрін де бермеңдер»аяти кәримасы келді. Муаз бин Жәбәл хазреттерінің бір құрма ағашы бар еді. Құрмаларын жинап, барлығын садақаға бергенінде «Бірақ, ысрап етпеңдер» аяти кәримасы келді.

Пайғамбарларға сену

Төртiншi шарт

Пайғамбарларға иман

Уә Расулиһи: Аллаһу та’аланың Пайғамбарларына сендiм деп айту. Пайғамбарлар халықты Аллаһ ұнатқан жолына қауыштыру, әрi тура жолды көрсету үшiн таңдалған адамдар. Бүкіл пайғамбарлар үмбеттерінбiр иманға шақырған, яғни бүкіл діндерде иманның шарты бірдей болған. Пайғамбарларда жетi сипаттың бар екендiгiне сенуiмiз керек.

Ахыретке сену

Ахыретке сену

Уәл яумил ахири: Ахырет күнiне сендiм деген мағынаны бередi. Бұл уақыт, адам өлген күнi басталады. Қияметтiң соңына дейiн жалғасады. Соңғы күн деп аталуының себебi ол күннен кейiн түннiң болмауында. Қияметтiң қашан болатыны белгiсiз. Бiрақ Пайғамбарымыз көптеген белгiлерiн айтып кеткен: Хазiретi Мәһдидiң келуi. Иса алейһиссаламның көктен Шам (Дамаск) аймағына түсуi.

Тағдырға сену

Алтыншы шарт

Тағдырға сену

Уә бил қадари хайриһи уә шарриһи мин Аллаһи Та’ала: Тағдырға, жақсылық пен жамандықтың Аллаһтан екендiгiне сендім деген. Адамдардың басына келетін жақсылық пен жамандық, пайда мен зарар, табыс пен зиянның барлығы да Аллаһу та’ала қалауымен болады.

Намаз оқу кімдерге қиын

Сұрақ: Мұсылман болуды қалаған басқа діндегі адамдар «Мұсылман болар едік, бірақ күнде бес уақыт намаз оқу, жылда бір рет ораза тұтып аш жүру және тағы басқа да әмірлерді орындау бізге қиын болғандықтан мұсылман болмаймыз» деп айтады. Ғибадат ету не үшін қиын сияқты болып көрінеді?

Жауап: Мұсылманға ғибадаттар қиын болып көрінбейді. Мұсылман болса мұндай сөздерді айтпайды. Имам Раббани хазреттері мәктубатында былай деген: Аллаһу та’ала құлдарына істей алатын нәрселерін әмір еткен. Күші жетпейтін, қолынан келмейтін нәрсені әмір етпеген. Адамдарды әлсіз түрде жаратқаны үшін жеңілдік, оңайлық берген. Құран кәрімде: «Аллаһ сендерге жеңіл, оңай түрде әмір етуді қалады, өйткені адам әлсіз түрде жаратылған.» делінген. (Ниса 28)

Бала тәрбиесіндегі алғашқы шарт

Сұрақ: Екі баламыз бар – бір ұл, бір қыз. Екеуі де өтпелі жасына келді. Бірақ соңғы бір-екі жылда қатты өзгерді, ашушаң болып кетті, насихатты тыңдамайды, сөз қайтара бастады, тіпті бізге ұрсатын болды. Осы жағдайға байланысты күйеуім екеуіміз бала тәрбиесіне қатысты кітаптарды оқыдық, бұл нәрселер өтпелі жас үшін қалыпты жағдай екен, махаббатпен, мейіріммен қарау керек, оларға дос болу керек екен. Мұны да сынап көрдік, бірақ ештеңе өзгермеді. Сіздің бізге айтар кеңесіңіз бар ма?

Жауап: Диагноз дұрыс қойылмаса, ем де қате болады, әрі ешқандай нәтиже бермейді. Бір бала ақылы кіріп балиғатқа толған кезде, яғни ер жету, бой жету жасына келгенде мукәлләф болады, яғни дініміздің бүкіл әмірлері мен тыйымдарынан жауапкер болады. Иманның шарттарын, яғни «Әмәнту...»-ды мағынасымен бірге түсініп айтуы, Исламның бес шартына сенуі, міндеттерін орындауы парыз болады. Ғұсыл алуы, дәрет алуы, намаз оқуы парыз болады. Ата-аналар мен жастар бұған мән бермейтін болса, күнәға түсуімен қатар, тыныштық та таппай кетеді.

Неке қалай қиылады

Сұрақ: Дініміз бойынша некенің сахих болуы үшін, шарттары қандай?

Жауап: Бұл шарттарының біріншісі – мұсылман қыздың мұсылман еркекке үйленуі. Мұсылман болмаған еркекке үйлене алмайды. Үйленуге шешім қабылдаған сәтте кәпір болады. Өйткені Аллаһу та’ала «Үйленуге болмайды» деген. Үйленген адам осы әмірге қарсы шыққан болады. Мұсылман еркек те дәл осылай мүшрик, дінсіз әйелге үйлене алмайды. Ол да үйленуге шешім қабылдаған сәтте кәпір болады.